Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1151/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1147   1148   1149   1150   1151   1152   1153   1154   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
Ү ш вум із,  т өрт еум із

  ти пті  сәзд ер д і  ж алп ы лауы ш   сөз  ретін де  тан ы ған  

А.  Байтүрсы нов  деп  ойлаймы з.  Ойткені  ол  кісі  бірыңғай  мүш елер  мен  ж ин ақты қ   сан  есімдердің  арасы н  сы зықш амен 

бөліп  жазған.

*  М аманов  И.Е.  бүй ры қ  рай  түлғаны ң  ж іктік  ж үйесі  бар  деп  қараған.



650

СИНТАКСИС

суына  байланысты.  Сонымен,  түрлаусыз  мүше- 

лер  грамматикалық  жағынан  да  бас  мүшелердің 

айналасына  топтаса,  соларға  қатысты  бола  оты- 

рып,  хабарланатын  ойдың  толы қ  жеткізілуіне 

елеулі  рөл  атқарады.

Қазіргі  тіл  ғылымы  сөйлем  мүшелерін  екі 

топқа  бөліп  қарауда  оның  логикалық  негізі  мен 

грамматикалық  зандылықтарын  қатар  алып  оты- 

руды  талап  етеді.  Әрине,  сөйлем   м үш елерін 

“түрлаулы”  және  “түрлаусыз”  деп  бөлу,  негізінен 

сойлем қүрамындағы сөздердің өз ара синтаксистік 

байланыстарының  сипаттарына  сүйенуден  туған. 

Мысалы,  сәйлемнің бас мүшелері -  бастауыш пен 

баяндауыш  өз  ара  сандық  және  ж ақты қ  қиысу 

а р қ ы л ы   б а й л а н ы с а т ы н   б о л с а ,  т ү р л а у с ы з 

мүшелердің  бас  мүшелермен  және  озара  байла- 

нысу  тәсілдері  мен  түрлері  бүдан  тіпті  өзгеше. 

Бүлардың  байланысы  негізінен  септік  жалғаула- 

ры  және  орын  тәртібі  тәсілдері  арқылы  жүзеге 

асса,  осыған орай  байланыс түрлері қабысу,  мең- 

геру,  матасу  болып  келеді.

Сонымен,  түрлаулы  мүшелердің  айналасына 

топтасып,  соларға  қатысты  болатын,  сөйтіп  зат- 

ты ң  сы н д ы қ,  сапалы қ,  затты қ  т.б.  қаси етін , 

қимылдың  тарау  аумағын,  көлемін,  бағытталған 

объектісін  т.б.  білдіріп,  сөйлемді  семантикалық 

ж а ғ ы н а н   к е ң е й т іп ,  т о л ы қ т ы р ы п   т ү р а т ы н  

мүшелерді  түрлаусыз  мүшелер  деп  атайды.

Тіл  білімінде  түрлаусыз  мүшелерді  үш  түрлі 

топқа  -  анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш 

деп  боліп  қарау  ертеден  қалыптасқан.

Түрлаусыз  мүшелерді  бүлай  топқа  болуде, 

әдетте,  олардың бас мүшелерге мағыналық қатысы 

негізге  алынады.  Дегенмен  олардың  қай  соз  та- 

бынан  болған  мүшемен  қатысы  да  ескеріледі. 

Осыған  байланысты  толықтауыш  пен  пысықта- 

уы ш   м ү ш ел е р і  к о б ін е  б а ян д а у ы ш п е н   ж ән е 

етістіктен  болған  басқа  да  мүшелерімен  байла- 

нысатын  болса,  ал  анықтауыш  көбіне  бастауыш- 

пен және  зат есімнен  болған  (немесе  субстантив- 

тенген)  басқа  да  мүшелермен  байланыста  бола- 

ды.  М үның  өзі  көбіне  сөз  таптарының  сөйлем 

іш індегі  қы зм еті  қөлданы лу  ы ң ғай ы н а,  яғни 

сөйлеуші хабарындағы өйдың қүрылымына қарай 

семантикалық  жағынан  өзгеріп  өтыруымен  ты- 

ғыз  байланысты.  Мысалы:  Ол  шебер  сөйледі,  Ол 

шебер  ойыншы  деген  сейлемдер  сөзі  бірде  пы- 

сықтауыш,  бірде  анықтауыш  қызметтерін  атқа- 

рып  түр.  Әрине,  мүндағы  сөздердің  қай  мүшеге 

жатуы,  өлардың  қай  сөз  табындағы  сөздің  өрны- 

на  қөлданылуына  және  өның  әлде  есім  сөздер- 

мен,  әлде  етістік  сөздермен  тіркесуіне  байланыс- 

ты  екені  өзінен  өзі  айқын  көрініп  түр.

Сөндықтан,  сөйлемнің  түрлаусыз  мүшелері 

жәніндегі мәселелердің қай-қайсысы да сөздердің 

тіркесуі  жөніндегі  іліммен  байланысты  қаралға- 

ны  өрынды.  И нтөнациялы қ  түтастыққа,  грам- 

матикалық  бірлікке,  предикативтік  және  мөдал- 

дық қатынастарға негізделген сөйлем қүрауда сөз 

тіркестері  ерекше  рөль  атқарады.  Осы  түрғыда 

ғана  сөздердің  сейлем  ішіндегі  өз  өрны,  қызметі 

айқындалады. Түрлаусыз мүшелерді төптастыруда 

өсы  ерекшеліктер  түгелімен  ескерілуге  тиіс.

Әр  төптың  өзіне  тән  грамматикалық  та,  се- 

мантикалық  та  негіздері  бар.

Ең  алдымен,  түрлаусыз  мүшелердің  әрқай- 

сысына  ғана  тән  грамматикалық  фөрмалары  мен 

байланыс түрлері бар.  Мысалы,  ілік септік түлға- 

сы, негізінен,  анықтауыш мүшенің айырым белгісі 

бөлса,  табыс  септік  тура  төлықтауыштың  грам- 

м ати к ал ы қ   к ә р с е т к іш і.  Сөл  с и я қ ты ,  ө зін ен  

кейінгі  сөзбен  матаса  байланысу  анықтауышқа 

тән бөлса, етістіктен болған мүшемен қабыса бай- 

ланысу-пысықтауышқа  тән  заңдылық.  Сондық- 

тан,  белгілі  бір  түрлаусыз  мүшелер  қызметінде 

жүмсалуға  біршама  бейім  түратын  сөз  төптары 

да  бар.  Мысалы,  сын  есімдер  көбіне  анықтауыш 

бөлады,  ал  үстеулер  тек  әр  түрлі  пысықтауыш 

мүшелер  қы зметінде,  зат  есімдер  төлықтауыш 

қызметінде  жүмсалады.  Бүл  ерекшеліктер,  өри- 

не,  қатып  қалған,  бүлтарыссыз  заңдылықтар  да 

емес...  Жеке  мүшелерге  тән,  сөларға  лайық  деп 

отырған формалар мен байланыс түрлері,  сөз тап- 

тарының  жеке  мүшелерге  лайық  бөлу  қасиеттері 

айтушы  еркіне  қарай  мөдалдық жағынан  ©згеріп, 

әр  түрлі  сем антикалы қ  ыңғайда  кездесе  беруі 

мүмкін.  Бүл  жерде  әңгіме  әр  бір  ерекшеліктің 

өзінің  тура,  негізгі  қалпында  жиі  көрінуі  тура- 

сында  бөлып  өтыр.

М ағыналық  жағынан  түрлаусыз  мүшелердің 

әрқайсысы  белгілі бір  семантикалық аяны  аңғар- 

тады.  Бірақ кейде қөлданылу орнына қарай түлға- 

лас  сөздер  әр  сәйлемде  әр  түрлі  мүшелік  қызмет 

атқара береді.  Мысалы:  Ол әкең Муқан біздің ауьілга 



жиен  еді  (М үқанөв).  Ол  біздің  ауылга  келді деген 

сейлемдер  қүрамындағы  барыс  жалғаулы  ауыл 

сөзі екі түрлі мүше қызметінде жүмсалған:  бірінші 

сөйлемде  -  жанама  төлықтауыш,  екінші  сөйлем- 

де  -  мекен  пысықтауыш .  Алдыңғы  сөйлемдегі 

ауылга  сөзі есімге  қатысты  болса,  соңғы  сөйлем- 

де етістіктен бөлған мүшеге қатысты.  Бүл жердегі 

семантикалық  өзгеріс  мынада:  берілетін  хабарды 

қүрайтын создерді айтушы  (информант)  өз еркіне 

сай  предикативтік,  модалдық  ыңғайда  қолдануы- 

на  байланысты  олардың  тіркесетін  сөздері,  орны 

ө зг е р г е н .  Ал  м ү н д а й   о р ы н   әзге р ту ге   де




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1147   1148   1149   1150   1151   1152   1153   1154   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет