626
СИНТАКСИС
II. Ортақ қабыса байланысқан соз тіркестері.
Ортақ қабыса байланысқан сөз тіркестерінің
басыңқы сыңары ретінде:
а) Зат есім + көмекші етістіктер;
ә) Сын есім + көмекші етістіктер;
б) Есімдік + көмекші етістіктер;
в) Сан есім + көмекші етістіктер болады.
Сөз тіркестерінің ортақ қабыса байланысқан
сыңарлары төмендегіше болып келеді.
1. Сын есім - ортақ басынқы. Корікті десең -
көрікті, білімді десең - білімді жігіт еді (Айтма-
тов). Биік көк дарбазалы еңселі уй еді (Жандарбе-
кова). Дөрігердің салалы ақ саусақтары муздай
суық екен (Сәмитүлы). Осы сөйлемдердегі білімді,
еңселі сияқты сын есімдер жігіт еді, уй еді, суық
едің деген ортақ басыңқы сөздермен қабыса бай-
ланысып түр.
2. Есімдік - ортақ басыңқы. Ант урганның
қаргысы қандай жаман еді. Жер жастангыр, ба-
лалары қандай сотқар еді (М үсірепов). Оның
устіне, шынын айту керек, дәл осындай м :нез-
қулық жуйесі қазіргі кезде мен ушін өте пайдсиіы
еді (Мағауин). Осы сөйлемдердегі қандай мен ушін
сурау есімдіктері жаман еді, сотқар еді деген ор-
тақ басыңқы сөздермен қабыса байланысып түр.
Біздің генерал губернатордың мәжіліс залы осы-
дан қанша улкен екен? (Мүсірепов). Соны көріп
отырып, мен қалайша жаман болайын (“ Қ азақ
әдебиеті”). Осы сәйлемдерді қанша, қалайша сүрау
есімдіктері улкен екен, жаман болайын деген ор-
тақ басыңқы сөздермен қабыса байланысқан.
Поделитесь с Вашими друзьями: |