Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1133/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1129   1130   1131   1132   1133   1134   1135   1136   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
3.3.2.  Баяндауыш

Предикативтік іс-әрекетті,  сапаны біддіретін 

сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз.  Баяндауыш  - 

грам м атикалы қ  ф ормасы  ж ағы нан  бастауы ш қа 

бағы ны ш ты   мүше.  Сөйлемді  қалыптасты ратын 

предикативтік  ф орм а  осы  баяндауыш  бойы нан 

табылады.

Баяндауыштың  грамматикалық  белгілері 

мыналар:

а) баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше 

білдіріп тұрған субъектіге тән предикативтік істі, 

сапаны  айтады.  Кісі  кеше  келген  -  кеше  келген 



кісі  осында.  Бірінші  сойлемдегі  келген  -  баянда- 

уыш.  Екінші сөйлемдегі келген - баяндауыш емес.

э) 

баяндауыш   мүшеге  тән  грамм атикалы қ 



формалар  бар.  Олар  -  ш ақты қ  ф орма,  ж ақты қ 

форма,  модалдық форма.  Осылар қатысып сөзге 

баяндауыштық форма береді.

б) бұнымен қатар -дікі,  - нікі,  -тікі жалғаула- 

рын ж алғап  иелік форма алған сөздер негізінен 

баяндауыш қызметінде жұмсалады: Кезек сенікі.

Баяндауы ш   ретінде  б ар лы қ  сөз  таптары  

жұмсала береді. Дегенмен  өзінің семантикасы жа- 

ғынан осы қызметке ең бейім сөздер - етістіктер. 

Баяндауыш қызметінің жұмсалу арқылы етістік- 

тер предикативтік құрауға қатысатын тұлғаларды 

өзінің морфографиялық формасы етіп алған.

Баяндауыштар кұрамы жағынан дара, күрделі 

болып келеді.

Дара баяндауыштар бір дара сөзден жасалады.

Күрделі  баяндауыш тар  күрделі  сездерден  - 

күрделі етістік, күрделі есімдерден жасалады. Со- 

нымен  қатар  синтаксис деңгейінде пайда бола- 

тын  күрделі  баяндауы ш ты қ  ф ормалар  бар:  жас 

еді,  жас болатын.

Баяндауыш  сөйлемді  ұйымдастыруда басты 

қы змет атқарады.  Сөйлемдердің түрлі функцио- 

налды қ типтерін саралап,  қалыптастырады.  Ба- 

яндауыштық тұлғаның сөйлемге тән форма құрау- 

да да үлесі  үлкен.

Баяндауыш мүше предикативтікті білдіретін 

мүше болғандықтан,  ол қай сөз табына жатагын 

сөзден жасалса да,  ш ақты қ  м ағы наны  білдіруге 

тиіе.  Өйткені ш ақтық м ағы на  айтылатын оқиға- 

ның болмысқа қатысын анықтайтын басты ком- 

понент. Осылай болғанды қтан есім сөздер баян- 

дауыш қызметінде ж ұм салғанда,  ш ақты қ м ағы - 

на арнаулы синтаксистік амалдар арқылы үстеліп, 

дербес баяндауыш тық формалар құралады:  Ол  - 

техник,  Ол техник еді,  Ол техник болады.

С өйлем нің  стильдік  түрленуі,  эм оциялы қ 

м ағы н а үстеуі  көбіне баяндауы ш ты қ форма ар- 

қы лы жүзеге асады.  О сы ған орай баяндауыш әр 

сөз  табы на  тән  м орф ологиялы қ  тұлға  аясында 

қалып  қоймайды.  Ол сөздердің  морфологиялық 

тұлғаларын өздігінше жұмсап ( Ол щыксашы үйден) 

немесе аналитикалы қ амалдарды қатыстыру ар- 

қы лы   (ж ауды  дейсің,  к е л м е к   т үгіл  келеді) 

өздігінше дербес баяндауыштық формаларды жа- 

сайды.  Күрделі баяндауыштық синтаксистік фор- 

маларды етістіктің аналитикалық формаларынан 

ажыратып  тану  керек.  Б ірақ  бұл  оп-оңай  көзге 

іліне салатын жайт емес. Д егенмен  мынадай та- 

лаптарға тура келген жағдайларда дербес баянда- 

уыштық формаларды саралап танып алуға бола- 

тын сияқты.

1. 


Егер көмекш і  компоненттердің жалғасуы 

негізгі сөздің морфологиялық табиғатынан ерек- 

ше мағына үстеп тұрса.  Мысалы, кең еді, кең екен. 

Еді,  екен ш ақтық м ағы на үстеп тұр.  Ш ақтық ма- 

ғы на есім создерге тән емес.  Олай болса, еді, екен 

комекші етістіктерінің бұл жұмсалуы есім сөздің 

баяндауыштық қызметіне байланысты;





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1129   1130   1131   1132   1133   1134   1135   1136   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет