3.7.2. Екі негізді жай сөйлемдер
Екі негізді жай сөйлем бір негізді жай сөйлем-
ге қарағанда ең өнімді, өте жиі қолданылатын
тип болып табылады. Өйткені сөйлемді тудыру-
шы денотаттар айналамызда қоршаган объективті
нақты өмір-материяға тән заттар екені аян. Ал
заттардың сын - сапалары алуан түрлі болып
келеді. Сондықтан да жай сөйлем көбінесе зат-
тың тілдегі көшірмесі зат есімнен ғана түрмай-
ды, оның әр алуан сапаларымен бірге түтасып
қолданылады. Яғни, тіршіліктің сан түрлі қүбы-
лыстары тілімізде екі негізді жай сөйлемді қүру-
шы түрлаулы мүш елер-бастауыш пен баянда-
уыш арқылы білдіріледі. *
Жай сөйлем сөйлем мүшелерінен қүралаты-
ны белгілі. Сөйлем мүшелеріне түрлаулы мүше-
лермен қатар түрлаусыз мүшелерде жатады. Олар
анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп ата-
лады. Бүлардың түрлаулы - түрлаусыз болып ата-
луы атқаратын қызметтеріне тікелей байланыс-
ты. Түрлаулы мүшелер жай сөйлемді қүрушы
негіз мүшелер боЙғандықтан аталмыш сөйлемнің
түрі екі негізді жай сөйлем деп бөлінеді.
Түрлаусыз мүшелер өздерінің қызметтеріне
сай осы екі негізді қүрушы бастауыш пен баян-
дауышқа қатынасады. Анықтауыш зат есімнен
жасалған бастауышты ж ан-ж ақты , сан-салалы
мақсатта анықтап түрады. Ал толықтауыш пен
пысықтауыш етістіктен болған баяндауышты жан-
жақтан толықтырып, пысықтап өз алдына топ
қүрады.
.■ Екі негізді жай сөйлем - коммуникативтік
аспекті түрғысынан ең көп қолданылатын тип.
Өйткені зат есім - бастауыштан сапалары сан-
алуан. Олар баяндауыш арқылы көрінеді. Екі
негізді жай сөйлем баяндауыштарының қай сөз
табынан жасалуына қарай есімді және етістікті
болып болінеді. Бүлар түрлаусыз мүшелермен
қатынасына сәйкес жалаң және жайылма болып
сипатталады . Т ек қан а бастауыш пен баян -
дауыштан түрса, жалаң жай сөйлем болады: Күз
түсті. Күн суытты. Аспан бүлтты т.б. Ал баста-
уыш пен баяндауыш өз қүрамына кемінде бір
түрлаусыз мүшені қатынастырса онда ол сөйлем
жайылма екі негізді жай сөйлем болады: Кәрі әже
күндегі машыга бойынша бесік жырын айтады.
Кәмшат тез үйықтамайды (Әуезов).,
Екі негізді жай сөйлемнің бастауышы негізі-
нен зат есімнен жасалады. Бірақ субстантивтеніп
басқа сөз таптары да бастауыш қызметінде түра
береді. Ал баяндауыш қызметінде көбінесе етістік
көрінеді. Алайда басқа сөз таптары да баянда-
уыш қызметінде өнімді қолданылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |