Алдағы жұмыстарды жақсарту үшін мақсатты анықтау.
Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту
1. Specific Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт (сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.
2. Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.
3. Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.
4. Мақсат шынайы болу керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт(турист емес) болам» деген мақсат- бұл жаста қол жетпейтін жағдай.
5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.
Поделитесь с Вашими друзьями: |