Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


Л.З.  Барыс  жалғаулы  сөз  тіркестері



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1078/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1074   1075   1076   1077   1078   1079   1080   1081   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
2Л.З.  Барыс  жалғаулы  сөз  тіркестері

Басыңқы  сыңары  етістік  болып  келетін  ба- 

рыс  жалғаулы  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сы- 

ңарларында  зат  есім,  есімдік,  сын  есім,  есімше 

қолданылады  да,  басы ңқы   сыңарларында  іс- 

әрекеттің  бағыт,  бағдарын  (бару,  келу,  кету,  кіру, 



жақындау,  ушу,  умтылу)  және  бату?  терендеу  ма- 

ғынасын  білдіретін  (бату,  суңгу,  тусу)  қозғалыс 

м әнді  етістіктер;  адам ны ң  іш кі  к ө ң іл -кү й ін , 

сезімін  (қуану,  қайгыру,  сену,  нану),  адамның іске 

қатысын  (қатысу,  көмектесу,  жәрдемдесу),  адам- 

ның  алға  үмтылу  әрекетін  (дайындалу,  умтылу, 



талпыну)  білдіретін  салт  етістіктер  жүмсалады. 

Мысалы:  Сендерге ерекше комиссия барады (Шаш-

кин).  Абай  сәлем  беріп  уйге  кіргенде,  кең  уйдің  іші 

лық  толган  кісі  екен  (Әуезов)  т.б.

Е тістік тер д ің   іш інде  қ о з ғ а л ы с -ә р е к е т ін  

білдіретін  етістіктер  аумағы  жағынан  да,  меңгеру 

қабілеті  жағынан  да  ерекшеленеді.

Барыс  жалғаулы  сөздерді  меңгеретін  қозға- 

лыс  мәнді  етістіктерді  іштей  шартты  түрде  үшке 

болуге  болады.  1.  Тек  барыс  септігін  тілеп  түра- 

тын қозғалыс мәнді етістіктер: мін,  суңгі,  тус (суга), 



бат  (батпаққа),  умтыл,  жақында  т.б.  (атқа,  по- 

езга,  машинага  мінді,  суга  суңгіді,  қудыққа,  суга 

тусті; батпаққа батты, жауларга умтылды, қалага 

жақындады).  2.  Шығыс  септігімен  салыстырған- 

да  барыс  септігін  басымырақ  талап  ететін  қозға- 

лыс  мәнді  етістіктер:  бар,  кір,  жугір,  шап,  уш  т.б. 

(елге  барды,  қаладан  барды);  уйге  кірді,  даладан 

кірді,  мектепке  жугінді,  орталықтан  жугірді,  кол- 

хозга  шапты,  белгілі жерден  шапты; аспанга ушты, 

орталықтан  ушты).  3.  Барыс  септігі  мен  шығыс 

септігін тең дәрежеде  қажет ететін  қозғалыс  мәнді 

етістіктер:  кет,  кел,  орал,  қайт,  (мектепке  кетті, 

уйден  кетті;  уйге  келді,  жатақханадан  келді;  елге 

оралды,  агайындардан оралды; ауылга қайтты, қала- 

дан  қайтты,  ауылдан  қайтты).

Қ о зғал ы с-әрекетін ің   бағыт,  бағдары  мен 

тірелер  орнын  бідціретін  етістіктер  барыс  жалғау- 

лы  сөздерді  жетегіне  алып,  меңгеріле  байланыс- 

қ а н   сөз  т ір к е с т е р ін   қ ү р а й д ы .  М ү н д ай   сөз 

тіркестері  тіркес  қүрамындағы  сөздердің  мағы- 

налы қ  ерекшеліктеріне  қарай  толықтауыш тық 

ж әне  пы сы қтауы ш ты қ  қаты наста  жүмсалады. 

Т ол ы қтауы ш ты қ  қаты н аста  ж үм салаты н  сөз 

тіркестерімен  салыстырғанда  пысықтауыш тық 

қатынаста  қолданылатын  соз  тіркестері  тілімізде 

жиі  қолданылады,  соған  орай  мағыналық  жағы- 

нан  алуан  түрлі  болып  келеді.

О бъектілік  қаты наста  ж үм салаты н  барыс 

жалғаулы  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарла- 

ры  толықтауыш  қызметін  атқаратын  создер  бо- 

лып  келеді.  Сондықтан да толықтауыштық қаты- 

настағы  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарла- 

рында,  негізінен,  адам  атаулары  не  солардың  ор- 

нына  жүретін  есімдіктер  болып  келеді  де,  ба- 

сыңқы  сыңарлары  осылармен  мағыналық  жағы- 

нан  орайлас  жатқан  қозғалыс  мәнді  етістіктер 

болады.  М үндай  қаты наста  ж үм салаты н  сөз 

тіркестерінің  мағыналары,  негізінен,  мынадай:

1.  Қозғалыс-әрекетінің  кімге,  неге  бағыттал- 

ғандығын  білдіреді.  М ысалы,  баласына  келді, 



әкесіне барды,  анасына жугірді, сіздерге барды. Абай 

ең  алдымен  әжесіне  келді  (Әуезов).  Мүндай  сөз 

тіркесі  қүрамындағы  барыс  септігі  қозғалыс- 

әрекетінің  тірелер  орнын  атап  корсетеді.

2.  Қ о зғал ы с-әр ек етін ің   бағы т,  баіғдарын 

білдіретін  етістіктердің  бірқатары  барыс  жалғау-




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1074   1075   1076   1077   1078   1079   1080   1081   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет