соң, айтпа сөз (Абай).
Бұрын септеулігі ш ы ғы с септігінде тұрған
сөздермен тіркесіп, оқиғаны ң алдын ала болуын
білдіру үшін қолданылады. Бұрын осы көлдің
басында үй саны онға толмайтын еді (М айлин).
Кейін, соң, бұрын септеуліктері де атрибут-
ты қ м ағы нада қолданылатын -ғ ы /-г і формалы
жұрнақтарды қабылдап, морфологиялық өзгеріс-
терге ұшырайды. Ендігі бұдан соңғы бір кезең
ұлықтың айтқанына көнбедік(Әуезов).
Бетер септеулігі іс-әрекеттің болып кеткен
амалдан анағұрлым күшті болғанын білдіру үшін
ж ұмсалады. Ж ел одан бетер соққан сайын, айна-
ла шаңғытып ешнэрсе көрінбей кетті (М ұқанов).
10.1.2.4. Комектес септікті созбен тіркесетін
септеуліктер
Көмектес септігіне тіркесетін қатар, бірге
септеуліктері іс-әрекеттің, негізінен, бірнеше
субъектінің бірігіп ж асағаны н білдіру үшін қол-
данылады. 1936 жылы Қиыр Ш ығысқа менімен
бірге бір қазақ жігіті барды (Момышұлы). Көкшіл
көздері балқыған мыспен бірге балқып бара жат-
қандай (Әуезов).
Поделитесь с Вашими друзьями: |