Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1061/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1057   1058   1059   1060   1061   1062   1063   1064   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
588

СИНТАКСИС

маған  жағдайда  қай  сөздің  қай  сөзбен  тіркесіп 

түрғанын  ажырату  қиы нды ққа  түседі.  Ллшагыр 

ауылга  қайт ар  кун ді  қат т ы  сагынатын  еді 

(Мүсірепов)  сөйлемін  айқын  түсіну  үшін  дауыс 

екпінін  дүрыс  қоюдың  мәні  ерекше.  Егер  Алша- 

гыр  сөзінен  кейін  сәл  кідіріс  жасалған  болса,  са- 

ғыныш  иесі  сол  (Алшағыр)  екені  даусыз.  Олай 

етпей, Алшагыр ауылеа қайтар кунді деген тізбекті 

түтас  бір  интонациямен  айтқанда,  сағыныш  иесі 

Алшағыр  емес,  басқа  біреу  болып  шығады.  Осы- 

ған  сәйкес  сәз  тіркесі  де  өзгерер  еді:  Алшагыр 



сагынатын  еді және  Алшагыр  ауылга  қайтар  кунді 

сагынатын  еді.  Бірінші  жағдайда  сәйлемнің  бас- 

тауышы  Алшагыр  болар  еді,  екінші  жағдайда  бас- 

тауыш  бүл  сөйлемде  айтылмай,  жасырын  түрған 

ботен  біреу  болар  еді.  Дәлірек  айту  керек  болса, 

бірінші  нүсқада  өзі  ауылға  қайтар  күнін  Алша- 

ғыр  сағынатын  болып  шығады  да,  екінші  жағ- 

дайда  Алшағырдың  ауылға  қайтар  күнін  белгісіз 

біреу  сағынады  деген  ой  келеді.



Арай баласының бул қупиясын біле алмай,  ішінен 

іиалына урсып жатты (Мүртаза) деген сөйлемдегі 

Арай мен  баласының  создерінің  арасындағы  инто- 

нацияның  қызметі  туралы  да  осыны  айтуға  бо- 

лады.  Демек,  Арай  сөзі  мен  баласының  сөзінің 

тіркесінің немесе біле алмай сөздерімен тіркесетінін 

білу  үшін  интонацияның дүрыс  қойылғаны  жөн. 

Ш ы гарм аны ң  м азм үн ы н а  қар аған да,  Арай  - 

сөйлемнің бастауышы, яғни біле алмай сөздерімен 

тіркесуге  тиісті.  Басқа  жағдайда,  айталық,  бала- 



сының  сәзімен  тіркессе,  Арай  сөзі  бастауыш  бола 

алмайды.  Сонымен,  Арай мен  баласының арасын- 

да интонация болса, Арай біле алмай сөз тіркесінің 

қүралатынына  көз  жеткіземіз  де,  ондай  интона- 

ция  болмай,  алдыңғы  екі  сөз  бірдей  әуенмен  ай- 

тылса,  Арай  баласының  деген  соз  тіркесін  жасап, 

қатеге  үрынамыз.

Аналитикалық  байланыс  тәсілінің  бір  түрі  - 

сөздердің  оры н  тәртібі  арқы лы   байланысуы. 

Мүндайда  бір-бірімен тіркескен сәз тіркестерінің 

қүрамындағы  создердің  орын  тәртібі  қатаң  сақ- 

талуы  тиіс.  Олардың  орындарының  ауысуы  не 

мағыналық  өзгеріске  үшыратады,  не  мағынасыз- 

ды қ  тудырады.  Айталық,  улкен  бөлме  тіркесін 



бөлме  улкен  деп  алмастыруға  болады,  бірақ  сол 

алмастыруға  сәйкес  мағына  да  озгеріске  түседі: 



улкен  бәлме дегенде  анықтауыштық қатынас  бол- 

са, бөлме улкен дегенде  предикаттық қатынас  бар. 



Ақылды  бала,  көгілдір  аспан,  сур  машина  деген 

соз  тіркестерін  бала  ақылды,  аспан  көгілдір,  ма- 



иіина сур дегендей өзгерістерге түсіргенде де,  осы- 

ны  айтуга  болады.  Ал  кешеден  бері  жазып  отыр, 



қызықтыра  әңгімелейді  деген  сөз  тіркестерін 

ілгерідегідей  өзгерткенде,  бір  қарағанда,  мағына- 

сыздық  тууы  мүмкін  (жазып  отыр  кешеден  бері,

әңгімелейді  қызықтырып),  әйткенм ен,  әлдебір 

сөзге лөгикалық екпін түсіру мақсатында мүндай 

сөз  тіркестерінің  коркем,  публицистикалық  шы- 

ғ а р м а л а р д а ,  а у ы зе к і  со й л еу   д а ғ д ы с ы н д а  

кездесетіндері  бар.  Нормативтік  грамматиканың 

талабы  бойынша  өсы  нүсқалардың  алдыңғылары 

дүрыс  болады:

Именіп  көптен,

Сақтық  қып  еппен,

Тасалама  бойыңды!

Ашынса  етің,

Ашылмақ  бетің,

Тірі  көмбей  бойыңды.

Журегіңнің  жарасын,

Көрсет  журтқа,  қарасын!

(Байтүрсы нүлы).

А налитикалы қ  тәсілдің  келесі  түрі  щылау 

арқылы  байланысу  болып  табылады.  Байланыс- 

тың  бүл  түрінде  жалғаулықтар  мен  демеулер  сөз 

тіркесінің  қүрамындағы  сөздерді  мағыналық  жа- 

ғынан  бір-бірімен  үластыруда  елеулі  қызмет  ат- 

қарады.  Отан  ушін  отқа  тус,  куймейсің  (Мөмыш- 

үлы);  Елеңдей  қарасып,  ақтар  да  тілмаш  арқылы 

бул  хабарды  есітіп,  апыл-қупыл  аттана  жөнелді 

(Сейфуллин) деген мысалдардағы отқа тус,  есітіп 

сөздері  бағыныңқы  сыңарларымен  ушін,  арқылы 

сөздерінің  жәрдемімен  байланысып  түр:  Отан 



ушін  отқа  тус;  тілмаш  арқылы  есітіп.

Сөз  тіркесі  қүрамындағы  сөздердің  жалғау- 

лар  арқылы  байланысуы  синтетикалық  байланыс 

деп  есептеледі.

Қ азақ  тілінде  жалғаудың  септік,  тәуелдік, 

жіктік  және  көптік  деп  аталатын  төрт  түрі  бар 

екендігі  белгілі.  Осылардың  қай-қайсысы  да  сөз 

тіркесін  қүрауға  өз  мүмкіндігінше  қызмет  атқа- 

рады.

Осы  жалғаулардың  ішінде  ерекше  қызмет 



атқаратыны  -  септік  жалғаулар.  Септік  жалғау- 

ын  жалғаған  сөздер  әдетте,  соз  тіркесінің  бағы- 

ныңқы  сыңары  болып  келеді:  аңга  шықты;  жол- 

дасымен  сөйлесті;  ушақпен  келді;  тапсырманы 

орындады. Осындағы барыс  (аңга), көмектес (жол- 

дасы м ен,  у іи а қ п е н ),  таб ы с  (т апсы рм аны 

с е п т ік т е р ін д е   к е л ге н   с ө зд е р м е н   т ір к е с к е  

түскендіктен,  басыңқы  сыңарлардағы  создермен 

олардың  байланысы  соз  тіркесін  қүрап,  белгілі 

мағына  тудырып  түр.

Тегінде,  септелу - зат есімге тән қасиет. Әйтсе 

де,  субстантивтену  нәтижесінде  басқа  сөз  тапта- 

ры  да  септеле  береді,  зат  есім  сияқты,  создердің 

байланысуына  жәрдем  тигізеді.  Соқырдың  қолы- 

на  туспе,  саңыраудың  астына  туспе.  Қарны  аш- 

қанга  қара  нан  да  май  татыр,  иіөлдегенге  қара  су




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1057   1058   1059   1060   1061   1062   1063   1064   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет