БАҒдарламасы бакалавриат



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата14.04.2017
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

БАКАЛАВРИАТ 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҦҚПАЛЫ АУРУЛАР 

 

5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы 

 

 

Сағат кӛлемі – 135 (3 кредит) 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігі 

 

Астана 2011 



 

АЛҒЫ СӚЗ 

 

 

1.



 

ӘЗІРЛЕГЕН  ЖӘНЕ  ҦСЫНҒАН  «Медицина  білімі  мен  ғылымының 

инновациялық 

технологиялар 

Республикалық 

орталығы», 

С.Д. 


Асфендияров  атындағы  Қазақ  Ұлттық  медицина  университеті,  «Астана 

Медициналық  университеті»  АҚ,  Қарағанды  мемлекеттік  медицина 

университеті,  М.Оспанов  атындағы  Батыс-Қазақстан  мемлекеттік 

медицина  университеті,  Семей  қаласының  Мемлекеттік  медициналық 

университеті, 

Оңтүстік-Қазақстан 

мемлекеттік 

фармацевтикалық 

академиясы.  

 

2.

 



АЛҒАШ РЕТ енгізілген 

 

3.



 

Ҥлгілік 

оқу 

бағдарламасы 

5В110400 

«Медициналық-



профилактикалық  іс»  мамандығы  бойынша  ҚР  2009  жылғы  мемлекеттік 

жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген 

 

4.

 



Ҥлгілік  оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық 

сақтау  министрінің  2011  жылғы  26  қазандағы  №734  бұйрығымен 

бекітілген. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 



МАЗМҰНЫ 

 

 



1.  Түсініктеме ………………………………………………………..……. 

2.  Пән бойынша сағаттың бӛлінуі…………………………...…………… 



3.  Пәннің  мазмұны  және  сабақтардың  тақырыптық  жоспарының 

үлгілері …………………………………………………………............ 

 



4.  Оқу және оқыту әдістері………………………………………….……. 

29 


5.  Студенттердің білімін бағалау…………………………..…………….. 

29 


6.  Құрал-жабдықтар…………………………………….………………… 

29 


7.  Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі......................................................... 

30 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

       Бұл үлгілік оқу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 

министрлігінің рұқсатынсыз кӛбейтуге және таратуға болмайды. 

 


 

 



1   ТҤСІНІКТЕМЕ 

  

Қазіргі  медицинаның  жетістіктері,  эпидемияға  қарсы  шараларды  тиімді 

ұйымдастыру,  Қазақстан  Республикасында  жұқпалы  ауруларды  бақылау  мен 

басқару кӛптеген эпидемиялық инфекциямен ауыратындардың санын азайтты, 

құрылымы  және  сипатына  ӛзгеріс  әкелді.  Бірақ,  басқа  мемлекеттерден 

жұқпалы  аурулардың,  соның  ішінде,  аса  қауіпті  инфекциялардың    ену  қауіпі, 

сонымен  қатар,  жұқпалы  аурулар  қоздырғышын  бактериологиялық 

(биологиялық)  қару  ретінде  қолдану  қауіпі  үнемі  сақталуда.    Одан  басқа, 

Қазақстан  Республикасының  аймағында  оба,  туляремия,  Конго-Қырымдық 

геморрагиялық  қызба  (КҚГҚ),  бүйрек  синдромымен  ӛтетін  геморрагиялық 

қызба  (БСГҚ).  сияқты  аса  қауіпті  инфекциялардың  табиғи  ошақтары 

орналасқан.  Қазақстан  Республикасында  зоонозды  инфекциялар  бойынша 

(бруцеллез,  түйнеме,  құтыру  және  басқалары)  қолайсыз  эпидемиологиялық 

жағдай  сақталуда.  «Ескі»  инфекциялар  (тырысқақ  және  басқалары)  қайта 

оралып  жатыр  және  «жаңа»  инфекциялар  (emerging  diseases)  пайда  болуда: 

АЖРС-ТОРС  (ауыр  жедел  респираторлы  синдром,  «құс»  тұмауы,  «шошқа» 

тұмауы,  прионды  аурулар.  2009  жылы  ДДҰ    H1N1  гриппінің  пандемиялық 

таралуы  туралы  хабарлады.  Вакцинацияға  қарамастан  қызылшамен 

эпидемиялық  аурушылдық  байқалады.  Полиомиелиттің  сырттан  ену  қауіпі 

бар.  Әлемдегі  АИВ-инфекциясы  бойынша  жағдайдың  тұрақтандырылуына 

қарамастан,  Қазақстанда  АИВ-инфекциясымен  аурушылдық  жоғарылап 

келуде.  

Жұқпалы аурулар бойынша бағдарлама инфектология аймағындағы қазіргі 

кезеңге тән жетістіктерге байланысты нозологиялық формаларды біріктіреді. 

Бұл  бағдарламада  Қазақстан  Республикасындағы  инфекциялық  қызметті 

ұйымдастырудың  құрылымдары  нақты  кӛрсетілген.  Бағдарламада  жұқпалы 

аурулардың  қазіргі  кезеңіндегі  этиологиялық  құрамына  және  патогенезіне  

сәйкес  жаңа  мәліметтер,  жұқпалы  аурулардың  қазіргі  уақыттағы  ағым 

ерекшеліктері  туралы  түсініктер,  әртүрлі  қатардағы  жұқпалы  аурулардың 

ерекшеліктерін  ашады.  Жұқпалы  аурулардың  типті  ағымымен  қатар  атипті 

ағымына да кӛңіл бӛлінген. 

5В110400  -  «Медициналық-профилактикалық  іс»  мамандығы  бойынша 

жалпы  дайындық  кеңінен  таралған  жұқпалы  аруларды,  сырттан  енетін  және 

тропикалық ауруларды клиникалық диагностикалауға алған білімдерін, ауруды 

ерте  анықтау  мақсатында  аспаптық  және  зертханалық зерттеу  әдістерін  тиімді 

қолдануды,  ошақта  ілкі  эпидемияға  қарсы  шараларды  жүргізуді  оқып-үйрену 

қабілетін дамытуды қарастырады.   

Маманды  дайындауда  негізгі  кӛңіл  аса  қауіпті  жұқпалы  ауруларды 

халықаралық  медициналық-санитарлық  ережелер  мен  сырттан  енуінің  алдын-

алуда қарастырылған шараларға ерекше назар аударылады. 



 

 

Пәннің  мақсаты:  студенттерде  жұқпалы  ауруларды  дифференциальды 

диагностикалау,  диагностика,  таралу  ошағына  эпидемияға  қарсы  шараларды 

ұйымдастыру бойынша дағды, білім қалыптастыру. 



 

Пәннің міндеттері: 

 



кең  таралған  инфекция  мен  инвазия,  карантиндік  инфекциялар,  сонымен 

қатар  экзотикалық  (әкелінген)  жұқпалы  ауруларға  клиникалық-анамнездік 

мәліметтерге сүйене отырып диагноз қоюды үйрету; 

 



жұқпалы аурулардың  алдын алу шаралары мен негізгі принциптерін үйрету; 

 



жұқпалы  аурулардың  ошағында  эпидемияға  қарсы  және  алдын  алу 

шараларын ұйымдастыру принциптерін үйрету.  



 

 

Білім берудің тҥпкілікті нәтижелері (компетенциялары) 

                             

Студент 

тиісті: 

компетенциялар 

білуге  

жұқпалы аурулардың анықтау негізін; 



 

ауруханаға 

жатқызудың 

клиникалық 

және 

эпидемиологиялық кӛрсеткіштерін; 



 

науқастарды 

үйде 

емдеу 


шарттарын: 

а) 


ішек 

инфекциялары; б) ауа-тамшы инфекциялары; 



 

жұқпалы  аурулардың  алдын-алудың  әдістері  мен  

принциптерін; 

 

карантиндік  инфекцияға  күдіктенген  кезде  эпидемияға 

қарсы шұғыл шараларды ұйымдастыру принциптерін; 

 

емханадағы  жұқпалы  аурулар  кабинетінің  (ЖАК) 

функцияларын 

 

инфекциялық бақылау принциптері 



ҥйреніп алуға  жұқпалы  ауруға  шалдыққан  науқастарды  тексеруге 

дайындауды  және  лабораториялық-құралдық  зерттеу 

әдістерін жүргізуге қатысуды; 

 

жұқпалы 


науқаспен 

жұмыс 


істеу 

барысында 

биоқауіпсіздік принциптерін қолдануды; 

 

жұқпалы  ауру  ошақтарындағы  эпидемияға  қарсы  және 

профилактикалық  шараларды ұйымдастыруды;  

 

тұрғындар  арасында  жұқпалы  аурулармен  ауыруды 

сараптауды 

машықтарды 

игеруге 

аса  қауіпті  инфекциялар  жағдайын  стандартты  анықтау 

әдісін қолдануға 

 

бағытталған  эпидемиологиялық  анамнез  бен  ауру 

анамнезін жинауға;  


 

клиникалық  тексеру  мен  зертханалық-құралдық  зерттеу 



әдістерін интерпретациялауға; 

 

ошақта  профилактикалық  және  эпидемиологияға  қарсы 

шаралар жүргізуге; 

 

жұқпалы  аурулардың  алдын  алуда  санитариялық-ағарту 

жұмыстарын ӛткізуге  

 

Пререквизиттер  мен постреквизиттер 

 

 

Пререквизиттер:  анатомия,  патологиялық  анатомия,  коммуникативті 

дағдылар, клиникалық медицинаға кіріспе, микробиология. 



Постреквизиттер:  эпидемиология  дезинфекциялық  іс  негіздерімен, 

коммунальды  гигиена,  тағам  гигиенасы,  балалар  мен  жасӛспірімдер 

гигиенасы. 

 

2  ПӘН БОЙЫНША САҒАТТЫҢ БӨЛІНУІ 

 

Сағаттың 

жалпы 

саны 

 

Аудиториялық сағаттар  

СӚЖ 

Барлығы 

Дәрістер 

 

Практикалық 

сабақтар 

 

ОСӚЖ 

№1 кредит - 45 

30 



10 



15 

15 


№2 кредит - 45 

30 


10 


15 

15 


№3 кредит - 45 

30 


10 


15 

15 


 

 

3 Пәннің мазмұны* және сабақтардың тақырыптық жоспарының 



үлгілері** 

 

№1 кредит 

 

Инфекциялық  процестегі  инфекция  туралы  ілім.  Жҧқпалы 

аурулардың алдын алу мен жіктеудің жалпы принциптері 

Жұқпалы аурулардың таралуының қысқаша тарихи мәліметтері. Қазақстан 

Республикасындағы  жұқпалы  ауруларды  зерттеудің  негізгі  кезеңдері.

 

Эпидемиялық және спорадикалық аурушылдық.  



«Инфекция»,  «инфекциялық  процесс»  түсініктерінің  анықтамасы. 

Аурушаңдықтың  жалпы  құрылысындағы  жұқпалы  аурулардың  орны.  Қазіргі 

кездегі  жұқпалы  аурулармен  ауырғыштық  құрылымы  және  жұқпалы 

аурулардың  эволюциясы.  Жұқпалы  аурулардың  клиникалық  жіктелуіларын 

құрастыру принциптері. Жұқпалы аурулар калассификациясы. 

Жұқпалы  аурулардың  ағымы,  циклдері.  Жұқпалы  аурудың  жіті  және 



 

созылмалы  формалары.  Жұқпалы  аурулардың  симптомдары  мен  синдромдары 



және оларды бағалау.  

Жұқпалы  ауру  жағдайын  стандартты  анықтау  принциптері  (күмәнді, 

ықтимал  және  дәлелденген  ауру  жағдайлары.  Жұқпалы  аурулардың  ерте 

диагностикасының 

принциптері. 

Диагностикадағы 

анамнездің 

мәні. 


Эпидемиологиялық анамнез.    

Жұқпалы  ауру  диагнозын  қоюдағы  лабораторлық  және  клиникалық-

иммунологиялық мәліметтердің маңызы. Зерттеулердің талдау алдындағы (пре-

аналитический  этап)  және  талдау  (аналитический  этап)  сатылары. 

Диагностиканың  лабораторлық  әдістері:  бактериологиялық,  вирусологиялық, 

микроскопиялық,  серологиялық,  биологиялық,  аллергиялық,  молекулярлы-

генетикалық 

(ПТР, 


сапалық, 

сандық 


анализ). 

Жұқпалы 


аурулар 

диагностикасындағы  экспресс  әдістер.  Биологиялық  материалмен  жұмыс  істеу 

барысындағы  биоқауіпсіздік  принциптері.  Контакттан  кейінгі  алдын  алу  (по-

стконтактная профилактика).  

 Жұқпалы  аурулардың  алдын  алудың  жалпы  принциптері.Инфекция  кӛзін 

тасымалдаушыларды  жоюдағы  профилактикалық  шаралар,  Инфекцияларды 

организмнің  қабылдағыштығы  және  берілу  жолдары.  Бактерия  кӛздерін  жою 

және белсенді анықтау.  

Вакцинді  және  серопрофилактика.  Вакцина  түрлері.  Анатоксиндер. 

Сарысулар. Иммуноглобулиндер. 

Профилактикалық  егулердің  күнтізбесі.  Алдын  алу  егулердің  ұлттық 

күнтізбесі. Ұлттық иммунизация күндері. Эпидемиологиялық кӛрсеткіштермен  

егулерді жүргізу. Егулерге қарсы кӛрсеткіштер. Вакцинацияның асқынуы. 

Санитарлық-ағарту  жұмыстарының  жұқпалы  ауруларды  алдын  алудағы 

ролі және орны. әрекеттік аспекттер. 

Жұқпалы аурулардың ауру тарихын  толтыру. 



 

Ішек инфекциялары және инвазиялары 

Дизентерия 

Этиологиясы. Қоздырғыш, оның негізгі қасиеттері. Шигеллалардың қазіргі 

жіктелуі.  Қоздырғыштың  сыртқы  ортадағы  тұрақтылығы.  Эпидемиологиясы. 

Инфекция  кӛздері.  Дизентерия  таралуындағы  атипті  формалы  науқастардың 

маңызы.  Жұғу  механизмі.  Шигеллалардың  әртүрлі  түрлеріне  арналған  таралу 

жолдары 


мен 

факторлары. 

Иммунитет. 

Маусымдылық. 

Патогенезі

Инфекцияның  ену  қақпалары.  Қоздырғыштың  инвазивті  және  токсигенді 

қасиетінің  ролі.  Клиникасы.  Дизентерияның  клиникалық  жіктелуі.  Аурудың 

түрлі 


клиникалық 

варианттарындағы 

инкубациялық 

кезеңдер. 

Жіті 

дизентериядағы  колиттік,  гастроэнтероколиттік  және  гастроэнтериттік 



нұсқаларының  сипаты.  Ағымының  ауырлық  критерийлері.  Дизентерияның 

субклиникалық ағымы (бактерия тасымалдаушылық). Дизентерияның асқынуы, 

дизентериядан кейінгі жағдай. Созылмалы дизентерия және оның варианттары. 

Созылмалы  дизентерияның  дамуына  әсер  ететін  шарттар.  Ағымның  қазіргі 



 

ерекшеліктері.  Болжам.  Диагностикасы.  Науқастың  эпидемиологиялық 



анамнезі  мен  клиникалық  тексерулердің  маңызы.  Бактериологиялық  және 

серологиялық  РНГА  эритроциттік  дизентериялық  диагностикумымен,  ИФА, 

НРИФ)  әдістер.  Диагностиканың  копроскопиялық  әдістері.  Аспапты  әдіс 

(ректороманоскопия). Ректоманоскопиялық кӛрсеткіштер.    

Коагглютинация  реакциясының,  иммунофлюоресцентті  әдіс  және 

иммуноглобулинді  (антиденесімен)  диагностикумы  бар  РНГА  кӛмегімен 

жасалатын экспресс-диагностика. Саралау диагнозы. 

Алдын-алу.  Науқастардың  диагнозын  ерте  анықтаудың  ролі  және  оларды 

стационарда  және  үйде  тиімді  емдеу.  Ағымды  және  қорытынды  дезинфекция. 

Емханада  ЖАК-та  реконвалесценттерді  диспансерлік  бақылау.  Санитарлық-

ағарту жұмысы. 

 

Сальмонеллез 

Этиологиясы.  Сальмонеллездің  қоздырғышы,  олардың  маңызды  қасиеті. 

Жіктелуілау принциптері. Эпидемиологиясы. Сальмонеллездердің адамдар мен 

жануарлар  арасында  таралуы.  Сальмонеллездің  берілу  факторлары,  таралу 

жолдары.  Қабылдағыштық.  Иммунитет.  Споралық  аурушаңдық  және  топтық 

ошақтар. Маусымдылық. Патогенезі. Патологиялық анатомия. Сальмонеллездің 

жергілікті  және  таралған  (генерализденген)  түрлерінің  патогенезі.  Клиникасы. 

Сальмонеллездің  жіктелуі.  Сальмонеллездің  генерализацияланған  түрлерінің 

клиникасы  (ішсүзектік  және  септикопиемиялық).  Бактериятасымалдаушы. 

Асқыну.  Диагностикасы.  Эпидемиологиялық  және  зертханалық  мәліметтердің 

маңызы.  Лабораториялық  диагностика:  бактериологиялық  және  серологиялық 

әдістер, экспресс-диагностика. Ағымның заманауи ерекшеліктері. 

Емі.  Сальмонеллездің  ошақты  және  генерализацияланған  түрлерін  емдеу 

принциптері.  Бактериятасымалдаушылықты  емдеу.  Ауруханадан  шығару 

критерийлері.  Алдын  алуы.  Науқасты  ерте  анықтаудың  және  ауруханада  және 

үйде  тиімді  емдеу  маңызы.

 

Күнделікті  және  ақырғы  дизенфекция.  Емхананың 



ЖАК  реконвалесценттерді  диспансеризациялық  бақылауы.  Санитарлық-ағарту 

жұмысы. 


 

Вирусты гастроэнтериттер 

Этиологиясы. 

Ротавирустар 

вирусты 


гастроэнтериттердің 

негізгі 


себептерінің бірі. Гастроэнтериттің дамуындағы басқа вирустардың маңызы.  

Эпидемиологиясы.  Шығу  кӛзі.  Таралу  жолдары  мен  жұғу  механизмі. 

Қабылдағыштық. Иммунитет. Маусымдылық. Кездейсоқ және топтық аурулар.  

Патогенезі.  Патологиялық  анатомия.  Вирустың  энтероцитке  енуі 

(энтеротроптық).  Вирустың  репродукциясы.  Асқорытудың  мембранды  және 

қуысты  бұзылыстары.  Клиникасы:  инкубациялық  кезеңі.  Аурудың  ерте  және 

айқын  кезеңдегі  симптоматикасы.  Болжам.  Диагностика.  Емі.  Алдын  алу.

 

Санитарлық-ағарту жұмысы.



 

 


 

Эшерихиоздар 

Этиологиясы. 

Эшерихиоздың 

сипаттамасы. 

Олардың 


антигендік 

құрылымдары.  Эшерехиоздың  жіктелуі.  Эпидемиологиясы.  Эшерихиоздың 

шығу  кӛзі.  Жұғу  механизмі.  Таралу  жолдары.  Инфекцияның  берілу 

факторлары.  Патогенезі.  Патологиялық  анатомия.  Эшерихияның  токсигенді 

және инвазивті қасиеттерінің ролі. Ішкі ағзалардағы патологиялық ӛзгерістер.  

Клиникасы. 

Дизентерия 

және 


тырысқақ 

тәрізді 


эшерихиоздың 

симптоматикасы мен ағымы. Ағымының қазіргі ерекшеліктері.

 

Болжамы. 



Диагностикасы.  Эшерихиоз  диагностикасындағы  клиникалық  және 

эпидемиологиялық  мәліметтердің  маңызы.  Спецификалы  диагностика: 

бактериологиялық  және  серологиялық:  ТЕГАР;  иммунофлюресцетті  әдістің 

кӛмегімен  және  ТЕГАР    (РНГА)  иммуноглобулинді  диагностикасының 

кӛмегімен  жасалатын  эшерихиоздың  экспресс  диагностикасы.  Саралау 

диагнозы. Алдын-алу. Санитарлық-ағарту жұмысы.  



 

Тырысқақ 

Этиологиясы.  Классикалық  тырысқақ  вибрионы  және  және  Эль-Тор 

вибрионы.  Олардың  негізгі  қасиеттері  токсиндердің  сипаттамасы.  Сыртқы 

ортадағы  тұрақтылығы.  Эпидемиологиясы.  Инфекцияның  шығу  кӛзі.  Жұғу 

механизмі,  инфекцияның  таралу  және  берілу  жолдары.  Эль-Тор  тырысқақтың 

эпидемиялық 

ерекшеліктері. 

Патогенезі. 

Патологиялық 

анатомия. 

Қоздырғыштың енуі және оның кӛбеюі. Холероген токсиндерінің жіңішке ішек  

жасушасының  ферменттік  жүйесіне  әсері.  Диарея  патогенезі,  су-электролитті 

бұзылыстар,  метоболикалық  ацидоз,  жүрек-қантамыр  бұзылулары,  бүйрек 

қызметінің бұзылуы. Ішкі ағзалардағы патологиялық ӛзгерістер.  

Клиникасы.  Ағымының  қазіргі  ерекшеліктері.

 

Дегидратацияның  4 



дәрежесіне  байланысты  клиникалық  және  патогенетикалық  мінездемесі.  Эль-

Тор  тырысқақтың  клиникалық  ерекшеліктері.Гиповолемиялық  шоктың 

клиникасы. Асқынуы. Болжамы. Диагностикасы. Науқастың эпидемиологиялық 

анамнезі  мен  клиникалық  тексерілуінің  маңызы.  Бактериологиялық 

диагностика (құсық, ӛт, аутопсиялық материал). Экспресс диагностика әдістері. 

Алу ережелері, материалдық зерттеу. 

Алдын-алуы.  Эпидемиялық  ошақтың  орналасуы,  ошақты  жою. 

Тырысқақтың  енуіне  жол  бермеу.  Диагнозды  ерте  анықтаудың,  науқастарды 

госпитализацияаудың,  қарым-қатынаста  болған  адамдарды  бактериологиялық 

тексерудің 

тиімділігі. 

Ағымдық 


және 

қорытынды 

дезинфекция. 

Вибрионтасымалдаушыны 

клиникалық-бактериологиялық 

бақылау. 

Антибиотиктермен жедел алдын алу. Санитарлық-ағарту жұмысы.

 

Тырысқақпен  күресуге  арналған  халықаралық  ережелер  мен  карантинді 



шаралар. 

 

 

 

10 

 

Тағамдық токсикоинфекция 

Этиологиясы.  Эпидемиологиясы.  Тағамдық  токсикоинфекцияның  таралу 

кӛзі,    берілу  механизмі.  Токсиндердің  берілуіндегі  әртүрлі  тағамдардың  ролі. 

Кездейсоқ  аурушаңдық  және  топтық  тұтану.  Патогенезі.  Патологиялық 

анатомия.  Клиникасы.  Ағымының  қазіргі  ерекшеліктері.

 

Инкубациялық  кезең. 



Асқазан ішек жолының әртүрлі бӛлімдерінің зақымдануындағы ауру ағымының 

клиникалық нұсқалары. Ауырлық дәрежесі. Асқыну. Болжам.  

Диагностикасы.  Диагностиканың  бактериологиялық  әдісінің    жетекшілік 

маңызы. Қоздырғыштардың аутоиммундармен  серологиялық реакциясы.  

Алдын алу. Санитариялық-гигиеналық шаралар. 

 

Іш сҥзек, А және В паратифтер 

Этиологиясы. Қоздырғыш оның негізгі қасиеттері, антигенді  құрылымы, L 

түрлі  қоздырғыш.  Эпидемиологиясы.  Инфекция  кӛзі.  Берілу  механизмі  мен 

жұғу  жолдары.  Тағамдық  және  ошақтық  тұтанулар.  Тұрғындардың 

қабылдағыштығы.  Патогенезі.  Патологиялық  анатомия.  Қоздырғыштың  енуі, 

ішектің  лимфалық  аймағында,  лимфалық  түйіндерінде  кӛбеюі.    Жасушаішілік 

паразиттену,  бактериемия,  токсинемия.  Ошақты  зақымдалу.  Аллергиялық 

реакция. 

Жіңішке 

ішектің 


лимфалық 

аппаратындағы 

патологиялық 

ӛзгерістердің циклділігі. Басқа органдар мен жүйелердегі ӛзгерістер. 

Клиника.  Инкубациялық  кезең.  Клиникалық  кезең.  Ішсүзектің  ағымының 

циклділігі. 

Аурудың 

айқын 


кезеңіндегі 

клиникалық 

сипаттамасы. 

Температуралық қисықтың түрлері. Бӛртпелердің пайда болу уақыты. Орталық 

нерв  және  жүрек-қантамыр  жүйелері  қызметінің  бұзылуы.  Асқазан-  ішек 

жолының  зақымдалу  белгілері.  Ішсүзектің  ауырлық дәрежесінің критерийлері. 

А  және  В  паратифтерінің  клиникалық  ағымының  ерекшеліктері.  Ішсүзектің 

ӛршуі 


мен 

ремиссиясы. 

Асқынуы. 

Болжамы. 

Диагностикасы. 

Эпидемиологиялық  және  клиникалық  мәліметтердің  ролі.  Гемограмма. 

Лабораториялық  диагностика:  бактериологиялық  және  серологиялық  (Видаль 

реакциясы  ТЕГАР  О,  Н  және  Vi  инфекцияның  экспресс  диагностикасы). 

Аурудың  әртүрлі  кезеңінде  оптимальды  лабораториялық  диагностикалық 

әдістерді таңдау.  

Алдын-алу. 

Спецификалы 

алдын 

алу. 


Реконвалесценттерді  

диспансеризациялау принциптері.

 

Санитарлық-ағарту жұмысы. 



 


Каталог: docs -> ГОСОиТУПы -> Высшее%20медицинское%20образование -> ТУП -> Специальность%205B110400%20Медико-профилактическое%20дело
Специальность%205B110400%20Медико-профилактическое%20дело -> Бакалавриат
Специальность%205B110400%20Медико-профилактическое%20дело -> БАҒдарламасы бакалавриат
Специальность%205B110400%20Медико-профилактическое%20дело -> Бакалавриат жалпы гигиена
Специальность%205B110400%20Медико-профилактическое%20дело -> БАҒдарламасы бакалавриат
Специальность%205B110400%20Медико-профилактическое%20дело -> Ҥлгілік оқу бағдарламасы бакалавриат
Специальность%205B110400%20Медико-профилактическое%20дело -> БАҒдарламасы бакалавриат
ТУП -> БАҒдарламасы интернатура

жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет