Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет12/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫ

13

анықтайтын  фонетика саласы:



-әуез жүйесі:  езу әуез  (палатальный тембр), 

ерін әуез (лабиальный тембр);

-жасалым  белгісі:  езулік  (неогубленный), 

еріндік (огубленный),  ілгерінді  (продвинутый), 

кейінді  (отодвинутый);

-айтылым  белгісі:  ауыз  қуысты  (ртовы й), 

көмей  қуысты  (глоточный),  тұтас  қуысты  (рто- 

во-глоточный);

-естілім  белгісі:  жуан  (твердый),  жіңіш ке 

(мягкий),  езулік (негубной),  еріндік (губной).

Ф онетикалы қ атаулардың толық түсіндірме 

сөздігі  өз алдына  шығады.



1 .2 .  Қ А З А Қ   Т І Л І Н І Ң   Ж А С А Л Ы М   Қ О Р Ы

1.2.1. 


Сөйлеу мүшелері барлық  ұлттарға ор- 

тақ  болғаны м ен  (биологиялық  тұрғы дан),  әр 

тілдің  өзіне  ғ а н а т ә н  жасалым  қоры  (артикуля- 

ционная база)  болады. Жасалым  қоры дегеніміз 

дыбыстарды  ж асауға  қатысатын  сөйлеу  мүш е- 

лерінің белгілі  бір  ұлт тіліне  ғана тән  қозғалы - 

сының жиынтығы.  Кез келген сөйлеу мүшесінің, 

мысалы,  тілдің  қозғалы сы   барлы қ тілде  бірдей 

болмайды.  Сол сияқты  сөйлеу мүшелерінің ды- 

быс жасауға топтана қатысы да біркелкі болмай- 

ды.  Сөйлеу мүшелерінің жеке-жеке  қозғалы сы , 

сондай-ақ олардың топтана  қатысы  бір тілде бір 

түрлі,  екінш і тілде  екінші түрлі  болады.

С онды қтан  да  алдымен  әр  тілдің  өзіне  тән 

жасалым  қорының басын ашып алу керек.  Қазақ 

тілінің жасалым қорының өзіндік ерекшелігі бар.

2-суретге қазақтілінің жасалым  қорының қыры- 

нан  қарағандағы   моделі  (үлгісі;  пішіні)  беріл- 

ген.  Қ азақ тілінің жасалым  қорында 9 жасалым 

нүкте  бар.  Сөйлеу  мүшелерінің  мүмкін  болған 

қозғалысыны ң көрінісі бейнеленген.

О ны ң  бірінш ісі  -  ерін  (1-нүкте).  Қ азақ 

тіліндегі дыбыстардың  жасалуына еріннің төрт 

түрлі  қатысымы  бар:  сүйір  жасалым  (1-1  ж ағ- 

дай), доғал жасалым  (1 -2 жағдай),  езу жасалым 

(1-3 жағдай),  емеурін  жасалым  (1-4 жағдай).

Тіл ұшының қатысы (2-нүкте).  Қазақ тіліндегі 

дыбыстардың  жасалуына тіл  ұшының  үш  түрлі 

қатысымы бар: тіл ұшы тоғысымы  (2-1  жағдай), 

тіл  ұшы жинақы жуысымы  (2-2 жағдай), тіл ұшы 

жайылыңқы жуысымы  (2-3 жағдай).

Тіл  ортасы ны ң  қаты сы   (3-нүкте).  Қ азақ 

тіліндегі  дыбыстардың  жасалуына  тіл  ортасы- 

ның екі түрлі қатысымы бар: тіл ортасының таң- 

даймен тоғы сымы  (3-1  жағдай), тіл  ортасының 

таңдаймен жуысымы  (3-2 жағдай).

Тілшіктің  (кіш кене  тіл)  қатысы  (4-нүкте). 

Қ а за қ   т іл ін д е г і  д ы б ы с т а р д ы ң   ж а с ал у ы н а  

тілшіктің екі түрлі  қаты сы мы  бар:  тілшіктің тіл 

түбімен  жуысымы  (4-1  ж ағдай),  тілшіктің  тіл 

түбімен тоғысымы  (4-2 жағдай).

Тілдің  көлденең  қалпы ны ң  қатысы  (6,  8  - 

нүктелер).  Қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  жаса- 

луына тілдің көлденең  қалпының екі түрлі  қаты- 

сымы  бар:  тілдің  ілгері  қалпы  (6-нүкте),  тілдің 

кейін  қалпы  (8-нүкте).

Тілдің  тік  қалпы ны ң  қатысы  (7,  9-нүкте- 

лер).  Қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  жасалуына 

тілдің тік қалпының екі түрлі  қатысы бар: тілдің 

жоғары  қалпы  (7-нүкте), тілдің төмен  қалпы  (9- 

нүкте).

Дауыс желбезегінің қатысы  (5-нүкте).  Қазақ 

тіліндегі дыбыстардың жасалуына дауыс желбе- 

зегінің төрт түрлі  қаты сы мы  бар: дауыс желбе- 

зегі толық тербеледі  (5-1  жағдай),  мол тербеледі 

(5-2 жағдай), жартылай тербеледі  (5-3 жағдай), 

тербелмейді (5-4 жағдай) (әрі қарай  “ нүкте, жағ- 

дай ” деген сөздер қайталанбай, жасалым  нүкте- 

лердің сілтеме сандары  ғана қалдырылды).

Әрине,  бір  ғана  жасалым  нүктесі  арқылы 

жасалатын дыбыс  болмайды.  Қазақ тілінің ды- 

быс жүйесінде әрбір дыбысты ң жасалуына кем 

дегенде  үш  жасалым  нүктесі  қатысады.  Ж аса- 

лым  нүктелерінің әр түрлі араласымынан  (ком- 

бинациясы нан)  қазақ тілінің дыбыстары  түгел 

түзіліп  шығады.

1.2.2. 

Қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  саны 

шектеулі  болғаны мен  олардың жасалым  вари- 

анттарының саны баршылық. Ақиқат (тірек) ды- 

быстар мен  олардың  варианттарының жасалым 

үлгісі  осы  модельден  түгел  табылады.  Сөйтіп 

дыбыстардың фонетикалық және фонологиялық



14


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет