Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1289/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1285   1286   1287   1288   1289   1290   1291   1292   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
кин^іГУКЦИЯЛАҒДЫ Ң СИНОНИМДІГІ

751

түйген  адамдардың  біріне  санаймын  (М үқанов). 

Патшалық  Россияның  бір  кездегі  шет  аймақта- 

рынан  саналып  келген  Орал  қаласы  қазір...  ірі 

әкімшілік  облыс орталыгы ретінде  гүлденіп,  өркен- 

деп  келеді  (“Соц.Қаз.”)  Салыстырыңыз:  бірі  са- 

нау  -  біріне  санау;  шет  аймақ  деп  санау  -  шет 

аймақтардан  санау.

Тілімізде  өте  жиі  қолданылатын  туралы, 



жөнінде,  жайында,  жайлы  т.с.с.  шылаулардың 

септік  жалғауларының  алмасуы  қызықты  қүры- 

лымдарды  алдымызға  жайып  салады:  Мақаш  си- 

яқты  сөзуар  шалдар  ...  қала  әңгімесіне  келгенде 

түрып  қалады  (Мүстафин).  Қайзердікіне жеткен- 

ше  Сыздық  пен  Аманның  әңгімесі  ақша  болды 

(Сонда).  “Алатау”  сиырының  әңгімесін  тыңдадық 

(Мүқанов).  Қаланың  да,  ақшаның  да,  сиырдың 

да  әңгіме  айтпайтыны  әркімге  аян,  екінші  жағы- 

нан  авторларды  кінәлау  да  орынсыз  болар  еді. 

Қалай  болғанда  да,  айталық,  матаса  байланысу 

арқылы  берілгенімен,  әңгіменің  нысаны  екенін 

(қала  туралы  әңгімеге  келгенде;  ақша  туралы  бол- 

ды;  сиыр  туралы  әңгімені тыңдадық)  түсіну  қиы н 

емес.


Әдетте  кеңістік  мағынаны  бшдіруде  қолда- 

нылатын  маңы,  жаны  көмекш і  есімдері  ж әне 

шығыс  септігінің  жалғаулары  да  осы  нысанды 

білдіруге  жүмсалады:  Мен  алдымен  жауды  тоқ- 



тату  жагын  ойладым  (Ахтанов).  Ол  біздің  жас- 

тарга  халықаралық  жагдайдан  лекция  оқып  бер- 

мек  болган  (Қабдолов).  Хорезми  тарихтан,  эт- 

нографиядан,  медицинадан,  календарьдан,  күн  са- 

гаттарының  теориясынан  да  кітаптар  жазган 

(Депман,  Исқақов).  Ас  піскенше  үшеуінің  әңгімесі 



Шәкен  маңында  болды  (Мүстафин).

Қүралдық  қатынастағы  сөз тіркестерінің  си- 

ноним  болуы  үшін  атау  түлғадағы  сөз  бен  арқы- 

лы  ш ы л а у ы н ы ң   т ір к е с і,  к ө м е к т е с ,  ш ы ғы с 

септіктерінің  жалғаулары  алмасып  келеді:  Мей- 



рам  әлдекімге  “бес  минутта  кел”  деп  телефон 

арқылы  әмір  етті  (Мүстафин).  Тогжановтан  ре- 

цензия  келсе,  Орталық  Комитеттің  үгіт-насихат 

бөлімі маган телефонмен хабарламақ болды (М үқа- 

нов).  Сол  жылдары  жас  композитордың  әндерін 



радиодан  жиі  беруші  еді  (Ахтанов).  Жазылбектің 

радиомен  айтқан  сөзі  әлі  есімізде  (“Ж алын”).

Мүндай  реттерде  арқылымен  келген  тіркестік 

кітаби  тілге  тән  екендігін  атамасқа  болмайды: 

Кейбір  қосылыстар  бір  атомдар  иондық  байланыс- 

пен  қосылса,  сол  молекуланың  іиітде  екінші  атом- 

дар  өзара  полюсті  жөне  полюссіз  байланыс  арқы- 

лы  қосылуы  мүмкін  (Бірімжанов).  Сөз  қолдану- 

шы  адам  бір тіркесті  қайталай бермеуді де  мақса- 

тына  алады.

Соз болып отырған етістікті соз тіркестерінің 

бүл  түрінде  барыс  септігі  жалғаулары  мен  шы-

ғыс  септігі  жалғауларының,  шығыс  септігі  жал- 

ғаулары  мен  көмектес  септігі  жалғауларының  ал- 

масуы  жиі  үшырасады:  Бектікінен  торы  ала 



аяқпен  ішкен  қымыз  оны  қанагаттандырмады 

(Сейфуллин).  “Олмеген  адам  алтын  аяқтан  су 



іш ед Г   деген  -  осы  (С ы д ы қ б е к о в ).  К ейінгі 

сөздіктердің  бәрі  де  Ильминский  сөздігінен  пайда- 

ланады  (Кеңесбаев,  Мүсабаев).  Қазіргі  қазақ  тілі 

лексикасын  меңгеру  үшін  қазақ  тілінің  қүрамын- 

дагы  сөздерді  зерттеп,  олардың  стильдік  айырма- 

шылыгын  білу  керек.  Ол  үшін  қ аза қ  т ілінің 

сөздіктерімен  пайдалана  білу  қажет  (Кеңесбаев, 

Мүсабаев).у4/щая оқтан өлмейді алып ақын,  Оқпен 



жырды  өлтіру  мүмкін  емес  (Молдағалиев).

Боліну,  даралану  үғымын  білдіретін  етістікті 

соз  тіркестері  де  синоним дік  қатар  қүрайды. 

Мүндай  жағдайда  көбінесе  септік  жалғаулары, 

әсіресе,  шығыс  септігі  мен  көмектес  септігі  жал- 

ғаулары,  бірінің  өрнына  бірі  пайдаланыла  береді: 



Қысқасы,  Абай  агамнан  айырылысу  мына  қаралы 

жылда  масқара  болар  еді  (Әуезөв).  Содан  Абай 

агаммен  айырылысудың  жолын  іздепті  (Әуезөв).

Кейбір  көркем  шығармалардың  тіліне  назар 

аударар бөлсақ,  барыс септігі қөлданылатын жер- 

лерде шығыс септігінің өрын алғанын кездестіруге 

бөлады:  Сый  дәметпе,  берсе,  алма  еш  адамнан, 

Нең  кетеді  жақсы  өлең  сөз  айтқаннан?  (Абай). 

Етігі  де  шойқиган,  жыртық-тесігі  көп  еді.  Жүгіре 

бере  өкшесінен  су  кіргенін  білді  (Әуезөв).  Генерал 

мына  сәзден  шүбәланып,  Жол  іздеп  бір  түйықтан 

шыгар  алып  (Шаханөв).

Бірлестікті, түтастықты білдіретін етістікті сөз 

тіркестерінің  синөнимдігінде  барыс  және  кәмек- 

тес септіктерінің жалғауларының алмасуы өте жиі 

кездеседі:  Палуан  сырт  киімін  шешіп  отырды  да, 

үй  ішіне  түгел  амандасты  (Әбдіқадырөв).  Үй 

ішімен  Әбдірахман  тегіс  амандасты  (М айлин). 

Шыңгыстау  тентек  желдің  аіиуы  мен  ойнагына 

қарап  мүңды  ойга  батқандай,  бас  жагы  бүлтқа 

араласып,  мүнарланып,  түнеріп  түр  (Әуезөв).  Ас- 

панга  өрлеп,  бүлтпен  араласқандай  болып,  қарау- 

шы  көзден  жогалып  түр  (Сөнда).

Бүлардың  ішінде,  сан  жағынан  алып  қара- 

ғанда,  күнделікті  қары м -қаты н аста  кәмектес 

септік  жалғауы  арқылы  байланысқан  түрі  көп 

жүмсалады.

Синөнимдік  сөз  тіркестерінің  тағы  бір  төбы 

ж алғастықты,  сөзы лы ңқы лы қты ,  сөл  арқылы 

түтастықты  білдіреді:  Төңкеріліп  кок  аспан,  Жау- 



ыртауга  биіктен,  Нүры  еңбекке  үласқан  Күн  жер 

төсін  иіткен  (Жарөков).  Маман  боп  оқу  бітіріп, 

Еңбекпен  қыз  кеп  үласты  (Әлімқүлов).

Мүндай абстракты үғымда ғана емес, нақтылы 

адам  мағынасындағы  создер  болып  келгенде  де, 

осы  екі  септік  жалғауларының  алмасулары  бай-





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1285   1286   1287   1288   1289   1290   1291   1292   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет