5.2. ТІЗБЕКТІ КҮРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК
ТҮТАСТЫҚ
Күрделі синтаксистік түтастықты қүраушы
сөйлемдердің бір-бірімен байланысу тәсілдері,
негізінен, екі түрлі. Соған байланысты күрделі
синтаксистік түтастықтарды қүрылымдық жағы-
нан екі топқа бөліп алып қарауға болады. Бірінші
түрінде күрделі синтаксистік түтастыққа бірігуші
сөйлемдер бір-бірімен іліктестік қатынаста бай-
ланысып түрады, яғни сөйлемдер бірінен-бірі ту-
ындап, соңғысы алдыңғысына бағынып отыра-
ды. Бүл жай бірінш і сөйлем нің элементі (бір
мүшесі) екінш і сөйлемде, екінші сөйлемдікі -
үшіншісінде, үшінші сөйлемдікі - төртіншісінде
т.с.с. қайталанып қолданылуы арқылы жүзеге
асады. Ондай қайталанушы создер сол күйінде
қолданылып немесе есімдік, үстеу сөздермен
ауысып отыруы мүмкін. Сол арқылы ойдың да-
муы, ілгері қозғалысы іске асады. Мүндай күрделі
синтаксистік түтастықтағы сөйлемдер бір-бірімен
тығыз байланысты болғандықтан, оларды жеке
алып қарауға келмейді, коммуникативтік, т.б.
қызметтерге басқа сөйлемдермен қарым-қатына-
сының нәтижесінде ғана ие болады.
Сөз - өте-мөте курделі тілдік единица. Оның
курделі табигатын ашып айқындау ушін, ең алды-
мен, сөздің дыбыстық жагы мен магыналық жа-
гының арақатынасы және сөздің магынасы мен
олар арқылы білдірілетін угымның арақатынасын
айқындап алу қажет. Сөздің екі жагы бар: оның
бірі - сәздің дыбысталу жагы, екіншісі - сөздің
магыналық жагы. Дыбысталу (тіл дыбыстарының
тіркесі) сөздің материалдық жагын қарастырса,
магына (мазмун) сәздің идеалдық жагын қурайды.
Екі жақ - дыбысталу мен магына сөздің бір-бірінен
белінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі -
создің өмір суруінің және қызмет етуінің шарты.
Демек, сөз - дыбысталу мен магынаның бірлігінен
туратын тілдік дербес единииа (Аханов).
Келтірілген күрделі синтаксистік түтастық-
тағы алғашқы сөйлем - айтылатын ойдың тақы-
рыбын беруші негізгі, басқы бөлік.
Екінші сөйлем онымен сөз терминінің ор-
нына жүмсалып түрған оның сілтеу есімдігі ар-
қылы байланысқан. Екінші сөйлем үшінші сол
сөйлемдегі ойдың тікелей жалғасы ретінде сөздің
екі жағын атап көрсету арқылы, төртінші сөйлем
үшінші сөйлеммен сонда аталған сөздің екі жа-
ғына аны қтама беру арқы лы , бесінш і сөйлем
төртінші сөйлеммен дыбысталу, магына сөздерінің
қай талан ы п келуі арқы лы , алты нш ы сөйлем
бесінші сөйлеммен екі жақ сөз тіркесінің орны-
на жүмсалып түрған осы сілтеу есімдігі арқылы
байланы сқан болса, соңғы, жетінші, сөйлем -
қорытушы бөлік демек қыстырма сөзі арқылы
байланысып түр.
Міне, өзара бағыныңқылық, кезектілік бай-
ланыс түрінде осындай іліктестік, жалғастылық
қарым-қатынас орын алады.
Із б е -із д іл ік б ай л ан ы с тү р ін е қ ү р ы л ға н
күрделі синтаксистік түтастықтарды әдеби тілдің
барлық стильдерінен табуға болады.
Тізбекті байланыс түрі ғылыми стильге тән,
ойткені ғылыми мәтінде ой бір-біріне қатаң
тәртіппен сабақтаса байланысып отырады. Сон-
дықтан ондағы әрбір сөйлем өзінің алдындағы
сө й л ем н ің заңды ж алғасы болы п табылады.
Ғылыми стильге тізбекті күрделі синтаксистік
түтастықты қүраушы сөйлемдердің көбіне лек-
сикалық қайталаулар мен сілтеу есімдіктері ар-
қылы байланысуы тән.
Ресми стильге келетін болсақ, мүның' да
ғылыми стиль тәрізді мазмүнның, ойдың бір ма-
ғыналылыққа, нақтылыққа негізделген табиғаты
к ү р д ел і с и н та к с и с тік тү тасты қ ты қүрауш ы
сөйлемдердің көбіне лексикалық қайталаулар мен
сілтеу есім діктері арқы лы бай лан ы саты н ы н
көрсетеді.
Поделитесь с Вашими друзьями: |