Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен сәлемдесу
«Бір тілек» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнатамын. Оқушылар бір-біріне сабаққа қатысты жақсы тілектер айтады.
«Тобыңды тап» әдісі. Оқушыларды түрлі-түсті гүлдер арқылы 4 топқа бөлемін
Оқушылар оқу мақсаттары және бағалау критерийілерімен таныстырылады.
Ширату жаттығуы.
«Серпілген сауал» әдісі.
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында бір-біріне сұрақ лақтырылады.
1. Оралхан Бөкей кім?
2. О. Бөкей ең алғашқы еңбек жолын қай жерде, қандай қызметтен бастады?
3. Автордың тұңғыш шығармасы қандай?
4. Жазушының есімін танытқан қай повесть?
5. Әңгіменің «Тортай мінер ақ боз ат» аталуының себебі неде?
6. Тортай қандай бала, ол нені армандаушы еді?
7. Ораштың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?
1-тапсырма. ТЖ
Берілген әдеби шығарманың жанры мен фабуласын талқылап, сюжетін анықтаңдар.
«Stop-кадр» әдісі .
Топтағы оқушылар шығарманы оқып отырғанда кез-келген уақытта тоқтатам.
Сол үзінді бойынша фабуласы мен жанрын
ажыратып, сюжетте нақтылау.
Дескриптор:
жанры мен фабуласын талқылайды;
сюжетін анықтайды;
Дескриптордың нәтижесінде ҚБ жүреді.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топ бір-бірін бағалайды.
2-тапсырма. ЖЖ.
Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, Аян мен Тортайдың сырт келбеті мен мінезін салыстырыңдар. Қызығушылықтары мен ерекше қасиеттерін табыңдар.
«Қос диаграммаға» толтырыңдар.
Дескриптор:
- кейіпкерлер жүйесін талдайды;
- Аян мен Тортайдың сырт келбеті мен мінезін салыстырады;
- қызығушылықтары мен ерекше қасиеттерін табады;.
- диаграммамен жұмыс жасайды.
Дескриптордың нәтижесінде ҚБ жүреді.
«Екі мадақ, бір сын» әдісімен бағалайды.
3-тапсырма. ЖЖ
Әңгімеден дәйексөздерді тауып, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып, баға беріңдер.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.
Дескриптор:
- дәйек сөздерді табады;
- кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын қарастырады;
- өзара салыстырып, баға береді.
Дескриптордың нәтижесінде ҚБ жүреді.
«Ауызша бағалау» арқылы бағалаймын.
4-тапсырма. Ж.ж
Әңгіменің «Тортай мінер ақ боз ат» аталуының себебін өз ойларыңмен еркін жеткізіңдер.
«3+2+1» әдісі. 3 факті, 2 көзқарас,
1 тұжырым
Дескриптор:
- әңгіменің аталу себебін талқылайды;
- өз ойын еркін жеткізеді;
- 3 фактіні қарастырады;
- 2 көзқарас айтады;
- 1 тұжырым шығарады.
Дескриптордың нәтижесінде ҚБ жүреді.
«Бағдаршам» әдісімен бағалайды.
|