Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды; кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырады; түйінді ойларын еркін жеткізеді; әңгіменің «Тортай мінер ақ боз ат» аталуының себебін түсіндіреді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: иығы, күреңсе, маялау, көңіл хошы.
Диалог құруға / шығармашылық жұмыс жасауға арналған пайдалы тіркестер: төңкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жаймашуақ сәт.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Тортай кім?
2. Тортай қандай бала, ол нені армандаушы еді?
3. Ораштың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?
|