Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1284/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1280   1281   1282   1283   1284   1285   1286   1287   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
748

СИНТАКСИС

сөйлемдердің  синонимдерінің  сөз  тіркестерінің 

синонимдерінен  басқашалау  болып  келетін  жай- 

лары  бар.  Мысалы,  Тогыз  ай  тогыз  күнде  ана 



қүрсагынан  бір  туган.  Одан  соң,  тоқсан  жасқа 

келгенде, заман қүрсагынан тагы бір туды.  Сөйтіп, 

үлы  Абайдың  қүрдасы,  көзі  тірісінде  Гомер  атан- 

ган  Жамбыл  дүниеге  екі  рет  туып  келген.

Кез  келген  сауатты  адамның  осылайша  жа- 

зуы  әбден  м үм кін:  гр ам м ати к а,  сти л и сти ка 

түрғысынан  алғанда  да,  әр  сөз  орнында,  айтар 

ойы  айқын,  түсінікті,  былайша  айтқанда,  тосыр- 

қарлық ештеңе ж оқ сияқты.  Ал  аса көрнекті  сти- 

лист,  көркем  сөздің  зергері  Ғ.Мүсірепов  бүл  үш 

жай  сөйлемнің  орнына  қүрмалас  бір  ғана  сөйлем 

қүрайды:  Үлы  Абайдың  қүрдасы,  көзі  тірісінде 

Гомер  атанган  Жамбыл  -  дүниеге  екі  рет  туып 

келген  адам:  тогыз  ай  тогыз  күнде  ана  қүрсагы- 

нан  бір  туды; тоқсан  жасқа  келгенде заман  қүрса- 

гынан  тагы  бір  туды.

Осы  келтірілген  үш  жай  сөйлем  мен  бір 

қүрмалас  сөйлемнің  синонимдігі  ілгеріде  санал- 

ған  шарттар  мен  принциптерге  толы қ  сәйкес 

келеді:  екі  ж ағд ай да  да  о р т а қ   м ағы н а  бар; 

бірыңғай  синтаксистік  мағына  да  білініп  түр;  со- 

нымен  бірге,  грамматикалық  түлғада  да,  мағы- 

наның  реңкінде  де  айырмаш ылық  сезіледі:  ал- 

дыңғыда әрқайсысы жай сөйлем болғаннан кейін, 

баяндауыштары  тиянақты  түлғаға  аяқталады  да, 

екін ш і  ж ағдайда  қ ү р м ал асты ң   қүрам ы н дағы  

болш ектер  б олған д ы қтан ,  бір  ком п он ен тп ен  

е к ін ш і, 

е к ін ш і  к о м п о н е н т   п е н   ү ш ін ш і 

компоненттердің  арасындағы  интонациялық  жа- 

ғынан  жалғасып  жатуш ылық  та  тыныс  белгісі 

арқылы  танылып  түр.  Тағы  бір  айырмашылық 

мынада:  бірінш і  ж ағдайдағы   жай  сөйлем дер 

ауызекі сөйлеу тілінің стиліне тән де,  екінші жағ- 

дайдағы  қүрмалас  сөйлем  кітаби-жазба  тілінің 

стиліне  жақын  екенін  көрсетеді.

Сөз тіркестері синоним болғанда,  бағыныңқы 

сыңарлардың әр түрлі болып келетіні тәрізді,  жай 

сөйлем  мен  қүрмалас  сөйлем,  сондай-ақ  қүрма- 

лас сөйлем мен қүрмалас сөйлем озара синонимдік 

қатарға  түскенде,  мазмүндағы  сәл  де  болса  ай- 

ы р м а ш ы л ы қ қ а   б а й л а н ы с т ы   қ ү р ы л ы м д а   да 

озгешелік  байқалуға  тиіс:  Өмірдегінің  бәрін  біліп 



алдың  деп  кім  үйретті  саган?  (Иманжанов).  - 

Омірдегінің  бәрін  біліп  алдың  деп  біреу  үйретті 

м е?  -  Омірдегінің  бәрін  біліп  алдың  ден  кім 

үйретуші  еді.

Әр  қүрылымдылық  синонимдіктің  принципі 

ретінде  келесі  принциппен  -  экспрессивтілік, 

модальдылық  және  эмоциональдылықпен  бай- 

ланысты  келеді.  Жалпы  мазмүны  бір  болып,  ай- 

ырмашылығы  экспрессивтіліктен,  модальдылық- 

тан  немесе  эмоциональдылықтан  корініп  түрса, 

о н д ай   с ө й л ем д ер д і  о за р а   с и н о н и м д е р   деп

е с е п т е й т ін   к е зд ер   де  к е з д е с е д і.  М ә с е л е н , 

келтірілген  мысалдағы  сүраулы  сөйлемді  жауап 

талап  ететін  ашық  сүрақты  сүраулы  сөйлем  деу- 

ге  болмайды,  оны  риторикалық  сүрақты  сөйлем 

деп  түсіндірген  дүрыс.

Түптеп келгевде,  үш сөйлемнің де  берер маз- 

мүны  бір.  Соған  қарамастан,  бір-бірінен  айыр- 

машылығын  байқауға  болады:  бірінші  сөйлемде 

сес  корсету,  кесіп-пішіп  айту  басым;  екіншіде  - 

сенімсіздік,  күмән,  шүбә  аңғарылады;  үшіншіде

-  айтушының  тывдаушыға  өз  ойын  менсінбей, 

тәкаббар  қалыпта  жеткізу  нышаны  сезіледі.

Трансформациялық та синонимдіктің қажетті 

элементі  ретівде  қаралуға  лайық,  себебі  “транс- 

формациялық  дегеніміз  -  белгілі  бір  морфологи- 

ялы қ  қүрылымда  келген  конструкцияның  өзімен 

мазмүндас  екінші  бір  конструкцияға  айналды- 

ру” :  Сені көргеннен бері,  көңілім бір түрлі көтеріңкі 



сезіледі  -  Сені  қалай  кердім,  содан  бері  көңілім  бір 

түрлі  көтеріңкі  сезіледі  -  Сені  көруім  мүң  екен, 

содан  бері  көңілім  бір  түрлі  көтеріңкі  сезіледі...

Сонымен,  синтаксистік  синоним  дегеніміз  - 

екі  немесе  одан  көп  синтаксистік  конструкция- 

ның  лексикалы қ  қүрамы  бірдей,  мазмүны  бір, 

бірыңғай  синтаксистік  қатынаста  келіп,  қүры- 

лымы  әр  түрлі  болып,  соған  сай  нәзік  мағына- 

лы қ  айырмашылығы  байқалатын  синтаксистік 

параллелизмнің  түрі.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1280   1281   1282   1283   1284   1285   1286   1287   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет