БАҒдарламалар жинағының жобасы карьерлі электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны



жүктеу 4.85 Kb.

бет1/15
Дата29.03.2017
өлшемі4.85 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК 
 «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢАРТУ» ЖОБАСЫ 
 
 
 
БАҒДАРЛАМАЛАР ЖИНАҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ 
 
Карьерлі электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны 
жөндеу 
 
 (типтік оқу жоспары, оқу білім бағдарламасы  
және арнайы пәндер бойынша типтік оқу жоспарлары) 
 
 
«СОЦИЕТА ИТАЛИАНА ДИ МОНИТОРАДЖИО 
СОЦИЕТА ПЕР АЗИОНИ» Акционерлік қоғамы
 
 
 
Астана 2014 

АЛҒЫ СӨЗ 
 
 
1. «Карьерлі электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу»Кәсіби стандарты негізінде іске 
қосылған, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2013 жылдың «13» 
желтоқсанындағы № 19-04/4-5779 хатымен келісілген 
2.  Алғаш рет енгізілген 
3. Келісілген 
Оқу бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестікпен  
№ 1 хаттама «19» желтоқсан 2014 жыл 
ОӘБ төрағасы З.Р. 
 
«Республикалық техникалық және кәсіби оқыту және біліктілікті иемденудің ғылыми-әдістемелік даму орталығы» АҚ-мен 
№ 1413 хаттамасы/хаты «30» желтоқсан 2014 жыл 
 
 
 
Бағдарламаның  сапасын  жақсарту  бойынша  барлық  ескертулер  мен  ұсыныстарды  келесі  мекен-жай  бойынша  жіберуіңізді 
өтінеміз: Волокитин Андрей Валерьевич, Қарағанды облысы, Темиртау қ. 8(7213)953361 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 
 
1. Оқу-білім бағдарламасының қолданылу аясы 
2.Терминдер, анықтамалар және қысқартулар 
3.Білім берудің кәсіби стандарты негізіндегі оқу жоспары 
3.1Оқу-білім бағдарламасының функционалдық картасы. 
3.2. Кәсіби стандарт негізіндегі типтік оқу жоспары 
3.3 Арнайы пән бойынша типтік оқу бағдарламалары 
 «Арнайы технология» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы 
 «Электр жабдығыжәне электрмен жабдықтау»пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы 
 «Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу»пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы 
 
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
Карьерлі электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу 
2014  жыл 
1. Оқу білім бағдарламасын қолдану саласы 
Жалпы кәсіптік, арнайы циклдер пәндері бойынша Типтік оқу бағдарламасы кәсіптік қызмет саласы (КҚС) мен қызмет 
түрлеріне (ҚТ)  сай ҚР ТжКО кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленген. Оқу бағдарламасын әзірлеу кезінде кәсіптік 
стандарттардың кейбірі оқыту модуліне негізделеді. Осыған орай әр модуль нақты еңбек функцияларын орындауға 
байланысты құзыреттіліктің барлық үш тобын қалыптастыруға бағытталған. Кәсіптік құзыреттілік оның негізгісі болып 
табылады.  
 
Модулді оқу өзіне модульдік оқу жоспарын  (тәжірибеде басқаша – блокты оқу жоспары деп атайды) және оқу пәндерінің 
модульдік бағдарламалары жиынтығын қамтитын модульдік оқу-білім бағдарламасын іске асырады. 
Оқу бағдарламасы: 

 
Еңбек саласы мен кәсіптік білім беру саласының өзара әрекеттестігін реттеуге;  

 
Материалды меңгерудің дәрісханалық, әрі жеке бөлігін реттеуге, яғни оқытушыны ақпараттық қызметтен арылтуға; 


 
Оқу мақсаттары мен міндеттерінің толық тізбесін анықтауға

 
пәнді  игерудің  басында  және  соңында  студенттердің  дайындық  деңгейлеріне  (құзыреттіліктеріне)  қойылатын 
талаптарды әзірлеуге; 

 
пәннің әрбір модуліне сипаттамаларды (қысқа мазмұнды модульдік бірліктер тізбесі, дәрістер тезисі, семинар және 
зертханалық-тәжірибелік  сабақ  жоспарлары,  бақылау  өзіндік  жұмыс,  шығармашылық  тапсырмалар  тақырыптары, 
тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі ) әзірлеуге; 

 
ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттамаларды (оқу жетістіктерін оқыту мен бақылаудың негізгі нысандары мен 
әдістері, оқыту саясаты) құрастыруға; 

 
оқыту нәтижесін (с.қ. баға қоры) бағалауға. 

 
кадрларды даярлау, біліктілікті көтеру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге арналған талаптарды 
реттеуге арналған.  
Оқу бағдарламасының негізінде оқу пәндерінің модульдік оқу жоспары мен модульдік бағдарламалардың жиынтығы 
әзірленеді. 
МОБ негізгі қолданушыларына: 

 
білім беру ұйымдары, қызметкерлер; 

 
ұйым басшылары, ұйым қызметкерлерін басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 

 
модульдік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 

 
мамандардың кәсіби дайындығын бағалау мен біліктіліктерінің сәйкестігін растау  саласының мамандары жатады. 
 
2. Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар  
 
Біліктілік – белгілі бір қызмет түрі аясында қызметкердің еңбек функциясын сапалы орындауға дайындығын дәлелдейтін 
кәсіби деңгей. 
Біліктілік деңгей (Біліктілік деңгейі) –қызметкердің құзыреттілігіне қойылатын біліктіліктің Ұлттық және салалық 
шеңберіндегі орындалатын жұмыстың дербестігін, жауаптылығын және күрделілігін танытатын талаптардың деңгейі. 
Біліктіліктің салалық шеңбері  - салада мойындалған біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.  
Біліктіліктің ұлттық шеңбері – еңбек нарығында мойындалған біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы. 

Еңбек  функциясы  –нақты  өндірістік  және  бизнес-процесте  еңбекті    бөлу    нәтижесінде  қалыптасқан  міндеттерді  іске  асыру 
және оны орындау үшін қажетті құзыреттіліктердің болуын  шамалайтын кәсіби қызмет түрінің функциясы. 
Кәсіби қызмет саласы  - ортақ кіріктірілген негіздерден тұратын және құзыреттіліктердің ұқсас жиынтықтарын шамалайтын 
сала қызметі түрлерінің жиынтығы.  
Кәсіп –  белгілі бір білім, білік пен арнайы дайындықты талап ететін, адамның дене даму мүмкіндігін, зияткерлік қабілетін 
және білімі туралы сәйкес құжатпен расталатын кәсіби қызметтің белгілі бір саласында жұмыс атқаруға заңды құқық беретін 
адамның еңбек қызметінің негізгі түрі.  
Кәсіптік стандарт – Кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасы мен 
шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт. 
Кәсіптік стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін бүтін, аяқталған, әрі автономды және маңызды болып 
табылатын,  нақты еңбек функциясының толық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі. 
Критерийлер (өлшемдер)– оқытудың басты элементтерінің жетістіктерін көрсету үшін қажетті орындалатын жұмыс 
сапасының сипаттамасы, талаптары: 

 
критерийлер элементпен байланысты;  

 
міндетті орындауға жатады;  

 
қажетті білім, білік және дағдыларға сәйкес болуы керек; 

 
элементтің тәжірибелік құзыреттіліктерін көрсетуі тиіс. 
Құзыреттілік – кәсіби қызметте белгілі бір біліктілік деңгейінің еңбек функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз 
ететін білім, білік және дағдыны қолдана алу қабілеті. 
Қызмет  түрі    -  еңбек  функцияларының  және  олардың  орындалуы  үшін  қажетті  құзыреттіліктердің  бүтін  жиынтығынан 
құралған кәсіптік қызмет саласының бөлшегі.  
Лауазым  –  атауы  белгіленген  үлігілік  тапсырмалар,  құқықтар  мен  міндеттердің  жиынтығымен  анықталатын 
ұйымдастырушылық-әкімшілік құрылымдағы штаттық бірлік.  
Модуль (module) – бұл оқу бағдарламаларының тәуелсіз, жеткілікті және толық бөлімі немесе оқу кезеңі (ЮНЕСКО). 
Модульдік бағдарлама – оқушыларды оқыту мен жекелей зерделеу үшін қажет нақты оқу материалдарын іріктеу мен 
жинақтауда ауыспалылық пен еркінділіктің  қажетті деңгейін қамтамасыз ететін модульдердің кірігуі мен кәсіп шеңберіндегі 
қызмет талаптары негізінде құрастырылған оқу бағдарламасы.   

Модульдік білім беру бағдарламасы – белгілі бір біліктілікті тағайындауға қажетті құзыреттіліктерді иеленуге бағытталған 
модульдердің жиынтығы мен реттілігі. 
Модульдік оқу жоспары  - білім беру мақмұнының моделі болып табылады және кәсіптік білім берудің кез келген деңгейі 
үшін кәсіптік-міндетті пәндер, таңдау бойынша және факультативтік пәндерден құралатын білім беру блоктарынан (жалпы 
міндетті, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы-кәсіптік)  тұрады. 
Оқу модулі – нақты модульдік бірлік бойынша оқу мазмұнының жиынтығы, білім алушының оқу әрекеттерін басқару жүйесі, 
нақты мазмұн бойынша білімді бағалау жүйесі.  
Оқу (кәсіп) тобы – қызметтің ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіптік қызмет саласы. 
Сала  – бір типті өнімді құру мақсатын иеленетін кәсіпорын мен ұйымның кәсіби қызмет жүйесінің құрылымдық бөлігі.  
Типтік  оқу  бағдарламасы (sample  program)–    білім  алушыларды  дайындаудың  мазмұны  мен  деңгейіне  қойылатын 
талаптарды іске асыруға арналған және оқу пәні мен кәсіби тәжірибенің міндетті  мазмұнын  толық ашатын құжат.   
Типтік  оқу  жоспарлары  мен  білім  беру  бағдарламалары  білім  мазмұнына,  оқу  жүктемесінің  жоғары  көлеміне 
және білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын ортақ талаптардың жиынтығын анықтайды.   
Функционалдық карта – кәсіби қызметтің сол не өзге саласы шеңберіндегі қызметтің белгілі бір түрінің қызметкері 
тарапынан орындалатын еңбек функциясы мен міндеттерінің құрылымдық сипаты.  
Элементтер(оқытудың басты элементтері) –дәлелді болып табылатын, әрі бағалауға тиесілі негізгі әрекеттер мен 
нәтижелер сипаттамасы.  
 
Қолданылатын қысқартулар мен белгілер: 
АА -   аралық аттестация
АКМ – арнайы кәсіби модуль; 
БСШ – біліктіліктің Салалық шеңбері; 
БТБА – ҚР жұмысшы кәсіптер мен жұмыстардың Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы; 
БҰП – жұмыс берушілер талаптарын ескерумен білім беру ұйымымен анықталатын пәндер; 
БҰШ – біліктіліктің Ұлттық шеңбері; 
ЖКМ – жалпы кәсіптік модуль; 
ЖММ – жалпыға міндетті модуль; 
К – кеңес; 

КДБТДБ –кәсіби даярлық және біліктілікті тағайындау деңгейін бағалау; 
КҚ – кәсіби қызмет; 
КС – кәсіптік стандарт; 
КТ – кәсіптік тәжірибе; 
КТМ – кәсіптік-тәжірибелік модульдер; 
ҚА -    қорытынды аттестация; 
ҚМ - қосымша модуль; 
ҚТ – қызмет түрі; 
ӨО – өндірістік оқыту; 
СМК – ҚР МК 05-2008 ҚР Сабақтардың мемлекеттік классификаторы;; 
Ф – факультатив сабақтары. 
 
3. Кәсіби стандарт негізіндегі оқу-білім бағдарламасы  
 
Экономикалық қызмет түрі:Машиналарды және жабдықтарды жөндеу. 
Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы:  

 
тау-кен жабдығына қызмет көрсету және оны жөндеу электрослесарі, БCШ бойынша біліктілік деңгейі:  2-4; 

 
электромонтажшы-реттеуші,БCШ бойынша біліктілік деңгейі:  3-4; 

 
электр қондырғыларына қызмет көрсету электрмонтері,БCШ бойынша біліктілік деңгейі:  2-3; 

 
электромеханик, БCШ бойынша біліктілік деңгейі:  3-4 
 
МК сәйкес кәсіп атауы:  

 
тау-кен жабдығына қызмет көрсету және оны жөндеу электрослесарі,  

 
электромонтажшы-реттеуші,  

 
электр қондырғыларына қызмет көрсету электрмонтері,  

 
электромеханик 
 
 

3.1.  Оқу-білім бағдарламасының функционалдық картасы 
 
Қызмет түрінің атауы  Кәсіп 
Еңбек міндеттері 
Модульдер 
 
 
 
 
Әртүрлі 
мақсаттағы 
және 
күрделілігі 
түрлі деңгейлі 
карьер 
жабдығын 
монтаждау, 
демонтаждау, 
жөндеу, ретке 
келтіру, байқау, 
пайдалануға 
өткізу 
 
Т
ау
-ке
н жа
бд
ы
ғы
на 
қы
змет
 к
өр
сет
у жә
не оны ж
өн
де
у 
эл
ектр
ослеса
рі
 
 
А. Тау-кен жабдығын 
қызмет көрсетуге және 
жөндеуге дайындау 
 
А.1 Тау-кен жабдығын қызмет көрсетуге және жөндеуге дайындау 
А.2 
Тау-кен жабдығына қызмет көрсету және оны жөндеу электрослесарінің 
жұмыс орнын дайындау 
 
 
 
 
 
В. Әртүрлі мақсаттағы 
және күрделілігі түрлі 
деңгейлі карьер 
жабдығын монтаждау, 
демонтаждау, жөндеу, 
ретке келтіру 
 
В.1 Карьер жабдығын демонтаждау 
В.2 Карьер жабдығын жөндеу және ретке келтіру - келесі бақылау-өлшеу аспаптарын 
ауыстыру және қосу: манометрлерді, вольтметрлерді, амперметрлерді 
В.3Түрлендіргіш қондырғыларға, аралық станцияларға, СОБ (сигнал беру жүйесі, 
орталықтандыру және блокадалау) және рельсті қатынас жолын автоматты 
бағдаршамды блокадалау (АББ) құралдарына техникалық қызмет көрсету 
 
 
 
В.4 Күрделі машиналардың механикалық және электр бөліктеріне, түйіндерге және 
механизмдерге, аппаратураға, бақылау-өлшеу аспаптарына, дағдылы әрекет 
қондырғыларына, телемеханика құралдарына техникалық қызмет көрсету 
В.5 Аса күрделі машиналарға, түйіндерге және механизмдерге, аппараттарға, 
бақылау-өлшеу аспаптарына техникалық қызмет көрсету. Электронды, 
телемеханикалық, радиорелелік аппаратураның, аппаратураның, изотропты реле 
құрылғылардың, асинхронды-синхрондалған реттелетін электр жетегінің автоматтық 
жүйелерін ретке келтіру және сынау 
В.6 Аса күрделі аппараттарға, машиналарға, механизмдерге, электронды басқару 
жүйелері және сұлбалары бар электр жетектеріне техникалық қызмет көрсету. 
Тиристорлық қоздырудың электрондық блоктарын, микропроцессорлық 
бағдарламаланатын контроллерлер негізіндегі реттелетін электр жетектерінің 
(асинхронды және сихнронды) автоматтық жүйелерін ретке келтіру және сынау. 
 
 
 
 
 
С. Карьер жабдығын 
сынау және пайдалануға 
өткізу, жолдама 
құжаттаманы рәсімдеу 
 
С.1  Карьер (тау-кен) жабдығын сынау және пайдалануға өткізу 
 
 
 
С.2 Жолдама құжаттаманы рәсімдеу 

Қызмет түрінің 
атауы 
Кәсіп 
Еңбек міндеттері 
Модульдер 
Қорғанысты
ң 
қарапайым 
және 
күрделі 
түрлерімен 
кернеуі 10 
кВ-қа 
дейінгі 
және одан 
жоғары 
электр 
жабдықтау 
нысандарын 
ретке 
келтіру 
 
Элек
тром
онта
ждау
шы-
ретте
уші 
 
D.Тау-кен кәсіпорынын 
электр жабдықтау 
нысандарын ретке 
келтіруге дайындау 
 
D.1Электр жабдықтау нысанын электр көзінен ажырату 
D.2Электр жабдықтау нысанын ретке келтіруге дайындау 
 
 
 
D.3Электр жабдықтау нысандарын ретке келтіретін электромонтаждаушы-реттеушінің 
жұмыс орнын дайындау 
 
 
E.Қорғаныстың 
қарапайым және күрделі 
түрлерімен кернеуі 10 
кВ-қа дейінгі және одан 
жоғары электр 
жабдықтау нысандарын 
ретке келтіру 
 
E.1Тау-кен кәсіпорнының кернеуі 1 кВ-қа дейінгі электр жабдықтау нысандарын ретке 
келтіру 
E.2 Амперметрлердің, вольтметрлердің, санауыштардың, оқшаулауды бақылау 
аспаптарының қосылуын тексеру. Қысқа жалғау роторымен айнымалы токтың электр 
жетектерін басқару сұлбаларын тексеру. Токтың және кернеудің электромагниттік 
релелерін баптау 
E.3 Өндірістік және азаматтық құрылыстағы қорғаныстың қарапайым түрлерімен 
кернеуі 10 кВ-қа дейінгі электр жабдықтау нысандарын ретке келтіру. Кернеуі 10 кВ-қа 
дейінгі тура қосылудың айнымалы тогының электр жетектерін ретке келтіру 
E.4Тау-кен кәсіпорындарындағы релелік қорғаныстың күрделі түрлерімен кернеуі 10 
кВ-қа дейінгі электр жабдықтау нысандарын ретке келтіру. Автоматика элементтері бар, 
кернеуі 10 кВ-қа дейінгі айнымалы токтың электр жетектерін, басқарудың және 
реттеудің релелі-түйістіргіш сұлбасы бар айнымал токтың электр жетектерін ретке 
келтіру .  
 
 
 
E.5Қуаты 1000 кВА-қа дейінгі және кернеуі 10 кВ-қа дейінгі жиынтықты 
трансформаторлық аралық станцияларды релелік қорғау және басқару сұлбаларын 
тексеру.  
E.6 Реттелмейтін тұрақты ток көздерін: қорек көздерін (ТТВ, КҚК), аккумулятор 
батареяларын ретке келтіру. Күш беретін трансформаторларын және 
қозғалтқыштарының күрделі дифференциалды және бағытталған қорғаныстарын ретке 
келтіру. 
 
 
F.Электр жабдықтау 
нысандарын пайдалануға 
өткізу және сәйкес 
жолдама құжаттарды 
рәсімдеу. 
 
F.1Ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптарды, саймандарды 
тазалау, сонымен қоса, оларды тиісті күйде ұстау, жабдықты тазалау жұмыстары 
 
 
 
F.2Электр жабдықтау нысандарын сынау және пайдалануға өткізу 
F.3Бекітілген техникалық құжаттаманы жүргізу 

Қызмет түрінің 
атауы 
 
Кәсіп 
 
Еңбек міндеттері 
 
Модульдер 
Әр түрлі электр 
қондырғыларына, 
қозғалтқыштарға, 
генераторларға, 
аккумуляторларға
, зарядтау –
разрядтау және 
күш беретін 
тұстамаларға, 
түзеткіштерге 
ағымдағы қызмет 
көрсету 
 
Электр 
қондырғылары
на қызмет 
көрсету 
электрмонтері 
 
G. Электр 
қондырғыларын 
ағымдағы қызмет 
көрсетуге 
дайындау 
 
G.1 Электр қондырғыларын электр көзінен ажырату 
G.2 Электр қондырғыларын ағымдағы қызмет көрсетуге 
дайындау 
 
 
 
G.3  Электр қондырғыларына қызмет көрсету 
электрмонтерінің жұмыс орнын дайындау 
 
 
H. Әр түрлі электр 
қондырғыларына, 
қозғалтқыштарға, 
генераторларға, 
аккумуляторларға, 
зарядтау –
разрядтау және 
күш беретін 
тұстамаларға, 
түзеткіштерге 
ағымдағы қызмет 
көрсету 
 
H.1 Бөлек белгілері және аспаптардың көрсетулері 
бойынша жабдық жұмысының олқылықтарын анықтау 
 
 
 
H.2 Қозғалтқыштардың қарапайым бұзылуларын 
жөндеу. Жабдықтың бөлек түйіндерін ішінара 
бөлшектеу және тазалау. Жарықтандыруды монтаждау 
жұмыстарын орындау.  
 
 
 
H.3 Логикалық элементтердегі күрделі сұлбалары бар 
кепілді қоректің автоматтандырылған көздерімен электр 
қондырғыларына, түзеткіш-инверторлық 
қондырғыларға, соның ішінде, интегралдық сұлбалар 
қолданылғандарына қызмет көрсету 
 
 
I. Электр 
қондырғыларын 
пайдалануға өткізі 
және орындалатын 
жұмыс бойынша 
техникалық 
құжаттаманы 
жүргізу 
 
I.1  Ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, 
аспаптарды, саймандарды тазалау, сонымен қоса, 
оларды тиісті күйде ұстау, жабдықты тазалау 
жұмыстары 
 
 
 
I.2 Электр жабдықтау нысандарын сынау және 
пайдалануға өткізу 
I.3 Орындалатын жұмыс бойынша техникалық 
құжаттаманы жүргізу 

Қызмет түрінің 
атауы 
Кәсіп 
Еңбек міндеттері 
Модульдер 
Қызмет 
көрсетілетін 
электр-
механикалық 
құрылғылардың 
және 
жабдықтардың 
жарамды жай-
күйін, апатсыз 
және сенімді 
жұмысын, оларды 
дұрыс 
пайдаланылуын, 
мерзімді сапалы 
жөнделуін және 
жаңартылуын 
қамтамасыз ету 
 
Эл
ектр
оме
хан
ик
 
 
J.Тау-кен карьер жабдығын 
техникалық қызмет көрсетуге, 
жөндеуге және жаңартуға 
дайындау 
 
J.1Тау-кен жабдығының және құрылғылардың жұмыс істеу шарттарын 
зерделейді, күні бұрын тозуының себептерін анықтайды, олардың алдын алу 
және жою шараларын қабылдайды 
J.2Осы жабдықпен және құрылғылармен жұмыс жасайтын қызметкерлерге 
оларды пайдалану ережелері және өндірістік зақымдардың алдын алу шаралары 
туралы нұсқау береді 
 
 
 
 
 
K.Қызмет көрсетілетін электр-
механикалық құрылғылардың 
және жабдықтардың жарамды 
жай-күйін, апатсыз және 
сенімді жұмысын, оларды 
дұрыс пайдаланылуын, 
мерзімді сапалы жөнделуін 
және жаңартылуын 
қамтамасыз ету 
 
K.1Электромонтерлердің жұмысын басқарады, орындалатын жұмыстардың 
сапасын бақылайды, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария 
және өрт қауіпсіздігі технологияларын, ережелерін сақтау 
K.2 Қызмет көрсетілетін құрылғылардың және жабдықтың жарамды жай-күйін, 
апатсыз және сенімді жұмысын, оларды дұрыс пайдаланылуын, мерзімді сапалы 
жөнделуін және жаңартылуын қамтамасыз етеді 
K.3Құрылғылардың жұмысындағы олқылықтарды жоюға, оларды жөндеуге, 
монтаждауға және реттеуге, электротехникалық өлшеуге және сынауға қатысады. 
Техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің, монтаждаудың және құрылғылардың 
бекітілген типі бойынша басқа жұмыстардың озық әдістерін игереді және енгізеді 
 
 
 
K.4 Жабдықтың бұзылу себептерін тексеруге және апаттардың және өндірістік 
зақымданушылықтың алдын алу шараларын әзірлеуге қатысады 
K.5 Жұмыс орындарын материалдарымен, шикізаттармен, запас бөліктермен, 
өлшеу аспаптарымен, қорғаныс құралдарымен, саймандармен және аспаптармен, 
техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды 
K.6 Бекітілген техникалық құралдары жұмысының сенімділігін, сапасын көтеру, 
әрекеттегі құрылғыларды игеру және жаңарту шараларын әзірлеуге қатысады 
 
 
L.Бекітілген техникалық 
құралдары жұмысының 
сенімділігін, сапасын көтеру, 
әрекеттегі құрылғыларды 
игеру және 
жаңартушараларын әзірлеу. 
 
L.1Электр жабдықтау нысандарын сынау және пайдалануға өткізу 
 
 
 
L.2Орындалатын жұмыс бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу 
 
 

1 кәсіп. 
Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы: Тау-кен жабдығына қызмет көрсету және оны жөндеу 
электрослесарі 
БCШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-4.    
 
А.1 Модулінің технологиялық картасы«Тау-кен жабдығын қызмет көрсетуге және жөндеуге дайындау» 
Оқу мерзімінің ұсынылатын көлемі: 128 с. 
Р/с
№ 
 
Тақырыптық 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал