Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1172/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1168   1169   1170   1171   1172   1173   1174   1175   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ЖАЙ  СӨЙЛЕМ

677

Сөйтіп,  бір  негізді  сөйлемдер деп,  граммати- 

калық  жағынан  бір  ғана  предикативтік  бас  мүше 

қүрылымда  келіп,  субъектілік  бас  мүшемен  то- 

лықтыруды  қажет етпейтін жай  сөйлем  түрін  ай- 

тамыз.


Бір  н е гізд і  сө й л ем д ер   он д ағы   суб ъекті 

мәнінің  берілісіне  қарай:  1)  белгілі  жақты,  2) 

жалпылама  жақты,  3)  белгісіз  жақты,  4)  жанама 

“ж ақсыз”  жақты  деп  бөлінеді.



3.7.4.  Жақты  сөйлемдер

Субъектінің мәні предикативтік бас мүшедегі 

ж ақты қ  түлғалардан  аңғарылып,  бастауыштың 

атау  түл ғал ы   е сім д іктер м ен   берілуін   қаж ет 

етпейтін  бір  негізді  сөйлем  түрін  белгілі  жақты 

сөйлем  дейміз.

Бір  негізді  белгілі  жақты  сөйлем,  сырттай 

қарағанда, екі негізді толымсыз сөйлемге өте үқсас 

болғандықтан,  осы  кезге дейін  бүл  сөйлем  өз  ал- 

дына  бөліп  қаралмай  келеді.

1,2-жақтық  қүрылымдағы  сөйлемдер  ішінде 

есімдік  бастауышты  айқы н  талап  етіп  түратын 

сөйлемдер  болады.  Олардың  бастауышын  түсіріп 

айтуға  келе  бермейді,  сөйлем  семантикасы на 

н ү қ с а н   келетін і  байқалады .  Сол  куні  кеш ке 

“ Үшжуз”  комитетінің  жиылысы  болды.  Мен  де 



бардым  (Мүсірепов).  ...Сол  меіиітке  сіз  де  барып, 

жума  намазында  сіз  де  сөйлесеңізші  (Әуезов).  Осы 

сөйлемдердің  есімдік  бастауыштарын  түсіріп  ай- 

туға  болмайды.  С онды қтан  бүлар  екі  негізді 

сөйлемдер деп есептеледі.  Осыған үқсас екі негізді 

сөйлемдердің  бастауышы  кейде  контекст  ыңға- 

йында түсіріліп айтылса, олар толымсыз екі н е гщ і 

сөйлемдер  болады.

Ал кей сөйлемдер арнаулы бастауышты қажет 

етпейді,  оларды  атап  көрсету  артық  екені,  олар 

аталса,  маіына  әлсірейтіні  байқалады.  -  Не  ай- 



там?  Ойланайын...  Қабыргаммен  кеңесейін  (Дом- 

баев).  Сый  дәметпе,  берсе,  алма  еш  адамнан 

(Абай).  Осы тәрізді сөйлемдерге толымсыз сөйлем 

түрғысынан  қарап,  бастауышты  қояр болсақ,  ма- 

ғынаға  елеулі  н ү қсан   келер  еді.  С онды қтан, 

мүндай  қүрылымдағы  сөйлемдерді  бір  негізді 

белгілі  жақты  сейлем  деп  қараған  орынды.

Бір  негізді  белгілі  жақты  сәйлем  бас  мүше- 

сінің  жасалуында  екі  негізді  сөйлем  баяндауы- 

шынан  пәлендей-ерекшелік  жоқ:  дара,  күрделі 

қүрылымда  келеді;  шақ,  рай,  негізінен,  1,2-жақ- 

тық  түлғалармен  түрленеді.  -  Балам-ай,  келші, 



басын  котерейік.  Өлі  ме,  тірі  ме?  (М үсірепов).

-  Тоқтат  жаным! Бар!..  Тек  ашуыңды  аулақ  әкет! 



Болды!  Бар!  (Әуезов).  Бүлар  -  дара  етістіктерден 

жасалған  бас  мүшелі  сөйлемдер.

Бас  мүшенің  күрделі  түрлері  әр  түрлі  жол- 

дармен  жасалады:

1)  к ө сем ш е  түл ғал ы   е тіс тік к е   к ө м е к ш і 

етістіктердің  тіркесі  арқылы:  Тагы  кімді  жутып, 



тымсырайып  отырсыңдар?  (Қазыбаев).  -  ...Одан 

айрылып  қала  жаздадық  (Исабекөв).

2)  есімшеге  көмекші  етістіктердің  тіркесуі 

арқылы:  -  Жаман,  сасық  урыңды  тапқан  екенсің!.. 

(Әуезөв).  ...Қайтейін,  билік  менің  қолымда  болса, 



бул  куйге  не  тусер  едің,  не  туспес  едің? (Майлин).

3)  -ушы  түлғалы  етістікке  бол,  е  көмекш і 

етістіктерінің  тіркесуі  арқылы:  -  ...Ауыздарыңнан 

шыгарушы  болмаңдар...  (Мүқанөв).  -  Сізді  корген 

сайын  “ Осы  кісі  неге  согысқа  бармайдъГ  деп  ой- 

лаушы  едім  (Исабекөв).

4)  бір  сәздің  қайталануы  арқылы  жасалған 

күрделі  баяндауыштар:  -  Бір  қимылды  істеуін 

істедің.  Бірақ  енді  сақ  бол!  (Әуезөв).  -  Тоқтат, 

қаңгырган  нәлет,  булдірдің  деген  соң  булдірдің! 

(Төқмағамбетөв).  -  Кетсем  кетемін,  батырсам 



батырайын  қарамды.  Ал  қош  бол!  (Исабекөв).

5)  де  көмекшісі  тіркескен  төл  сөзден  жасал- 

ған:  -  “ Қашан  айтып  ең”  деме! -  деп  Суйіндік  бар 

сөзді  бір-ақ  тужырды  (Әуезөв).  “Аш,  арыгымды 

асырап  журмЫ’  дей  бер...  (Сөнда).

6) түрақты тіркестерден жасалады:  ...Ел аузына 



қақпақ  болып  корші.  (Әуезөв).  -  Ақылдассаң, 

әліптің  артын  багайық  (Дөмбаев).

7)  есім  сөздер  мен  көм екш і  етістіктердің 

тіркесі  арқылы:  -  Әй,  шырагым  балам,  әуелі  ар 

жагыңда  әкең  тур...  Сәлем  бер  (Әуезөв).  -  ...Тел- 

гара!  А йналайы н!  С оқт алдай  азамат   болып 

кетіпсің-ау!  (Сөнда).

Бір  "негізді  белгілі  жақты  сөйлемдер  қүры- 

лымы  жағынан  жеке  дара  бас  мүшеден  де  немесе 

өның басқа түрлаусыз мүшелермен жайылмалануы 

ыңғайында  да  қөлданылады.  Осындай  жағдайда 

сөйлем бір  көмпөнентгі не көп  көмпөнентті қүры- 

лымда деп  есептеледі.  Сөйлемнің  қүрылымын  ай- 

қындау  үшін  қүрылым  негізіне  сөйлемнің  семан- 

тикалық  мазмүнын  қүрайтын  ең  қажетті  мүшелер 

алынады  да,  өлардың  әрқайсысы  бір  көмпөнент 

деп  есептеледі.  СөйЛемде  жеке  мүшелерді  айқын- 

дай,  төлықтыра  түсу  үшін  бөлмаса,  мағыналық 

қүрылым  үшін  аса  мән  алмайтын  мүшелер  де  бө- 

лады.  Бірақ, өлар сөйлемнің қүрылымдық түрлерін 

анықтауда есепке алынбайды. Осы түрғъщан белгілі 

жақты сөйлемдердің мынадай қүрылымдық түрлері 

бөлатынын  көруге  бөлады:

1.  Бір  к ө м п ө н е н тті  сөй лем дер:  тек  бас 

мүшенің  өзінен  түрады:  Жаса,  жайна!  Жадыра! 

Жаңар,  далам  (Оразбаев).  -  Кетіңізші,  өтінемін! 

Сау  болыңыз  (Исабекөв).

2.  Екі  компонентті .сөйлемдер:  а)  “тура  то- 

лықтауыш +  бас  мүше”:  -  ...Басыңызды көтердіңіз




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1168   1169   1170   1171   1172   1173   1174   1175   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет