Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1189/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1185   1186   1187   1188   1189   1190   1191   1192   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
688

СИНТАКСИС

лымдық  жағынан  тығыз  байланыс,  қарым-қаты- 

насқа түсіп,  күрделі ойды білдіреді: Уіиаков үйінде 

болмай,  Бүланбай  қайтып  кетті (Мүсірепов).  Бүл 

сөйлемде екі предикативтік орталық бар: біріншісі

-  Ушаков  үйінде  болмай,  екіншісі  -  Бүланбай  қай- 

тып  кетті.  Сөйлемдегі  негізгі  ойды  (Бүланбай- 

дың  қайтып  кетуі)  білдіріп  түрған  предикативтік 

сыңар  мен  көмекші ойды  (Ушаковтың  үйінде  бол- 



мауы)  білдіріп  түрған  предикативтік  сыңар  ты- 

ғыз мағыналық бірлікте және тиянаксыз  көсем- 

ше  жүрнағы  мен  интонация  арқылы  граммати- 

калық  жағынан  да  тығыз  байланысып,  бір  бүтін 

тілдік  единица  қүрап  түр.

Ал  мына  сойлем  соншама  коп  сөзден  жасад- 

ғанымен,  онда  бір  ғана  предикативтік  орталық 

бар,  сондықтан  ол  жай  сөйлем  болады:  Кеше  күні 



бойгы әңгімеде Абай өз әкесі туралы үлкен кісыердің 

аузынан  ең  алгаш  сын  сөздерін  есітті  (Әуезов). 

Предикативтік  орталық  Абай  есітті.

Екіншіден,  қүрмалас  сойлем  оны  қүраушы 

бірліктердің  сипаты  жағынан  ерекшеленеді.  Жай 

сөйлемнің  компоненттері  сөз  түлғалар  мен  сөз 

тіркестері бөлса, қүрмалас сөйлемнің компоненттері 

предикативтік  бірліктерден  түрады.

Қүрмалас сөйлемнің предикативтік бірліктері 

жай  сөйлем ге  тән  маңызды  белгі  -  предика- 

тивтілікке  ие.  Алайда  олар жай  сойлемге  тән  бас- 

қа  белгілерге  -  интонациясы  мен  мағынасы  жа- 

ғынан  аяқталғавдыққа  ие  емес.

Ү ш ін ш ід е н ,  қ ү р м а л а с   сө й л ем   мен  ж ай 

сөйлемнің  білдіретін  грамматикалық  мағынала- 

ры  бір  емес.  Жай  сөйлемнің білдіретін  граммати- 

калық  мағынасы  -  модальдық,  жақтық,  шақтық 

категориялар  арқылы  берілетін  предикативтілік 

мағына  болса  (оның  озі  болымдылық  және  бо- 

лымсыздық  түрғыда  көрінуі  мүмкін),  қүрмалас 

сөйлем  бөліктері  арасынан  нақты   мағы налы қ 

қатынастар  туывдайды:  мезгілдік  (оқиғалардың 

бір  мезгілділігі,  әр  мезгілділігі),  себеп-салдарлық, 

шарттылық,  қарсылықты  т.б.  Осылар  қүрмалас 

сойлемнің  грамматикалық  мағыналарын  қүрай- 

ды.  Демек,  қүрмалас  сөйлем  оқиғалардың  ара- 

сындағы қарым-қатынасты білдіруге қызмет етеді, 

сол  үшін  пайда  болған.  Көктем  келді.  Жерде  әлі 

қар  бар.  Қүстар  үшып  келе  бастады.  Көктем 

келгендіктен,  жерде  әлі  қар  бар  болса  да,  қүстар 

үшып  келе  бастады.

Егер  жай  сөйлемдер  арасындағы  граммати- 

калы қ  мағыналар  айқы н,  нақты   белгіленбесе, 

қүрмалас  сөйлемде  олар  белгілі  грамматикалық 

формалар арқылы  (-гендіктен,  -са да)  нақты түрде 

белгіленген  (себептестік және  қарсылықты  грам- 

матикалық  мағыналар  орын  алған).

Бүдан  басқа  қүрмалас  сойлемде  ор  түрлі 

колемдегі  қосымша  мәліметтер  де  тууы  мүмкін.

Сүт  қатқан  қою  иіай  қүйылды.  Ол  ішкен  жоқ. 

Сүт  қатқан  қою  шай  қүйылды,  бірақ  ол  ішкен 

жоқ.  Сүт  қатқан  қою  шай  қүйылды,  сондықтан 

ол  ішкен  жоқ.

А л д ы ң ғы   ж ай   с ө й л ем д ер д е н   е ш қ а н д а й  

қосы м ш а  м әлім ет  ала  алмаймыз.  Ал  бірінш і 

қүрмалас  сөйлемнің  грамматикалық  мағынасы 

қарсылықты болса,  қосымша туывдайтын молімет

-  “ол  сүт  қатқан  қою  шайды  жақсы  көреді,  бірақ 



қандайда  бір себептен  оны  ішпеді”.  Екінші  қүрма- 

лас  сойлемнің грамматикалық мағынасы  -  себеп- 

салдарлық,  ал  қосымша  беретін  мәліметі  -  исүт 

қатқан  қою  шай  оган  үнамайдьГ.

Қүрмалас  сойлемнің  келесі  бір  басты  белгісі

-  өзіндік  интонациясы  болады.

Әдетте  қүрмалас  сөйлем  компоненттерінің 

арасында  интонациялық  кідіріс  (пауза)  болаты- 

ны  белгілі.  Б ір а қ   ол  и н т о н а ц и я л ы қ   кідіріс 

сөйлемді  жеке  синтаксистік  түлға-бірліктерге 

айырып,  олардың әрқайсысын тиянақтап түрмай- 

ды,  ал  предикативтік  сыңарларын  бір-бірікен 

байланыстырып,  қүрмалас  сөйлемге  тән  мағына- 

лы қ-қүры лы м ды қ  түтастықты,  сөл  арқылы  өй 

бірлігін  қам там асы з  етіп  түрады.  С онды қтан 

қүрмалас  компоненттерінің  арасындағы  интона- 

цияны  ажыратушы  емес  жалғастырушы,  үласты- 

рушы  интонация  деуге  болады.  Ол  интонация 

қүрмалас  сойлем  компоненттерін  әрі  ажыратып, 

орі  байланыстырып,  екі  жақты  қызмет  атқарып 

түрады.  Кестеленуі:




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1185   1186   1187   1188   1189   1190   1191   1192   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет