Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1240/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1236   1237   1238   1239   1240   1241   1242   1243   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
4.2.3.7.  Шартты  багыныңқылы  сабақтас 

қүрмалас  сөйлемдер

Ахмет Байтұрсынұлы шартты бағыныңқылы 

сабақтастарға мынадай  мысалдар келтірген: Көсеу 

үзын болса,  қол күймейді.  Тоқпағы зор болса,  киіз 

қазық жерге кірер.  Берсең,  аларсың.  Байқап отыр- 

ғанымыздай,  үш мысалдың үшеуі де тек шартты 

рай жұрнағы арқылы жасалған бағыныңқылар.

Синтаксиске арналған  кейінгі еңбектерде ба- 

ғы ны ңқы   сөйлем  ж асайты н  өзге  тәсілдердің де 

(көсемше, есімше) шартты бағыныңқылы сөйлем 

ж асайтындығы  көрсетіледі.  Ш артты  бағы ны ң- 

қылы  сабақтас ж асауға кесем ш еден -м ай,-м ай- 



ынша тұлғалары, есімшеден (жатыс формасында- 

ғы)  -ғанда тұлғасы  қатысады.  Негізгі тәсілі  шар- 

тты рай жұрнақтарынан өзге тәсілдермен жасал- 

ған  шартты бағы ны ңқы лы  сойлемдерді анықтау 

үш ін  -са/-се тұлғасы на қойы п айтуымыз керек: 

Бірлік  болмай,  тірлік  болмас  -  Бірлік  болмаса, 

тірлік  болмас.  Жан  қиналм ай,  жүмыс  бітпес  - 

Жан қиналмаса, жүмыс бітпес.

Етістіктің  шартты рай ж ұрнағы  да әрдайым 

тек  шартты  бағы ны ңқы лы   сабақтас  қана жасап 

қоймайды.  Бұл  ж ұ р н а қ т а   косемш енің -п тұлға- 

сы  сияқты  көп  м ағы н алы қ  қасиетке  ие.  Бұл 

жұрнақ та кесемш енің -ятұлғасы  сияқты сабақ-




К ҮРД ЕЛ І С И Н ТА К С И С ТІК  Т ҮТ А С Т Ы Қ

723

тастардың  бірнеше  түрін  жасауға  қатынасады. 

Бірдей тұлғада жасалған сабақгастарды бірінен-бірін 

ажырату үшін сөйлемнің алдына шарттылық мәнді 

біддіретін  “егер” жалғаулығын қосып  айтып қарау 

керек: (Егер)  Өте бір түтеген боран соғып кетпесе, 



жылқы  баласы  қандай  ызғарлы  суықта  да  желге 

қарсы қарап қар тебеді (Мұқанов).

Әсіресе,  шартгы рай тұлғасымен сабақтасқан 

қарсылықты және шартты бағыныңқыларды бір- 

бірінен  ажырату  қи ы н ға  соғы п  жатады.  Олар- 

дың ең басты айырмашылығы өздеріне тән ерек- 

ше заңдылықтарынан ш ығып жатады.  М әселен, 

шартты бағыныңқылы сөйлемде басыңқыдағы  іс 

пен  бағы ны ңқы дағы   іс  орындалу,  орындалмау 

ж ағы нан  бірдей  болады.  Ал  қарсы лы қты   бағы - 

ныңқылы сабақтастың сыңарлары біріне-бірі ереуіл 

келіп отырады.  Сонымен  қатар  қарсылықты ба- 

ғыныңқыдағы оқиға, әрекеттің орындалу, орын- 

далмауы  көбінесе өткен  немесе осы  шақта хабар- 

ланып отырса,  ал  шартты бағы ны ңқы ларда  ,  не- 

гізінен,  келер ш ақта баяндалады.

Болымсыз етістіктен  кейін  келетін  көсемше 

тұлғалары  (-м ай,  -майынша)  шартты  бағы ны ң- 

қылы сөйлем жасауда мәндес келеді.  Екі жұрнақ- 

тың  арасында  елеулі  м ағы налы қ  айырма  жоқ. 

Ж ұрнақтың ұзақ түрі арқылы жасалған сабақтас- 

тарда ш арттылық мән  айқы ны рақ  көрініп тұра- 

ды. Ал  қы сқа (-м ай) түрінде  шарттылық мағына 

аны қ,  аш ы қ  байқалмайды.  О ны ң  себебі,  -май 

тұлғасы арқылы  шартты бағы ны ңқы дан өзге са- 

бақтастардың мезгіл,  себеп,  амал түрлері де жа- 

салады.  Бірдей формамен жасалған төрт түрлі са- 

бақтастарды  бірінен-бірін  ажырату  үшін жасалу 

жолына емес, сыңарлары арасындағы  мағыналық 

қатынасқа тереңірек назар аударған жөн.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1236   1237   1238   1239   1240   1241   1242   1243   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет