Сабақ – педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. Әрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған алғашқы дайындықтан басталады. Белсенді сабақ – сәтті сабақтың алғышарттарының бірі. Белсенді сабақты жоспарлау неден басталады?
Мұғалім алдымен дайындық жұмыстарын жасайды:
Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделейді;
Өткен және келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысын ескеру арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырып жинақтайды.
Келесі кезекте сабақтың кеңейтілген жоспарын жазып, әдістемелік жобасын құрады. Белсенді сабақты жоспарлау үрдісі әрбір педагогке белгілі келесі қадамдардан тұрады:
Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың оқу мақсаттарын, тілдік мақсаттарын анықтау);
Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау);