Бағдарламасы 2-бетте 4-5-беттерде 8-бетте Көзілдірік тарихына көз жүгіртейік Қазақтың ұлтжандылығы



жүктеу 330.27 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата20.03.2017
өлшемі330.27 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

«Жасыл ел» 

жұмысқа кірісті

Айқын 

мақсаттың 

бағдарламасы

2-бетте


4-5-беттерде

8-бетте


Көзілдірік 

тарихына 

көз жүгіртейік...

Қазақтың ұлтжандылығы, 

отансүйгіштігі ежелден қалып­

тас қан. «Туған жерге туың тік», 

«Туған жердей жер болмас, туған 

елдей ел болмас» дейді дана 

халқымыз. Тоқсан ауыз сөздің 

тобықтай түйінінен ұғы нарымыз 

көп екені хақ. Әуел гісі, туған 

елдің қадірі болса, кейінгісі, 

елге, жерге ай налудың негізгі 

фактісі – ұлт жандылық екендігін 

ұғындырады. 

Қатпар­қатпар тарих беттерін 

ақтарар болсақ, ел қорғаған 

ерлердің батырлығы, дауды шеш­

кен шешендердің тапқырлығы, 

ақын­жыраулар дың  Қобыланды, 

Алпамыс  жыр ла рындай  халық 

ауыз әдебиетінің жауһарлары 

бүгінгі ұрпаққа жеткен асыл 

қазына. Тектілікті дәні қанына 

әбден сіңген қазақ жастары бұл 

күнде батырлар жыры арқылы 

да, қазіргі замандық патриоттық 

шаралар арқылы да өз жерін 

қорғауды, оны жан­тәнімен 

сүюді, құрметтеуді сезініп, елдің 

көркеюі жолында еңбек етуді 

мақсат етуі керек. 

Бәйдібек баба, Қойгелді, Сы­

патай, Көшек, Райымбектей ел 

қорғаған батырлардың,  Ахмет, 

Бейімбет, Мағжан, Міржақыптай 

қайраткерлердің, Ыбырай, Абай, 

Шоқандай тұлғаларымыздың 

атқарған істері бүгінгі ұрпақты 

қазақстандық патриотизмде 

тәрбиелеуге негіз болады.

(Жалғасы 6-бетте)

8-бет 


Мемлекет басшысы ел ал­

дында реформалық жүйелі жос–

пар құрып, нақты 100 қадамды 

белгіледі. Бұл ұлт болашағы үшін 

жасалып отырған маңызды ша­

руа болғандықтан ұлттық мәнге 

ие. Мықты әрі дамыған мем­

лекет болу үшін тек мемлекет 

басшылығы, басқарушы орган­

дары ғана емес, бүтін ел болып, 

жұрт болып атсалысу керек. Ота­

нын сүйетін әр азамат өзінің туған 

жері үшін аянбай тер төгуі шарт. 

Бұл қағида Қазақстан халқына 

тән. Біздің күш – халықта, біздің 

күш – бірлікте. Дәл осы қағидадан 

еліміздің өркендеуі мен дамуы ба­

стау алады. Ал Елбасы ұсынған 

Халықтық реформа жарқын 

болашаққа жедел жеткізетін 

ақ желкен болмақ. Сондықтан 

ұлттық жоспар – ортақ іске ай­

налуы керек. Осы орайда Қыздар 

газетінің «наурыз көжесі»

Жастар – ел ертеңінің қазынасы

№8 (131)


15 маусым

2015 жыл


Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университетінде 5 

маусым күні мемлекет 

басшысының халықтық 

реформасында көрсетілген 

100 қадамды жүзеге асыруға 

байланысты «Елбасы 

ұсынған 5 институционалды 

реформа – ел бірлігін 

бекемдеп, тұрақтылықты 

нығайту» тақырыбында 

республикалық  кон фе­

ренциясы болып өтті.

Тектілік пен рухтылық, отансүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді 

бойына қуат, өмірлеріне мұрат еткен бүгінгі ұрпақ Қазақстанның 

шынайы патриоты болу, өз елін жүрегінде сақтауы керек. 

Қазақстан – біздің еліміз. Бізде екінші отан жоқ. 

МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛУҒА 

БАСТАЙТЫН РЕФОРМА

КАРЛАГ­тан 

басталған қызмет

Қазақстан Республика­

сының Білім беру сала­

сында терең тарихы мен 

дәстүрі қалыптасып, 

зор жетістіктерге жет­

кен жетекші жоғары оқу 

орындарының бірі болып 

отырған Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университеті жетпіс жыл 

ішінде елу мыңнан аса 

педагог мамандар дайын­

дап, республикамыздың 

өркендеуіне үлкен үлес 

қосып келеді. 

Оқу орнының өткен та­

рихы, жүріп өткен жолы, 

бүгінгі жай­күйі мен болашақ 

бағдары туралы айтар сөзіміз 

шексіз. Заңғар жазушы Мұхтар 

Омарханұлы Әуезовтің ақ ба­

тасын алған киелі шаңырақ 

бүгінде дәстүрі қалыптасқан, 

басқа жоғары оқу орындары­

на ұқсамайтын өзіндік бет­

бейнесі айқындалған, «Қазақ 

қыздарының парасат мектебі» 

ретінде елімізге әйгілі білім 

ордасы болып отыр.

Тәуелсіз Орта Азия мем­

лекеттері арасында қыздар 

ғана оқитын жалғыз білім ор­

дасын қазіргі кезде бұрынғы 

қай кездегімен салыстарғанда 

да оқытушылар құрамы ғы­

лыми атақтары бар ұлағатты 

ұстаздармен, түрлі олимпиада 

жетістіктерімен, спорт және 

мәдениет жетістіктерімен 

халықаралық байланыстары­

мен, білім бері сапасының 

жоғары деңгейімен айшық­

талып, материалдық­техни­

калық және оқу­әдістемелік 

мүмкіндіктері жаңа деңгейде 

артты. Аталған факторлардың 

барлығы да оқу ордасының 

атақ­абыройына қаншалықты 

әсер етсе, білім алған студент­

тердің еңбек жолы, жеткен 

же тіс тігі мен шыққан биігі 

сон шалықты әсер етеді.



(Жалғасы 7-бетте)

университетінде ел ағалары, қоғам 

қайраткерлері, ғалымдар мен 

профессорлардың қатысуымен 

к е ң   а у қ ы м д ы   к о н ф е р е н ц и я 

отырысы ұйымдастырылды. 

Жұмыла көтерген жүк жеңіл 

д е м е к ш і   Е л б а с ы н ы ң   и н с ­

ти туцио налды  реформалары­

на арналған конференцияға 

Қа зақстанның құқықтық не­

гізінің қалануына септігін ти­

гізген ҚР ҰҒА­ның академигі 

Сұлтан Сартаев, ҚР ҰҒА­ның 

ака демигі Әбдімәлік Нысанба­

ев, «Мемлекеттік тілге құрмет» 

бірлестігінің төрайымы Асылы 

Осман секілді елімізге белгілі 

тұлғалар, сонымен қатар, саясат­

тану ғылымдарының докторы, 

профессор, әл­Фараби атындағы 

ҚазҰУ саясаттану кафедрасының 

м е ң г е р у ш і с і   Г . Ө . Н а с и м о в а 

және ҚазМемҚызПУ филосо­

фия ғылымдарының докторы 

С.И.Оспанов бастаған таны­

мал ғалымдар мен оқу орнының 

ғылыми­педагогикалық құрамы 

қатысты.

(Жалғасы 3-бетте)

Пайдалысын 

таңдап іш


2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (131)

15 маусым

2015 жыл

А Қ П А Р А Т



Ерліктің нышаны, 

бірліктің ұраны

болып қалыптасуы үшін оның ең алғашқы 

жасайтын маңызды ресми қадамдарының 

бірі – елдің Туын, Әнұранын, Елтаңбасын 

белгілеп алуы. Өйткені, мемлекеттік 

рәміздер – белгілі бір халықтың өзінше 

өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, 

айрықша арман­аңсарын, басқалармен бай­

ланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік 

деген қасиетті ұғым мәдени нышандар 

ретінде сөйлейді», – деген келелі пікірмен 

жиынның ресми бөлімін ашты.

Мемлекеттік рәміздеріміз заңдық­

құқықтық негізде қалай қорғалатыны 

туралы Әлеуметтік­гуманитарлық факуль­

теті, құқық және басқару негіздері 

кафедрасының доценті, тарих ғылым­

дарының кандидаты Ақмарал Қожабекова 

нақты әрі мазмұнды баяндама жасады. 

Ал, Алмалы ауданы «Жас Отан» жастар 

қанатының атқарушы хатшысы, фи­

зика­математика факультетінің 3­курс 

студенті Кәмшат Мәлік жастар атынан сөз 

сөйлеп, рәміздерге жеке­жеке тоқталып 

өтті. Сондай­ақ, құрметті ұстаз, техни­

ка ғылымдарының докторы, профессор 

Әжімұқан Жамалов «Тәуелсіз еліміздің 

ұрпағы өз елінің құндылықтарын бағалауы 

қажет. Мұндай мерекелік шара дәстүрлі 

түрде өтіп тұрғаны абзал, құптарлық 

жоба», – деп шараның маңыздылығын жіті 

түсіндірді.

1992 жылы 4 маусым күні Қазақстанның 

жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш бекітіліп, 

сол күннен бастап жыл сайын аталып келеді. 

Көк байрағымыздың авторы – Шәкен Ни­

язбеков болса, Елтаңбаны «өмірге әкелген» 

– қос танымал сәулетші Жандарбек 

Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. 2006 жылы 

Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов 

және Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлы­

ғымен жаңа Мемлекеттік Әнұран қабыл­

данғаны баршамызға белгілі. Осы ме­

реке аясында «Рәміздер – ерліктің 

нышаны, бірліктің ұраны» атты кітап 

көрмесі ұйымдастырылды. Елдігімізді 

айқындайтын Мемлекеттік рәміздерді 

құрметтеу арқылы өзімізді құрметтей 

аламыз. Қыздар университетінде өткен 

мемлекеттік рәміздер туралы іс­шараның 

тағылымы мол болды.

Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ

4 маусым – Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік 

рәміздері күні. Осы мемлекеттік 

мереке құрметіне орай Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің ғылыми­

педагогикалық қызметкерлері 

алғашқы жұмысты Мемлекеттік 

Әнұран айтумен бастады. 

Университет басшысы Д. Нөкетаева 

өз сөзінде: «Бүгін айтулы да, маңызы 

зор мереке. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: 

«Біз тәуелсіздікке қол жеткіздік, енді 

сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де 

ерекше қадірлеуіміз қажет, әрбір аза­

мат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, 

Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет, 

Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» деген 

еді. Арайлы таңымыз атқан қазіргі уақытта 

мемлекеттік рәміздерінің мән­маңызын 

өскелең ұрпақ біліп өсуімен қатар, көздің 

қарашығындай сақтап, аса құрметпен 

қарап, қорғауы керек. Ол үшін әуелі біз 

өзімізден бастап, үлгі көрсетуіміз қажет», – 

деді. 

Университеттегі мерекелік шара 



«Тәуелсіз Қазақстан туымен – тұғырлы, 

әнұранымен – айбатты, елтаңбасымен – 

еңселі» атты дөңгелек үстелмен жалғасты. 

Тәрбие және әлеуметтік департаментінің ди­

ректоры Ермек Иманбаев: «Белгілі ойшыл, 

ғұлама Конфуцийдің «Әлемді нышандар 

мен рәміздер билейді» деген пікіріне қарап­

ақ, біз рәміздердің қаншалықты маңызды 

екенін байқаймыз. Мемлекеттің мемлекет 

«Жасыл ел» 

жұмысқа кірісті

ЖАСЫН


6 маусым күні Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті студенттері Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті паркінде «Жасыл 

ел» бағдарламасының биылғы маусымының ашылу 

салтанатына қатысты. Алматы қаласы әкімі А.Есімовтің 

қатысуымен жазғы демалыс кезінде жастарға әртүрлі 

бағыттар бойынша студенттік отрядтарда жұмыс істеуге, 

қалаларды көгалдандыруға мүмкіндік беретін «Жасыл ел» 

бағдарламасы өз жұмысын бастады.

«Жасыл ел» жалпыұлттық бағдарламасы бой­

ынша елдімекендерді көркейту жұмыстарын ұйым­

дастырылып, оған әр тараптан студент жастар атса­

лысып келеді. Бұл игі іс­шараның негізі Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеу­

меттік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы 

бойынша қаланған болатын.

Әр жасұлан өз халқының қадірін түсініп, мәртебесін 

өсіріп, патриот болуы керек. Олардың жүрегі үнемі 

«бәрі де Қазақстан үшін» деп соғып тұрғаны абзал. 

Өйткені, жастар – ұлтымыздың баянды болашағы, 

кемелді келешегі. Бойында рух пен жалыны тасыған жа­

старды дұрыс жолға салып, тәлімді тәрбие беру арқылы 

Қазақстанды дамыта аламыз. Осы орайда, жастар саяса­

тын жүзеге асыру мәселесінің бір құрамдас бөлігі деуге 

де болады, «Жасыл ел» бағдарламасы қарқынды жұмыс 

істеп келеді.

«Жасыл ел» бағдарламасы табиғатты қорғап, эко­

логияны тазартуға үлес қосуымен қатар, жастардың 

еңбекке деген құлшынысын арттыруға бағытталған. 

Жазғы демалыс кезінде студент­жастар уақытты тиімді 

пайдаланып, ауылдар мен қалалардың ауасын тазартуға 

септігін тигізіп, өздері қаржы­қаражат тапқаны, ол – 

үлкен жетістік. «Сабағымызды ойдағыдай тәмамдап, 

әсем қала Алматының тазалығы үшін титтей де болса 

көмегіміз тигені – мен сияқты жастар үшін олжа деп 

білемін. Себебі, осындай алып шаһарда, қастерлі 

қарашаңырақта оқу бақыты маңдайымызға бұйырған 

еді. Енді біз оқыған университетімізге де, тұрып 

жатқан қаламызға да жауаптымыз. Ал, жауапкершілікті 

атқару – зор міндет», –  дейді Физика­математика 

факультетінің студенті, «Жасыл ел» бағдарламасының 

төрайымы Ұлжан Айдарбек.

Осы бағдарлама аясында Қыздар университетінен 

40 студент белсене араласты. Жастар үшін бұл өзінше 

мектеп болды.

Арай ӨТЕЕВА

БАСҚОСУ


Азалы тарихқа айрықша тағзым

Қыздар университетінде Әлеумет­

тік­гуманитарлық факультеті, 

Тарих және Қазақстан тарихы 

кафедрасының ұйымдастыруымен 

саяси қуғын­сүргін құрбандарын 

еске алу күніне арналған «Азалы 

тарихқа – айрықша тағзым» атты 

дөңгелек үстел өтті.

31 мамыр ­ саяси қуғын­сүргін 

құрбандарын еске алу күні ­ Қазақстан 

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң   П р е з и д е н т і 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 

1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. 

Қазақ үшін қасіретті, тарих бетінде өз 

таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ 

ұмытпақ емес. Осы мақсатта басқосқан 

жиынға қазақ зияларының бірі, көрнекті 

мемлекет және қоғам қайраткері, 

қуғын­сүргін құрбаны Мұхамеджан 

Тынышбаевтың ұрпағы ­ Қазақ­

Британ техникалық университетінің 

профессоры, техника ғылымдарының 

докторы Даулет Мұхамеджанұлы Ты­

нышбаев, оқу орнының ұстаздары, 

оқытушы­профессор құрамы, тарихшы 

ғалымдары мен кітапхана қызметкерлері 

қатысты. Дөңгелек үстел қуғын­сүргін 

құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске 

алумен басталды.

«31 мамыр – Қазақстан үшін ерекше 

аталынып өтетін қаралы дата. Біз бұл 

күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай 

айта салғанымызбен, оның түбінде 

үлкен қайғы­қасірет жатыр. Әрбір 

қазақтың баласы осы қайғы­қасіретті 

ұмытпауы керек», – деп дөңгелек үстелді 

ашқан Қазақстан тарихы кафедрасының 

аға оқытушысы, PhD докторы Ардақ 

Нұрмұхамбетов шараның басты мәні 

мен маңызына тоқталып өтті.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі 

Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» 

беттерінің біразы Алаш партиясы 

мен Алашордаға соның ішінде, Алаш 

қайраткерлеріне тікелей байланысты 

болды. Солардың бірі мемлекет және 

қоғам қайраткері, ағартушы, тарихшы­

ғалым, өлкетанушы, қазақтан шыққан 

тұңғыш теміржол инженері, саяси 

қуғын­сүргін құрбаны Мұхамеджан Ты­

нышбаев еді. Ол туған халқының мұңын 

мұңдап, жоғын жоқтап баспасөзде уыт­

ты мақалалар жариялап, әр түрлі жи­

ындарда сөз сөйлеп, патша өкіметінің 

жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт­

насихат жүргізген. 

Шараға арнайы қатысқан Мұхамед­

жан Тынышбаевтың ұрпағы Даулет 

Мұхамеджанұлы дөңгелек үстелде 

қайраткердің ұрпаққа ой салар, үлгі 

болар өмірі мен қазақ мемлекеті үшін 

жасаған ерліктері, қызметі тура­

лы, көпшілік біле бермейтін тарихи 

оқиғалармен, анасын «Алжирден» қалай 

аман алып қалғандығы жөнінде, қоғам 

қайраткерінің қалай өмірден өткендігі 

жайлы сыр шертіп, қатысушылармен 

өзінің, әкесінің өмір жолымен бөлісті.

«Тарих – халықтың жады мен 

зердесі. Ендеше, «Өткенді білмей бола­

шақты болжау мүмкін емес». Шы­

найы ел тарихын білу арқылы тари­

хи сана бекиді, тарихи сана арқылы 

ұлттық сана қалыптасады. Бұл түптеп 

келгенде тәуелсіздігіміздің баянды 

болуының кепілі. Голощекиннің 

құрығынан құрбан болған жазықсыз 

жандардың бейнесін мәңгілікке есте 

тұту мүмкіндігіне тәуелсіздігімізді 

алғалы ғана қол жеткізгендіктен, саяси 

қуғын­сүргін құрбандарын әлі зерт­

теу тарихшылардың еншісінде. Ұлтқа 

жасалған үлкен қиянатты болашақ 

ұрпақ ұмытпауы керек, білуі керек», 

– деді жиында оқу орнының ұстазы, 

«Қазақстан тарихы» кафедрасының 

доценті Ердәулет Берлібаев.

Дөңгелек үстелде тоталитарлық жүйе 

кезіндегі саяси қуғын­сүргін, қолдан 

жасалған жаппай ашаршылықтың туын­

дау себептері, салдары, отандық тарих 

ғылымындағы өзекті мәселелермен 

қатар, зерттеу нысаны жан­жақты 

талқыланып, талданды. Нәтижесінде 

ғалымдар, оқытушылар баяндама жасап, 

алға қойған мәселелерді жан­жақты 

талдап, дөңгелек үстелде көзделген 

мақсатқа қол жеткізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің 

мақсатымыз жау іздеу емес, болған 

қасіретті ұмытпау, нақты тарихты 

білу, оны жазып қалдыру және біздің 

тұқым­жұрағаттарымыз білу үшін еске 

алып отыру. Біз әлдекімді немесе та­

рихты кінәлағымыз келмейді. Біз тек 

шындықты білгіміз келеді. Шындықты 

білу арқылы тап сондай нәубат қайта­

ланбас үшін не істеу керек екенін бі­

леміз», деген еді. Иә, сол жылдары қан 

ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы 

жоқтың қасы болды. Қазақ тарихындағы 

қаралы кезеңді естен шығармай, жа­

дында сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті, 

азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір аза­

маты үшін жазықсыз жапа шеккен аға 

ұрпақтың есімдерін мәңгілік құрметтеу, 

еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.



Нәзира ЕЛЕУХАН

3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (131)

15 маусым

2015 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К



МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛУҒА 

БАСТАЙТЫН РЕФОРМА

(Басы 1-бетте)

« Ж ү з   қ а д а м н а н   т ұ р а т ы н   Е л б а с ы 

Н.Ә.Назарбаев белгілеп берген Ұлт жоспары 

ортақ іске айналуы керек» деп ортақ мақсатты 

тұтқан конференцияға қатысушылар жиында 

Елбасының 5 институционалды реформасы ту­

ралы өз ойларын ортаға салып, Қазақстанның 

әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына 

ену бағытындағы пікірлерін білдірді.

Жиын ҚР Әнұранының орындалуымен 

ашылды. Конференция жұмысын ашқан 

оқу орынның басшысы Динар Нөкетаева 

алдымен барша қауымды кеше атап өтілген 4 

маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен 

құттықтап, Елбасы ұсынған халықтық 5 

реформаның маңызы мен мәніне тоқталып 

өтті. «Бүтін ел болып мемлекетіміздің 

жарқын болашағы үшін үлкен іске қызу 

кірісіп, білім мен ғылым саласы бойынша 

өзіміздің сүбелі үлесімізді қосуға барынша 

ниеттіміз. Себебі, ҚР Тұңғыш Президенті­

Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз үшін әлемдік 

дағдарысқа біртұтас күресуде баламасы 

Жоғарыда аталған зертханалар болашақта 

отандық және шетелдік ұйымдармен бірлескен 

ғылыми­зерттеу жобаларын, тәжірибелік­

конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, 

сондай­ақ, оларды коммерцияландыруға 

қызмет етпек. Сонымен қатар, болашақта 

аталған зертханаларды аккредиттеу мәселелері 

де қолға алынбақ. Шетелдік серіктес жоғары 

оқу орындарымен де ортақ ғылыми жобалар, 

оқу әдебиеттерін, жалпы ғылыми­зерттеу 

жұмыстарын жүргізу мәселесі қарқынды қолға 

алынып, алғышарттар жасалды. Біз мұны 

жалғастыра беретін боламыз.

Ғылыми зерттеулерді коммерциа ли­

зациялаудың үшінші көрсеткіші старт­ап 

жобаларды қолдау үшін инфрақұрылымды 

ұйымдастыру, ең басты табысты шешім 

университеттің технопаркін құру міндетін 

алдымызға қойып, осы бағытта жұмыстар 

жүргізілетін болады. 2014 жылдан бастап, 

университетте студенттер мен магистранттар 

арасында стартап­жобаларға қызығушылық 

күшейді. Қазіргі таңда «Көп деңгейлі жылу 

насосымен үйлерді жылумен қамтамасыз 

көлемді баяндама жасады. «Елбасы қашанда 

білім­ғылым, тәрбие саласына ерекше мән 

береді. Мәселен, 78­қадамда көрсетілгендей, 

«Назарбаев университеті тәжірибесін ескере 

отырып, ЖОО­лардың академиялық және 

басқарушылық дербестігін кезең­кезеңімен 

кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы 

жекеменшік ЖОО­ларын халықаралық 

тәжірибеге сәйкес трансформациялау» 

мәселелері ұрпақ мүддесі үшін аса құнды. 

Сондай­ақ, 79­қадам нақтылағандай, «Білім 

беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен 

ЖОО­ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең­

кезеңмен көшу» заман талабынан туындаған 

бастама. Бұл бір парасы ғана.... Дегенмен, 

қалған қадамдарда тікелей әрі жанама түрде 

университеттерге міндеттелген жүктемелер 

өте көп. Бұл ЖОО­лардың бәсекеге қабілетті 

әлемнің 30 елінің қатарына кіруде басты 

рөлде ойнайтындығын білдіреді. Сондықтан, 

халықтық реформаның адам капиталына, 

білім беру мәселесіне, ұлт әлеуетін арттыруға 

тигізетін әсері өлшеусіз деуге толық негіз 

бар.

жоқ, амбициясы асқақ, дәлелі тұжырымды, 



ұстанымы кесімді 5 халықтық бағыттан 

тұратын Ұлт Жоспарын жариялады. Бұл – 

тәуелсіздіктің аз ғана жылында көптеген 

мемлекеттер жете алмаған биік белестерді 

еңсерген Қазақстанның әлемнің алдыңғы 

қатарлы 30 елінің қатарына қосылу үшін 

жасалған ғасырлық межесі. Ұлттық жос­

пар – ұлт пен ұлыстарды ұйыстыратын, 

біріккен саусақ пен иліккен иненің көзінен 

өтетін өткір де ұтқыр идеяға құрылған ортақ 

іс екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. Ондағы 

көрсетілген 100 қадам – Көк Туымыздағы 

тармақталған сәуле секілді әр тарапқа нұрын 

төккен Мәңгілік Елдің аспандаған ады­

мы. Нұрсұлтан Назарбаевтың нұрлы жолы, 

мәңгілік тақырыпқа құрылған нақты идеясы», 

деген Д.Нөкетаева «Елбасының реформалық 

бағдары және оның орындалу жолындағы 

тездеткіш катализатор іспетті» деп баға берді.

Оқу орын ректоры Динар Нөкетаева 

сонымен қатар,: «Ұлттық жоспардағы жүз 

қадамның 7 нақты қадамы жоғары оқу орын­

дарына тікелей арналған. Дегенмен, дамуға 

жетелейтін басқа тетіктер бізге қатысты емес 

деп айта алмаймыз. Олардың әрқайсысы 

университет жұмысы және оның кадрларына 

арналған. Сондықтан, Қыздар университеті 

Ұлттық жоспардың орындалуына бірауыздан 

үлес қосады», дей келе білім ошағының 

білім­ғылым саласындағы жетістіктерімен 

бөлісіп, баршаға бірдей осы заманғы мемле­

кет, заңның үстемдігі, тұрақты экономика, 

мызғымас, мәңгілік болашағы біртұтас ұлт, 

ашық мемлекет құрудағы білім мен ғылым 

салалараның атқаратын рөлі жайында 

Екіншіден, біздің мемлекеттің кәсіби аппа­

раты қазіргі заман талабына сай қалыптасуы 

керек. Үшіншіден, Қазақстан дамуы үшін, 

үлкен реформаларды жүзеге асыру үшін, 2050 

стратегиясын жүзеге асыру үшін еліміздегі 

бірлік ауадай қажет», – деді академик.

Танымал тіл жанашыры, «Мемлекеттік 

тілге – құрмет» қоғамдық бірлестігінің 

т ө р а й ы м ы   А с ы л ы   О с м а н   ж и ы н д а : 

«Мемлекеттік тіл ортақ болмай қоғам топ­

таспайды. Үштұғырлы тіл саясаты дегенде 

қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу керек. 

Ағылшын мен орыс тілі тұғырына қонған 

тілдер. Алаш қайраткері А.Байтұрсынұлы 

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» 

деген, сондықтан да біз үштілділік саясатын­

да қазақ тіліне мән беруіміз керек», – деп 

қадап айтып, мемлекеттік тілді дамытуда, 

қоғам біртұтастығын сақтауда Елбасының 5 

реформасының шынайы халықтық екендігін 

жеткізді.

Конференцияда Қыздар университеті­

нің профессоры С.Н.Жиенбаева: «Құжат­

та  ғы күнделікті позициядан мемлекеттік 

мансаптық үлгісіне көшуін талап етуі – 

аса маңызды тұсы. Бұл айтылғандар мем­

лекеттік қызметке үміткерлердің таңдау 

аясын кейтіп, сапалы кадрларды таңдауға, 

әр адамның қабілетіне қарай тартуға мол 

мүмкіндік, жастарды болашаққа сенімін 

туғызып, тамырластықтан, жемқорлыққа 

шек қойғызатын тетіктердің бірі. Міне, дәл 

осы жерде қызметкердің биік адамгершілігі 

қажет­ақ. Әйтпесе жемқорлық, пара қор­

лық белең алады. Сондықтан бұл бағ дар­

лама – мемлекеттің сипатын өзгертіп, 

қоғамдық дамуды жалғастыратын үлкен 

реформа», – деп пікірін білдірсе, Жалпы 

педагогика кафедрасының меңгерушісі 

Г.Ә.Мұратбаева: «Бес бағытты реформа – 

елдік ілгерілеудің өзегі» атты жарияланған 

мемлекеттік құжат мазмұны негізінен бүгінгі 

қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін сақтауға 

бағытталған. Оның ішінде төртінші ре­

форма мазмұны–бірыңғай болашақ ұлтын 

қалыптастыру мәселесін көтереді» – деді.

Конференцияда «Кәсіби мемлекеттік 

аппарат – саяси жүйенің негізгі тұрақтандыру 

факторы», «Заңның үстемдігі – заманауи 

қоғамның теңдесіз жетістігі», «Индустри­

яландыру және экономикалық өсім – ел 

дамуының негізгі бағыты», «Біздің ел, біздің 

ұлт, біздің болашақ» атты 4 секция жұмыс 

істеп, көптеген ғалымдар арнайы баяндама 

жасады.


ҚазМемҚызПУ Ректор аппаратының 

ж е т е к ш і с і   С . Ж . А й н а қ ұ л о в ,   П е д а г о ­

гика және психология факультетінің де­

каны С.Н.Жиенбаева, э.ғ.д., профессор 

Р.А.Қамшыбаев, п.ғ.д., профессор м.а. 

Г.А.Мұратбаева, ф.ғ.к. Б.М.Сұлтанова 

бастаған профессор­оқытушылар құрамы 

Елбасының «Халықтың 5 реформасы» мен 

«100 нақты қадам» бағдарламасының негізінде 

сала­сала бойынша тармақтап, сарапталған 

баяндамаларын ұсынды. Пленарлық жиында 

жалпы 20­дан аса баяндама жасалып, Мемле­

кет басшысы ұсынған бес институционалдық 

реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 

нақты қадамның практикалық жайттары 

қарастырылды. 5 реформа және 100 қадамда 

көрсетілген шаралардың әрқайсысы ұлтты 

біріктіруге, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет 

ету, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу сынды 

асқақ мақсаттарды көздейді.

Шара соңында бес халықтық реформаны 

жүзеге асыру тетіктері мен оны түсіндіру 

бағытында арнайы Қарар қабылданды. Кон­

ференцияда ең қымбат қазынасы адам болып 

саналатын Баршаға бірдей осы заманғы мем­

лекет, Заңның үстемдігі, Тұрақты экономика, 

Мызғымас, мәңгілік Болашағы біртұтас ұлт, 

Ашық мемлекет құрудағы білім мен ғылым 

салаларының атқаратын рөлі, қосатын үлесі 

белгіленді.



Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2015
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2015 -> Қазақ тарихының тамыры тереңде Мемлекеттік тілге жастар құрметі 2-бетте 6-бетте 7-бетте Асқақ
2015 -> Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны
2015 -> Арынбаев ән арнаған әсем кеш
2015 -> Шәкіртақы иегерлері «Экспо –2017» жастар назарында
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Халық маркасына» дауыс береміз G38 – жастар жиыны
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады АҚШ-тан жеткен сүйінші Түркі әлемінің ғалымдары Алматыда бас
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ғалым жолы – жастарға үлгі «Бекежан» «Қыз Жібектер» ортасында
2015 -> Ұлы дала қыздары Ұлттық
2015 -> КазГосЖенпу – один из старейших вузов Республики Казахстан, первое высшее учеб ное заведение для деву­ шек, осуществляет подготовку вы со ко квалифицированных кад ров по всем отраслям об­ щест венной жизни страны

жүктеу 330.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет