Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1121/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1117   1118   1119   1120   1121   1122   1123   1124   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ЖАЙ  СӨЙЛЕМ

627

3.  Ж А Й  

С Ө Й Л Е М

3.1.  ЖАЙ  С Ө Й Л Е М   ТУРАЛЫ   Т Ү С ІН ІК

Жай  сөйлем  синтаксистің  ең  негізгі  нысаны 

болып  табылады.  Өйткені  синтаксистің  басқа 

бірліктері болып саналатын сөз тіркесі мен қүрма- 

лас  сойлем  осы  жай  сөйлемнен  тыс  жеке  дара 

өмір  сүре алмайды.  Сөз тіркесінің жеке дара қол- 

данылуы  дегеніміз  ол  сойлемге  айналды  деген 

мәнді  білдіреді.  Сол  секілді  қүрмалас  сөйлем  де 

кемінде  екі  жай  сойлемнен  қүралады.

Қазіргі  кездегі  тіл  білімінде  жай  сөйлемнің 

коп  аспектілік  сипаты  танылып  келеді.  Мысалы, 

ол  негізгі  өзін  қүрауш ы  создеріне  қарай  жай 

сөйлемнің  қүралымдық  үйысымы  (конструктив- 

ная  организация  предложения),  хабарлау  мақса- 

тына  орай  жай  сөйлемнің  қарым-қатыстық  үйы- 

сымы  (коммуникатиңная  организация  предложе- 

ния)  және  іш кі  м азм үны на  байланы сты   жай 

сойлемнің  мән-м азм үнды қ  үйысымы  (смысло- 

вая  организация  предложения)  секілді  салалар 

бойынша  зерттеліп  келеді.  Сойлемнің  қүралуы 

бірнеше сөздің басы қосылуы арқылы жасала сал- 

майды.  Оған  міндетті  түрде  сөйлеушінің  қатысы 

болады.  Сөйлеушінің  қатысы  арқылы  бір  сөзден 

де  сөйлем  үйыса  алады.  Мысалы:  Тун.  Жымың- 



даган  жулдыздар.

Қазіргі қазақ тілінде жай сөйлемнің мән-маз- 

м үнды қ  және  қары м -қ аты сты қ  үйысымдары, 

сондай-ақ  парадигмалық  сипаты  енді  зерттеле 

бастады.  Олар  туралы  толық  мәнді  түжырым  ал- 

дағы  уақыттың  еншісінде  қалып  отыр.  Ал  жай 

сөйлемнің  қүралымдық  үйысымының  зерттелуі 

ежелгі замандардан басталады.  Бүл оның мәселесі 

толық  ашылды  дегенді  білдірмейді.  Ол  әлі де  зерт- 

телу  үстінде.  С оны м ен  бірге  жай  сөйлем нің 

күрделену  қүбылысы  да  біршама  зерттелді  деуге 

болады.^Дегенмен жай  сойлемнің  бүл  саласының 

әлі  де  шешілмеген  даулы  моселелері  бар  екені 

айқындалып  келеді.  Синтаксис,  оның ішінде  жай 

сөйлемнің  синтаксисі,  тілдің  фонетикалық,  лек- 

сикалық,  морфологиялық  деңгейлерінің  тоғыса- 

тын  орны.  Яғни,  олардың  тілдік  қүрал  ретіндегі 

қызметі  осы  жай  сөйлем нің  қүралуы  арқылы 

корініс  табады.

Сөйлем  -  тілдің  ең  маңызды  қызметтерін 

білдіретін,  жүзеге  асыратын  бірден-бір  қүрал. 

Ондай  қызметтердің біріншісі -  ойлау-танымдық, 

екіншісі  -  қарым-қатыс  қүралы  болу  қызметтері. 

Бүл  қызметтер  озара  тығыз  байланысты.  Яғни, 

қарым-қатыс  ретінде  қолданылған  сөйлемде  де 

танымдық  мағына  қосылып  жүретіні  белгілі.

Сөйлемнің өзіне  тән  белгілері  болады.  Олар- 

дың  бірі  -  қүрылымдық  белгі.  Синтаксисгің  ең

негізгі  бірлігі  ретіндегі  сойлемнің  озінің  арнайы 

қүрылымы  болады.  Бүл  қүрылым  өзін  қүрай- 

тын  ішкі  болшектерден  түрады.  Сойлемді  қүрау- 

шы  озінің  грамматикалық  мағыналары  бар  ішкі 

бөлшектер  синтаксистік  байланыстар  мен  қаты- 

настар  арқылы  бірігеді.  Бүлар  сөйлем  мушелері 

деп  аталады.

Жай  сөйлем  бір  сөзден  немесе  бірнеше  сөз 

тіркестерінен  қүралады.  Сөйлем  қүралуы  үшін 

сөйлеушінің  қатысуы  қажет.  Сөз  -  шындық  бөл- 

мыстағы  әр  түрлі  заттардың  және  өның  әр  алуан 

сапаларының  атауларьь  Сөйлем  сөл  заттың  әр 

түрлі  сапасын  көрсёту  үшін  қүрылады.  Сөздің 

сөйлемді  қүрайтын  қүрылыс  бәлшегі  ретіндегі 

маңызы  да  ерекше.  Яғни,  сөз  лексикөлөгияның 

ғана  емес,  грамматиканың да  зерттеу нысаны  бө- 

лып  табылады.  Нақты  айтқанда  бір  сәздің  өзі  әрі 

гр ам м ати кал ы қ,  орі  л е к с и к ал ы қ   қаси етім ен  

кәрінеді.  Бірінші,  грамматикалық  сөз  дегеніміз  - 

сөйлем  қүрамындағы  сөз.  Сойлем  қүрамындағы 

сөз  шындық өмірдегі  заттардың түрлі  қасиеттері, 

қөзғалыстары  мен  өлардың  бір-бірімен  қарым- 

қатысы,  сөндай-ақ  өлармен  адамдардың,  және 

адамдардың өзара қатынастары денөтаттарды қайта 

бейнелеуші  сигнификат  мағынасыңда  көрініс  та- 

бады.  Бүл  создер  шындық  ©мірдегі  негіздері  си- 

яқты  әсерлі,  тірі,  жанды,  қарым-қатынасты  ма- 

ғынасымен  сипатталады.  Сөйлем  ситуацияға  сай 

қүрылады.  Сөған  сәйкес  сөйлем  қүрамындағы 

сөзде  немесе  сөз  тіркесінде  сөйлемдік  мағына  не 

түтас,  не  бәлш ек  күйінде  жағдайға  (ситуация) 

байланысты  бейнеленеді.  Мысалы,  -Олар  қайда 



барады  екен?  -Ауылга.  Ауылга?  -  Иә,  несіне  таң- 

галдың? Деген  сөйлемдерді  алайық.  Бүл  сөйлем- 

дерде  төлымсыздық,  экспрессивтілік,  үнемділік 

қүбылыстары барлығы байқалады.  Ықшамдылық 

сөйлем  қүруда  да  өнімді  қолданылады.  Себебі 

ықшамдылыққа  үмтылу  -  тіл  заңдылығының  ең 

маңыздыларының  бірі.  Келтірілген  мысалдағы  - 



Ауылга? Деген  сейлемде  сүрау  мағынасына  қөса, 

таңғалу  мағынасының  да  барлығы  сезіледі.  Ол 

интонация арқылы білдіріледі.  Экспрессивті,  эмо- 

ционалды  сойлемдердің  қүралуына  сойлеушінің 

ко ң іл -кү й ін е  байланысты  и н тон ац и я  тікелей 

қатысады.

Сөйлемнің  екінші  белгісі  -  семантикалық 

белгі.  Бүл  семантикалық  белгіні  предикативтілік 

деп  атайды.  Предикативтілік  -  сөйлемді  сөйлем 

ет ет ін  ең  басты  синт аксист ік  кат егория. 

Предикативтіліктің магынасы мен қызметі сөйлем 

мазмунын  іиындық  болмысқа  теңестіру  болып  та- 

былады.  Бул  предикат ивт ілікт ің  ажырамас 

қасиеттері  -  модалдылық,  шақтылық,  жақты- 

лық  тәрізді  синтаксистік  категориялары  арқылы 

іске  асады.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1117   1118   1119   1120   1121   1122   1123   1124   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет