3.7.4.1. Жалпылама жақты сөйлемдер
е Кез келген тілдік түлға нақты, тура мағы-
насынан басқа жалпылық та мағынаға ие бола
алады. Осы заңды лы қ түрғы сы н ан келгенде,
белгілі бір жақтық жалғау тура мағынасынан басқа
жалпылық жақты білдіретін мәнге де ие бола ала-
ды , яғни абстракцияланады . Д әлірек айтсақ,
с ө й л е м н ің б ас
м ү ш е е і
қ а н д а й ж а қ т ы қ
көрсеткішпен берілгеніне қарамастан, тыңдаушы
(оқырман) сойлем мазмүнынан сол хабардағы іс-
әрекет, қимыл-қозғалыстың өзіне де, сөйлеушіге
де, бөгде ж аққа да қатысы бар екенін үғынады.
Сонда “ж алпы лы қ” деген үғым іс-әрекетке ие
бола алатындай сан мыңдаған субъектілердің бәрін
емес, солардың ішінен тек 1,2,3-жақтардың ғана
белгілі бір қимыл әрекетке қатысты бола алуын
білдіру болып табылады. ..\Жер устінде адам ба-
ласы болудан артық не бар дейсің (Мүсірепов).
Келбеті келгеннен кеңес сура (Мақал)'. .*
Сойтіп, бас мүшесі белгілі бір жақтық түлғада
түрғанымен, (көбінесе 2-жақ, ішінара 1- және 3-
ж ақтарда),- сөйлем семантикасы жалпыланған
жақтық мәнді білдіретін, соған сай іс-әрекет үш
жаққа тән боп көрінетін бір негізді сөйлем түрін
жалпылама жақта сөйлеМ дейміз.
Бір негізді жалпылама жақты сөйлемдер мы-
надай жөлдармен жасалады:
1. 2-жақтық жіктік жалғауы арқылы:
а)
бас мүшесі етістіктің дара, күрделі, бо-
лымды, болымсыз, аш ық райлы түрлерінен жа-
салады: - ...Мәңгі жасайтындай алысасың, жулы-
сасың, қуанасың, кулесің, урысасың... Не ушін
келдің, не ушін кеттің, не бітіріп кеттің. Туңгиық
(Исабеков).
ә) 2-жақтық нолдік түлғаның дара, күрделі
түрінен жасалады: Айтпас жерде тіліңді тарт...
(Мақал). ..А л осыдан соң мықты болсаң тырыс-
пай көр/ (Асылбеков).
2. Жалпылама жақты сөйлем 1-жақта да жа-
салады деп есептейтін ғалымдардың пікірінше,
мақал-мәтелдер, афөризмдер 1-жақтық жекелік
түлғасында және ауыспалы мәндегі кәптік түлғада
өсындай жалпылық мәнге ие болады. Қысцла-
қысыла қыз болдым (М ақал). Мунан да жаман
кунімде тойга барганмын (Мәтел). Ауру емес, жын
емес, мінезді қайтіп жазамыз (Мәтел). ...Онга
келдім - ойнадым, қызыгына тоймадым, Жиыр-
мага келдім - бойладым, онда да балалықты қой-
мадым... (Жетес би).
3. Ж а л п ы л а м а ж а қ т ы қ м ағы н а м а қ а л -
мәтелдердің, афоризмдердің 3-жақтық түлғала-
рында да байқалады. Оны белгісіз жақты сөйлем-
дерден ажырата білу керек. Сөйлемнің жалпы се-
мантикасында 1,2-жаққа да қатысты бөлатындай
мағына болса, оны жалпылама жақты сәйлем деп
есептеу керек. Көре-көре көсем болады, сөйлей-
сөйлей шешен болады.
(М ақал). Сурай-сурай
Меккені де табады (Мақал) т.б. Ал, мына мысал-
дардан ондай ерекшеліктерді табу қиын: Елде
болса, ерінге тиеді, ауылда болса, ауызга тиеді
(Мақал). Әкесі өлгенді де естіртеді (Мақал).
Жалпылама жақты сейлемдердің қүрылым-
ды қ ерекшеліктері мынадай:
1. Бір компонентті болмайды.
2. Екі компонентті: а) “тура (жанама) то-
лықтауыш + бас мүше”: - Мә, көкемдерді қара!
(Асылбеков). ...Үйіңді, әйеліңді, бала-шагаңды
ойлайсың... (Исабеков). ә) “пысықтауыштар + бас
мүше”: Жеті кун толган соң да, жеткізіп айт
(Мақал). Кісі елінде султан болганша, өз еліңде
ултан бол (Мақал).
3. Үш компонентті: а) “толықтауыш (тура,
жанама) + толықтауыш (жанама, тура) + бас
мүше’^7 - Жөнін білмесең, туфлиіңе тақа да қага
алмайсың (Мағауин). Малды енінен таны, адам-
ды сөзінен таны (М ақал). ә) “пысықтауыш +
пысықтауыш + бас мүш е”: ...Таң салқынымен
сергек журеді екенсің (Бөкеев). б) “пысықтауыш
+ төлықтауыш + бас мүше” (түрлаусыз мүшелер
Поделитесь с Вашими друзьями: |