Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1196/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1192   1193   1194   1195   1196   1197   1198   1199   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
4.2.1.  Себептес  салалас  қүрмалас 

сөйлемдер

Салалас  қүрмаластардың  предикатив  сыңар- 

ларын  өзара  байланыстырып,  әрі  олардың  себеп- 

салдарлы қ  м ағы налы қ  қаты н астар ы н   ай қы н  

корсетіп,  себептес салалас жасап түратын жалғау- 

лықтар мыналар: сондықтан,  сол себепті,  өйткені, 



себебі. Қалыпты сөйлемдерде олар салалас қүрма- 

лас  сөйлемнің  екінші  сыңарының  қүрамында, 

о н ы ң   б асқы   ш енінде  келеді.  Тілеуімбет тің 

менсінбегені  Мүсірепке  де  батып  кеткен  екен,  сол 

себепті  ол  сөз  аягында  бидің  өзін  де  түйрей  кетті 

(Мүсірепов).  Қазір  ол  сақалын  да  қырган,  киімін 



де  өзгерткен,  сондықтан  кескін-кейпі  де  өзгерген 

(Мүқанов).  Жаны  шыгып  кете  жаздады,  өйткені 



оның қолына  түскен  ыдыс  сау қайтқан  емес  (Май- 

лин).  Әй,  ол  жеңер  сені,  себебі  келешек  онікі  гой 

(М үқанов).

Мысалдардағы предикатив сыңарлардың ара- 

сындағы себеп-салдарлық қатынастар айқын бай- 

қалады.


Бірінші мысалда Мүсірептің сөз аягында бидің 

өзін  де  түйреп  кетуіне  себеп  болып  түрған  жай  - 

Тілеуімбеттің  менсінбегенінің  оган  батып  кетуі 

болса,  екіншіде кейіпкерлщ  кескін-кейпінің  өзгеріп 



кетуі негізгі баяндалып түрған жай да,  соған алып 

келген,  солай  болуына  себеп  болып  түрған  нәрсе

-  оның сақалын қырып,  киімін  өзгертуі. Ал үшінші 

мысалда  негізгі  мэселе  ретінде  кейіпкердің  шо- 

шынғаны,  жаны  шыгып  кете  жаздаганы  айтыла- 

ды  да,  оған  себеп  болып  түрған  екінші  адамның 

қолына  түскен  ыдысты  сау  (сындырмай)  қайтар- 

майтыны  болып  шығады.

Мьгёалдардың  кейбірінде  жалғаулықтарды 

предикатив  сыңарларының  мағыналық  қатынас- 

тарына,  байланыстарына  нүқсан  келтірмей-ақ 

алып тастауға болатын болса,  кейбірінде олай ету- 

ге  болмайды.  Олай  болғанда  сыңарларының  ара- 

сындағы мағыналық қатынас та озгереді,  арадағы 

байланыс  та  үзіледі:  Әй,  ол  жеңер  сені  -  келеіиек 

онікі  гой.

Бүл  мысалда  жалғаулықтарды  түсіріп  айтуға 

болады,  одан  сыңарларының  мағыналық  қаты- 

настарына, синтаксистік байланыстарына коп онша 

озгеріс  ене  қоймайды,  тек түсірілген  сөздің  (жал- 

ғаулықтың)  орнына  сызықша  қоюға  тура  келеді.

Ал,  Қазір  ол  сақалын  да  қырган,  киімін  де 

өзгерткен,  сондықтан  кескін-кейпі  де  озгерген 

__  дсгендегі  сондықтан  жалғаулығын  алып  тастауға

б олм айды ,  онда  сы ң арлары н ы ң   арасы ндағы  

синтаксистік  байланыс  бүзылады  және  сыңарла- 

ры  біртектес  жай-күйлерді  баяндайтын  ыңғайлас 

мәнді  білдіріп  кетеді.  Бүл  баяндауыш  түлғала- 

рының  біртектес,  бірдей  түлғаларда  түрғандығы- 

нан  солай  болады.



Сондықтан,  сол  себенті  жалғаулықтары  ал- 

дыңғы  сыңары  екінші  сыңарында  болған,  бола- 

тын,  болып  жатқан  іс-сапа,  күйлердің  себебін 

білдіретін  салалас  қүрмаластарды  байланыстыра- 

ды:  Әдетте,  оруды ең қүрметті кісі бастауга тиіс, 

сондықтан көпшілік бүл қүрметін  Сырбайга көрсет- 

пек  болды  (М үқанов).  Бүл  мәжіліс  Біржан  щ_н 

Тобықты  жасының  айырылар  мәжілісі  еді,  сол 

себепті  өнші  жастардың  бәрі  де  бір-бір  жаңа  ән- 

мен  өз  өнерін  көрсетпек  керек  (Әуезов).

Бүл  мысалдарда  алдыңғы  сыңарында  айтыл- 

ған  жайлар  екінші  сыңарында  енді  істелмек  бо- 

лып  түрған  (көт иілік  бүл  қүрметін  Сырбайга 



көрсетпек  болды,  әнші  жастардың  бәрі  де  бір-бір 

жаңа  өнмен  өз  өнерін  көрсетпек  керек)  оқиғаларға 

себеп  түрінде  баяндалған.



Өйткені,  себебі жалғаулықтары  аддыңғы  сы- 

ңарында  жүзеге  асқан,  не  жүзеге  асуы  тиіс  жай- 

лардың  себебі  екінші  сыңарында  айтылатын  са- 

лалас  сөйлемдердің  қүрамында  келеді.  Ешкім 



үндемеді,  өйткені  бүндагы  кісілердің  бәрі  де  қарт 

әйелдің  даусын  білетін  (Нүрпейісөв).  Биыл  көп 

ауыл  қаралы,  себебі  өткен  қыстың  бас  кезінде 

Үлжан  мен  Оспан  қайтыс  болган  (Әуезөв).

Келтірілген  мысалдардың  бөрінде  де  алды- 

мен  бөлған  не  бөлуға  тиісті  іс-өрекет,  жағдайлар 

баяндалған  да,  өлардың  неге  өлай  бөлуының 

себептері  екінші  сыңарларында  айтылады.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1192   1193   1194   1195   1196   1197   1198   1199   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет