3.3.2.2. Іс-әрекеттің қарқынын білдіретін
баяндауыштар
Іс-әрекетгің қарқынын білдіретін баяндауыш-
тар жасалуы, құрамы ж ағы нан әр қилы. Баянда-
уыштар етістіктің м орф ологиялы қ формасымен
тең келе бермейді. Бұл баяндауыш тардың көбі
тек істің қарқы н ы н білдіріп қойм айды , сөйлеу-
ш інің эм оциялы қ сезімін қоса білдіреді. Іс-әре-
кеттің қарқы н ы н білдіретін баяндауыш тардың
негізгі түрлері мыналар.
1. Баяндауыш тың бір түрі жатып таласты,
жатып кеп таласты тәрізді болып құралады.
Негізгі ком поненттің (таласты) алдында өзгер-
мей келетін көтерме компонент: жатып (талас-
ты ), жатып кеп (таласты).
Боздақ жатып кеп жалынды (М ұратбеков).
Екеуміз жатып кеп төбелестік (С оқпақбаев).
Мені ауруханаға алыңыз. Қайта-қайта талып
жатырмын деп, Мұса жатып кеп жалынды (Адам-
беков).
2. Құрылысы ж ағы нан осы ған мына баян-
дауыштар ұқсас: ал кеп сөйледі. М ұның ерек-
шелігі көтерме компонент болып қатысып тұрған
ал кеп.
3. Көтерме ком понент ал кеп бұйры қ рай
етістікпен бірігіп те істің қарқы н ы н білдіретін
баяндауыш құралады: ал кеп сөйле, ал кеп сөйлейін.
Қонақтар үйге кеп, ж айғасып отырғасын,
қызына ал кеп ұрыссын! (Тарази). Жұрт ал кеп
соқсын-ай сатырлатып (Нұрманов).
Бұл формадағы баяндауыш мағынасы тұрғы-
сынан ерекше экспрессивті. Баяндауыш, негізгі
ком понент бұйрық рай тұлғасы нда тұрғанм ен,
өткен мезгілге қатысты іс-әрекетті білдіреді, мор-
фологиялық тұлғаға қатысты бұйрық мағына бұл
формада көрінбейді. Баяндауыш мұнымен бірге
созге м әнерлілік өң беру үшін қызмет етеді.
4. Істің қарқы н ы н білдіретін баяндауыштың
тағы бір синоним варианты алды кеп, сөйледі кеп
тәрізді болып құралады: негізгі компонент ретін-
де қатысатын өткен ш ақ етістік бірінші орында
тұры п, көтерме ком понент кеп екінш і орында
тұрады.
Бір уақытта қарлы борандатып ақыр заман-
ды орнатты кеп (Х ұсайынов). Біздің жездей де-
ген танығыш қой, мақтайды кеп соны (Мұхамед-
жанов).
Бұл баяндауыш тілдің түрленіп көріну тен-
денциясы н байқатады. Баяндауыштың мағы на-
сында айта қаларлы қ ерекш елік ж оқ, құрамы да
ілгеріде аталған баяндауыш тәріздес. Бірақ ком-
поненттердің орнын ауыстыру арқылы сөзді жаң-
ғыртарлық жаңа баяндауыштық форма пайда бо-
лы п тұр.
5. ‘Көмектес жалғаулы тұйық рай етістікбол-
ды (боладыУ түрінде құры лған баяндауыш (алу-
мен болды ) іс-әрекеттің ұзаққа созы л ған ы н
білдіреді.
Мәриәм бұлардың астьі-үстіне түсумен бол-
ды (М айлин). Екеуі жол бойы алысып, күресумен
болды (Мұратбеков).
Поделитесь с Вашими друзьями: |