Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1222/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1218   1219   1220   1221   1222   1223   1224   1225   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
708

СИНТАКСИС

райды  бастауышпен  қиыстыру  функциясын  ғана 

атқарады.  Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  сабақтас- 

тыра  қүрмаластыру  қызметінде  қолданылатын 

етістіктің басқа түрлерінен шартты райдың негізгі 

бір  ерекшелігі  -  оның  осы  ж ақтық  формада  ай- 

тылып,  өз  бастауышымен  қиы сы п  түратынды- 

ғында.


Жай сөйлемдерді бір-бірімен қарым-қатынас- 

қа келтіріп,  қүрмалас сөйлем жасауда шартты рай- 

дың  өзіндік  тағы  бір  ерекшелігі  бар.  Оны  байқау 

үшін  шартты  райлы  бағыныңқы  сөйлем  баянда- 

уышы  ф ункциясы нда  қолданылатын  етістіктің 

басқа  түрлерімен  салыстырайық.  Жай  сөйлемді 

бір-бірімен қүрмаластыру қызметін есімшелердің 

де  атқаратыны  белгілі.  Бірақ  екі  жай  сөйлемді 

бір-бірімен  қары м -қаты насқа  келтіретін  есімше 

фөрмасының  өзі  емес,  есімшеге  жалғанатын  әр 

түрлі  септік  жалғаулары  мен  өған  тіркесе  айты- 

латы н  шылаулар.  Бүларсы з  есімше  қүрм алас 

сөйлем жасай алмайды. Ал шартты рай өлай емес, 

өл басқа бір қөсымша фөрмалардың, дәнекерлердің 

жәрдемінсіз-ақ  екі  жай  сөйлемді  қүрмаластыра 

алады.  Сөйтіп,  ол  екі  түрлі  функцияны  бірден 

атқарады:  әрі сәйлемнің баяндауышы  болады,  әрі 

екі  жай  сойлемді  бір-бірімен  қарым-қатынасқа 

келтіретін  синтаксистік  дәнекер  болады.

Оздеріне  тән  ішкі  ерекшеліктеріне  қарамас- 

тан,  қазіргі  қазақ  тілінде  аталған  үш  жүрнақтың 

үшеуі  де  бағы ны ңқы   сөйлемнің  баяндауышын 

жасаушы  деп  танылады.  Етістіктің  шартты  рай 

жүрнағы  шартты,  қарсылықты,  салыстырмалы, 

мезгіл,  үлестес  бағыныңқыларды  жасауға  қатыс- 

са,  есімше  жүрнақтары  себеп,  мезгіл,  салыстыр- 

малы,  қарсы лы қты   бағы ны ңқы ларды   жасауға 

қатысады.  Ал  косемше  жүрнақтары  бағыныңқы 

сәйлемдердің  амал,  себеп,  мезгіл,  мақсат,  үлес- 

тес,  қарсылықты  және  шартты  түрлерін  жасай- 

ды.

Бағыныңқы  жай  сойлем  баяндауышы  болып 



келген  шартты  райды ң  кейде  шылау  сәздерге 

тіркесіп  түратыны да  болады,  бірақ шылаулар  екі 

жай  сөйлемді  байланыстыру  үшін  қолданылмай- 

ды,  жай  сөйлемдердің  мағыналық  қатынастарын 

түрлендіру  үшін  қолданылады.  Раушан  олай  деп 

ойламаса  да,  Бәкен  солай  ойлайды  (М айлин). 

Қурмаш  қанша  тәрбиелесе  де,  Көксерек  урлық  пен 

адал  астың  айырмасы  не  екенін  уга  алмады 

(Әуезов).

Бүрын-сонды  ш ы ққан  лингвистикалық  әде- 

биеттерде  шартты  рай  арқылы  жасалатын  сабақ- 

тас  қүрмалас  сөйлемдер  не  шартты  бағыныңқы- 

лы  сабақтас  сәйлемге  немесе  мезгіл  бағыныңқы- 

лы  сабақтас  сейлемге  ғана  жатқызылады.  Бірақ 

әдеби  тіліміздің  фактілері  шартты  рай  арқылы 

жасалатын  қүрмалас  сөйлем  компоненттерінің

м ағыналық  қатынастары  алуан  түрлі  екендігін 

кәрсетті.  Әрине,  шартты  райдың  дәнекерлігі  ар- 

қылы қүрмаласатын компоненттердің мағыналық 

қүбылыстары  бір  ғана  шартты  райға  байланысты 

деп  қарау  дүрыс  емес.  Ол  қүбылыстар  бағы- 

ныңқы  компоненттің  баяндауышы  болып  түрған 

шартты райдың қандай ортада,  қандай сездермен 

тіркесе,  күрделене  айтылуына  да  байланысты. 

Оны  мына  мысалдардан  да  көруге  болады:  Өзге- 



лер  қалай  журсе,  мен  де  солай  журемін,  Сыреке 

(Мүқанов).  Басқалар  қандай  қуанса,  ол  да  сондай 



қуанган  еді.  Еңбекті қанша  істесең,  табысты  сон- 

ша  аласың.  Майдандагы  сіздердің  халіңіз  қандай 

болса,  біздің халіміз  де  сондай.  Бөлекбастың  журісі 

қандай  паң  болса,  сөзі  сондай  паң  (Әбішев).  Кісі 

қалай  журсе,  көлеңке  солай  журеді.

Бүл  мысалдардағы тәріздес  сөйлемдер  кейбір 

лингвистикалық әдебиеттерде шартты бағыныңқы 

сабақтас  сөйлемге  жатқызылып  жүр.  Бірақ  жо- 

ғарыда  келтірілген  сойлемдердің  компоненттері 

бір-бірімен  шарттылық  қатынаста  түр  деуге  бол- 

майды.  Мүндағы бағыныңқы компоненттер қүра- 

мындағы  қалай,  қандай,  қанша  деген  создер  мен 

басыңқы  компоненттер  қүрамында  түрып,  алдың- 

ғыдағы  сүрау  есімдеріне  жауап  ретінде  айтылып 

түрған  солай,  сондай,  сонша  создері  қүрмалас 

сойлемге теңдестік,  салыстырмалық мағына беріп 

түр.  Ал  енді:  Кімнің  жерін  жерлесең,  соның  жы- 

рын  жырлайсың.  Үяда  нені  көрсе,  ушқанда  соны 

алады.  Киіз  кімдікі  болса,  білек  сонікі.  Кімге  арқа 

суйесең,  соны  таяныш  етесің  (Мақал,  мәтелдер). 

Қ ай  ауылдың  устінде  сияз  болса,  сол  ауыл  малы 

шыгасылы  болады.  Үлық  қай  ауылга  сияз  қурса, 

сол  ауылды  қырына  алганы  (Әуезов).  Кім  көп 

істесе,  сол  көп  алады  деген  сөйлемдер  де  қүры- 

лысы  жағынан  алдыңғы  мысалдағы  сөйлемдер 

тәріздес.  Бүларда да бірінші  компонентінде  сүрау 

есім дігі  келсе,  екінш і  ко м п о н ен тін де  сілтеу 

есімдіктері келіп отырған.  Бірақ компоненттерінің 

мағыналық қатынастары жағынан алғанда,  соңғы 

мысалдағы  сөйлемдер  алдыңғылармен  бір  емес, 

бүларда  алдыңғылардағы  сияқты  тендестік,  са- 

лыстырмалық қатынас жоқ.  Мүндағы компонент- 

тер  б ір ін ш іс ін д е г і  сү р а у   е с ім д ік т е р і  м ен 

екінш ісіндегі  сілтеу  есімдіктері  арқылы  өзара 

іліктесе  байланысқан.

Қүрмалас  қүрамына  енген  жай  сөйлемдер 

бір-бірімен  кейде  -ысы,  -ісі  жүрнақты  етістіктің 

көмектес  жалғаулы  түрі  арқылы  да  қүрмаласа- 

ды.  Баяндауышы  етістіктің осы  айтылған түрінен 

болған  бағыныңқы  компонент  басыңқы  компо- 

нентпен  мезгілдік  қатынаста  айтылады  да,  бағы- 

ныңқы компоненттегі әрекет болысымен іле-шала 

басыңқы  компоненттегі  іс-орекеттің  де  болған-





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1218   1219   1220   1221   1222   1223   1224   1225   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет