Ж АЙ С Ө Й Л Е М
687
2) Басқа да тірі жан-жануарлардың аттары
да қаратпа ретінде қолданыла алады. Ей, аққу,
сәлем деші жолыққанда! (Сейфуллин). Айнала-
йын шубар ат, Қолтыгыңда бар қанат (Алпамыс).
3) Жансыз, дерексіз заттардың атауы да қарат-
па бола алады. Қош, туган жер!(Мүқанов). Тыңда,
дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең! (Жам-
был).
Қаратпаның эмоциялық реңкін күшейте түсу
үшін ол екі (кейде үш) рет қайталанып та келеді,
мүндайда араларына одағай қосылуы да мүмкін.
- Бала, ай, бала, қайдасың? (Ерубаев). - Келін, ә
келін, - деді ол (Мүқанов).
Қаратпа сөздер қүрылымы жағынан жалаң
(бір сөзден түрған) және жайылма (бірнеше созден
қүралған) болып келеді. Ж алаң қаратпа сөздер
жалқы есімдерден басқа мынадай түлғалардан
жасалады:
1. Атау түлғадағы жекеше, көпше түрдегі,
тәуелдік жалғаулы және тәуелдік жалғаусыз зат
есімдер немесе зат есім орнына қолданылған
есімше, сын есім. Жігіттер, ойын арзан кулкі қым-
бат. Сергі, көңлім, сергі енді (Абай).
Немен, жаз-
ган, айтсайшы (Майлин).
2. Жасы кіші адамға, балаға, жақсы корген
адамға айтылатын қарагым, жаным, шырагым, қал-
қам сияқты сөздер I жақ жекеше тәуелдік жал-
ғауда түрып, қаратпа сөздер ретінде қалыптас-
қан. Әй, шырагым балам, әуелі ар жагыңда әкең
тур... Сәлем бер! (Әуезов). Қарагым, жылыт,
тамақ бер, Жаз шыққанша асыра (Абай).
3. Әй, ау, ей, өй, уа тәрізді одағайлар да
қаратпа сөз ретінде жүмсалуы мүмкін. Ау, қас-
тарыңда тагы біреулер бар емес пе еді. Әй, тур,
тур енді (Нүрпейісов). Уа, уйде кім бар? (Әуезов).
Ж айылма қаратпалар қүрамы жағынан әр
түрлі болады.
1. Жалқы есім мен туыстық қатынасқа, адам-
ның жасына, кәсібіне, әскери шеніне, қызмет
дәрежесігіе т.б. байланысты создердің тіркесі: Абай
ага, менің аузымдагы сөзімді Шубар айтты
(Әуезов). Жалмуқан мырза, ауыз басқанікі, айтақ
сенікі екен гой (Мүсірепов).
2. Бір немесе бірнеше сөзден жасалған анық-
тауышы бар қаратпалар. Ол анықтауыштар сын
есім, есімшеден жасалуы да, ілік септіктегі соз
болуы да мүмкін. Асқақтаган сулу, сөз тыңда!
Қ о р қа қ ж ау, осы ма еді аңды ган ж ерің!
(Мүсірепов). Жастықтың оты, қайдасың?(Абай).
3. Есім мен етістіктің тіркесінен жасалған
қаратпалар тіпек, қарғыс, үрсу т.б. сәттерде ай-
тылады. Мүндайда етістік -қыр, -гыр, -кір, -гір
жүрнақтарын жалғаған түлғада түрады: Қудай
сілегір, кетиіі былай! Тыныиітық бермедің гой
(Әуезов). Әй, Бәтима, қурып қалгыр, мунда келші!
(Майлин).
Сойлем ішінде қаратпалардың түрақты орны
жоқ, ол сәйлемнің басында да, ортасында да, со-
ңында да келе береді. Бірақ кейбір реттерде қарат-
паның қызметіне, жалпы сойлемнің мағынасына
қарай оның, көбінесе сөйлемнің басында немесе
аяғында түратын жағдайы да бөлады.
4. ҚҮРМАЛАС СӨ ЙЛЕМ ДЕР
4.1. ҚҮРМАЛАС СӨЙЛЕМ НІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ
ТАБИҒАТЫ
^Сейлем синтаксисі жай сөйлем синтаксисі
және қүрмалас сөйлем синтаксисі бөлып бөлінеді.
Жай сәйлем синтаксисі жай сөйлемнің қүра-
мын, қүрылымын, мағынасын, қызметін зертте-
се, қ ү р м а л а с с ә й л е м с и н т а к с и с і қ ү р м а л а с
сөйлемнің қүрылу зандылықтарын зерттейді. Та-
ратып айтқанда: қүрмалас сөйлем қалай жасала-
ды, бірнеше жай сөйлемді тізе берсек, өдан қүрма-
лас сөйлем ж асала ма, қү рм алас сөй л ем н ің
белгілері, өның жай сөйлемнен айырмашылығы
қандай, қүрмалас сөйлем қүрамындағы сыңар-
лардың (көмпөненттердің) бір-бірімен байланы-
сы, қүрмалас сөйлемнің мағыналық, қүрылым-
дық түрлері қандай - міне, өсылар зерттеледі.
Ең алдымен қүрмалас сөйлем деп қандай
синтаксистік түлғаны айтамыз, өны ң қандай
белгілері бар? Оның жай сөйлемнен мазмүны,
қүрылымы жағынан ерекшеліктері бар ма, бар бөлса,
қандай - өсы сүрақтардың басын ашу керек.
Қүрмалас сөйлем мен жай сәйлемнің өртақ
жақтары да, өзіндік ерекше сапа қасиеттері де
бар. Қызметі жағынан алғанда, қүрмалас сейлем
де, жай сөйлем де сөйленіс бірлігіне жатады.
Қарым-қатынас прөцесінде, сөйленіс кезінде өл
екеуі де бірдей қатысымдық қызметте жүмсала-
ды. Олардың әрқайсысы интөнациялық тиянақ-
ты лы ққа, мағыналық аяқталғанды ққа ие. Кей
жағдайда екеуіндегі мәліметтің көлемі де бірдей
бөлы п келуі м үм кін . С алы сты ры ң ы з: Көріп
турмын: бала ол жерге көп аялдаган жоқ (қүрма-
лас сөйлем). Бала ол жерге, кәріп турмын, көп
аялдаган жоқ (қы сты ры нды элем ент арқылы
күрделенген жай сөйлем).
Алайда бүл айтылғандар қүрмалас сөйлемнің
жай сөйлемнен мағыналық, қүрылымдық елеулі
ерекшеліктері барын жоққа шығармайды.
! Ең алдымен қүрмалас сөйлем мен жай сәйлем
бір: бірінен қүрылысы жағынан ерекшеленеді. Жай
сөйлем бір ғана предикативтік бірлікке ие бөлса,
қ ү р м а л а с сө й л ем екі ж ән е ө д ан да коп
предикативтік бірлікке ие. Ол предикативтік
бірліктер әдеттегі жай сойлемдерден мәнді түрде
ерекшеленеді. Олар озара мағыналық және қүры-