Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1052/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1048   1049   1050   1051   1052   1053   1054   1055   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
582

СИНТАКСИС

Сөз тек лексикапық тұлға емес,  ол  -  ф ам м атика- 

л ы қ  та  тұлға.  Осы  грамм атикалы қ  сипаты ны ң 

бір қыры олардың қаңдай_синтаксистік қызметке 

бейім болуынан көрінеді.  Сондықтан да сөздердің 

өз  бойында  синтаксистік  форма  боларлы қ  сапа 

бар дейміз.  С интаксистік ф орм а  негізінен  м ор- 

фологиялық тұлғаларға, формаларға сүйеніп құра- 

лады.  М ысалы,  сөздердің тіркесуі  көбіне зат есі- 

мдердің септік жалғауларына сүйенеді,  баяндау- 

ыш тың формалары етістіктің  ш ақ, ж ақ тұлғала- 

рына,  ф ормалары на негізделеді: бардым,  бардық. 

Б ірақ  синтаксис  аясы нда  құралатын  ф ормалар 

сөздерге  тән  м орф ологиялы қ  тұлғаларға  ғана 

сүйеніп  құралып  қоймайды .  С интаксис  морфо- 

логиялық тұлғаларды өздігінше жұмсап, тек син- 

таксиске  ғана  тән  формалар  құрайты ны   көп. 

М ысалы: Жүрсеші ( Отырып алып жүрсеші).  Кел- 



м еқ  түгіл  келеді.  Шөп  қалың  еді.

Ж ақтық,  ш ақты қ морфемалар белгілі бір топ 

сөздерге ж алғанаты н болғанды қтан,  оны біз сол 

сөздердің тұлға құрылысы  (морфологиялық фор- 

ма)  ретінде  қарайм ы з.  Сөйлем  құрам ы нда  бұл 

аффикстер етістік, есім сөздердің баяндауыш қыз- 

метіне сай жұмсалып, сөйлемнің элементі болып 

кетеді.  Бұл  -  басты  қызметі.  Ш ақ  ф ормасы  не- 

гізінен синтаксиске тән болғандықтан, ол сөйлем 

құрамында өзіне тән морфологиялық аядан ш ы- 

ғы п,  есім  баяндауы ш тарға лай ы қ  синтаксистік 

ш ақты қ ф орм а туады: М езгіл жаз еді.



Ж азға  -  зат  есім  сөзге  тән  м орф ологиялы қ 

тұлға,  синтаксистік жүйеде ж азға  -  пы сы қтау- 

ыш, толықтауыш мүшелер қалыптастыратын фор- 

ма болып саналады.

Ш ы нды ғы на келгенде,  көп морфологиялық 

тұлғалар алдымен сөздердің синтаксистік қызме- 

тіне байланысты амалдардың негізінде құралған: 

келген жоқ,  келерім жоқ.

Сол  сияқты   септік  жалғаулар  да  зат  есім 

сөздердің синтаксистік жұмсалуына сай қалы п- 

тасып, зат есімдердің морфологиялық формасы- 

на айналып отыр.

М орф ологиялы қ  ф орма  мен  синтаксистік 

форманың айырмашылығы бар.  М орфологиялық 

форма синтаксис  үшін  қы змет етпей, тек с ө зд ің ' 

м ағы насы н, түрін құбылту үшін жұмсалатында- 

ры бар.


Ал  бірқатар  қосы м ш алар  -  м орф ологиялы қ 

тұлғалар - тек синтаксистік конструкциялар құрау 

үшін  ғана ж ұмсалып жүр: Жүргісі келді; Жүргім 

келді; Алмасы бар ма\  -ғы,  -гі,  -ма,  -м е бір кезде 

етістіктен  зат есім тудыратын  өнімді ж ұрнақ ре- 

тінде жұмсалған: сүргі, бүрғы, қойма т.т.  Қазір бұл

жұрнақтардың жаңа сөздер тудыру қызметі кеміп, 

негізінен  синтаксистік  формалар  тудыру  үшін 

жұмсалып жүр.

М орфологияны оқу үстінде сөздің морфоло- 

гиялық формасы немесе,  қы сқаш а,  морфология- 

лы қ форма деген атаумен белгілі грамматикалық 

ұғым аталып жүрді. Тілдің синтаксистік саласында 

да өзіне тән  қалы птасқан  ф орм а -  синтаксистік 

ф орма  бар.  М ысалы,  сөйлем  мүш елерінің  түр- 

түрінің арнаулы  көріну формасы  бар.  Сол си яқ- 

ты болымды, болымсыз сөйлемдер, сұраулы, легггі, 

хабарлы сөйлемдер де белгілі синтаксистік фор- 

малары арқылы өзара ажырасады.

С интаксистік  ф орм а  дегеніміз  белгілі  син- 

таксистік тұлғаларды қалыптастыратын,  құрай- 

тын амалдардың көрінісі.

Синтаксистік тұлғаларды, формаларды дұрыс 

тану  үшін  біз  оларды  білдіретін  мағы насы мен 

ұштастыра отырып тануымыз керек дедік. Тұлға- 

лар білдіретін  м ағы на синтаксистік м ағы на деп 

бөлек аталатынын ескертіп кетпекпіз.

С интаксистік  м ағы н а  да  -  ф ам м ати калы қ 

абстракция  саласы ндағы   м ағы на.  Сол  сөз  бен 

сөздің, синтаксистік тұлғалардың арасындағы аб- 

стракты лы ,  ж алп ы лы қ  си п аттағы   қаты насты  

білдіреді.

қ а лаға

^ ^ > м е к е н д ік   бағыт

көлге

Кеттің  -  мезгілді,  ж ақты қ  қатынас.  Ол  - 

инженер -  субъект пен  предикатты қ заттың ара- 

сы ндағы   қаты нас. Бала жас -  субъект  пен  пре- 

дикаттық сапаның арасындағы байланыс. Әр түрлі 

синтаксистік форма түрлі сападағы абстрактылы 

мағынаны білдіреді,  Синтаксистік форманың ма- 

ғы насы  оны ң  құрам ы ндағы  сөздердің лексика- 

л ы қ м ағы насы на тәуелді емес.

Ілгеріде синтаксис саласының  көлемі атала- 

ды. Оның сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем син- 

таксисі,  құрмалас сөйлем синтаксисі деген тарау- 

ларға бөлінетіні аталады.

С интаксис  белгілі  ф ам м ати калы қ  жүйеге, 

ережеге сүйеніп құралады.  Бірақ ол жүйе,  ереже- 

ге  ж аппай,  барлық  ж ағдайды  қам ты п  жұмсал- 

мауы мүмкін.  Ережелер,  ф ам м атикалы қ амалдар 

кейде стильді талғайды,  белгілі бір ф ам м ати ка- 

лы қ шеңберге ғана бейімделіп жұмсалады, арнау- 

лы сөздер тобын екшеп қамтиды.

Сондықтан да біз ф ам матикалы қ ережелерді 

жалпы танып зерттеумен қатар, олардың жұмса- 

лу аясын,  мүмкінш ілігін  (узусын,  нормасын) де 

біліп, тануымыз  керек.  Тіл  ғылы мы нда  грамма-





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1048   1049   1050   1051   1052   1053   1054   1055   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет