3 .3 . Ж А Й С Ө Й Л Е М Н ІҢ ТҮРЛАУЛЫ М Ү Ш Е Л Е Р І
Сөйлем - адам ойын білдірудің негізгі қүра-
лы . А й н а л а д ағы н а қ т ы өм ір қ ү б ы л ы с т а р ы
негізінен зат және оның қимыл-қозғалыстары мен
іс-әрекеттерінен түратыны мәлім. Бүл айтылған
жалпы заттың қүрамына кіретін жанды заттар-
ды ң, оны ң іш інде адам затты ң орны ерекш е.
Өйткені адам айналадағы тіршілік қүбылыста-
рын тануға үмтылады. Қоғамдаса өмір сүріп, бір-
бірімен қарым-қатыс жасайды. Бүл тәрізді нақты
өмір қүбылыстарын адам тілдік қүралдар арқы-
лы таңбалайды және оны өз жадында сақтайды.
Сол секілді қоғам өміріндегі оқиғалар мен өз жеке
б а с ы н д а ғ ы ж а ғд а й л а р д ы қ о р ы т ы п , ө за р а
пікірлеседі. Осы айтылған мәселелер тілде сөйлем
арқылы жүзеге асады.
Ж оғарыда айтылған нақты өмірдегі қүбы -
лыстар негізінен зат пен оның қимыл-қозғалы-
сы, іс-әрекетінен түратындықтан, адам ойындағы
оның тілдік қүралдар арқылы жасалған көшірмесі
де көбінесе зат және оны ң қимыл-қозғалысы,
іс-әрекеті болып келеді. Морфологияда бүл қүбы-
лыстар зат есім ж әне етістік деп аталса, сөз
тіркесінің синтаксисі бойынша қиыса байланыс-
қан тіркестерге жатады.
Сөйлем жасалуы үшін алдымен сөздер бір-
бірімен тіркеседі. Ол тіркестердің тілдік жүйесі,
заңдылықтары арқылы іске асады. Жай сөйлем,
оны қүрайтын түрлаулы және түрлаусыз мүше-
лер, осы қи ы са б а й л а н ы сқ а н сөз тіркестері
негізінде жасалады. Сөз тіркестері сөздердің
синтаксистік байланысуы деп аталса, жай сөйлем
синтаксисінде бүлар предикативті қатынастарға
жатқызылады.
Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың
тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеу-
лерден басталады. Бүл түжырым бойынша сөйлем
- пікірге, бастауыш - субъектіге, баяндауыш -
предикатқа негізделді. Сондықтан да тіл туралы
зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты
п редикат деп қолдан у д әстү р і де сақталған.
С ө й л е м н ің н егізі б олы п таб ы л аты н преди -
кати втілік осы атаудан пай да болған. Я ғни,
предикативтілік дегеніміз зат - субъектінің өзі,
немесе оның жаңа бір сапасы туралы сөйлеушінің
ойы.
Грамматикалық сөйлемнің табиғаты логика-
лы қ пікірге қарағанда алуан түрлі және кең ма-
ғыналы болып келеді. Өйткені логикалық пікірдің
мақсаты өзінің зерттеу нысанына байланысты
спецификалық белгілі-бір шектегі көлемге сәй-
кес болады. Ал грам м атикалы қ сөйлем бүкіл
тіршілік-болмыстағы әр алуан қимыл-қозғалыс,
іс-әр ек ет пен қүбы лы старды дәл бейнелеуге
негізделеді.
Түрлаулы мүшелер тек қана зат есім мен
етіс тік те н ж асал м ай д ы . Б астау ы ш зат есім
мәніндегі басқа сөз таптарынан, ал баяндауыш
өзге де есім сөз таптарынан жасала береді.
3.3.1. Бастауыш
Түрлаулы м ү ш ел ерд ің ең басты , негізгі
мүшесі - бастауыш. Грамматикалық бастауыш-
тың аясына бастауыш қызметіндегі атау септігінде
түрған кім? не? деген сүрауға жауап беретін ло-
гикалық субъекті толығымен кіреді. Сондай-ақ
басқа сөз таптары да заттаны п бастауыш тық
қызметті атқара береді. Егер субстантивтенсе бас-
тауыш қызметін атқармайтын дыбыс, сөз немесе
сөз формасы жоқ деуге болады. Мына жердегі а
шықпай қалыпты, б теріс түсіпті. Соң өзінен
бүрынғы сөзден бөлек жазылады. Көрдім - көп
Поделитесь с Вашими друзьями: |