710
СИНТАКСИС
(амал, мезгіл, себеп, мақсат, қарсы лы қты , үлес-
тес) ж асауға көсем ш енің бір ған а -п формасы
қатынасатындығы белгілі екен. Сондықтан есім-
шелерден сын есім ж асайты н -дай, -дей ж ұрна-
ғымен келетін бағыныңқылы сөйлем баяндауыш-
тары нда амалдық қаты насты ң реңктері болуы
әбден мүмкін: Кең бөлме бос қалғандай, ой ұясы
қаңырап тұр (М үсірепов). Әр өңешке бір өгізше
кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады
(М ұстафин)*. Б ірақ бұндағы ам алды қ м ағы н а-
лы қ қатынас көсемш енің -п формасымен келетін
бағыныңқьщағьщай айқын емес. Есімшеден кейін
келетін -дай, -дей ж ұрнағы б ағы н ы ң қ ы сөйлем
жасауда көп м ағы н алы қ қасиетке әлі толы қ ие
болып, аражігі ажыратыла қалыптасып біткен жоқ.
Сондықтан да амал бағы ны ңқы лы сөйлемдердің
көрсеткіші ретінде әлі де тек көсемш енің алдың-
ғы ф ормалары ған а аталуы керек деп білеміз:
Төрде күректей теке сақалды ақсақалы, күбідей
тырсылдап, көзін аш ып-ж ұмған ақ сәлделі қара
іиұбар кожасы бас болып, жемсауы көнектей оңшең
күшігендер отыр (Аймауытов). Бірақ күлуге ша-
масы келмей, қансыз-сөлсіз, көгерістеу ерні сәл ғана
жыбыр етті (М ұ р т а за / Өлеңге осы сөзді айнал-
дыр деп, Өтінді үлкен-кіш і, қатар құрбы (Базар
жырау).
Көсемшелер, оны ң ішінде өткен ш ақ көсем-
ше - амал бағыныңқылы сөйлем жасаудың негізгі
төл тәсілі. О ны ң бұл қы зметі өте көне заманнан
келе ж атқан құбылыс деуге болады* *.
Көптеген амал бағы н ы ң қы л ы сөйлемдерде
бір субъект формальды түрде екіге жарылып, екі
грамматикалық бастауыш болып тұрады. Ж алқы
және жалпы есімнен болған бастауыштар екінші
сыңарда есімдік түрінде қайталанып қолданыла-
ды: Ы см ағұ л қолындағы сайманын Өмірбекке
ұстатът, озі кейін шегіне түсті (М айлиң). Қаңлы
ж ағы Рысқұлды ж ақтап, олар да бір бүйірден
килікт і (Мұртаза).
Бірінші сыңардағы әрекет иелері екінш і сы-
ңарда ж инақты қ сын есімнен болған граммати-
калы қ бастауыш болып тұрады: Александр мен
Рысқұл араз адамдар құсап, екеуі екі жаққа қарап
отыр еді. Өйына былтырғы оқымысты оралып,
екеуі жүрген мұзарт жолдарын алыстан-ақ корген-
дей болды (М ұртаза).
Есімнен ж әне жіктеу есімдіктерінен болған
қимыл иесі бірінш і сыңарда жасырын тұрып,
екінш і сыңарда өздік есімдігінен қайта грамма-
тикалы қ бастауыш болып тұрады: Класт ағы
шэкірттер орындарынан үдіре тұра келгенін со-
ңынан байқап, озі де ұшып тұрды (Мұртаза).
Көсемшелер арқылы жасалған амал бағының-
қылы сөйлемдерде кейде әрекет иесі екінш і сы-
ңарда есім, есімдік түрінде келеді де, дене мүше-
сіне қатысты сөз тәуелдік тұлғада бірінші сыңар-
ды ң грамм атикалы қ бастауышы болады: Үсті-
басы суға малшынып, Тұңғышбай шауып келіп түсе
қалды (Аймауытов). Сергіген қабағы сәл тұнжы-
рай түсіп, ол т ағы ойланады (М айлиң). Жүре-
жүре бойы үйір боп, орамбайға озі мініп кететін
болды (Аймауытов).
Біз жоғарыда -дай, -дей қосымшалары арқы-
лы жасалған сабақтастардың сыңарлары арасын-
дағы қаты настар амалдан гөрі салы стырмалы -
л ы ққ а ж ақы н екендігін айттық. Осы -дай, -дей
ж ұрнағы ны ң да тілдің әр деңгейінде көп м ағы -
налы қ сипаты бар екендігі байқалады. Ж ұрн ақ-
тың әр қырлы екендігіне байланысты оны әр зерт-
теуші әр қы ры н ан таниды және өзі тан ы ған
қы ры н негізгі деп санайды. Бұл құбылыс тек
қазақ тіліне ғана қатысты емес, жалпы түркіта-
нуда солай. Біреулер оны ж алғау (септік жал-
ғауы) деп таны са, біреулер сөзжасам ж ұрнағы
дейді. Енді біреулер оның сөз байланыстырғыш -
ты қ қызметі барлы ғы н негізгі деп таниды. Осы-
ған байланы сты осы -дай, -дей ж ұрнағы н да тек
м орф ологиялы қ, я синтаксистік шеңберде ғана
алып қарамай, тілдің барлық деңгейіндегі қолда-
н ы сы н ж и н а п , ө зара салы сты ры п қ а н а бір
мәмілеге келуге болады ғой деп ойлаймыз.
Поделитесь с Вашими друзьями: |