І \ * Г М А Л А С , сь » и л Ь ІІУ ІД Е Ғ
719
бептен сабақтастың басқа түрлері сияқты үлестес
те әлі де болса тек жасалу жолына қарай емес, өз
ішінде мағыналық ерекшеліктеріне қарай да, қар-
сылықты және шартты сабақтастар сияқты терең
зерттеуді қаж ет етеді.
Үлестес сабақтас сөйлемдердің жасалу жол-
дары санаулы-ақ (-п формантты көсемше, шарт-
ты райды ң ж ұрнағы ) болғанм ен, олардың өз
ішінде беретін м ағы налы қ реңктері де әрқилы
болып келеді. М әселен, “Әр тұста оқта-текте
сыңғырлай шыққан әйел күлкілері күмістей іиа-
шылып, оған қосыла оқыранған еркек үндері күмбір
қағады ” (Жұмаділов) деген үлестес сабақтас сөйлем
бір мезгілде өтіп жатқан істі көрсетсе, “Толқынай өз
болмесіне апарылып, бірсыпырадан кейін есі кірдГ
(М айлин) деген үлестес сөйлемдерде іркес-тіркес
уақиғалар көрсетілген.
Ж оғарьщ ағы үлестес сабақтас сөйлемге бай-
ланы сты айты лған заңдылықтар оны сабақтас
құрм аласты ң басқа түрлерінен айқы н ажырата
алады. Ондай заңдылықтар үлестес сабақтастың
жасалуы ж ағы нан бағы ны ңқы баяндауыш ының
ти ян ақсы з тұлғасы на, м ағы налы қ тұрғы дан әр
ком поненттің бір-біріне тәуелсіз, ти ян ақты лы қ
қалпын сақтауына негізделеді.
Үлестес сабақтастар бір уақиғаны, іс-әрекетгі,
қалып-күйді санамалап көрсетеді. Оларды құрай-
тын жай сөйлемдер екіден арты қ болса, ондағы
сы ңарларды ң баяндауыштары біртектес болып
келеді. М ұндайға көбіне көсемш енің -п форма-
сы ы ңғайлы : Отардан қайтқан жылқыны алды-
нан шыққан жас жігіттер көшке қарсы айдап
келіп, аты жоқтар жүгенін ала жүгіріп, әрқайсы-
сы бір-бірден ж ылқыға құрық салып, жылқыны
алды-алдына боліп қуалап жүр. Қыстаудан жаңа
көшкен елдің жүгі орнықпай аударылып, бірі түйесін
бақыртып қайта артып, бірі жүк артқан сиырын
ау-қаулап қуалап, ауған жүгін басып, ерлі-қатын-
ды, бала-шағасымен шулап жүр (Ш әкәрім).
Б айқап оты рғаны м ы здай, бұл сөйлемдерде
басқа б ағы ны ңқы ларғатән шарттық, қарсылық-
тық немесе оқиғаны ң мезгілі, амалы, себебі, мақ-
саты көрсетілмейді. Құрмалас сөйлемдегі негізгі
ойды, хабарды жан-ж ақты толықтыратын бағы -
ныңқы компоненттер болмайды. Үлестес сабақ-
тас сөйлемдер айтушының бір коріністі жан-жақ-
ты сипаттау немесе бір мезгілде, я болмаса әр
мезгілде өтіп жатқан құбылысты санамалап көрсе-
туінен құрылады.
Л огикалы қ және тілдік категориялар тілдің
ф орм аға бағы нуы м ен, оның белгілерден (знак-
тардан), сол белгілердің зат (әрекет) және мағы -
намен тығыз қатынасынан тұратындығымен ерек-
шеленеді. Осыған байланысты әрекетгің иесі және
грамматикалық бастауыштар бір-біріне тең емес
категорияларға жатады. Біз ж оғары да олардың
құрмалас сөйлем құрамында келу ерекшеліктері-
не тоқталған едік.
Үлестес сабақтас сөйлемдерде де көбіне бір
тұлға екіге жарылып, оның бөліктері жеке-жеке
грамматикалық бастауыштың қызметін атқарып
тұрады. Біреулер басын сүйеп, біреулер қолын ұстап
отыр. Біреу желіп, біреу шоқытып келеді (Аймау-
ытов). Бұнда тұлға болып тұрған - топ. Сол топ-
тың ішінен ш ы ққан бөліктер белгісіз есімдіктер
күйінде үлестес сабақтас сөйлемді құраушы сы-
ңарлардың жеке-жеке бастауыштары болып тұр.
Топ - субъекті үлестес сабақтастың екі сыңа-
рына тең бөлінбей, бір сыңарында артық болып
тұруы да м үм кін. Б ір -екеуі ж ы ғы лғандарға
айналсоқтап, озгесі кейін ж алт берді (Аймауы-
тов). Таң салқынымен бұйыққан жұрт ұйқыла-
рын шала ашып, кейбіреулері қалтырап, тітіреніп
жуу?(Майлин).
Үлестес сабақтас сөйлемдердің бастауышта-
ры адамға қатысты мүшелер болады да, субъекті
- адам жалқы есім, жалпы есім, есімдік түрінде
ілік септігінде келіп, анық та, жасырынып та тұра
береді: Мына қазіргі Дауылбай болыстың әкесі
Құлжабай датқаның өзі Әлімбектің айбынынан
мысы басылып, жүні жығылып тұрар еді (Мұрта-
за). Кернеген ызаға шыдай алм ай Елекеңнің аузы
кемсеңдеп, козден іиұбырған жасы бурыл сақал-
дың арасынан жүгіре ж о р ға ла д ы {Ы ш ш н ).
Субъектінің есімдік түрінде келуі: Бұдан әрі
сөйлеуге оның мысы құрып, шамасы келм еді
(Ш әріпов). Ілік септікті есімдіктің ж асырын
тұруы: Мұрты тікірейіп, бет терісі жыбыр қақты
(М айлиң). Өңі тершіп, сығыр көздері жұмылып
кетіпті (Қажыбеков).
Біз жоғарыда үлестес сабақтас сөйлемдерді
сабақтастың басқа түрлерінен айыра білудің бірне-
ше тәсілдерін көрсеттік. Келтірілген мысалдарда-
ғыдай үлестестердің сыңарларындағы бастауыш-
тар бүтіннің ж еке-ж еке бөлшегі болып, айыры-
лып, сөйлемде көбіне алды ңғы сыңарда келетін
ілік тұлғалы есімдер және есімдік сөздеріне бай-
ланып тұратындығы, оны басқа сабақтастардан,
әсіресе амал себеп бағыныңқылардан ажыратуға
негіз болады ғой деп ойлаймыз. Қаншаның жау-
ырын ортасы дуылдап, тобе құйқасы шымырлап
кетті. Жүзін эжім айғыздап, салтақ-салтақ ұйыс-
қан сақал-мұрты ақшулан тартыпты. Жотасы
тершіп, әкпесі аузына тығылды (Қажыбеков).
Поделитесь с Вашими друзьями: |