ЖАЙ СӨЙЛЕМ
635
2. Көмекші етістіктер, есімдер сөз табын тал-
ғам ай, тек сөздің баяндауы ш ты қ қызметі.нің
ы ңғайы на қарай тіркесетін болса. Мысалы: кел-
ген білем, жас білем, көрген білем, мол екен, алды
екен, окып жатыр, алып келді т.б. М ұндай жай,
әсіресе, модалдық м ағы на тудыратын көмекш і
сөздердің жұмсалуына тән;
3. Негізгі сөз тиянақты баяндауыштық тұлғада
тұрып, көм екш і сөз соны ң үстіне үстеліп тұрса,
бұл аны қ баяндауы ш ты қ ф орма болғаны : көрді
болды, көрді боп шықты, айтты қылды, өлеңдетті
дейсің т.т .;
4. Баяндауыштық форма қатарына бір сөздің
синтаксистік тәсілмен қайталанып жасалған түрі
жатады: көруін көрді, келгенім келген, айтудай айт-
ты т.т.
Баяндауыштың жасалу амалдары алуан түрлі.
Олардың жасалуын негізінен мынадай үш түрге
бөліп қарауға болады.
1. Дара және күрделі сөздердің баяндауыш
ретінде жұмсалуы: Шөп көгерді (көгере бастады,
көгеріп жатыр). Д а ла ақ сор (сор) т.т.
2. Т иянақты баяндауыш қызметіндегі сөздің
үстіне көмекші сөздер үстеліп, синтаксис аясын-
да жасалатын күрделі баяндауыш тық формалар:
сарқырады дейсің, жауды кеп т.т.
3. Т олы қ м ағы налы сөздердің қайталаны п
тіркесуі немесе дара сөздердің меңгеріле тіркесуі
арқылы жасалуы: айтуын айтты, келгенді шы-
ғарды т.т.
Баяндауы ш ты ң формалары алуан түрлі, әрі
көп болғанмен, олардың көпшілігі негізгі бір ма-
ғы наны түрліше білдіру үшін қызмет етеді. Сон-
ды қтан баяндауыш тарды атқаратын қызметіне
(білдіретін м ағы насы на) қарай топтап тану ке-
рек. Баяндауы ш тарды білдіретін м ағы насы на
қарай былай топтауға болады:
1. іс -ә р е к е т т ің , сап ан ы ң б олм ы сқа ш ақ
жөнінен қатынасын білдіретін баяндауыштар (келе
жатыр, келді, /ж үк/ауы рт л.)
2. Іс-әрекеттің қарқы ны н білдіретін баянда-
уыштар (жүгірді-ай кеп т.т.)
3. Іс-әрекетті қалпына қарай атайтын баянда-
уыштар: өсейін деді (деп тұр), өсетін, өсуші еді т.т.
4. Іс-әрекетті субъектінің қалауы ретінде атай-
тын баяндауыштар: келмекші, келгелі жүр (түр,
отыр), келгісі бар, оқығысы келеді.
5. Іс-әрекетті субъектінің бұйры ғы ретінде
атайтын баяндауыштар: көр, көрсін, көрейін, көр
деген соң көр, көрмейсің т.т.
6. Іс-әрекетті міндеттеу, ұсыныс ретінде атай-
тын баяндауыштар: оруы керек, оруы тиіс, оруың
ғой т.т.
7.
Іс-әрекетті субъектінің пайымдауы тұрғы-
сы нан атайтын (модалдық) баяндауыш тар: кел-
ген сияқты, келді білем, келген болды, келді-ау
деймін.
Осы әр топқа кіретін баяндауыштық форма-
лардың өзара қатынасын, м ағы на, қызмет ерек-
шеліктерін ашуда ескертетін жайлар, қойылатын
критерийлер анық болуға тиіс. Қазақ тілінің грам-
матикасы жөніндегі еңбектерде ф ункция ж ағы -
нан жуық формалардың мағынасын ашудағы ала-
лы қтар осыны байқатады. Оны есімше -ған мен
жүрді типтес өткен ш ақты қ формаларын даралау
талаптарынан көруге болады. Етістіктің -ған, -ген
тұлғалары арқылы ж асалған ш ақты қ формалар
бір еңбектерде бұры нғы өткен ш ақ деп аталса,
екінші бір еңбекте контекстке таяу өткен шақ фор-
масы мен бұрынғы өткен ш ақ формаларына қар-
сы қойы лы п жұмсалатын өткен ш ақты қ форма
деп саналады.
Тілдегі бірқатар си ноним дік формалардың
жұмсалуына қарағанда, әр грамматикалық фак-
тіге жеке дара мағына іздеу дұрыс бола бермейтін
сияқты. Өзара синонимдес келген формалардың
бірі аналогия заңды лы ғы ны ң әсерімен немесе
сөзді түрлендіру мақсатында ғана пайда болады,
ол өзгеше м ағы на білдірмеуі мүмкін. Синоним-
дес баяндауыш тық формаларды ң м ағы на, қы з-
мет ерекшелігін сөз еткенде мына жайларды ес-
керуіміз керек:
1. Әр форманың мағынасы, қызметі осы күнгі
ж айы на сүйеніп, өзі қатарлас формалармен са-
лыстыру арқылы ашылады. О ны ң генезисін қуу
форманың бүгінгі күйін дұрыс тануға негіз бола
бермейді, ол тек соған себепші болуы мүмкін.
2. Синонимдес формалар ылғи дара мағына-
лы қ реңк білдіре бермейді. Олар бір ортақ мағы-
наны білдіріп, бір жұмсалуы ж ағы нан белгілі бір
синтаксистік аяға бейімделіп дараланады.
3. Бірқатар синоним дес формалар тілдегі
формалардың дамуы, өзгеруі нәтижесінде пайда
болады да, олар м ағы на, қы змет ж ағы нан дара-
лан бай ы лғи тең түсуі м үм кін. М ысалы: -м ақ,
-мек, -мақшы, -мекші.
3.3.2.1. Ш ақ мағыналы баяндауыштар
Ш ақ мағыналы баяндауыш тар ретінде не-
гізінен аш ы қ рай етістіктер жұмсалады. Преди-
кативтік м ағы наны ң компоненті болып қалып-
тасқан шақ формалары түгелдей баяндауыш құра-
мында ғана көріне алады.
V
Поделитесь с Вашими друзьями: |