БАҒдарламалар жинағының жобасы



жүктеу 4.89 Kb.
Pdf просмотр
бет1/18
Дата19.03.2017
өлшемі4.89 Kb.
#5132
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК 
 
  «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ» ЖОБАСЫ   
 
 
БАҒДАРЛАМАЛАР ЖИНАҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ  
 
Былғары мен теріні химиялық өңдеу 
 
 (типтік оқу жоспары, оқу білім бағдарламасы  
және арнайы пәндер бойынша типтік оқу жоспарлары) 
 
 
 
 
 
«СОЦИЕТА ИТАЛИАНА ДИ МОНИТОРАДЖИО 
 СОЦИЕТА ПЕР АЗИОНИ» Акционерлік қоғамы 
 
 
 
 
 
Астана 2014 

АЛҒЫ СӨЗ 
 
 
1. «Былғары мен теріні химиялық өңдеу» Кәсіби стандарты негізінде іске қосылған, Қазақстан Республикасының өндіріс 
және жаңа технологиялар министрлігінің  2013 жылдың 28 қарашасындағы № 4-11-5/3494 хатымен келістірілген. 
2.  Алғаш рет енгізілген  
3.  Келісілген 
«Былғары мен теріні химиялық өңдеу» бейіні бойынша Оқу әдістемелік бірлестікпен  
 «3» қараша №9 хаттама 2014 жыл 
 «1» желтоқсан № 9 хаттама 2014 жыл 
ОӘБ төрағасы Джандыбаев Т.М.   аты-жөні 
 
«Республикалық техникалық және кәсіби оқыту және біліктілікті иемденудің ғылыми-әдістемелік даму орталығы» АҚ-
мен 
 «30» желтоқсан № 1413 хаттамасы/хаты 2014 жыл 
 
Бағдарламаның  сапасын  жақсарту  бойынша  барлық  ескертулер  мен  ұсыныстарды  келесі  мекен-жай  бойынша 
жіберуіңізді өтінеміз: Альжаксина Назым Ерболовна, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ. 8(7222) 540981 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 
 
1 . Оқу-білім бағдарламасының қолданылу аясы 
2. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар 
3. Білім берудің кәсіби стандарты негізіндегі оқу жоспары 
 
     3.1. Оқу-білім бағдарламасының функционалдық картасы 
     3.2. Кәсіби стандарт негізіндегі үлгілік оқу жоспары 
     3.3. Арнайы пән бойынша үлгілік оқу бағдарламалары   
 «Өндерісті техникамен жабдықтау» Пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы  
 «Былғары мен терінің технологиясы» Пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 
 «Өндіріске  техникалық талдау  мен бақылдау» Пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 
 
 
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
Былғары мен теріні химиялық өңдеу 
2014  жыл 
1. Оқу-білім бағдарламасын қолдану саласы  
Жалпы  кәсіби,  арнайы  циклдер  пәндері  бойынша  Типтік  оқу  бағдарламасы  кәсіби  қызмет  саласы  (КҚС)  мен  қызмет 
түрлеріне  (ҚТ)    сай  ҚР  ТжКО  кәсіби  стандарттарына  сәйкес  әзірленген.  Оқу  бағдарламасын  әзірлеу  кезінде  кәсіби 
стандарттардың кейбірі оқыту модуліне негізделеді. Осыған орай әр модуль нақты Еңбек міндеттерін орындауға байланысты 
құзыреттіліктің барлық үш тобын қалыптастыруға бағытталған. Кәсіби құзыреттілік оның негізгісі болып табылады. 
Жалпы кәсіптік, арнайы циклдер пәндері бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы кәсіптік қызмет саласы (КҚС) мен қызмет 
түрлеріне  (ҚТ)    сай  ҚР  ТжКО  кәсіптік  стандарттарына  сәйкес  әзірленген.  Оқу  бағдарламасын  әзірлеу  кезінде  кәсіптік 
стандарттардың  кейбірі  оқыту  модуліне  негізделеді.  Осыған  орай  әр  модуль  нақты  еңбек  функцияларын  орындауға 

байланысты  құзыреттіліктің  барлық  үш  тобын  қалыптастыруға  бағытталған.  Кәсіптік  құзыреттілік  оның  негізгісі  болып 
табылады.  
Оқу бағдарламасы: 

 
Еңбек саласы мен кәсіптік білім беру саласының өзара әрекеттестігін реттеуге;  

 
Материалды меңгерудің дәрісханалық, әрі жеке бөлігін реттеуге, яғни оқытушыны ақпараттық қызметтен арылтуға; 

 
Оқу мақсаттары мен міндеттерінің толық тізбесін анықтауға; 

 
пәнді  игерудің  басында  және  соңында  студенттердің  дайындық  деңгейлеріне  (құзыреттіліктеріне)  қойылатын 
талаптарды әзірлеуге; 

 
пәннің әрбір модуліне сипаттамаларды (қысқа мазмұнды модульдік бірліктер тізбесі, дәрістер тезисі, семинар және 
зертханалық-тәжірибелік  сабақ  жоспарлары,  бақылау  өзіндік  жұмыс,  шығармашылық  тапсырмалар  тақырыптары, 
тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі ) әзірлеуге; 

 
ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттамаларды (оқу жетістіктерін оқыту мен бақылаудың негізгі нысандары мен 
әдістері, оқыту саясаты) құрастыруға; 

 
 оқыту нәтижесін (с.қ. баға қоры) бағалауға. 

 
кадрларды даярлау, біліктілікті көтеру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге арналған талаптарды 
реттеуге арналған.  
Оқу  бағдарламасының  негізінде  оқу  пәндерінің  модульдік  оқу  жоспары  мен  модульдік  бағдарламалардың  жиынтығы 
әзірленеді. 
МОБ негізгі қолданушыларына: 

 
білім беру ұйымдары, қызметкерлер; 

 
ұйым басшылары, ұйым қызметкерлерін басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 

 
модульдік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 

 
мамандардың кәсіби дайындығын бағалау мен біліктіліктерінің сәйкестігін растау  саласының мамандары жатады. 

 
2. Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар  
Қызмет түрі  - еңбек функцияларының және олардың орындалуы үшін қажетті құзыреттіліктердің бүтін жиынтығынан 
құралған кәсіптік қызмет саласының бөлшегі.  
Оқу (кәсіп) тобы – қызметтің ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіптік қызмет саласы. 
Лауазым  –  атауы  белгіленген  үлігілік  тапсырмалар,  құқықтар  мен  міндеттердің  жиынтығымен  анықталатын 
ұйымдастырушылық-әкімшілік құрылымдағы штаттық бірлік.  
Кәсіптік стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін бүтін, аяқталған, әрі автономды және маңызды болып 
табылатын,  нақты еңбек функциясының толық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі. 
Біліктілік  –  белгілі  бір  қызмет  түрі  аясында  қызметкердің  еңбек  функциясын  сапалы  орындауға  дайындығын 
дәлелдейтін кәсіби деңгей. 
Біліктілік  деңгей  (Біліктілік  деңгейі)  –қызметкердің  құзыреттілігіне  қойылатын  біліктіліктің  Ұлттық  және  салалық 
шеңберіндегі орындалатын жұмыстың дербестігін, жауаптылығын және күрделілігін танытатын талаптардың деңгейі. 
Критерийлер  (өлшемдер)    оқытудың  басты  элементтерінің  жетістіктерін  көрсету  үшін  қажетті  орындалатын  жұмыс 
сапасының сипаттамасы, талаптары: 

 
критерийлер элементпен байланысты;  

 
міндетті орындауға жатады;  

 
қажетті білім, білік және дағдыларға сәйкес болуы керек; 

 
элементтің тәжірибелік құзыреттіліктерін көрсетуі тиіс.  
Құзыреттілік  –  кәсіби  қызметте  белгілі  бір  біліктілік  деңгейінің  еңбек  функциялары  мен  міндеттерін  орындауды 
қамтамасыз ететін білім, білік және дағдыны қолдана алу қабілеті
Модуль (module) – бұл оқу бағдарламаларының тәуелсіз, жеткілікті және толық бөлімі немесе оқу кезеңі (ЮНЕСКО). 
Модульдік  білім  беру  бағдарламасы  –  белгілі  бір  біліктілікті  тағайындауға  қажетті  құзыреттіліктерді  иеленуге 
бағытталған модульдердің жиынтығы мен реттілігі. 
Модульдік  бағдарлама  –  оқушыларды  оқыту  мен  жекелей  зерделеу  үшін  қажет  нақты  оқу  материалдарын  іріктеу  мен 
жинақтауда ауыспалылық пен еркінділіктің  қажетті деңгейін қамтамасыз ететін модульдердің кірігуі мен кәсіп шеңберіндегі 
қызмет талаптары негізінде құрастырылған оқу бағдарламасы.   

Модульдік  оқу  жоспары    -  білім  беру  мақмұнының  моделі  болып  табылады  және  кәсіптік  білім  берудің  кез  келген 
деңгейі үшін кәсіптік-міндетті пәндер, таңдау бойынша және факультативтік пәндерден құралатын білім беру блоктарынан 
(жалпы міндетті, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы-кәсіптік)  тұрады. 
Біліктіліктің ұлттық шеңбері – еңбек нарығында мойындалған біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы. 
Біліктіліктің салалық шеңбері  - салада мойындалған біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.  
Сала  – бір типті өнімді құру мақсатын иеленетін кәсіпорын мен ұйымның кәсіби қызмет жүйесінің құрылымдық бөлігі.  
Кәсіби қызмет саласы  - ортақ кіріктірілген негіздерден тұратын және құзыреттіліктердің ұқсас жиынтықтарын шамалайтын 
сала қызметі түрлерінің жиынтығы.  
Кәсіптік  стандарт  –  Кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік,  құзыреттілік  деңгейіне,  еңбек  мазмұнына,  сапасы 
мен шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт. 
Кәсіп  –    белгілі  бір  білім,  білік  пен  арнайы  дайындықты  талап  ететін,  адамның  дене  даму  мүмкіндігін,  зияткерлік 
қабілетін  және  білімі  туралы  сәйкес  құжатпен  расталатын  кәсіби  қызметтің  белгілі  бір  саласында  жұмыс  атқаруға  заңды 
құқық беретін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі.  
Еңбек  функциясы  –нақты  өндірістік  және  бизнес-процесте  еңбекті    бөлу    нәтижесінде  қалыптасқан  міндеттерді  іске 
асыру және оны  
орындау үшін қажетті құзыреттіліктердің болуын  шамалайтын кәсіби қызмет түрінің функциясы. 
Үлгілік  оқу  бағдарламасы (sample  program)  –    білім  алушыларды  дайындаудың  мазмұны  мен  деңгейіне  қойылатын 
талаптарды іске асыруға арналған және оқу пәні мен кәсіби тәжірибенің міндетті  мазмұнын  толық ашатын құжат.   
Үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары  білім мазмұнына, оқу жүктемесінің жоғары көлеміне 
және білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын ортақ талаптардың жиынтығын анықтайды.   
Оқу  модулі  – нақты  модульдік  бірлік бойынша оқу  мазмұнының  жиынтығы, білім  алушының оқу  әрекеттерін  басқару 
жүйесі, нақты мазмұн бойынша білімді бағалау жүйесі.  
Функционалдық  карта  –  кәсіби  қызметтің  сол  не  өзге  саласы  шеңберіндегі  қызметтің  белгілі  бір  түрінің  қызметкері 
тарапынан орындалатын еңбек функциясы мен міндеттерінің құрылымдық сипаты.  
Элементтер  (оқытудың  басты  элементтері)  –  дәлелді  болып  табылатын,  әрі  бағалауға  тиесілі  негізгі  әрекеттер  мен 
нәтижелер сипаттамасы.  
 

Қолданылатын қысқартулар мен белгілер: 
ҚТ – қызмет түрі; 
СМК – ҚР МК 05-2008 ҚР Сабақтардың мемлекеттік классификаторы; 
ҚМ - қосымша модуль; 
БҰП – жұмыс берушілер талаптарын ескерумен білім беру ұйымымен анықталатын пәндер; 
БТБА – ҚР жұмысшы кәсіптер мен жұмыстардың Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы; 
ҚА -    қорытынды аттестация; 
К – кеңес; 
БҰШ – біліктіліктің Ұлттық шеңбері; 
БСШ – біліктіліктің Салалық шеңбері; 
КҚ – кәсіби қызмет; 
КС – кәсіптік стандарт; 
ЖММ – жалпыға міндетті модуль; 
ЖКМ – жалпы кәсіптік модуль; 
КДБТДБ –кәсіби даярлық және біліктілікті тағайындау деңгейін бағалау; 
КТМ – кәсіптік-тәжірибелік модульдер; 
АА -   аралық аттестация; 
ӨО – өндірістік оқыту; 
КТ – кәсіптік тәжірибе
АКМ – арнайы кәсіби модуль; 
Ф – факультатив сабақтары. 
 
 
 
 
 
 

3. Кәсіби стандарт негізіндегі оқу-білім бағдарламасы 
 
Экономикалық қызмет түрі: Былғары мен теріні химиялық өңдеу 
 
Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы:  

 
илеу аппаратшысы (БCШ бойынша біліктілік деңгейі: 3-4) 

 
күлдеу аппаратшысы (БCШ сәйкес біліктілік деңгейі: 3-4) 

 
илеу сығындыларын дайындау аппаратшысы (БCШ сәйкес біліктілік деңгейі: 3-4) 

 
былғары жұқартушы (БCШ сәйкес біліктілік деңгейі: 2-3) 

 
техник-технолог (БCШ сәйкес біліктілік деңгейі: 4-5) 
 
МК сәйкес кәсіп атауы:  

 
илеу аппаратшысы 

 
күлдеу аппаратшысы 

 
илеу сығындыларын дайындау аппаратшысы  

 
былғары жұқартушы 

 
техник-технолог 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.1. 
Оқу-білім бағдарламасының функционалдық картасы 
Қызмет түрінің 
        атауы 
Кәсіп 
Еңбек міндеттері 
       Модульдер 
Былғары 
илеу 
 
 
Илеу 
аппаратшысы 
 
 
А.  Илеу,  тұздау,  хромдаудың 
технологиялық 
процесін 
жүргізу 
үшін 
шикізатты, 
материалдарды, 
жабдықты 
және құралдарды дайындау. 
 
А.1    Шикі  теріні  илеу,  тұздау,  хромдау  үшін 
шикізатты, ерітінділерді дайындау 
 
 
 
А.2  Процесті  жүргізу  үшін  құралдарды,  аппаратты 
дайындау 
 
 
В.  Илеу,  тұздау,  хромдаудың 
технологиялық 
процесін 
жүргізу 
 
В.1 Барабан-автоматта басқару пультінен илеу, тұздау 
және хромдаудың
 технологиялық процестерін жүргізу. 
Басқару  пультімен  жұмыс  істейтін  бағдарламаны 
орнату және барабандарды автоматты режимде жұмыс 
істеу үшін іске қосу Илеудің технологиялық процесін, 
химиялық материалдар дозасын, барабандар жұмысын 
басқару  пультінен  бақылау.  Процестің  дұрыс  өтуін 
монитордан бақылау
 
 
 
 
В.2  Бақылау-өлшеу,  реттеу,  сигналдағыш  аспаптарды 
орнату  және  олардың  көрсеткіштері  бойынша 
технологиялық процестерді бақылау
.
 
 
 
 
В.3  Барабандар  айналымын,  көлемді  дозалауды  және 
жұмыс  сұйықтықтарының  температурасын,  шикі 
теріні өңдеу уақытын реттеу 
 
 
С.  Жабдықтан  дайын  өнімді 
алу, 
таңбалау, 
сапасын 
бақылау.  Машинаға  және 
жұмыс орнына күтім жасау 
 
С.1  Дайын өнім сапасын бақылау 
 
 
 
С.2    Аппаратты,  құбырларды  тазалау,  жуу,  жұмыс 
орнын жинау 
 
 
 
        

Қызмет түрінің 
        атауы 
Кәсіп 
Еңбек міндеттері 
Модульдер 
Былғарыны 
күлдеу 
 
 
Күлдеу 
аппаратшысы 
 
 
D.  Күлдеу  процесін  жүргізу 
үшін 
шикізатты, 
материалдарды,  ерітінділерді, 
құралдарды дайындау 
 
D.1  Күлдеу  сұйықтықтарын  жасау,  оларды  аппараттарға 
айдау  және  одан  кері  айдау.  Қоздырғыштар  ерітінділерін 
дайындау, дозалау және оларды аппаратқа беру. 
 
 
 
D.2  Күл  сұйықтықтарын  тасымалдау  үшін  сорғыларды, 
құбырларды,  бу  құбырларын  дайындау.  Терілерді  немесе 
шикі теріні күлдеу үшін жүктеу; шикі теріні күлдеуге салу 
 
 
E.  Процестің  бұзылуын  жоя, 
өнім  сапасын  бақылау  келе 
күлдеу процесін жүргізу 
 
E.1  Терінің  бетінен  түкті  толығымен  және  жеңіл  алып 
тастау  үшін  оны  әлсірету  үшін,  сонымен  қатар,  шикі 
терінің  күлденуі,  бөртуі  және  серпінділігі  үшін  терілерді 
немесе шикі теріні аппараттарда күлдеудің технологиялық 
процесін жүргізу. 
 
 
 
E.2 
Күлдеу 
барысында 
жұмыс 
ерітінділерінің 
технологиялық  көрсеткіштерінің  өзгеруін  бақылау  және 
оларды  талдаулар  мен  есептер  негізінде  түзету.  Түкті 
кетіру  үшін  терінің  дайындығы  деңгейін  анықтау.  Жұмыс 
ерітінділерін 
қозғалмайтын 
аппаратурада 
сығылған 
ауамен, араластырғышпен араластыру т.б. 
 
 
 
E.3  Терілерді  немесе  шикі  теріні  аппаратқа  салғанда 
немесе  одан  түсіргенде  дайындық  жұмыстарын  жүргізу 
(терілерді  үздіксіз  бауға  байлау,  рамаға  ілу,  жүктеу 
бункерлеріне  салу  және  т.б.).    Аспалы  барабандар  мен 
шнекті аппараттардан шығарғаннан кейін терілерді немесе 
шикі теріні төсеу. 
 
 
F.  Жабдықтан  дайын  өнімді 
алу, 
таңбалау, 
сапасын 
бақылау.  Машинаға  және 
жұмыс орнына күтім жасау 
 
F.1  Дайын  өнімнің  сапасын  бақылау,  оны  таңбалау, 
қабылданған құжаттаманы толтыру 
 
 
 
F.2 Машинаны тазалау, жұмыс орнын тазалау 

 
Қызмет түрінің 
        атауы 
 
Кәсіп 
 
Еңбек міндеттері 
        
Модульдер 
Илеу 
сығындысын 
дайындау 
 
 
Илеу 
сығындыларын 
дайындау 
аппаратшысы 
 
 
G.  Илеу  сығындыларын, 
материалдарды, 
жұмыс 
құралдарын,  жабдықтарын 
дайындау 
үшін 
компоненттерді әзірлеу 
 
G.1 
Сығынды 
дайындау 
үшін 
шикізатты, 
материалдарды, химиялық препараттарды дайындау. 
 
 
 
G.2  Аппараттарды,  сорғыларды,  коммуникацияларды 
және  аспаптарды  сығындыларды  дайындау  үшін 
тексеру және әзірлеу 
 
 
H. 
Арнайы  аппараттарда 
бастапқы  материалдардан 
сығындылар  дайындаудың 
технологиялық 
процесін 
жүргізу. 
  
 
H.1  Арнайы  аппараттарда  бастапқы  материалдардан 
илеу  сығындыларын  дайындаудың  технологиялық 
процесін  жүргізу,  дозалау,  бастапқы  материалдарды 
араластыру. 
 
 
 
H.2  Хром  тұздарын  қалпына  келтіру  процесінде 
аппараттардағы  температура  мен  сұйықтық  деңгейін 
бақылау 
 
 
 
H.3  Зертханалық
  талдау  негізінде  сығындының 
дайындығын  тексеру,  химиялық  көрсеткіштерді 
түзету, сығындыны тұтыну орнына беру
 
 
 
I.  Хром  тотығы  гидратын 
шөктіру. 
Шығыс 
материалдарды есепке алу 
 
I.1    Өңделген  хром  шырындарынан  хром  тотығы 
гидратын шөктіру, шөгіндіні бөліп алу, шөгіндіні сүзу 
және  құрғату.  Күкірт  қышқылы  ерітіндісінде 
шөгіндінің еруі 
 
 
 
I.2 Шығын матералдарын есепке алу 
 
 
 
I.3  Жабдықты тазалау, жұмыс орнын тазалау 
 
 
 
 
 
 
        
 

Қызмет түрінің 
        атауы 
Кәсіп 
Еңбек міндеттері 
Модульдер 
 
 
 
 
Теріні 
тығыздау үшін 
жұқарту 
 
 
Былғары 
жұқартушы 
 
 
J. Былғарының бар болуы 
мен  сапасын  тексеру, 
оларды 
жұқартуға 
дайындау, 
құралдарды, 
жабдықты 
жұмысқа 
дайындау. 
 
J.1 
Тапсырмамен  танысу.  Жұқартылатын 
былғары 
саны 
мен 
сапасын, 
қажетті 
материалдардың болуын тексеру. 
 
 
 
J.2 Катоктардың жұмысқа дайындығы. 
 
 
K. 
Әртүрлі 
типті 
катоктарда 
былғарыны 
жұқарту. 
Жайын 
былғарының 
сапасын 
тексеру 
 
K.1  Былғарыны  катокка  төсеу.    Теріні  өткізетін 
және 
өткізбейтін 
гидравликалық 
катокта 
жұқарту 
 
 
 
K.2  Жұқартқыш  роликтің  былғарыға  қысымын 
реттеу, 
каток 
пультінен 
бақылау-өлшеу 
аспаптарын бақылау. 
 
 
L. Жабдыққа және жұмыс 
орнына күтім жасау. Есеп 
жүргізу 
 
L.1 Жұмыс орны мен жабдықты тазалау 
 
 
 
L.2  Өнімді  таңбалау,  белгіленген  құжаттаманы 
жүргізу 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қызмет түрінің 
        атауы 
Кәсіп 
Еңбек міндеттері 
Модульдер 
Былғары мен 
теріні 
химиялық 
өңдеуді 
ұйымдастыру 
және 
бақылау 
 
 
Техник – 
технолог 
 
M. 
 Өндірістік-
технологиялық 
 
M.1 
Технологиялық  (техникалық)  құжаттаманы,  оңтайлы  жұмыс 
режимдерін, жабдыққа күтім жасау кестелерін әзірлеу 
 
 
 
M.2  Технологиялық  және  өндірістік  тәртіпті,  өндіріс  мәдениетін, 
өнеркәсіптік  санитарияны,  бөлменің  температуралық-ылғалдылық  режимін 
бақылау 
 
 
 
M.3 Шикізат пен материалдардың, дайын өнімді тексеруді жүзеге асыру 
 
 
 
M.4  Технологиялық  жабдықты  пайдалануды,  орнатылған  параметрлерді, 
жабдыққа  профилактикалық  жұмыстар  жасау,  оны  жөндеу,  жабдықты 
тазалау кестесін қадағалау 
 
 
N.Тәжірибелік-
эксперименттік 
 
 
N.1 Орындаушылар ұжымы жұмысын ұйымдастыру; өндірістік жұмыстарды 
жоспарлау  және  ұйымдастыру;  жұмыстарды  жоспарлау  кезінде  оңтайлы 
шешімдерді  таңдау;  жұмыс  уақытының,  қызмет  көрсету  аймақтарының 
техникалық негізделген нормаларын орнату 
 
 
 
N.2  Өндірістің  барлық  аймақтарында  шығарылатын  өнімнің  саны  мен 
сапасын  бақылау;  технологиялық  процестердің  экономикалық  тиімділігін 
бағалауға қатысу, оны арттыру шараларын әзірлеу 
 
 
 
N.3  Өндірістің  барлық  учаскелерінде  қауіпсіздік  техникасымен  және  өртке 
қарсы қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. 
 
 
 
N.4  Өндірістің  барлық  учаскелерінде  жұмысшылардың  біліктілігін 
арттыруды, олардың жаңа техника мен технологияны игеруін ұйымдастыру. 
 
 
O. 
Ұйымдық-
басқару 
 
 
 
O.1  Жаңа технологиялық жабдықты, жаңа режимдерді, препараттарды және 
параметрлерді өндірістің барлық кезеңдерінде сынау. 
 
 
 
O.2  Жаңа,  соның  ішінде  ресурс  үнемдейтін  технологияларды,  жаңа 
ассортиментті ендіру бойынша эксперименталдық жұмыстар жүргізу 
 
 
 
O.3 
Ұжымда  новаторлық  және  рационализаторлық  жұмыстарды 
ұйымдастыру 

1 Кәсіп. 
 
Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы:  Илеу аппаратшысы 
БCШ бойынша біліктілік деңгейі: 3-4.    
 
А.1 Модулінің технологиялық картасы  «Шикі теріні илеу, тұздау, хромдау үшін шикізатты, 
 ерітінділерді дайындау» 

Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 4.89 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет