Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


  Себеп  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1225/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1221   1222   1223   1224   1225   1226   1227   1228   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
4.2.3.  Себеп  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас 

сөйлемдер

Қ азақ  синтаксисінде  себеп  бағы н ы ң қы лы  

сөйлемді мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен, олар- 

дың арасы ндағы   м ағы налы қ қатынастарды  (се- 

беп,  мезгіл) ажырату кейде  қи ы н ға соғады*.  Ол 

үшін  б ағы н ы ң қы   және  басы ңқы   сыңарларды ң 

арасындағы мезгілдік мәннің,  я себептілік мәннің 

қайсысы басым екеніне сүйену керек.  М әселен,

*  М ысал  Қ.  Е сеновты ң  “ Қ үрм алас  сөйлем  си нтакси сі”  кітабы нан  алынды.

**  Тіліміздегі  қазіргі  көсем ш е  ж үрнақтары н ы ң   О рхон-Е нисей  ескерткіш терінде  де  осы  баяндауы ш   қы зм етінде 

қолданы лғанды ғы н  кезінде  С.Е.  М алов  атап  көрсеткен.

*  Н.Т.  Сауранбаев  себеп  бағы ны ңқы лы   сөйлемдер  мезгіл  бағы ны ңқы лы   сөйлемдерден дамып  ш ы қты   дегенді,  сірә, 

олардың  арасындағы   осы   ж ақы н д ы қ қ а  байланысты   айтқан  болар.



І\ІГШ ЛЛЛІ/

711

Кеше апам  оған қатты ренжіп,  ол үйіне қайтып 

кетті деген  сөйлемнің  бағы ны ң қы   сы ңары нда 

мезгід  мәнді  сөз  бола тұра,  онда  себептілік  мән 

басым. Я ғни,  оны ң үйіне қайтып кетуіне апасы- 

ның  қатты ренжігені себеп болып тұр.  Сондай-ақ 



Бейімбет үсталып, басымызға қара күн туды (Май- 

лин). Биыл қар кеш жауып, шана жолы кешең түсті 

(Құдаш) деген сөйлемдер де бір мезгілде өтіп жа- 

тқан іс-әрекеттер болғанымен, басыңқы сыңарда- 

ғы  салдардың  көрінісінен  себеп  бағы ны ңқы лы  

сөйлемдерге жатады.  Олардың арасын ажыратуға 

сұрақтың  кейде  көмектеспейтін  кездері  де  бар. 

М әселен,  Мәжіліс  ашылып,  сөз  округтен  келген 



өкілге берілді (М айлин) деген мезгіл бағы ны ңқы - 

лы сөйлемге себептілікті ажырататын сұрауды да 

қою ға болады.  М ұндай  мағы налы қ ж ақы н ды қ - 

заңды құбылыс.  Себеп бағыныңқылы сөйлемдер 

себеп пен салдардың көрінісі болса, сол процестер 

бір  мезгілде  болатын  тіркес-тіркес  уақиғаның да 

көрінісі  болып  табылады.  Сонды қтан  бүларда 

мезгілдік  мәннің  болуы  орынды.

Себеп  бағыныңқылы  сөйлемдердің  дамып 

қалыптасуын  мезгіл  бағыныңқылардағы  ішкі  ма- 

ғыналық  қатынасымен  емес,  мезгілдік  қатынас- 

ты  да,  себептілік  қатынасты  да  жасай  алатын 

бірдей  формалармен  байланысты  қарау  керек. 

М езгіл  б ағы ны ңқы лы   сөйлемдерді  ж асайты н 

есімше,  көсемше  жүрнақтары  дәл  сол  қалпында 

түрып-ақ,  себеп  бағыныңқы  сойлемдерді  де  жа- 

сай  береді.  Бір  форманың  көп  мағынаға  ие  бо- 

луы  - тіл  жүйесінде  болыгі жататын заңды қүбы- 

лыстардың  бірі.  Оны  біз  көсемше  формалары- 

ның,  оның  ішінде  -п  формантының  жүмсалым- 

дығынан  байқап  отырмыз.  Көсемшеге  біткен  ба- 

яндауыштар  тіл дамуының  алғашқы  кезендерінде 

бір бастауыштың айналасына топтасқан болатын. 

К ей ін   ө зд е р ін ің   ж ек е-ж ек е  б астауы ш тары н  

иемденетін  болды.  Қазіргі  қазақ  тілінде  көсем- 

іііелер  арқылы  сыңарлары  екіден  артық  күрделі 

қүрылымдар  да  көптеп  жасалады.

Айналада  болып  жатқан  себеп  пен  салдардың 

қатынасы  адамдардың  пайымдауы  арқылы  тілде 

көрініс  табады.  Адамзат  әлемдегі  болып  жатқан 

өзгерістер  мен  қүбылыстардың  негізін  неғүрлым 

терең таныған  сайын  себеп  пен  салдардың  тілдегі 

көрінісі  де  соғүрлым  күрделене  бермек.

Себеп  1 

салдар  1

Себеп  2 ■

 

салдар 


с е б е п ^ — -   салдар  2 

Себеп  3  у /  

салдар  3

Себеп  пен  салдардың  арасындағы  қатынас- 

тың  бүдан  әзге  де  көптеген  формалары  бар:  Се- 

беп  — >салдар 1— >салдар2— >салдар  3—немесе  се- 

беп1— >себеп2— >себепЗ— >...салдар.  Кәріп  отыр- 

ғанымыздай  мүнда  жоғаргы  сызбадағыдай  жеке- 

жеке  емес,  бір  себептен  туған  көп  салдар,  көп 

себептен туған  бір  салдар  бір сызықтың  бойына 

тізбектеле  орналасады. Аддыңғы сызбаларға қара- 

ғанда, бір-біріне тәуелді, бағыныңқы болып келеді. 

Кейде  салдардың  өзін  тудырған  себепке  серіппе 

әсері  де  байқалады:

себеп  <= =>   салдар.

С ебептілік  қаты н асты   білдіретін  салалас 

сәйлемдер  салдардың,  я  себептің  бірінші  түруы- 

на  қарай  ерекшеленеді.  Академик  Н.Сауранбаев 

бүл  екі  тәсілді  қазақ  тілінің  тарихымен  байла- 

ны сты рады .  “ С ебептік  қаты насты   білдіретін 

сөйлемдерде  салдардың  бүрын  келіп,  себебі  со- 

ңынан  айтылуы  ескі,  алғашқы  тәсіл,  керісінше 

реттелуі  -  мәдени  өмірдің  өзгеріп  дамуына  бай- 

ланысты  кейінірек  ш ы ққан  жаңалық” ,  -  дейді. 

Осыған  және  жоғарыдағы  келтірілген  қүрмалас- 

тың  қалыптасуы  жөніндегі  пікірлерге  сүйеніп, 

себеп пен салдарды білдіретін салалас сөйлемдер- 

ден  сабақтастардың  пайда  бөлуын  былай  көрсе- 

туге  бөлады.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1221   1222   1223   1224   1225   1226   1227   1228   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет