10.1.1.2. Қарсылықты мәнді жалғаулықтар
Қарсылық мәнді жалғаулықтарға бірак, алай-
да, әйтсе де, әйткенмен, сөйтсе де, онда да, деген-
мен шылаулары жатады.
Қ арсылықты жалғаулықтар салаласа байла-
нысатын сөйлемдер арасындағы қарсылық мәнді
білдіру үшін қолданылады . Әрине, кеп үй мәсе-
лесі оңай шешілген жоқ, бірақ оңай шешілмеуінің
өзінде үлкен дүрыстық бар еді (М ұстаф ин). Беті,
түсі анық белгілі емес, бірақ бір үлкен м ол бат-
пан қүйрык оралып келе жатқан сияқты (Әуе-
зов).
Бірақ шылауы арқылы байланысқан сөйлем-
дердің мағы насы бір-біріне қарама-қарсы болып
келеді.
Бірақ ж алғаулы ғы жай сөйлем басында да
жиі кездеседі. Бірақ осы соңғының саны көп емес,
хабары да анық, толық дәл де емес (Әуезов).
Осымен қатар бірақ шылауы сөйлемде аны қ-
тауыш, пысықтауыш, баяндауыштарды да байла-
ныстырады. Аласа, тақыр, бірақ тығьіз бетегемен
ж айнаған. Арқаның қоңыр желіндей жай жыл-
жып, бірақ к е ң жайылып тарады (М.Әуезов) де-
ген сөйлемдерде алдыңғысында біры ңғай аны қ-
тауыштарды, соңғы сы нда бірыңғай баяндауыш-
тарды байланыстырып тұр.
Қарсылықты мағы наны білдіретін алайда,
эйтсе де, дегенмен, сөйтсе де, онда да шылаулары
тілде бірақ шылауынан сирегірек кездеседі. Бұлар
тек құрмалас сөйлем құрамында ғана қодданыла-
ды, олардың да өзіндік стильдік ерекшеліктері бар.
Поделитесь с Вашими друзьями: |