Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1156/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1152   1153   1154   1155   1156   1157   1158   1159   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
654

СИНТАКСИС

таралған объектіні,  зат,  қүбылыстардың орны бол- 

ған  объектіні  білдіреді  де,  негізінен  статикалық 

ж ай-күйді  білдіретін  етістіктерге  меңгеріледі. 



Оның  әрекетінде  байынты  іскерлік,  тиянақты 

тындырымдылық  жоқ  (Ахтанов).  Жадымызда 

жаңгырыгы  қалган  зүлмат  жылдардың  бетін  енді 

аулақ  қылгай  (“Сыр  бойы”  газеті).  Менің  анам 

мен  Жанқия  апайдың  бала  тәрбиелеуінде  бір  үқсас- 

тық  бар  (“ Парасат”).

Ж атыс  жалғаулы  сөздер,  әдетте,  пы сы қта- 

уыш  қызметінде  де  жүмсалатындығы  белгілі.  Ал 

олардың бірде пысықтауыш, бірде жанама толық- 

тауыш қызметінде жүмсалуы көбіне осы сөздердің 

және  оны  меңгеретін  етістік  сөздердің  лексика- 

семантикалық  сипаттарына  байланысты  болады. 

Жылқыда  өт  жоқ  дегенде  жылқыда  сөзі  жанама 

толықтауыш  болса,  Ол  жылқыда  болды  дегенде 



жылқыда  сөзі  пысықтауыш  болады.

б ) Ш ы ғ ы с   с е п т і к   жалғаулы  жанама 

толықтауыштар,  көбінесе,  кісінің  күйін,  сезімін 

білдіретін қорқу,  үрку,  қаймыгу,  жалтару, кеңістік 

заттық  мәнге  байланысты  қолданылатын  айыгу, 

арылу,  тазару,  алу,  шыгу,  қайту тәрізді етістіктерге 

меңгеріледі.  Сондай-ақ,  оларды  жақсы,  артық, 



кем,  кіші,  үлкен  тәрізді  сын  есімдер  де  меңгереді. 

Ш ығыс  септік  жалғаулы  жанама  толықтауыш - 

тарды  салт  етістіктер  де,  сабақты  етістіктер  де 

меңгере  беретін  болғандықтан,  олардың  мағына- 

лы қ  аясы  да,  қолданылу  шеңбері  де  кең  болады.

а)  Заттың  себеп-салдарын  білдіреді:  Жабай 



өзінің білместігінен үялыңқырап қалды (Мүсірепов).

ә)  Заттың  тегін,  неден  жасалғанын  білдіреді: 



Онер-білім  бар  жүрттар  тастан  сарай  ссһігызды 

(Алтынсарин).

б)  З а т т ы ң   қ ү б ы л ы с т ы ң   с а л ы с т ы р м а л ы  

ерекшелігін  білдіреді:  Мүндай кезде  Барлас Абайга 



күндізгі  Барластан  тінт і  басқа  боп  көрінеді 

(Әуезов).

в)  Іс -қ и м ы л д ы ң   ш ы ғар  а р н а сы   б о л ган  

объектіні білдіреді: Игіліктің шойындай күрең қош- 



қыл  бет інен  еш  нәрсенің  елесі  байқалм айды  

(Мүсірепов).

г)  Іс-қимылдың  озгеруінің  белгісін  білдіреді: 

Ешнорсе  демесе  де,  жолдасымның  осы  қарасынан 

жүрегім  лоқсып  қалгандай  болды  (Мүсірепов).

ғ)  Логикалық  субъектіні  білдіреді:  Үлагат- 



ты  үстаздан  талай  шәкірт  тәрбие  алып  шықты 

(Газеттен).

д)  Объектіден  дараланып,  болініп,  ажырап 

ш ыққан  затты,  қүбылысты,  т.б.  білдіреді:  Ішінде 



қазақт ан  тортеуміз  (М үқанов).  Ендеше,  осы 

естіген,  көрген  жайдан  жыр  тугызса  нетеді? 

(Әуезов).

Сонымен,  шығыс  септік  объектілік  үғым- 

дағы  зат  есімдер  немесе  заттанған  басқа  сөз  тап-

тары жанама толықтауыш болады да,  ал көлемдік- 

кеңістік,  мезгілдік  м әндегі  шығыс  септіктегі 

создер сөйлемнің басқа мүшесі (негізінен пысық- 

тауыш)  болады.'

К ө м е к т е с   с е п т і к  жалғаулы  создердің 

де  жанама  толықтауыш  қызметін  атқаратындары 

көб ін есе  о р ы н -м ек ен д ік ,  м езгілдік,  қ и м ы л - 

процестік мәні ж оқ зат есімдер,  немесе  заттанған 

басқа  сөз  таптары   болады.  М үндай  сөздерді 

меңгеретін  шабу,  кесу,  ору,  т.б.  қүралмен  орын- 

далатын  іс-әрекетті  білдіретін  етістіктер  және 

танысу,  кездесу,  ойласу  т.б.  тәрізді  күй-қалыпқа 

байланысты  ортақтастықты  білдіретін  етістіктер 

болып  келеді.  Сондықтан,  мүндай  толықтауыш- 

тың  мәні  оны  меңгеретін  етістіктердің  лексика- 

грамматикалық  мәнімен  тығыз  байланысты  бо- 

лады.


Көмектес  септікті  жанама  төлықтауыштар:

1.  Іс-әрекеттің  орындалу  қүралы н  немесе 

соған  жүмсалған  объектіні  білдіреді:  Атты  қам- 

шымен  айдама,  жеммен  айда  (Мақал).  Абайды 

далага алып  шыгып,  жаңа  сойган  қойдың  өкпесімен 

қақты  (Әуезов).

2.  Іс-әрекетке  іс  иесінің  басқа  субъектімен 

ортақтас  болғанын  білдіреді:  Раушан  Марияммен 

сүйісіп  амандасты  (Майлин).

3.  Заттың бірөңкей заттардан  ерекше  белгісін 

де  білдіруі  мүмкін:  Жақсы  ісімен  жақсы  (Әуезов). 

Азыгымен  жер  мүсінді,  еңбегімен  ер  мүсінді  (Ма- 

қал).


Көмектес  септікті  сөздер  басқа  жағдайда 

сейлемнің  пысықтауыш  мүшесінің  қызметін  ат- 

қарады.

Ж өғары да  ай ты лғандардан  басқа  сөйлем 

ішінде  етістіктермен  септеулік  шылаулардың  кей 

түрімен  байланысқан  заттық  үғымдағы  сөздер де 

тура  немесе  жанама  толықтауыш  болады.  Бүл 

етістіктердің  лексика-семантикалық  мәнімен  ай- 

қындалады.  -  Сіз  үшін  оралдым,  -  деп  насыбайын 

бір  атты  (Мүстафин).  Жеңіс  туралы  сүрастыра 

берсеңіз,  көптеген жәйттерді естисіз,  бәрі де мақ- 

тау,  ел ризыгы  (Газеттен).  Атдыңғы  сөйлемде  ба- 

яндауыш  салт  етістіктен  болғандықтан  сен  үшін 

жанама  толы қтауы ш   болады  да,  соңғы сы нда 

етістік сабақты  болғандықтан,  жеңіс туралы  тура 

толықтауыш  болады.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1152   1153   1154   1155   1156   1157   1158   1159   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет