Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет20/20
Дата12.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

17.2. Мектеп ұжымы 
 
Көп  авторлардың  пікірінше,  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуы  тек 
ұжымдық  тəрбие  жүйесінде  іске  асуы  мүмкін.  Осы  жағдайда  ғана 
ұжым  дұрыс  əрекеттегі  өзіндік  басқарым  органына,  тұлғалық 
арақатынастағы  ұжымшылдыққа  жəне  өзара  жауапкершілікке  ие 
болады.  Бұл  өз  кезегінде  жан-жақты  дамуға,  еркіндікке,  қорғанысты 
болуға, сонымен бірге əр тұлғаның мəртебесін көтеруге жол ашады. 
Педагогикалық  əдебиеттерде  келесідей  белгілерге  ие  болған 
əрқандай тəрбиеленушілер бірлестігі – ұжым деп аталады: 

ортақ  əлеуметтік  мəнді  мақсатқа  ие.  Қалаған    топтың 
мақсаты  бар:  дүкен  кезегінде  тұрған    не  автобус  күтіп  тұрған 
адамдардың  да , қылмыскерлердің  де.  Əңгіме,  ол  мақсаттың 
мағынасында , неге  бағдарлануында.  Ал  ұжым  мақсаты  əлеуметтік 
мақсаттармен ұштасады, оны қоғам да, мемлекет те қолдап, қуаттайды. 

іс-əрекет – ортақ  мақсатты  іске  асыруға  бағытталады.:  ол 
бірлікті  ұйымдастырылып,  ұжым  мүшелерінің  іс-əрекет    нəтижесіне 
болған ерекше жауапкершілігін танытады. 

жауапкерлі тəуелділік қатынасында болуыҰжым мүшелері 
арасында мақсат не іс-əрекет  бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға 
байланысты    ерекше  бірін-бірі  қажетсіну  қатынастары    жүйесі 
қалыптасады. 

Сайлаумен 
тағайындалатын 
ортақ 
басшы 
орган
Ұжымдарды  басқару  органдары  ұжымның  аса  беделді  мүшелерін 
тікелей жəне ашық сайлау жолымен қалыпқа келтіріледі. 
Сонымен, мектеп ұжымы – бұл əлеуметтік мəнді мақсатпен, іс-
əрекетпен,  сол  іс-əрекетті  ұйымдастыру  бағытымен  бірлескен, 
ортақ  сайлану  органымен,  ынтымағымен,  ортақ  жауапкершілігімен, 
теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тəуелділігін тани 
білген барша тəрбиеленушілер тобынан құралады. 
Тұлға  əлеуметтенуінде  мектеп  ұжымының  ықпалы  өте  күшті. 
Себебі,  бұл  ұжым  өз  ішіне  біртұтас  жалпы  мектептік  ұжымды, 
сыныптар,  үйірмелер,  спорттық  бөлімдер,  уақытша  ұжымдық 
бірлестіктер  құрылымдарын  қамтиды.  Тəрбиеленушілер  өз 
алдына  ұжым  есептелетін  оқу,  еңбек,  қоғамдық,  көркем  өнер 
–  шығармашылық,  клубтық,  спорттық  жəне  өзге  де 
бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал. 

Тəрбиеленушілер  тобының  аса  мəнді  сапасы-  əлеуметтік-
психологиялық  кемелі.  Себебі,  осындай  кемел  деңгейі  ғана  топты 
түбегейлі  жаңа  əлеуметтік  құрылым – топ-ұжым  дəрежесіне 
жетілдіреді. 
Ұжым  қалыптасуының  төменгі  деңгейі  бұл  топ-  конгломерат 
(«қырық рулы- тобыр»), бұрын бірін-бірі танымаған, бір кеңістікте , бір 
уақытта  қандай  да  себептермен  кездесіп,  топтасып  қалған  балалар 
бірігімі (балалар лагерлері, əрқилы денсаулық сақтау жəне т.б. топтар). 
Бұл  топтағылардың  ара-қатынастары  үстірт,  жағдайға  байланысты. 
Мұндай  топ  бірте-бірте  өз  атамасына  ие  болып,  ортақ  мақсат 
төңірегінде бірлесе бастауы да мүмкін.  
Егер 
осындай 
бірлесу 
жүріп,ортақ 
іс-əрекет 
белгіленсе, 
конгломераттар бір саты көтеріліп – одақтасқан (ассоциативті) топқа 
айналуы  мүмкін.  Осы  деңгейде  топтың  ортақ  өмірлік  тіршілігі,  іс-
əрекеті өрбіп, ұжым құрылымына тəн  бастау  алуы мүмкін. 
Рəсми  алғашқы  топ  аймағындағы  бірлікті  іс-əрекет  одақтасқан 
(ассоциативті)  топқа  жоғары  деңгейлі  құрылымға,  ең  бастысы  тұлға 
аралық  қатынастарға  жаңа  өң  беретін  еңбектік  мақсат  төңірегінде  
ұжымдасқан топ- кооперацияларға есік ашады. 
Еңбек  тобы-  кооперация  нақты  жəне  ұжымдаса  əрекетке  келуші 
құрылымға  ие,  жоғары  қызметтестік  қатынасқа  бейім  топ  дəрежесіне 
көтеріледі, оның тұлғааралық қатынастары іскерлік сипатқа ие болып, 
жоғары  нəтижелер  көзіне  айналады.  Бұл  кооперация    тобының  келесі 
жоғары  деңгейдегі  дербестенген – автономиялы  тобына  айналуына 
мүмкіндік береді.  
Дербестенген 
автономиялы 
топ 
жоғары 
ынтымағымен 
ерекшеленеді.  Дəл  осы  деңгейде  топ  балалары  өздерінің  ұжым 
мүшелігін  сезінеді.  Осы  жағдайда  ғана  ұжымның  əрбір  мүшесі  өзінің 
даралығын  сезіне  отырып,  іштей  бірлік  жəне  ынтымаққа  келіп,  аса 
жоғары деңгейге жетуге ұмтылыс білдіреді. 
Дегенмен,  кейде  дербестікке  ие  болған  топ,  еңбек  бірлестігі – 
ұжымнан бөлініп, өз бетінше кетуге де ынта білдіруі мүмкін. Мұндай 
жағдай  топтың  тұйықтыққа  беріліп,  басқа  топтардан  ажыралып, 
оларды  өзіне  қарсы  қоюынан  да  болуы  мүмкін.  Осыдан  топ  жалған 
ұжым сипатына енуі күтіледі. 
Керісінше,  егер  бірлестік  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  өзара 
əрекетке  келетін  болса,  онда  ұжымдасқан  бағыт-бағдар  қалыптасып, 
топ  кəдімгідей  бір  мақсатты,  ортақ  іс-əрекет  төңірегінде  
біріккен ұжымға айналады. 
Ұжымдар  өндірістік,  саяси,  мектептік,  отбасылық,  көркем  өнер 
бірлестіктері болып ажыралады. 

Мектеп  ұжымы  күрделі  сипатқа  ие  болуымен,  өз  ішіне  оқушылар 
ұжымын жəне мұғалімдер ұжымын қамтиды. 
Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін: 

бастапқы  (не  өзара  байланысты)  ұжым-  ұзақты  қарым-
қатынасқа түскен бір сыныптағы оқушылар (сынып); 

жалпы мектептік ұжым – ол сынып бірлестіктерінен құралады. 
Кейбір  оқу-тəрбие  жұмыстарды  орындау  үшін  ұзақты  не  қысқа 
мерзімді,  уақытша  ұжымдар  түзіледі:  үйірмелер,  спорт  секциялары 
жəне т.б. 
Соңғы  кездері  əлеумет  танушылар  ұжым  ішінде  шағын  топтарды 
бөліп қарастыруды жөн көруде. Шағын топ қатысушыларының өзара 
жақындығы  əлеуметтік  мəнді  мақсаттардан  болмай,  олардың 
арасындағы  жеке  сыйластық  пен  кішігірім  топтық  қызығуларға 
негізделеді. 
Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық 
басқарымды.  Ұжымды  педагогикалық  басқару  тұрғысынан  келесі 
ережелерді ескеру қажет: 

педагогикалық  басшылық  тəрбиеленушілердің  өз  бойына  тəн 
дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт; 

педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, 
себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс; 

барша  тəрбиелік  ықпалдар:  отбасы,  қоршаған  орта,  сынып 
мұғалімдері -өзара сəйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс; 

ұжым  мүшелерінің  өз  міндеттерін  орындауын  бақылау, 
қадағалау жəне реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы 
міндетті; 

тапсырмалар  бөлістіруде  олардың  ұжымға  ғана  қажеттігін 
ескеріп  қоймай,  тəрбиеленушілер  қызығуларына  сəйкестігін  де 
ойластырған жөн; 
Ұжым    ынтымақтастығын  болдырудың  келесідей  жолдарын 
пайдалану қажет: 

бірлікті  іс-əрекет.  Оқушылар  əрқилы  іс-əрекеттермен 
айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс, еңбек, ойын, көркем өнер, 
эстетикалық, спорт, туризм жəне т.б.  
Мектеп  субъекттерін  алдымен  біріктіретін  оқу  істері,  себебі  олар 
бір  бағдарлама  негізінде  орындалады,  оқуды  жүргізетіндер  де  бір 
мұғалімдер  тобы,  үйренетін  əлеуметтік  тəжірибелері  де,  əртүрлі 
себептермен болатын  толғаныс, күйзелістері де ортақ.  Ұжым басын 
қосуға 
себепкер 
 

дұрыс 
педагогикалық 
басшылықпен 
ұйымдастырылған  еңбек  жəне  ойын  əрекеттері.  Ойын  арқылы 

тəрбиеленушілер  қоршаған  болмысты  таниды,  ойынды  ойластыратын 
да өздері; 

ұжым салт-дəстүрлері; 

ұжым қызметтерінің мазмұны жəне жүрісі;  

тəрбиеленушілердің  ұжымда  не  болып  жатқанынан 
хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды; 

салыстыру, 
жариялылық, 
жəрдем, 
ұнамды 
баға 
принциптеріне сəйкес өткізілетін жарыс, бəсекелер;  

ұжым кейпі мен эстетикасы

өзіндік басқарымның ұйымдастырылуы
Өзіндік  басқарым – бұл  ұжым  тіршілігінің  өкілетті  тұлғалар 
тарапынан реттеліп баруы.  
Өзіндік  басқару  органдары  жəне  олардың  саны  нақты  жұмыстарға 
байланысты  белгіленеді.  Олар  тұрақты  (сынып  кеңесі,  оқушылар 
комитеті,  староста)  жəне  уақытша  (штабтар,  комиссиялар,  жұмыс 
бабындағы кеңестер) болуы мүмкін. 
Мектептегі  өзіндік  басқарудың  ең  жоғары  органы – жалпы  мектеп 
ұжымының  не  оның  өкілдерінің  жиналысы.  Жиналыс  шешімдері 
өкілетті мүшелерге берілген құқықтар деңгейінде қабылданады. 
Мектептегі өзіндік басқарудың орындалу шарттары төмендегідей: 

басқару органдары мен сайланған өкілетті тұлғалардың ретімен 
ауысып баруы; 

сатылы жауапкершілік жүйесінің болуы; 

уақытымен берілетін есеп; 

басқару істеріне ойын элементтерін қосып бару. 
 
17.3. Балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері 
 
Балалар 
жəне 
жасөспірімдер 
бірлестіктері 
 
(БЖӨБ)  
тəрбиеленушілердің  қызығулары  мен  қажеттерін  қанағаттандыру 
негізінде  олардың  мүмкіндіктерін  дамыту  мен  іске  асыруда  көмегін 
тигізеді. Мұндай бірлестіктер əр балаға өз қалағанымен айналысуға, өз 
мүдделерін  қорғауға,  өзіндік  басқару  жұмыстарына  араласуға 
мүмкіндік  береді.  БЖӨБ-де  тəрбиеленушілер  қоғамдық  қатынастар 
тəжірибесін  игереді,  сонымен  бірге  өздеріне  жаңалық  болған 
əлеуметтік рольдерді атқаруға үйренеді. 
Тəрбиеленушілер  əрқилы  мақсаттар  төңірегінде  бірігеді.  Ондай 
мақсаттар  түрлері  келесідей  болуы  мүмкін:  өз  құрбыларымен  ресми 
емес  қарым-қатынасқа    түсу;  қарым-қатынас  шеңберін  кеңейту; 
тұрмыстағы өз орны мен беделін анықтауда, құқықтары мен еркіндігін 
қорғауда, ересек өмірге дайындалуда жəрдем алу. 
Балалар  бірлестіктері  жағдайындағы  тұлғаның  əлеуметтенуіне 
байланысты  мəселелерді  шешуге  бағытталған  тəрбиелік  жұмыстар  өз 

мақсаты,  мазмұны  жəне  құрылымы  бойынша  сыныптан  тыс 
жұмыстардан көптеген ерекшеліктерімен ажыралады. Мысалы, БЖӨБ 
мақсаты  бір  тараптан – тəрбиеленушінің  өз  алдына  қойған  мақсаты 
ретінде  қарастырылса,  екінші  тараптан – бірлестік  істеріне  араласқан 
ересектердің де тəрбие мақсаты ретінде қабылданады. 
БЖӨБ-де тəрбиеленушілер іс-əрекеттерінің əлеуметтік маңызы арта 
түседі. Бұған себепші болатын шарт – тұлғаның əлеуметтенуіне табыс 
беретін  жағдайлардың  жасалуы,  осының  нəтижесінде  оқушыда 
қоғамдағы  əлеуметтік  қызметтерді  орындауға  деген  ынта-ықыласы 
қалыптасады,  сонымен  бірге  тəрбиеленушілердің  қажеттері  мен 
қызығуларын қанағаттандырудың көздері ашылып, баланың өзінің де , 
ол  қатысқан  ұжымның  да  іштей  мазмұн-  сапалық  тұрғыдан  дамып, 
байи  түсуіне,  жаңа  ұмтылыстар  бағытын  алуға  көмегін  тигізеді, 
тұлғаның  əрекет-қылық  талаптары  қоғамдық  норма,  құндылықтар, 
əлеуметтік  бағдарламаларға  сəйкес  ретке  келеді,  баланың  қорғану 
қызметтері орындалып барады.  
Балалар  мен  жасөспірімдер  бірлестігі  төмендегідей  белгілермен  
ажыралады: 

іс-əрекет  мазмұны  (еңбектік,  бос  уақыттарды  толтыру, 
қоғамдық –саяси, діни, патриоттық, танымдық жəне т.б.) 
-  
мерзімі  (тұрақты - мектепте,  қосымша  білім  беру 
мекемелерінде,  балалар  мекен  жайында;  уақытша-  балалардың  жазғы 
орталықтары,  туристік  топтар  жəне  т.б.;  нақты  жағдайларға  орай - 
жəрдем қызметі қатысушылары, əрқилы жиындар, слеттер жəне т.б.); 

басқару формасы (ресми емес, үйірмелік, ұжымдасқан мейрам, 
кештер жəне т.б.). 
БЖӨБ  іс-əрекет,  қызметтері  өз  мазмұны,  формалары  жəне 
əдістерімен  ажыралып,  тəрбиеленушілердің  жас  ерекшеліктеріне, 
олардың қызығулары мен қажеттеріне сəйкес іске асырылады. Балалар 
не  жас  өспірімдер  бірлестіктерінің  бірін  таңдауы,  бір  ұжымнан 
екіншісіне ауысу құқығы оқушылардың өз еркінде. Мұндай баламалы 
бағыт мүдде, мұқтаждықтарға байланысты таңдау жасап, соған сəйкес 
өз  ойын,  бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында  өзіндік 
жоспар  түзуге,  мерзімін  белгілеп,  орындау  жөн-жосығын 
айқындауға мүмкіндік алады. 
Бүгінгі таңдағы педагогикалық əдебиеттерде (Н.Г.Полянская  жəне 
басқалар)  балалар  бірлестіктерінің  қызмет  атқару  моделі  берілген. 
Мұнда  балалар  бірлестіктеріндегі  тəрбиеленушілер  тұлғасын  дамыту 
ерекшеліктеріне  сəйкестендірілген  іс-əрекеттерді  ұйымдастырудың 
негізгі  кезеңдері  мен  педагогикалық  шарттары  көрсетілген.  Олар: 
алғашқы  бейімделу,  жаңа  іс-əрекет  түрлерін  меңгеру,  жаңа  жағдайға 
орай өз мүмкіндіктерін іске асыруға үйрену, білімдері мен ептіліктерін 
тұрмыста пайдалануға дайындық жасау. 

Бұл  бірлестіктердегі  іс-əрекеттер  тобы  үш  принципке  орай 
орындалып барады: 

балалар  мен  жас  өспірімдердің  бірлестіктері  шеңберінде 
жалпы адамзаттық құндылықтарды жан-жақты үйлестіру; 

тəрбиеленушілерді  адамның  өмірлік  ұстанымдары  мен 
əлеуметтік  ролдерінің  дамуына  ұтымды  негіз  қызметін  атқаратын 
қоғамдық əрі тұлғалық мəнді қатынастарға араластыру; 

балалар 
бірлестіктерінде 
тəрбиеленушілердің 
өзіндік 
ұйымдасуына  жəне  бойындағы  мүмкіндіктерін  өзінше  жүзеге 
асыруына  жəрдем  беретін  ұжымның  өзіндік  басқаруы  мен 
педагогикалық жетекшілікті өзара байланыстыра жүргізу. 
Ерекше  тəрбиелік  мүмкіндіктерге  ие  уақытша  бірлестіктер  де 
(балалар  лагерлері,  жастардың  ауыспалы  топтары,  нұсқау  беру 
жиындары)  маңызды  істер  атқаруда.  Мұндай  қысқа  мерзімді 
ұжымдарда  бала  кең  өрісті  əрі  жедел  қатынастарға  түсіп,  құрбы-
құрдастарымен  тез  тіл  табысып,  жан-жақты  шығармашылық 
қабілеттерін  іске  асыруға  қолайлы  мүмкіндіктер  алады.  Уақытша 
бірлестіктерде жасөспірімдер  өз  тіршілігін өз бетінше ұйымдастыруға 
ұмтылып, 
бастапқы 
енжар 
бақылаушы 
қалпынан 
белсенді 
ұйымдастырушы  тұлға дəрежесіне көтеріледі. 
Бірлестіктегі 
ересектер 
мен 
құрбыларының 
ықпалынан 
тəрбиеленуші    бойында  орнығып,  көрінетін  əлеуметтік  əрекет-қылық 
үлгілері  балаға  өзін  белсенді  субъект  ретінде  тануға,  игерген  тұрмыс, 
тəлімдік қалып, талаптарды орындауға жол ашады.  
Бала  дамуы  нəтижесінде  тұрақтанған  сапалық  өзгерістер - 
өзара  нақты  қатынастар  барысындағы  тəрбиешілер  мен 
тəрбиеленушілердің бірлікті, қызметтес іс-əрекеттерінің жемісі. 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Баланы отбасыда дұрыс тəрбиелеудің шарттары қандай? 
2. Отбасыдағы тəрбие əдістерін атаңыз. 
3. Балалардың қоғамдық бірлестіктерінің ерекшеліктері неде? 
4. Балалар ұжымына тəн белгілер қандай? 
5. Ұжымдық бірлестіктерге сипаттама беріңіз. 
    
 
 
 
 
 
 

4-бөлім. БІЛІМ ЖҮЙЕЛЕРІН БАСҚАРУ
 
 
18-дəрісбаян. Білім басқарудың 
 мемлекеттік – қоғамдық жүйелері
 
 
Жоспары: 
 
1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері 
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері 
 
18.1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың  ерекшеліктері 
 
Қазіргі  заман  жағдайында  жалпы  білімдік  немесе  қалаған  басқа  да 
оқу-тəрбие  мекемелерінің  педагогикалық  жүйесін  əрқайсысы  өз 
алдына  күрделі  жүйе  бөлімшелері  болып  есептелетін  төмендегідей 
жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: 

дидактикалық.  Бұл  жүйеше  өз  ішіне  сабақ  жəне  сабақтан  тыс 
оқу-тəрбие  жұмыстарын;  міндетті  жəне  факультатив  дəрістерді;  оқу 
процесін  ұйымдастырудың  негізгі  формасы – сабақты  (сабақтағы 
оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз 
алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды; 

тəрбиелік  –  үлкен  жүйе  бола  тұрып,  келесідей  сыныптан  тыс 
жəне  мектептен  тыс  тəрбие  жұмыстары,  отбасы  тəрбиесі,  қоғамдық 
мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады; 

оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі 
өзіндік  басқару  жүйешесі  (мұның  құрамына  енетіндер:  сыныптағы 
өзіндік  басқарым,  əрқилы  іс-əрекет  бағыттары  бойынша  кіші 
жүйешелер);  

мектептің  əкімшілік  жүйесі:  оқу  процесін  басқару,  тəрбие 
жұмыстарына  жетекшілік,  басқа  да  жұмыс  түрлерін  алып  бару 
жүйешелерінен құралады. 
Əкімшілік  жүйенің  қажеттігі – дидактикалық,  тəрбиелік, 
материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару 
жүйешелерінің  басын  қосып,  үлкен  біртұтас  жүйелікке  келтіру 
мақсатынан. 
Оқушылардың  жан-жақты  тəрбиесі  мен  дамуына  қатысты 
міндеттердің    шешілуі , яғни  жүйенің  тиімді  жұмыс  атқарушы  барша 
жүйелік  бірліктердің  іс-əрекеттері  бір  бағытта  орындалып  бару 
шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді 
де  (комплексті)  əрі  педагогикалық  жүйелерді  басқарудың  өзіндік 
ерекшелігін танытады. 
Басқаруға  тəн  жəне  бір  сипат-  бұл  жұмысқа  баршаның:  əкімшілік, 
мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің 

мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған 
сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-
келген  сəті  мен  жүйенің  қалпы  тек  оның  шешіміне  тəуелді 
болмайтынын мойындауы тиіс. 
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік 
қызметті  де  атқарады.  Тəрбиеленушілерді  басқарушы  болып 
есептелетін  педагог - тəрбиешілер  оларға  жетекшілік  етеді,  ал 
тəрбиеленушілер  осы  жетекшілік  қатынастарды  пайдалы  ұғымдар 
ретінде  игереді,  яғни  тəрбиелік  қызметтің  орындалып  жатқаны. 
Осыдан  да  басшының,  тəрбиешінің,  мұғалімнің  моральдық,  əдептілік 
кейпіне  жоғары  талаптар  қойылады.  Кəсіби  іс-əрекетті    əрқилы 
деңгейде  бірдей  тең  басқару – бұл  да  педагогикалық  жүйелерді 
басқарудың  өз  алдына  ерекшелігі.  Өз  тұлғасын  қалыптастыру 
барысындағы  оқушы  іс-əрекетін  тəрбиешінің  бір  өзі  басқармайды, 
бұған  бірнеше  пəн  мұғалімдері,  сынып  жетекшісі  жəне  басқа  да 
күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. 
Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп 
директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар 
бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір 
уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн мұғалімі, 
əдістемелік бірлестік мүшесі. 
Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, 
қоғамдық  ұйымдармен,  мемлекеттік  мекемелермен  қатынастар 
негізінде атқарылып барады. 
Мектеп - мемлекеттік  (немесе  онымен  тығыз  байланысқан) 
құрылым.  Отбасы,  қоғам,  мемлекет  араларындағы  бірлікті  іс-
əрекеттердің  ұштаса  орындалуынан  тəрбиенің  жалпы  мақсаттары  іске 
асып  барады.  Мұндайда  өзара  байланыстар  міндетті  түрде  жүйелі 
басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың 
өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-
қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың 
келесі  ерекшеліктерін  де  біліп  қойған  жөн:  əртүрлі  жас  деңгейіндегі 
балалар  бірлестіктеріне  басшылық;  материалдық    ынтадан  гөрі 
моральдық 
ынтаның 
басым 
болуы; 
басқарушының 
өз 
басқарымындағылармен  жеке  таныс  болу  қажеттігі , білім  саласын 
басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы. 
 
18.2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың 
негізгі принциптері 
 
Директор  жəне  басқа  да  басшылардың  оқу-тəрбие  процесін  нақты 
басқару  қызметтері  белгілі  принциптерге  негізделіп  орындалады.  Ол 
принциптер төмендегідей:  

-  педагогикалық  жүйелер  басқарымын  демократияластыру  жəне 
гуманизациялау.  Бұл  басшылардың,  мұғалімдердің,  оқушылар  мен 
олардың  ата-аналарының  өзіндік  іс-əрекеттері  мен  ынтасының 
дамуына  жол  ашады.  Ал  бұлардың  орындалуы  пікір  алмасу  жəне 
басқару  шешімдерінің  қабылдануына  байланысты  жариялылықты 
қажет етеді; 
-  орталықты  басқару  мен  өзіндік  басқарымдарды  оңтайлы 
үйлестіру.  Мұндай  басқару  үйлесімдері  əкімшілік  жəне  қоғамдық 
органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне 
орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне 
қабылдауды,  кəсіби  деңгейде  іске  асыруға  жағдайлар  жасайды; 
жүйедегі  барша  құрылымдық  бөлімдерді  өз  жұмыстарында  бірін-бірі 
қайталаудан  құтқарып,  əрекеттерін  жоғары  деңгейде  орайластырып 
баруға мүмкіндік береді; 
-  жеке  басқару  жəне  ұжымдасқан  жетекшілік  бірлігі.  Бұл 
принципті  ұстанудағы  мақсат-  біртұтас  педагогикалық  процесті 
басқару  барысында  субъективизм  мен  əміршілдікке  жол  бермеу.  Ұжымдасқан 
жетекшілік  сонымен  бірге  тапсырылған  іске  деген ұжым мүшелерінің 
əрбірінің  жеке  жауапкершілігін  жоққа  шығармайды.  Ал  жеке  басқару 
тəртіп  жəне  жөн-жосақ  қамтамасыз  етіп,  педагогикалық  процесс 
қатысушыларының  өз  өкілеттіктерін  нақты  шектеп,  ретімен  орындап 
жүруін қадағалайды. 

педагогикалық  жүйелерді  басқарудағы  шынайылық  жəне 
ақпарат молдығы.  
Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады: 

уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық; 

басқару  қызметі  бойынша-  талдауға  орай,  бағалық, 
құрастырушылық, ұйымдастыруға байланысты; 

келіп  түсу  көздері  бойынша-  мектепішілік,  ведомстволық, 
қарым-қатынастағы мекемелерден; 

мақсаты  бойынша - өкімдік,  ұсыныс,  нұсқау-
таныстыру жəне т.б.  

өкілеттіктер беру принципі.  
Басқару  жауапкершілігінің  келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке 
орай  жағдайларды  жасау;  белгілі      қызметтік – нақты  іс-əрекеттерге 
байланысты  шарттарды  түзу.  Өкілеттік  тапсырыстар  лауазым  иесінің 
атына  емес,  лауазымның  өзіне  байланысты  беріледі(  мысалы,  мектеп 
директоры  С.Қасымовқа  емес,  мектеп  директорына  (С.Қасымов) 
тапсырылсын).  Жеке  адамдарға  жүктелетін  тапсырмалар – күнделікті 
шаруашылық;  кешенді  істерге  дайындық;  арнайы  орындалатын  іс-
əрекеттер;  жекеленген  мəселелер.  Жекелеп  берілмейтін  міндеттер- 
басшы  қызметі;мақсаттар  тағайындау;  мектеп  стратегиясына  орай 
шешім  қабылдау;  нəтижеге  бақылау  салу;  қызметкерлерге  басшылық, 

оларды  еңбекке  ынталандыру;  аса  маңызды  міндеттер;тəуекелдікті 
талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер; 
түсіндіріп,  қайта  тексеріп  жатуға  мерзімі  тығыз  қауырт  жұмыстар; 
жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.  
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. «Педагогикалық жүйе» түсінігінің мəнін ашып беріңіз. 
2.  Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері неде? 
3.  Білім  беру  жүйелерін  басқарудың  негізгі  принциптерін  атап 
беріңіз. 
4.  Білім беру мекемесін басқарудағы жүйелілік бағыт мəнін қалай 
түсіндіресіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

19-дəрісбаян. Мектеп – педагогикалық жүйе 
жəне басқару нысаны
 
Жоспары 
1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні 
2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары 
19.1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні 
 
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін 
басқару  əрбір  басшыдан  біртұтас  басқару  жүйесін  түзіп,  оны  даму 
жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін 
түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті: 

мектеп түрі  мен мақсаты; 

ақпараттық  жабдықталуы(  оқушылар  қызығулары  мен 
мүмкіндіктері , ата-аналар тапсырыстары); 

мамандар, 
материалдық-техникалық, 
психологиялық 
жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін); 

оқу жоспарының мектептік баламасы; 

оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, 
мектептің  əрқилы  сатылары  мен  оқушы  топтарына  арналған  циклды-
ағымдық жəне т.б.); 

оқу-тəрбие  жұмыстарын  ұйымдастырудың  мерзімдік  тəртібі 
(бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында); 

мектептің  белгілеген  мақсаттарға  жетудегі  басты  шарттары 
(мамандар,  материалды-техникалық,  қаржылық,  ғылыми-əдістемелік, 
əлеуметтік-психологиялық). 
Педагогикалық  жүйе  ретінде  мектепті  басқару  барысында,  бір 
жағынан,  оның    тұтастығын  сақтауға,  екінші  жағынан-  ондағы  жүйе 
бірліктерінің  əрекеттеріне  ықпал  жасаумен  оларды  өзгертіп,  реттеуге 
мүмкіндік  беруі  қажет.  Педагогикалық  жүйенің  өзіндік  қызметтері 
қоғам  қажетінен  туындаған  мақсаттардың  дəл  мезетінде  орындалып 
баруына  бағытталуы  қажет.  Мақсаттар  мектептің  педагогикалық 
жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз 
кезегінде  көптеген , əрқилы  əдістер  мен  формаларды  ойластыруды 
керек етеді. 
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін 
анықтайтын  жағдаяттар – педагогикалық  ұжым  жəне  оның 
басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин). Мектептердің 
көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда: 
Бірінші  деңгей-  мемлекеттік  орган  бекіткен  не  ұжым  сайлаған 
мектеп  директоры;  мектеп  кеңесі,  оқушылар  комитеті,  қоғамдық 
бірлестіктер  басшылары.  Бұл  деңгейде  мектептің  стратегиялық  даму 
бағыты анықталады. 

Екінші  деңгей-  мектеп  директорының  орынбасарлары,  мектеп 
психологы; 
əлеуметтік 
педагог, 
қоғамдық 
пайдалы 
еңбек 
ұйымдастыруға  жауапкер,  əкімшілік-шаруашылық  бойынша  директор 
көмекшісі;  өзіндік  басқаруға  қатысты  органдар  мен  бірлестіктер 
басшылары. 
Үшінші  деңгей-  оқу  барысында  жəне  оқудан  тыс  білім-тəрбие 
жұмыстарына  байланысты  оқушыларға  басшылық  қызметтерді 
атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге 
қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру 
мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады. 
Төртінші  деңгей-  сыныптық    жəне  жалпы  мектептік  өзіндік 
басқару  қызметтері  тапсырылған  оқушылар.  Бұл  деңгейдің  назарға 
алынуы  мұғалімдер  мен  оқушылар  арасындағы  қатынастың  «субъект-
субъектті»  сипатын  баса  танытады.  Мұндай  қатынаста  оқушы  өзара 
ықпал  нысаны  болумен  бірге  өз  дамуының  қозғаушы  күші – субъект 
ролін де атқарады. 
Сатысына  қарай  əрбір  басқару  субъекті  бір  уақытта  жоғары 
деңгейлі басқарудың объекті – нысаны болып есептеледі. 
Басқарымды  жүйеде  оқушылар  ұжымы  маңызды  орынға  ие.  Бұл 
ұжымда  басқару  екі  деңгейде  жүргізіледі:  біріншісі-  жалпы  мектептік 
жəне  сынып  ұжымы;  екіншісі-  оқушылардың  қоғамдық  ұйымдары, 
спорттық  бөлімдер,  шығармашыл  бірлестіктер,  үйірмелер,  оқу-үйрену 
топтары  (бригадалары)  жəне  т.б.  Педагогикалық  жəне  оқушылар 
ұжымдарының 
өзара 
бірлестік 
іс-əрекеттері 
Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  мен  жалпы  білім 
беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады. 
 
19.2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары 
 
Басқару 
іс-əрекеттері 
процесінде 
төмендегідей 
қызметтер 
орындалады:  

мақсаттар  айқындау  (бүкіл  жүйенің,  сонымен  бірге  əр 
кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау); 

жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша 
ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу); 

ұйымдастыру  (қызметтік  міндеттерді  сауатты  бөлістіру  жəне 
бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру); 

реттеу  (қабылданған  шешімдерді  іске  асыру  мақсатында 
əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру); 

ынталандыру  (шығармашылық  істерге,  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына,  инновациялық  жобаларға  қатыстыру  үшін  жағдайлар 
жасау;  мұғалімдердің  рухани  бірлік  сезімін  қалыптастыру,  олардың 

əлеуметтік  белсенділігіне  дем  беру;  жетістіктеріне  орай  бағалау  жəне 
мадақтау); 

қадағалау  (талдау  жəне  жаңа  міндеттерді  белгілеу  үшін 
көзделген  жоспарлардың  орындалуы  жөнінде  уақтылы  ақпараттар 
алып тұру); 

педагогикалық  талдау  (оқу  процесін,  тəрбие  жұмыстарын, 
білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын 
педагогикалық  мамандар  мен  тəрбиеленушілер  құрамын  жетілдіруге 
байланысты  зерттеулер  жəне  талдаулар,  нақты  қорытындылар  жасап, 
ұсыныстар беру). 
Жоғарыда  аталған  қызметтер  жөнін  талдау    арқылы    басқару 
мазмұнын  екі  жікке  келтіруге  болады: 1) ұйымдастыру-  бақылау 
жұмыстары  (басқарымдағылардың  іс-əрекеттеріне  жетекшілік: 
тапсырма  беру,  талаптар  қою,  күштерін  біріктіру,  жұмыс  барысын 
қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне 2) басқарушылар іс-əрекеттері 
(мақсаттар  айқындау,  ынталандыру,  қаржы  көздерін  табу,  ұжым 
құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау). 
Педагогикалық  басқару  əдістері  көзделген  мақсаттарға  жету  жəне 
басқару  қызметтерін  іске  асыру  құралдары  ретінде  қарастырылады. 
Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей: 

педагогикалық  қызметкерлерді  экономикалық  тұрғыдан 
қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-
дəрежелеріне сəйкес жалақы беру); 

əкімшілік – ұйымдастыру 
əдістері 
(орындаушылар 
қызметтерінің    шек-өлшемін  белгілеу,  көрсетпелер,  нұсқаулар, 
бұйрықтар беру жəне т.б.); 

психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, 
тілек  білдіру,  алғыстар  жариялау)  жəне  əсерлендіру  (шуақты 
психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық 
сезімдерін  көтеру,  білім  мекемесінің  əлеуметтік  даму  болашағы 
жөніндегі болжамдармен таныстыру); 

қоғамдық 
ықпалдарды 
пайдалану 
(педагогтар 
мен 
оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру); 

қоғамдық  əсер  əдістері  (ұжымда  демократияны  нығайтып, 
басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің 
беделі мен мəртебесін ұлықтау). 
Соңғы 
жылдары 
мектепте 
психологиялық 
қызметтің 
қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие 
ақпараттарымен  жұмыс  жүргізуші  қызметкер  оларды  жинау,  өңдеу, 
сақтау  жəне  пайдалану  тəсілдерін  жақсы  білгені  жөн.  Мектеп 
басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, 
тестілеу,  нұсқау  жəне  əдістемелік  материалдармен  жұмыс  жасау 
əдістерін  белсенді  қолдана  білуі  шарт.  Мектеп  əкімшілігінің    күш-

қуаты  басқарудың  мектепішілік  ақпараттық  технологиясын  нақтылап, 
тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, 
əр мұғалімге де таныс болуы міндетті. 
Басқаруды  ұйымдастыру  формалары  əрқилы  құрылым  жəне 
бағыттарда  болуы  мүмкін:  нұсқау-əдістемелік,  теориялық  семинар, 
оқушылар 
ұжымының 
отырыстары, 
педагогикалық 
кеңестер, 
əдістемелік  бірлестіктер,  ұстаздық,  мектеп  конференциялары, 
педагогикалық    оқулар,  ата-аналарды    педагогикалық    жаппай 
сауаттандыру.  Əлеуметтік  –психологиялық  əдістерді  іске  асыру 
формалары  мектептің  ішкі  тəртіп    Ережелерінде  көрсетіледі  немесе 
мектеп Жарғысына ендіріледі. 
Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай – 
педагогикалық  басқару  жүйесінің  қалыпты  күйге  келіп,  əрекетшеңдік 
жағдайында  болуы  жəне  оны  іске  асыру  жолдарын  əрбір  басшының 
жіті білуі. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1.  Педагогикалық жүйе сипатындағы мектептің негізгі белгілерін 
атаңыз. 
2.  Осы  заманғы  мектепті  ғылыми  тұрғыдан  басқарудың  мəні 
неде? 
3.  Мектептің  педагогикалық  жүйесін  басқарудың  негізгі 
əдістеріне сипаттама беріңіз. 
4.  Басқару қызметтерінің түрлері қандай? 
5.  Мектеп педагогикалық жүйесін басқару принциптерін атаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

20-дəрісбаян.  Мектеп дамуына байланысты 
инновациялық процестерді басқару
 
 
Жоспары 
 
1. Инновациялық процестерді басқару 
2. Мектепішілік басқарудағы тың енгізулер бағдары 
 
20.1. Инновациялық процестерді басқару 
 
«Инновация»  термині  жаңашылдық,  өзгеріс,  қандай  да  жаңалық 
ендіру  дегенді    аңдатады.  Педагогикалық  процеске  байланысты  бұл 
түсінік  оқу  жəне  тəрбие  жұмыстарымен  мұғалім  жəне  оқушының 
бірлікті  іс-əрекеттерін  ұйымдастыру  мақсаттарына,  мазмұнына, 
əдістері  мен  формаларына  енген,  енетін  жаңалықтардан  хабар  береді 
(ғылыми  рəміз  ретінде  бұл  терминді  аудармасыз,  өз  күйінде 
қолданғанды жөн көрдік). 
Инновация,  сонымен,  жаңалық  жеткізуші,  жаңаланып  жатқан 
жүйеге  өзгеріс  беретін  құрал.  Жаңалығы  болмаған  инновация  мəнсіз. 
Инновациялық  маңызға  ие  болмаған  жаңалық    іс-əрекет  қалпын 
жақсартудың  дерексіз  (абстракт),  болмысқа  жарасымы  жоқ  құрғақ 
теория.  Басқарудағы  жаңалықтар  мен  инновациялар  əрқилы  даму, 
тіршілік  сатылары  мен  қисынды  құрылымдарды  қамтиды.  Өз  даму 
айналымында  инновация  белгілі  кезеңдерден  өтеді:  идеяның 
туындауы,  мақсат  белгілеу,  жаңалық  идеясын  ойластыру  жəне  əрекет 
бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату жəне тоқырау (жойылу). 
Инновациялардың  іске  асып  бару  кезеңдері  жаңалықты  қабылдап, 
игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста. 
Жекеленген  басқарым  инновацияларының  жиынтығы  мектепті 
басқарудың жалпы инновациялық процесін құрайды, ал ол өз кезегінде 
аудан,  аймақ,  республикалық  білім  жүйесінде  жүріп  жатқан  кең 
ауқымды инновациялық кешендердің құрамынан орын алады. 
Инновациялық  процесс – бұл  күнделікті  тəжірибеде  өз  алдына 
бөлек  жаңалық  ретінде  танылған  нақты  да  соны  ауқымды  бірлігі. 
Мектеп  басшысының  айналысатыны  да  осы  үлкен,  кең  шеңберлі 
процесс. 
Инновациялық  тəртіп  пен  кейіп  өріс  алған  жағдайларда 
оқушылардың  да,  педагогтардың  да  тұлғалық  бой  тіктеуге,  өз 
мүмкіндіктерін  іске  асыруға  болған  ынта-ықыласы  белсенді  даму 
арнасына түседі. Бұл педагогикалық процесс қатысушыларының өзара 
қатынасында  көрініс  береді.  Инновациялық  процесс  нəтижесі – 
қолданымға  енген  теориялық  та,  практикалық  та  жаңа  идеялар. 
Мұғалім    бұл  орайда  жаңалық  авторы,  дайындаушысы,  зерттеушісі, 

пайдаланушысы  жəне  насихаттаушысы  сипаттарын  бірдей  алады.  Ал 
бұл қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория, 
идея,  технология,  əдістеме  жəне  озат  педагогикалық  тəжірибелерді 
қандай  да  мақсатқа  орай  бағалауды  жəне  кəсіби  іс-əрекетте 
пайдалануды қамтамасыз етеді. 
Қоғам,  мəдениет  жəне  білімнің  бүгінгі  даму  жағдайында 
педагогикалық  іс-əрекеттегі  инновациялық  бағыттардың  қажеттігі 
бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:  

əр  текті  оқу  орындарындағы    білім  беру  жүйесінің, 
əдіснамасының 
жəне 
оқу-тəрбие 
процесін 
ұйымдастыру 
технологияларының жаңалануы; 

білім  мазмұнының  күшті  адамилық  (гуманитаризация)  сипат 
алуы; 

оқу пəндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы; 

оқудың  жаңа  ұйымдастыру  формалары  мен  технологияларын 
ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пəндерінің енгізілуі; 

мұғалімдердің  педагогикалық  жаңалықтарды  меңгеруі  мен 
қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі; 

жалпы  білімдік  оқу  мекемелерінің  нарықтық  экономикаға  бет 
бұруы; 

жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім 
ордаларының құрылуы; 
Күнделікті  тəжірибеде  инновациялық  процестер  сипаты  күтілген 
нəтижелер  мазмұнымен,  енгізілудегі  ұсыныстардың  күрделілік  жəне 
тыңғылық 
дəрежесімен, 
сондай-ақ 
мектеп 
мұғалімдерінің 
инновациялық іс-əрекетке дайындық дəрежесімен анықталады. 
Соңғы  нəтижеге  болжам  жасай  отырып,  мектептегі  инновациялық 
процесті  басқаруда  осы  қызметтің  негізгі  бөлімі  ұжымдық  талқыға 
түседі. Бағдарламалы инновацияға байланысты өте ірі шаралар топтық 
əдіспен дайындалады. 
Нақты бағдарлама түзіліп, онда ұжымдағы əрбір мүше іс-əрекетінің 
бастау бағыты көрсетіледі, соңғы нəтиже болжамы түзіледі, көзделген 
мақсаттың  іске  асу  мерзімі  айқындалады,  бар  жағдай-  шарттардың 
жақсылана түсуі қамтамасыз етіледі. 
Инновациялық  процестерді  басқаруда  нəтижеге  бақылау  жасау 
үлкен маңызға ие. Бақылаудағы міндеттер: 

жеткен нəтижелерді бағамдық талдауға салу, білімдік іс-əрекет 
процестерін  реттеуге  байланысты  жұмыстар  жүргізу  үшін  қажетті 
тұжырымдар жасау; 

ұжым  кейпі  мен  іс-əрекеттеріне  түзетулер  енгізу  мақсатында 
инновациялық  процестің  барша  қатысушыларының  қызметтері  мен 
жұмыс нəтижелеріне баға беру; қорытындылар шығару; 


кешенді – мақсатты  бағдарламаға  сəйкес  инновацияларды 
басқару нəтижелерін бағалау жəне басқару ықпалдарын ретке келтіруге 
орай ұсыныстар беру; 

инновациялық  процесс  қатысушыларын  ақпараттандыру  мен 
ынталандыру үшін тура жəне кері байланыс өзектерін қалыптастыру. 
Мектепті  басқару  сол  мекеменің  бұдан  былайғы  тіршілік 
нəтижесіне  үлкен ықпалын тигізеді. 
 
20.2. Мектепішілік басқарудағы тың енгізулер бағдары 
 
Нақты  білім  мекемесіндегі  мектепішілік  басқару  жүйесінің 
жаңалану  процесі  көбіне  ондағы  жəне  сыбайлас  оқу  орындарындағы 
инновациялық  процестің  жеделдігіне,  мақсатты  бағытына,  мазмұнына 
тəуелді. 
 
Мектепішілік  басқарудың  дамуында  аса  үлкен  маңызға  ие 
болар келесідей бағдар-бағыттарды атау орынды: 

əлеуметтік  орта  мен  мектептің  өзін  жаңа  сипаттағы  басқару 
қажеттіктерінің объектив күрделенуі; 

мектептегі  басқару  іс-əрекеттеріне  қойылатын  талаптардың 
күшеюі; 

мектепті  тиімді  басқарудың  жаңа  жағдайлы  мүмкіндіктерінің 
пайда болуы; 

мектепішілік басқару жүйесінің дамуы; 
Жоғарыда    аталған    бағыт-бағдарлар    мектепішілік  басқару 
жүйесіндегі  инновациялық  процестердің  өтуіне  мүмкіндік  береді. 
Мұндай жаңалықты іс-əрекеттер түрі төмендегідей: 

тұлғалық бағыттағы оқуға бет бұру; 

оқу-білім мекемелерінің жобаларын жасауда ұлттық жəне діни-
рухани құндылықтарды да негізге алу; 

оқушы тұлғасының кемелденуі процесінде білім мен мектептің 
ролі орнына мəн беру; 

демократиялық жəне гуманистік басқару бағытын ұстану; 

кейбір  аса  маңызды  құндылықтардың  мектеп  өміріне  ену 
себепшісі  ретінде  мектепішілік  басқару  жүйесінің  сыр-сипатын 
тереңдей түсіну; 

нақты əлеуметтік тапсырысты ескеру; 

мектептің даму бағдарламалары мен тұжырымдарын дайындау 
жəне т.б. 

Білім  мекемелерінің  құқықтық  мəртебесіндегі,  басқару  нысандары 
жағдайы мен міндеттеріндегі күрделі өзгерістер басқару қызметтерінің 
жаңа түрлерін пайда етті:  

мектептің  жан-жақты  іс-шаралар  жүргізуге  байланысты 
құқықтық  аясы  мен  оған  қатысты  басқару  нысандары  шеңберінің 
кеңеюі; 

бұл процестің басқарушылық санада орын тебуі; 

басқарылушы нысан мəн-бейнесінің молаюы; 

жаңа  біртұтас  басқару  нысандарының  (мектептердің  жаңа 
типтері, түрлері,жобалары) немесе олардағы жаңа элементтер, қырлар, 
байланыстар мен қатынастардың туындауы не туындау қажеттігі; 

əлеуметтік  тапсырыс  жəне  жаңа  табысты  қор  келтіру  көзі – 
мектеппен  байланысты  сырттай  ортаның  көзге  түсер  сапалық 
өзгерістерге келуі; 

стратегиялық жəне ұзақ мерзімді жоспарлауға өту; 

нысанда жаңа процестер мен іс-əрекет түрлерінің (зерттеу жəне 
қолданым түріне келтіру, эксперимент, сын баға беру) пайда болуы, 

басқарудың жаңа түрлерін игеру. 
Басқару  қызметтерінің  арасында    инновациялық    процестерді 
басқару  жəне  оларды  бұдан  былай  дамыту  мақсатындағы  арнайы 
қызметтер  салаларының  (сапа  менеджменті,  білім  маркетингі,  мектеп 
психодиагностикасы  жəне  т.б.)  пайда  болуы – бүгінгі  оқу-тəрбие 
орындарындағы  жаңа  құбылыстар.  Мектептер  өзін  қоршаған  ортаны 
жəне  ол  ортаның  болашақ  өзгерістер  бағытында  талдау  жұмыстарын 
жүргізе  бастады.  Мектеп  өзінің  бəсекелестік  заман  жағдайына 
дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей 
санаға  жетуде.  Бұл  орайда  білім  ордасы  өзінің  барша  тіршілігінің 
нəтижесін  тек  оқу  –тəрбие  процесін  ұйымдастырудағы  табыстарымен 
ғана байланыстыруы тиіс. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Білім саласындағы «инновациялық процестер» деген не? 
2. Мектепішілік басқарудағы көзге түскендей жаңалықтар қандай? 
3.  Жаңашылдық  іс-əрекеттерге  байланысты  мектеп  дамуының 
негізгі бағыттарын атаңыз. 
4.  Осы  заман  мектебіндегі  инновациялық  процестерге  сипаттама 
беріңіз. 
5. Мектепке жаңалық ендіруде басты назарға алынатын не? 
 

21-дəрісбаян. Біліктілік  көтеру жəне мектеп 
 қызметкерлерін сараптау(аттестациялау)
 
 
 
Жоспары 
1. Педагогтар біліктілігін көтеру 
2. Педагогикалық сараптау міндеттері 
3. Педагогикалық сараптау технологиясы 
 
21.1. Педагогтар біліктілігін көтеру 
 
Мұғалімдер,  тəрбиешілер,  мектеп  жетекшілерінің  біліктілігін 
(квалификация)  көтеруге  басшылық – білім  саласындағы  басқару 
қызметі  бағыттарының  маңызды  да  мəнділерінің  бірі.  Бұл  қызмет 
төмендегідей аса маңызды əрі қажетті бірліктерден құралады: 
-  мұғалімдер  жəне  тəрбиешілердің    оқушылармен  жүргізетін  оқу-
тəрбие  жұмыстарының  формалары  мен  əдістерін  пайдалану  жəне 
қолдану  шеберлігін  жетілдіру,  үздіксіз  күрделене  дамудағы 
білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз ету; 
- мектептегі оқу-тəрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде 
жабдықталуы  мен  барша  деңгейдегі  жаңашыл-жасампаз  іс-
əрекеттердің орындалуына жағдай жасау; 
-  мектептің  даму  бағытын  айқындауға  байланысты  педагогикалық 
ұжым қызметіне дем беріп, оны жетілдіру; 
Кəсіби  қызметінің  барысында  барша  мамандар  өз  педагогикалық 
шеберлігін  арнайы  курстарда,  семинарларда,  біліктілік  көтеру 
мекемелерінде  жетілдіріп  баруы  міндетті.  Бұл  мақсатта  келесідей  іс-
шаралар ұйымдастырылуы мүмкін: 
-  негізгі  жұмыс  орнында  үзіліссіз  өткізілетін  қысқа  мерзімді 
тақырыптық  оқулар  (соңғы  емтихан,  сынақ  не  нақты  кəсіби  қызмет 
мəселесіне орай реферат қорғаумен бітеді);  
-  сала,  ұйым,  мекеме  деңгейінде  жүргізілетін  тақырыптық  не 
проблемді  орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз); 
-  мамандардың  кəсіби  қызмет  бағытында  біліктілік  көтеру 
мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы. 
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім жəне ептіліктер игеру 
жəне  кəсіби  қызметке  орай  жаңа  мазмұн  мен  соны  технологияларды 
меңгеру  үшін  кəсіби  қайта  дайындық  (екінші  мамандық  алу)  оқулары 
ұйымдастырылады.  
Қайта  дайындық  нəтижелері  бойынша  кəсіби  іс-əрекеттің  белгілі 
саласында  жұмыс  алып  бару  құқығына  кепіл  мемлекеттік  үлгідегі 
диплом беріледі. 
 

21.2. Педагогикалық сараптау міндеттері 
 
Елде  қабылданған  мұғалімдердің  кəсіби  дайындығын  жетілдіру 
жүйесі – сараптау  (аттестация) – педагогтар  мен  мектеп 
басшыларының  біліктілігін  көтерудің  аса  маңызды  да  тиімді  құралы 
есептеледі.  Сараптау  мақсаты-  кəсібилік  деңгейді  көтеруге 
ынталандыру,  оқу-тəрбие  процесінің  сапасын  арттыру,  шығармашыл 
ынта  дамыту,  сонымен  бірге  нарықтық  экономикалық  қатынастар 
жағдайында 
жекеленген 
еңбек 
жалақысын 
беру 
жолымен 
педагогтардың  əлеуметтік  қорғанысын  қамтамасыз  ету.  Бұл  орайда 
мұғалім  жұмысының  сапасы  мен  оның  еңбек  ақысы  арасындағы 
сəйкестікті ұстану көзделген.  
Кəсібилік  деңгейіне  сəйкес  педагогтың  біліктілік  категориясын 
тағайындау да осы сараптау қызметінің нəтижесі. 
Сараптау  принциптері:  еріктілік,  жариялылық,  жүйелілік  жəне 
тұтастық, шынайылылық. 
Мұғалімдерді  сараптауда  педагогикалық  еңбектің  бағамы-  оның 
нəтижелілігі жəне оқу-тəрбие процесінің сапасы – есепке алынады. Ол 
əр  бес  жылда  бір  рет  педагогтың  өзі  таңдаған  біліктілік  категориясы 
көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі. 
Біліктілік  категориясын  иемдеуге  байланысты  өз  сараптау 
мүмкіндіктерін  мұғалімдердің  өздері  анықтайды,  олар  сараптау 
формаларын таңдауға құқылы: дəрістер тобын көрсету, сыныптан тыс 
оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтихан» 
(əңгімелесу)  не  шығармашылық  есеп,  ғылыми-əдістемелік  немесе 
тəжірибе-эксперименттік жұмысты қорғау жəне т.б. 
Категория  иемдену  үшін  сараптан  өтуді  қаламаған  мұғалімдердің 
жалақысы тариф негізінде білімі жəне еңбек стажына орай белгіленеді. 
Кей  жағдайда  нақты  мұғалімнің  біліктілік  деңгейі  мен  оның 
тағайындалған  қызметіне  сəйкестігін  анықтау  үшін  сараптау  жұмысы 
əкімшіліктің,  мектеп  кеңесі  мен  педагогикалық  кеңес  ұсынысымен  де 
өткізілуі мүмкін. 
ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  бұйрығына  орай  қабылдаған 
«Мемлекеттік  жəне  жеке  меншік  білім  мекемелерінің  педагогикалық 
жəне басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелеріне» сəйкес 
үш түрлі сараптау комиссиясы түзіледі: 

бас  сараптау  комиссиясы – республикалық  деңгейдегі  басқару 
органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында түзіледі; 

аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі 
білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады; 

білім    мекемесіндегі  сараптау  комиссиясы – оның 
педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады. 

Əр  комиссия  өз  құзырына  сай  мəселелерді  шешеді.  Сараптау 
комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі – біліктілік категориясын 
тағайындау.  Қазіргі  күнде  əрекеттегі  Ережелерге  орай  үш  біліктілік 
категориясы белгіленген: 

ең жоғары , оны бас сараптау комиссиясы белгілейді; 

бірінші,  оны  аудандық  (аймақтық)  не  қалалық  комиссия 
тағайындайды; 

екішші  категория  мектептің  сараптау  комиссиясы  тарапынан 
беріледі. 
Мұғалім  не  басшы  қызметінің  бағамы,  екі  кешенді  көрсеткіштер 
бойынша  іске  асырылады:  қызмет  нəтижелерін  қорытындылау 
(шығармашылық  есеп,  ғылыми-əдістемелік  не  тəжірибе-эксперимент 
жұмыс  түрінде)  жəне  практикалық  іс-əрекеттің  эксперттік  бағамы 
əртүрлі баламадағы  психикалық –педагогикалық экспертиза). 
Категория  құжаттық  материалдар  (стаж,  мінездеме,  мұғалімдердің 
біліктілігін  көтеру  курстарын  өткені  жөніндегі  сертификат)  негізінде 
беріледі. 
Сараптаудың  табысты  болуы  оның  ұйымдасуымен,  қойылатын 
талаптар  туралы  қажетті  ақпараттың  нақтылығымен,  қорғау  жəне 
эксперттеу 
əрекеттерімен, 
іскерлік 
жəне 
көңілге 
қонымды 
жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау 
қорытындысы  мектеп  жұмысының  стратегиясы  жəне  тактикасын 
белгілеуде маңызды рөл атқарады. 
 
21.3. Педагогикалық сараптау технологиясы 
 
Педагогикалық  сарап  мақсаты – бұл  мұғалімдердің  оқу-тəрбие 
қызметінің    тиімділігін    шынайы  анықтап    (диагностикалап),  оның 
нақты    бағасын  шығару.  Ал  мұғалімнің    педагогикалық  деңгейіне 
берілетін  баға  ол  оқытып,  тəрбиелеп  жатқан  шəкірттердің  оқу  іс-
əрекеттерінің  нəтижелілігіне  байланысты  болатыны  əбден  түсінікті. 
Осыдан  мұғалім  бағасы  мен  шəкірт  тəлім-тəрбиесіндегі  нəтижелілік 
көрсеткіштері  ажыралмас    бір  процестің  екі  тарапы.  Біріншісі  –негізі 
сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгей бағасы, ал 
екіншісі – нəтиже,  яғни  оқушының  оқудағы  үлгерімі  (дамуы)  мен 
тəртіптілік дəрежесіне берілетін баға.  
Мұғалім еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар  екі өлшем-
шекке  (критерийге)  негізделеді:  нəтижелілік  өлшем  жəне  процестік 
өлшем. 
Нəтижелілік  өлшем-шек  (педагогикалық  қызмет  нəтижесі). 
Оқушының пəн бойынша үлгерімін жəне олардың тəртіптілік деңгейін 
анықтауда ескрілетін жəйттер: 

пəндік нақты білім қоры; 


игерілген  білімдерді  пайдалана  білу  (сауатты  жазу,  есептеу 
жəне т.б.); 

табиғат  жəне  қоғамда  жүріп  жатқан  оқиғалар  мен 
құбылыстардың мəнін түсіну; 

оқушының дербестігі, өз бетінше іс-əрекет жасау дəрежесі; 

оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі; 

тапсырылған іске жауапкершілігі, мектептегі тəртіп ұстанымы, 
қоғамдық  пайдалы  еңбектегі  белсенділігі,  эстетикалық  жəне  тəн-дене 
мəдениетіне орай талғамы. 
Əрине,  оқу-тəрбие  жұмыстарының  оқушы  арқылы  көрінетін 
нəтижелері  мұғалім  қызметін  бағалауда  қажет-ақ,  дегенмен,  олармен 
шектелу шынайылыққа нұқсан. 
Сондықтан,  мұғалімнің  өз  педагогикалық    қызметін  белгілі 
дəрежеде  орындап  баруы  үшін  үнемі,  тынымсыз  жүргізетін  іс-əрекет 
процесін  ескерген  де  жөн.  Бұл  тұрғыдан  назар  аударарлық  ұстаз 
əрекеттері; яғни процестік өлшем- шектері: 

мұғалімнің  өз біліктілігін көтеру жұмыстары; 

өткізетін сабақтарының сапасы, оқу жəне тəрбие жұмыстары; 

оқыту жəне тəрбиелеу барысында əр оқушыға жекелей қатынас 
жасаудағы мұғалім ептілігі; 

ата-аналармен  жұмыс,  бала  тəрбиесіне  байланысты  отбасыға 
педагогикалық жəрдем ұйымдастыра білу. 
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі: 
Алғашқы  кезеңде  білім  мекемесінде    Педагогикалық  кеңес 
қаулысымен  сараптау  комиссиясы  түзіліп,  оны  сол  мекеме  басшысы 
бекітеді. 
Сараптау  жөніндегі  Ережеге  сəйкес  мұғалімнің  (педагогикалық 
қызметкердің)  сараптан  өтуіне  қажет  жеке  құжаттары  дайындалады: 
сарапқа түсу жөніндегі арызы, біліктілік көтергені жөніндегі құжаттар 
көшірмесі,  бақылау-  қадағалау  не  басқа  біліктілік    жұмыстарын  
орындағаны  туралы  эксперттік  комиссия  шешімі,  сараптау  парағы, 
білім беру мекемесі басшысының бұйрығынан көшірме.  
Екінші  біліктілік  категориясын  алу  үшін  мұғалім  мектеп  сараптау 
комиссиясына , бірінші  категория  үшін – аудандық  комиссияға, 
жоғары категория үшін – аймақтық, облыстық комиссияға арыз береді. 
Екінші  кезең-  мұғалімнің  біліктілік  деңгейін,  оның  кəсіби 
қызметінің нəтижелілігін бағалауды ұйымдастыру; 
Үшінші  кезең – сараптау  комиссияларының    шешім  қабылдауы 
жəне сол шешімдердің нəтижесі бойынша бұйрық жариялау. 
Сараптау  комиссияларының  шешімдерінің  негізінде  білім  басқару 
органдары  мен  білім  беру  мекемелерінің  басшылары  педагогикалық 
қызметкерлерге  біліктілік  категорияларын  беру  жөнінде  бұйрық 

шығарады,  белгіленген  разрядтар  бойынша  еңбек  ақы  деңгейін 
тағайындайды. 
Жоғарыда əңгіме тиегі болған біліктілік көтеру жүйесінің тиімділігі 
көптеген  жағдайды  ескеруден  іске  асатынын  байқауға  болады,  атап 
айтсақ,  ол – басқару  сапасы,  мұғалімдер  мен  тəрбиешілердің 
педагогикалық шеберлігін жетілдіруге деген басшылар мен мектеп ісін 
ұйымдастырушылардың  көзқарас – қатынасына  байланысты,  яғни, 
біліктілік көтеру мектеп директорларының тұлғалық сапасына , аудан, 
облыс,  жалпы  елдегі  оқу  ісін  басқарушы,  ұйымдастырушылардың 
мұғалімге болған ықылас – ниет сипатына тəуелді. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1.  Педагог мамандарды сараптаудағы негізгі мақсат не? 
2.  Мұғалімді сараптау негіздерін атаңыз. 
3.  Сараптау негіздеріне сипаттама беріңіз. 
4.  Мұғалімдерді сараптаудың негізгі кезеңдерін атаңыз. 
5.  Сараптаудың негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

М А З М Ұ Н Ы 
 
Алғы сөз 
 
1-бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ  
 
1-дəрісбаян. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйе- 
сіндегі орны  
1.1. Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым 
1.2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы 
1.3. Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері 
1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі 
1.5. Педагогика жəне басқа ғылымдар 
2-дəрісбаян. Педагогика əдіснамасы мен əдістері 
2.1. Педагогика əдіснамасы жөнінде түсінік 
2.2. Педагогиканың философиялық негіздемесі 
2.3. Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы 
2.4. Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері 
2.5.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру 
2.6. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі 
3-дəрісбаян. Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты 
проблемалар 
3.1. Тұлғаның даму процесі 
3.2. Нəсілдік жəне қоршаған орта 
3.3. Іс-əрекет жəне тұлға дамуы 
3.4. Даму диагностикасы 
4-дəрісбаян. Білім мəні мен маңызы 
4.1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс 
4.2. Білім - əлеуметтік қажеттілік 
4.3. Білімнің жүйелілігі 
4.4. Білім-педагогикалық процесс 
4.5. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыт- 
    тары 
 
2-бөлім. ОҚУ ТЕОРИЯСЫ (дидактика) 
 
5-дəрісбаян. Оқу процесінің мəн-мағынасы 
5.1. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік 
5.2. Оқу- дидактикалық процесс 
5.3. Оқу процесінің қызметтері 
5.4. Оқудың əдіснама-дидактикалық жүйелері 
5.5. Таным теориясы жəне оқу 
 

6-дəрісбаян. Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері 
6.1. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жө- 
      нінде түсінік 
6.2. Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу 
6.3. Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері 
7-дəрісбаян. Білім мазмұны 
7.1. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні 
7.2. Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі тео- 
    риялар 
7.3. Мемлекеттік білім стандарты 
7.4. Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары 
8-дəрісінен.  Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары 
8.1. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні 
8.2. Оқу əдістерін топтастыру 
8.3. Оқу құрал-жабдықтары 
8.4. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу 
9-дəрісбаян. Оқу формалары 
9.1. Оқу формасы түсінігі 
9.2.  Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы 
9.3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары 
9.4. Оқу түрлері 
10 – дəрісбаян. Оқу барысындағы диагностика жəне  
бақылау – қадағалау 
10.1. Оқу сапасын диагностикалау 
10.2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері 
10.3. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау 
10.4. Бағалаудағы қателіктер 
11-дəрісбаян. Оқудың педагогикалық технологиялары 
11.1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі 
11.2. Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы 
 
3-бөлім. ТƏРБИЕ ТЕОРИЯСЫ 
 
12- дəрісбаян. Тəрбие мəн-мағынасы 
12.1. Тəрбие міндеттері мен қызметтері 
12.2. Тəрбие процесінің ерекшеліктері 
12.3. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі 
13-дəрісбаян. Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен прин- 
циптері 
13.1. Тəрбиенің жалпы заңдылықтары 
13.2. Тəрбие принциптері 
 
 

14-дəрісбаян. Тəрбие процесінің мазмұны 
14.1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт- 
      бағдарлар 
14.2. Тұлғаның  базалық мəдениетін қалыптастыру 
14.3. Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар идея- 
         ларының тəрбие мазмұнында ескерілуі 
15-дəрісбаян. Тəрбие əдістері 
15.1. Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік 
15.2. Сана қалыптастыру əдістері 
15.3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері 
15.4. Ынталандыру əдістері 
15.5. Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру 
      жолдары 
15.6. Тəрбие əдістерін талдау 
16-дəрісбаян. Тəрбие құрал-жабдықтары мен формалары 
16.1. Тəрбие құрал-жабдықтары жəне формалары түсінігі 
16.2. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама 
16.3. Тəрбие формалары мен құрал-жабдықтарын таңдау 
17-дəрісбаян. Тəрбие құралы – əлеуметтік  орта 
17.1. Отбасы – педагогикалық қатынас субъекті 
17.2. Мектеп ұжымы 
17.3. Балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері 
 
4-бөлім. БІЛІМ ЖҮЙЕЛЕРІН БАСҚАРУ 
 
18-дəрісбаян. Білім басқарудың мемлекеттік – қоғамдық 
жүйелері 
18.1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері 
18.2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері 
19-дəрісбаян. Мектеп – педагогикалық жүйе жəне басқару 
нысаны 
19.1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні 
19.2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары 
20-дəрісбаян.  Мектеп дамуына байланысты инновациялық  
процестерді басқару 
20.1. Инновациялық процестерді басқару 
20.2. Мектепішілік басқарудағы тың енгізулер бағдары 
21-дəрісбаян. Біліктілік  көтеру жəне мектеп қызметкер- 
лерін сараптау 
21.1. Педагогтар біліктілігін көтеру 
21.2. Педагогикалық сараптау міндеттері 
21.3. Педагогикалық сараптау технологиясы 
 
 

 
 
 
 
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К.
 
 
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА
 
 
Оқулық 
 
 
ЖШС «Нұр-пресс» бас директоры 
Жансеитов Н. Н. 
 
Басылымға жауапты қызметкерлер: Омарқожаева Г.К., Төребаева Г.А. 
           Сарашысы: Оспанова Д. Н. 
           Беттеуші: Төребаева Г.А. 
              Оператор: Жансеитов А.Н. 
               Дизайн: Савельев А.О. 
 
 
Басуға  28.03.2005 қол қойылды. Офсеттiк басылыс. 
Пiшiмi 60х90
1
/
16
. Қағазы офсеттiк. Қарiп түрi «Таймс». 
Шартты баспа табағы 14,25.  
Таралымы 700. Тапсырыс № 124. 
 
 
«
Нұр-пресс» баспасы 
050057 Алматы қ., 
М. Озтүрiк к-сi, 12 үй.  
Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650.  
Е-mail: law_literature@nursat.kz 
 
ЖШС “Заң əдебиетi” баспаханасында басылған
 

Document Outline

  • Алғы сөз
  • 1-бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
    • 1-дәрісбаян. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
    • 2-дәрісбаян. Педагогика әдіснамасы мен әдістері
    • 3-дәрісбаян. Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты проблемалар
    • 4-дәрісбаян. Білім мəні мен маңызы
  • 2-бөлім. ОҚУ ТЕОРИЯСЫ (дидактика)
    • 5-дәрісбаян. Оқу процесінің мән-мағынасы
    • 6-дәрісбаян. Оқу заңдары, заңдылықтары және принциптері
    • 7-дәрісбаян. Білім мазмұны
    • 8-дәрісбаян. Оқу әдістері жəне құрал жабдықтары
    • 9-дәрісбаян. Оқу формалары
    • 10-дәрісбаян. Оқу барысындағы диагностика және бақылау – қадағалау
    • 11-дәрісбаян. Оқудың педагогикалық технологиялары
  • 3-бөлім. ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ
  • 4-бөлім. БІЛІМ ЖҮЙЕЛЕРІН БАСҚАРУ
    • 18-дәрісбаян. Білім басқарудың мемлекеттік – қоғамдық жүйелері
    • 19-дәрісбаян. Мектеп – педагогикалық жүйе және басқару нысаны
    • 20-дәрісбаян. Мектеп дамуына байланысты инновациялық процестерді басқару
    • 21-дәрісбаян. Біліктілік көтеру және мектеп қызметкерлерін сараптау (аттестациялау)
  • М А З М Ұ Н Ы

Каталог: repository -> history
history -> Салқынбай А. Б. Көккөзова М. Б
history -> М. Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы
history -> Қанапия Ғабдуллина
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> А 82 «Жеті жарғы» мемлекет жəне құқық ескерткіші
history -> Булгакова Д. А
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ
history -> Е. Б. Бизнес этикасы. Анкара, Йепа, 1997; Профессиональная этика сотрудников правоохранительных органов. М: Щит и меч, 1998
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет