4 .2 .3 .6 . Қарсылықты бағыныңқылы
сабақтас қүрмалас сөйлемдер
С ы ңарлары ны ң м ағы н алы қ қаты настары
жағынан алғанда қарсылықты бағыныңқылы са-
бақтас сөйлем мен қарсылықты салалас сөйлем
өте ұқсас. Бұлардың сыңарлары бір-біріне қай-
шы, қарсы келетін әрекеттерді, оқиғаларды ба-
яндайды. Қарсылықты салалас сөйлем мен қар-
сылықты бағы ны ңқы лы сабақтас сөйлемді сы-
ңарлары қарсы мағынада келетін құрмаластарды
жасаудың әр түрлі тәсілдері деп қарауға болады.
Б о л аш ақта қазіргі қ а за қ тіліндегі құрм алас
сөйлемдер жүйесі басқа қырынан, мағынадан оны
жасаушы тұлғаларға қарай жүретін тәсілмен қарас-
тырылатын болса, онда қарсылықты мәндегі са-
бақтас, салалас сөйлемдер бір деңгейге топтасты-
рылатын болады.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
төмендегідей тәсілдер арқылы жасалады.
1. Б ағы ны ңқы лы сыңары көмектес тұлғалы
және шығыс тұлғалы есімшеге аяқталады. Мүнда-
ғы үйлердің жалпы үсқыны бір-біріне үқсас бол-
ғанм ен, барлық жердегідей әр шаңырақтың т ағ-
дыры әр түрлі, эр басқа. Қазір алыста болғанмен,
осы үйдің алғаш қы иесі сізсіз (Исабеков). Ж ау-
дың өте қатты карсылық көрсеткеніне қарамас-
тан, жігіттер а лға басуда еді (Ғабдуллин).
2. Бағы ны ңқы сыңары шартты рай етістігіне
аяқталады. Бұндай құрылымдарда сыңарларының
арасын қарсы м ағы нада қоятын - шартты рай
жұрнағынан кейін келетін да, де шылаулары және
әр сыңар құрамында келетін мағына жағынан бір-
біріне қайш ы келетін сөздер. Ондай сөздер анто-
нимдер болуы немесе етістіктің болымды, болым-
сыз тұлғасы да болуы мүмкін: Абылғазының
қолындағы Жиреніиенің қүсы тіленіп талпынса
да, Жиренше оны жіберткен жоқ (Әуезов). А ла-
м ан кемпірді мінгестіру үшін қасына келейін десе,
астындағы аты пысқырып жолатпады (Қ азақ
ертегісі).
Ш артты рай ж ұрнақтары арқылы ж асалған
қарсылықты бағыныңқылардың табиғатын А.Бай-
тұрсы нұлы ның мысалдары арқылы аны қ тануға
болады: Күні бойы қараса да, таба алмады. Қыс
қатты болса да, м а л аман шықты. Ақаң сабақтас-
тың бұл түрінің жасалу жолын тек шартты рай
арқылы ғана көрсеткен де, оны ереуіл бағыныңқы
деп атаған.
А.Байтұрсынұлы күрделі құрылымдар тура-
лы “Тіл құралында” ғана айтпаған, “Әдебиетта-
ны тқы ш ы нда” да айтқан болатын. Қазіргі қазақ
тілінде құрамындағы сыңарларының саны қалып-
ты құрмаластардағыдан әлдеқайда көп болып ке-
летін күрделі құрмаластар молынан ұшырасады.
Ақаң бұларды өрнекті сейлемдер немесе оралым
деп атап, олардың төмендегідей м ағы налы қ то-
ғыз түрін көрсеткен болатын: себепті оралым,
мақсатты оралым, ұқсатпалы оралым, қайшы ора-
лым, шартгы оралым, жалғасыңқы оралым, серіп-
пелі оралым, айырыңқы оралым, қорытпалы ора-
лым.
Байқап отырғанымыздай, сыңарлары қарсы
мағынада келетін құрмаластарға Ақаң екі түрлі
атау ұсы нған (ереуіл, қайш ы). Ереуіл бағы ны ң-
қы ларға қалыпты сабақтастарды ж атқы зған да,
қайшы құрмаластарға күрделі құрмаластарды жат-
Поделитесь с Вашими друзьями: |