Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1161/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1157   1158   1159   1160   1161   1162   1163   1164   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
658

СИНТАКСИС

2.  М  е  к  е  н  п  ы  с  ы  қ  т  а  у  ы  ш  т  а  р  іс- 

әрекеттің,  қимылдың  болу  орнын,  бет  алысын, 

қайдан  шығып,  қайда  тірелер  жерін  білдіреді.

а)  М екен  үстеулері  жогары,  төмен,  ілгері, 

кейін,  соң,  өрі,  әрмен,  бермен,  алды,  артта  т.б. 

барыс,  жатыс,  шығыс  жалғаулы  және  -рақ,  -рек 

түлғалы  түрлерінде  мекен  пысықтауыштар  бола- 

ды:  Алысқа  кетсе,  су  жоқ,  жақында  от  жоқ 

(М үстаф ин).  Жогары,  төмен  уйрен,  қаз  үіиып 

турса  сымпылдап  (Абай).

ә)  Барыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септік 

жалғаулы  есім  сөздер  қайда?,  қайдан?  сүрақта- 

рына  жауап  беріп  мекен  пысықтауыш   болады: 



Оқуды  бітіріп,  Қарагандыга  оқуга  бара  жатыр- 

мын  (Мүстафин).  Аласа,  төбесі  шатыріиа,  шагын 

бөлмеде  мулік  аз  (Сонда).  Тап  осындай  мидай  да- 

ламен келе жатқанда,  барар жерімізде  адам  тура- 

тын  бір  мекен  бар  шыгар-ау  (Сонда).

б)  Сілтеу  есімдіктері  мен  жақын,  алыс,  жер, 



жақ,  алаң  сияқты  колемдік  мағынадағы  есімдер 

тіркесіп,  кейде  соңғы  сөздердің бірсыпырасының 

алдынан  бір,  оң,  сол  сөздері  тіркесіп  мекен  пы- 

сықтауыштар  жасалады:  Мына  жақта  Жанас  пен 



Арыстан  гана  өздерінің  куйлерін  шертуде  (Сла- 

нов).  Бір  жаққа  сапар  шеккелі  турсың  ба?  Бул 



маңда  ел  жоқ-ты  (Сонда).  Оның  узын  қара  шуда- 

сын  бір  оң  жагынан,  бір  сол  жагынан  шубатып, 

узбей  будақтады  (Мүсірепов).

в)  Көмекші  есімдермен  (арты,  қасы,  маңы, 



жаны,  усті,  іші т.б.)  тіркескен  зат  есімдер  барыс, 

жатыс,  шығыс  септіктерінде  келіп  мекен  пысық- 

тауыштар  болады:  Тунге  қарай  жауынгерлерімді 

көпірдің  алдына  қойсам,  кундіз  жол  бойын  өрлей, 

әр  сайдың  қабагына  қоям  (Мүсірепов).  Салиқа 

қыз  осы  Балқыбек  басында  болатын  (Әуезов).

г)  Қарай,  таман,  шейін  шылаулары  тіркескен 

барыс,  жатыс,  шығыс  жалғаулы  сөздер  түтасы- 

мен  мекен  пысықтауыш  болады:  Екі  дос  орында- 



рынан  турып,  жаңа  қурылысқа  қарай  бет  алды 

(Иманжанов).  Ауылдарды  куншыгыс  жақтан  бас- 



тап,  кун  батысқа  шейін  шарлап  шыққан  (Әуезов).

Көмекші  созді  түйдекті  тіркестердің  мекен 

п ы с ы қ т а у ы ш   б о л у ы н д а  о л а р д ы ң   а л ғ а ш қ ы  

к о м п о н е н т ін ің   л е к с и к а л ы қ   м а ғ ы н а с ы   м ен 

комекші создің грамматикалық мағынасы бірлесе 

қызмет  атқарады.

3.  А  м  а  л  п  ы  с  ы  қ   т  а  у  ы  ш  т  а  р  деп  іс- 

әрекеттің,  қимыл-қозғалыстың  жүзеге  асу  ама- 

лы  мен  тәсілін,  сапасы  мен  сы н ды қ  белгісін 

білдіретін  пысықтауыш  түрі  аталады.  М ағына- 

лы қ  жағынан  бүл  пысықтауыштар  іштей  екіге 

бөлініп  қаралады:  1)  істің  істелу  тосілін  (тәсілдік 

амал)  білдіретін  және  2)  істің  сапалық  белгісін 

(сапалық  амал)  білдіретін  амал  пысықтауыштар.

Амал  пы сы қтауы ш тарды ң  бүл  түрлерінің 

өздерін  мағыналық  жағынан  іштей  саралауға  бо- 

лады.  Т ә с і л д і к   а м а л   пысықтауыштар 

үстеу,  е л ік теу іш   с ө зд ер ,  ко сем ш е  түл ғал ы  

етістіктер  болып  келеді де,  олардың етістіктермен 

мағыналық  қаты насы  қарқы нды қ,  қимылдық, 

бейнелуіштік  болып  келеді.

Қарқындық амалды білдіретін пысықтауыпггар: 

а)  бірден,  бір-ақ,  көзбе-көз,  қолма-қол,  зорга, 

әрең,  тез,  дереу,  жылдам,  шапшаң,  ақырын,  жай, 

жалма-жан,  шугыл,  қайта-қайта  үстеулерінен 

және  оларға  -рақ,  -рек  шырай  жүрнақтары  жал- 

ғану  арқылы  жасалып,  іс-әрекеттің  түрлі  қарқы - 

нын  (баяу,  тез,  шапшаң,  удеу,  қайталау  т.б.) 

білдіреді.  Өзің  дереу  атқа  мін!  (Әуезов).  Мен  тез 

барып,  тез  қайттым  (Мүқанов).  Ол  уйге  бірден 

кіріп  келді.

ә)  қылт,  кілт,  тарс,  тарс-турс,  жалт,  бурқ- 



бурқ,  жалт-жулт  тәрізді  еліктеуіштерден  жаса- 

лады:  Жантық  осыны  айтты  да  қалт  тоқтай 



қалды  (Мүстафин).  ...Нурганым  талықсып  барып 

сылқ  қулап  тусті  (Әуезов).

Қ и м ы л  

а м а л д ы   білдіретін  пысықта- 

уыштар:


а)  көсемшелерден  жасалады:  Олар  бір-біріне 

куле  қарады  (Сланов).  Жарқырап,  міне,  жаз  келді 

(Жамбыл).  Оның  даусы  сөзінің  артында  қатулана 



шықты  (Мүстафин).  Сөйлей-сөйлей  орнынан  қоз- 

галып,  сөзін  бітіруге жақындаганда,  жылжи-жыл- 

жи  столга  келіп,  столды  бір-екі рет  жудырықтап 

жіберді  (Сонда).

ә)  өткен  ш ақ  есімшеге  -ша,  -ше  жүрнағы 

жалғану  арқылы  жасалады:  Кісі  мінезіне  жуйрік 

Әйгерім  өзінше  оқшау  сын  жасаган  (Әуезов). 

Б е й н е л е у ш і   амал  пысықтауыштар:

а) 

б е й н е л ік   ү стеу л ер д ен  



ш алқасы нан, 

журесінен,  етпетінен,  мурнынан,  тізелеп,  жанбас- 

тап,  буге  тусіп  т.б.  жасалады:  Ол  журесінен,  бір 

тізерлеп  отыра  кетті  (Мүқанов).  Базаралы  буге 

тусіп  жатқан-ды  Төрде  отырган  жігіт  мурты- 

нан  кулді  де,  жанбастап  жата  кетті  (Әуезов).

ә)  маң-маң,  талтаң-талтаң,  букең-букең  т.б. 

еліктеуіш  сөздерден  жасалады:  Нурқожа  талтаң- 

талтаң  басып,  Шөйкеннің  уйіне  жөнелді  (М үқа- 

нов).  Есенбек  сылқ-сылқ  кулді  (Иманжанов).

Сапалық  амалды  білдіретін  пысықтауыштар 

қимылды  сапалық  жағынан  анықтайтын  сөздер 

болғандықтан, мағыналық жағынан анықтауышқа 

жақын  сөз  таптары  көбінесе  осы  қызметте  қол- 

данылады.  Бүл  сөздер  етістіктермен  қабыса  бай- 

ланысып, қалай?деген сүраққа жауап беруге тиіс. 

Бірақ олар пысықтауыш қызметін  атқарғанымен, 

үстеуге  айналып  кетпейді.

а) 

негізгі  сын  есімдер,  оның  ішінде  лексика- 



лы қ  мағыналары  етістіктермен  үйлесімді  бола-



жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1157   1158   1159   1160   1161   1162   1163   1164   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет