10.1.1.4. Себеп мәнді жалғаулықтар
Себептік қаты насты білдіретін ж алғаулы қ-
тарға ойткені, себебі шылаулары жатады. Бұл
шылаулар салалас құрмаластың жай сөйлемдерін
байланыстырып, соңғы сөйлем алдыңғы сойлем-
дегі іс-әрекеттің себебін білдіреді. Ешкім үнде-
мейді, ойткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт
эйелдің дауысын білетін (Нұрпейісов). Әй, ол же-
ңер сені, себебі келешек оныкі ғой (М ұқанов). Бұл
мысалдардағы себебі, ойткені шылаулары алдыңғы
сөйлемде болған іс-әрекет, ж ай-күйдің болу се-
бебін көрсету үшін қолданылып тұр.
10.1.1.5. Салдар мәнді жалғаулықтар
Салдар мәнді шылауларғасондықтан, сол се-
бептіжалғаулықтары жатады. Олар құрмаластың
жай сөйлемдердің арасында қолданылып, соңғы
еөйлем ^ұрамына енеді. Бұлар болған іс-әрекеттің
нәтижесін, салдарын білдіру үшін қолданылады.
Оңай алдаймын дейтін, сондықтан оңай алдана-
тын анайы мінездері жоқ емес (М үсірепов). А л
мынау өз бетімен тэрбиеленген, сондықтан ол
қисық болып өскен (Алтынсарин) деген құрмалас-
тардағы екінші жай сөйлемдердегі салдарлық ма-
ғынаны білдіруге қатысып тұрған ж алғаулы қ -
сондықтан.
Поделитесь с Вашими друзьями: |