Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет15/20
Дата12.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

мəні – тəрбие  процесі  кері  байланысқа  міндетті  түрде  негізделуі  тиіс, 
ол  болмаған  жағдайда    мұғалім  қызметінің  нəтижесі  жөнінде  əңгіме 
болуы мүмкін емес. 
Тəрбие  процесінде  ықпалдасты  іс-əрекеттердің    арқасында 
тəрбиеленуші  ұсынылған  ұйымдастырылып,  белгілі  тəжірибені 
игереді.  Осыдан,  тəрбиелеушінің  басты  міндеті – оқушыны  көргенін, 
оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті 
ретінде  қайта  жаңғырта  алатындай  оқу  жұмыстарына  қосудың 
жолдарын  табу.  Сонымен,  тəрбие-  бұл  əрқилы  іс-əрекет  түрлерін 
ұйымдастыру  процесі.  Тəрбие  теориясында  мұндай  бағыт  тұлғалық- 
іс-əрекеттік  атауын  алған.  Оның  мəні:  адам  барша  əлеуметтік 
тəжірибеден  өзіне  табиғаты  жағынан  жақын,  əрі  қызықтысын 
таңдайды. 
Тұлғалық – іс-əрекеттік  бағыттың  негізгі  мазмұндық  бірліктері 
төмендегідей: 
- сан  қилы  тұлғааралық  қатынастардың  бəрінің  негізі – ортақтасу 
(общение): 
- іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау; 
- тұлға дамуы мен əлеуметтенуі. 

Гуманистік  педагогикада  тəрбие  –көзделген  мақсатқа 
жеткізуші  тəрбиелеуші  мен  тəрбиеленуші  арасындағы  тиімді 
қызметтестік процесі. 
Мақсат  –адамның  қол  жеткізуі  тиіс  нəтижені  саналық  деңгейде 
алдын-ала ниеттеуі. 
Тəрбие  мұраттарын  анықтауда  жаңа  жағдайлар  мен  жаңа  қоғамға 
икемдескен  адам  мұраты  арқау  етіледі.  Тəрбие  мазмұны,  формасы, 
əдістері – бəрі  де  мақсатқа  тəуелді.  Тəрбие  мақсатын  түсінуден  оны 
іске  асырудың  технологияларын  таңдауға  жол  ашылады.  Жан-жақты 
əрі  үйлесімді  дамыған  тұлға  тəрбиелеу  мақсаты  ҚР  «Білім  туралы» 
Заңында  бекітілген. 
Оның баптары: 
- тəрбие процесінің мазмұнын анықтайды; 
- тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді; 
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді; 
- тəрбие жүйесін толықтай айқындайды. 
Тəрбие  мақсаттары  жалпы  (барша  адамдарға  арналған)  жəне 
даралықты (жеке адамға арналған) болып бөлінеді. 
Тəрбие  мақсатын  белгілеуде  жекеленген  іс-əрекеттердің  ғана  емес, 
бүкіл оқу–тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-
педагогикалық диагностика маңызды  роль атқарады. Осыдан, тұлғаны 
зерттеудің  əрқилы  əдістерін  білу  жəне  олар  негізінде  тұлға  мен 
ұжымды  зерттеудің  бағдарламаларын  түзе  алу  қажеттіктері 
туындайды. 
Бір  тəрбиелік  жүйеде  əрдайым  бір  тəрбие  мақсаты  көзделеді,  ал 
мақсатқа  орай  орындалатын  міндеттер  (жалпы  не  нақты)  көптеген 
болуы  мүмкін.  Тəрбие  мақсаттары  қоғамның  даму  қажеттерімен  
айқындалып, əлеуметтік жəне техникалық прогреске, қоғам, ересектер 
мен  балалардың  мүмкіндіктеріне  тəуелді  келеді.  Тəрбиелік  іс-əрекет 
нəтижесінде  көрініс  беретін  көкейкесті  мақсаттар : əр  адамның 
даралықты дамуы жəне оның əлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес, 
адамгершілік,  əсемдік  (эстетикалық),  азаматтық,  еңбектік  жəне  тəн-
дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады. 
Тəрбие  міндеттерінің  шешімі  тұлға  мəдениеттілігінің 
негізін қалайды. 
 
12.2. Тəрбие процесінің ерекшеліктері 
 
Оқу  жəне  тəрбие - өзара  байланысты  екі  процесс.  Олардың 
міндеттері əрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір 
уақытта  қатар  жүріп  отырады,  бірақ  ұйымдасу  əдістері  жəне 
формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше. 

Тəрбиелік іс-əрекет тəрбиешінің жекеленген əрекет аймағы түрінде 
(өз  мақсаттарына,  міндеттеріне,  мазмұнына  ие)  немесе  оқу  процесіне 
тікелей енген (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін. 
Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілері: 
- тəрбие  процесі  өз  ішіне  оқу  элементтерін  қамтиды:  қандай  да 
ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын 
үйрету қажет; 
- оқу  процесі  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ықпалдасты  іс-
əрекеттің  ұйымдастырылу  формасына  сəйкес  өтеді.  Өз  қызметі 
барысында мұғалім оқушыға тəрбиелік ықпал жасайды; 
- оқу  жəне  тəрбие  процестерінде  бірдей  əдістер  (түсіндіру, 
қадағалау жəне т.б.) пайдаланылады. 
Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы 
принциптік  айырмашылық : оқу  барысында  шəкірт  əртүрлі  ғылымдар 
негізін  меңгереді,  ал  тəрбие  процесі  оқушының  тұлғалық  сапа-
қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады. 
Тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер: 

мақсатты  бағыттылық  (мақсаттың  түсінікті  болуы  нəтиже 
тиімділігінің кепілі); 

мақсаттар  бірлігі  (тəрбиеші  мен  тəрбиеленушінің  арасындағы 
қызметтестіктің көрсеткіші); 

нəтиже  ұзақтығы  (оқу  процесіндегідей  нəтиже  бірден 
көрінбейді); 

көп  жағдаяттылығы  (тұлға  көп  əрі  сан  қилы  ұнамды  да, 
ұнамсыз  да  ықпалдарға  кезігеді.  Тəрбие  барысында  олар  реттеледі. 
Тараптардың    тұлғаға  болған  ықпалы  өзара  сəйкес  келсе,  тəрбие 
нəтижесі тиімді болады. 

ауыспалылығы  (тəрбиеленуші  мақсатты,  көзделген  жəне 
кездейсоқ əсерлерге бірдей кезігіп отырады). 

үздіксіздігі  (ешқандай  науқанды,  бір  мəртелік  шара  қаншама 
жарқын  болмасын,  аса  ыждағаттылықпен  жүйелі  дайындалған  тəрбие 
істерінің орнын баса алмайды); 

кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің , мазмұн, форма 
жəне əдістерінің бірлігі); 

баламалылығы  (тəрбиеленушілер  даралық  ерекшеліктері  жəне 
əлеуметтік  тəжірибесінің  əр  түрлілігімен  ажыралады.  Тəрбие 
процесінде бұлар ескерілуі шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде 
де тəрбиелік нəтиже əрқилы болуы ықтимал); 

екі  тараптылығы  (тəрбиелік  ықпалды  жүргізуші – мұғалім,  ол 
ықпалды қабылдаушы - оқушы); 

тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы; 


тəрбиеші  тұлғасы – тəрбие  барысына  ықпалды  маңызды 
жағдаят (тəрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, 
шеберлігі,  құндылықты  бағыт-бағдары,  қызметтестік  қатынасқа  түсе 
білу қабілеті); 

қарама-қайшылықты  болуы  (қарама-қарсылықтар  тəрбиенің 
қозғаушы күші ретінде қарастырылады). 
Тəрбиенің  негізгі  қайшылықтары  оқу-тəрбие процесінде  кездесетін 
келесідей  құбылыстар  арасында  көрінеді:  қоғамдық  өмірдің  жаңа 
шарттары  мен  оған  дайындауға  арналған  əдістер  мен  формалардың 
ескіруі;  адамның  табиғи  даму  мүмкіндіктерінің  шексіздігі  мен  бұл 
дамудың  əлеуметтік  жағдайлар  бағдарламаларына  тəуелді  шегерілуі; 
адамның табиғаттан белсенді, əрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге 
араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет 
тəжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі жəне т.б. 
Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды 
шығаруға  болады:  тəрбие  процесі  оқу  процесімен  бір  қатар  жүріп 
жатса да, ол бірнеше мəнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына 
дербес қарастырылады. 
12.3. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі 
 
Өзіндік  тəрбие – адамның  өзіндік  дамуға,  өзіндік  білім  алуға,  өз 
ұнамды  қасиеттерін  жетілдіріп,  келеңсіз  тұлғалық  сапаларын  жоюға 
бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері. 
Өзіндік  тəрбие  бірліктері - өзіндік  таным,  өзіндік  талдау,  өзіндік 
бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- 
өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, 
өзіндік мадақ, өзіндік жаза. 
Өзіндік  тəрбиеге  ынталандырушы  жағдай – тек  тəрбиешінің 
тəрбиелік  іс-əрекетін  ғана  емес,  сонымен  бірге  тəрбиеленушінің  өз 
қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тəрбие. 
Өзіндік  тəрбие  элементтері  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
өздерінде  де  көрініп  жатады:  олар  əзірше  өз  тұлғалық  қасиеттерінің 
мəнін  жете  түсіне  бермеуі  мүмкін,  бірақ  ненің  жақсы,  қандай  өз 
əрекеттерінің ересектерге ұнамайтынын сезінеді. 
Бозбалалық  жаста  өзіндік  тəрбие  процесі  біршама  саналы  сипат 
алып,  бағдарлы  мақсатпен  ұштасады.  Өзіндік  тəрбие  адамның    нақты 
қабілеттеріне,  өзінің  даралықты  мүмкіндіктерін  түбегейлі  талдай 
білуіне  сай  баға  беруге  негізделеді.  Саналылық  дəрежесі  неғұрлым 

жоғары  болса,  тұлғаның  өзіндік  дамуына  бағытталған  өзіндік  тəрбие 
мəні болымды сипат алады. 
Тұлғаның  жалпы  тəрбиелілігі  өзіндік  тəрбие  деңгейімен 
сипатталады,  өзіндік  тəрбие  сырттай  педагогикалық  тəрбиемен 
ажыралмас  өзара  байланыста  болып,  тұлғаның  қалыптасу  процесіне 
қолдау-қуаттау береді, əрі оны дамытады. 
Оқу,  тəрбие  жəне  өзіндік  тəрбие  біртұтас  оқу-тəрбие  процесінде 
өзара  байланысты.  Бұл  процестің    қаншалықты  нəтижелі  болары,  осы 
бірліктің есебінен. 
Қайта  тəрбие – мақсаты  келеңсіз  қасиеттерді  жойып,  ұнамды 
тұлғалық сапаларды дамытуға бағытталған тəрбие түрі. 
Бұл  процесс  жеңіл  емес,  көп  күш-қуат  пен  шыдамдылықты  қажет 
ететін  ұзақты  процесс.  Тəрбиелегеннен  гөрі  қайта  тəрбиеге  салу 
анағұрлым күрделі, себебі бұл белгілі бір уақыт аралығында орныққан 
көзқарас,  əдеттерді,  мінез  бітістерін  бұзып,  бұрынғыларынан  өзгеше, 
тəрбиеленушілердің  дағдыланбаған  жаңа  əдет-қылық  жүйелерінің 
тіктелуіне байланысты. Егер ұнамсыз мінез бітістері тұрақтанған сипат 
алған  болса,  қайта  тəрбиелеу  əбден  қиын  соғады.  Сондықтан, «кейін 
қайта өңдеп жатпайтындай етіп тəрбиелеу қажет» (А.С.Макаренко). 
Қылмысқа  бейімділік,  теріс  моральдық  қылық-əрекеттер  мен 
əдеттер  адам  бойында қоршаған ортаның кері ықпалынан, болымсыз 
тəрбиеден,  тіршілік  жағдайларының  қолайсыздығынан  орнығады. 
Мұндай  тəрбиеленушілер  «қиын  балалар»  немесе  «педагогикалық 
қамқорлығы    болмаған»  оқушылар  деп  аталады.  Олар    арасында  
тəрбиелік  ықпал-əсерлерді  қабылдамайтындар,  тіпті  оған  қарсы 
тұратын,  психикасында  педагогикалық  тұрғыдан  жат  ауытқуларға 
түскендері де кездеседі. 
Қайта  тəрбиелеу  тиімді  нəтижеге  жетуі  үшін  тəрбие  тезіне  түскен 
адам  ең  алдымен  өзін-өзі  тура  жолға  салу  қажеттігін  түсінуі,  өмір 
салтын, əдеттерін, қылық-əрекеттерін өзгерту керектігін сезінуі тиіс. 
Қайта тəрбиелеудегі маңызды шарт- тəрбиеленушіні қалай да өзіңе 
тарту, тұлғаны кері əрекеттерге итермелеуші проблемалардың туындау 
себептерін анықтау, кезек, ретімен белгілі бағытта орындалып баратын 
мақсаттар  жүйесін  құру.  Мысалы,  жақын  мақсатты  жүйе – ойын, 
саяхат,  сыйлық;  орта  мақсатты  жүйе – үйірме,  секция  жұмыстарына 
қосу, алыс сапарларға шығу, лагерьге жіберу жəне т.б.; ұзақ болашақты 
көздеген мақсат жүйесі - өзіндік өмір жəне кəсіптік бағдар-бағыттарды 
айқындау;  тəрбиеленуші  жасап  не  оқып  жатқан  жағдайды  өзгерту – 
басқа  ұжымға  ауыстыру,  жаңа  іс-əрекетке  қосып,  бұрынғы 
бейімділіктерін 
ұмыттыру; 
мінез-құлқын 
бұрылысқа 
келтіру 

мақсатында  тұлға  санасына,  сезіміне,  еркіне  үздіксіз  ықпал  жасау 
шараларын қолдану жəне т.б. 
Қайта  тəрбие  процесінің  тиімділігін  қамтамасыз  етуші  маңызды 
жағдай – «қиын  баланы»  тəрбиеші  талаптарына  құлақ  асуға  үйрету. 
Сондықтан  тəрбиеші  тəрбиеленушімен  дұрыс  қарым-қатынас 
қалыптастырудың  жолдарын  іздестіріп,  екі  арадағы  алакөздікті,  дау-
дамай себептерін  басуға əрекеттенуі тиіс. Өз басы əлекке толы балаға 
ұжымды  қарсы  қойып,  оған  ықпал  жасауға  тіпті  болмайды.  Əр  тұлға 
үшін  күресу  қажет.  Тəрбиеленуші  мұғалім  не  педагогтың  оның  өзіне 
қарсы  əрекеттеніп  жатпағанын,  ол  оның  бойындағы  теріс  мінез 
бітістеріне қарсы күресетінін сезінуі тиіс.  
Қайта  тəрбиелеу  үшін  дəстүрлі  əдістермен  қатар  «адамның  барша 
ниеттерін түпкілікті өзгеріске келтіріп, бүкіл ұмтылыстарына бұрылыс 
беретін»(А.С.Макаренко) – жарылыс  əдісін («метод  взрыва»)де 
қолдануға  болады.  Бұл  əдіс  тəрбиеленушіге  өз  теріс  қылықтарының 
бұдан былай жарамсыз болатынын терең сезінуге, өз мінез- құлқы мен 
қоршаған  ортаға  деген  қатынасын  өзгертуге,  жаңаша  өмір  сүру 
қажеттігін түсінуге жəрдем береді. 
Қайта  тəрбиелеу  барысындағы  аса  маңызды  қадам-тұлғаны  өзіндік 
тəрбие процесіне (өзіндік қайта тəрбиелеу жəне өзіндік реттеу, түзету) 
қосу. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
      
1. Тұлға тəрбиесінің мəні неде? 
2. Тəрбиеге тəн ерекшеліктерді атаңыз. 
3. Тəрбие мен оқу арасындағы айырмашылықтар қандай? 
4. Тəрбиелік істер жүйесінде өзіндік тəрбиенің орны қандай? 
5. Қайта тəрбиелеу не үшін қажет?           
    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13-дəрісбаян. Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен 
принциптері
 
 
Жоспары: 
1 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары 
2. Тəрбие принциптері 
 
13.1 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары 
 
Жалпы  заңдылықтардың  ықпал  аймағы  тəрбие  процесінің  барша 
жүйесіне  əсер  етеді  əрі  оның  аса  маңызды  бірліктері  арасындағы 
байланыстарды  танытады.  Бірақ  тəрбие  процесі,  біз  білетіндей, 
педагогикалық  процестің  құрамды  бөлігі  болуымен  осы  процесс 
заңдылықтарына  тəуелді  келуі  табиғи  құбылыс.  Бұл  процесте  даму 
жəне  қалыптасу  заңдылықтары  əрекетке  түседі.  Бұдан  шығатын 
қорытынды - тəрбие  процесі  аса  күрделі  де  көп  түрлі  сипатқа  ие. 
Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі 
(өнімділігі)  мен  тəрбие  сапасын  анықтайтын  оның  сипаттары  жəне 
шарт  –жағдайлары  арасындағы  байланыстардың  қалай  түзілетінін 
түбегейлі білу. 
Тəрбие  тиімділігі  келесі  жағдаяттарға  тəуелді:-қалыптасқан 
тəрбиелік  қарым-қатынастарға;  балаға  деген  ықпал  оның  қоршаған 
ортаға,  тəрбиешіге,  тəрбиелік  əсерлерге  қатынасына  орай  жасалады. 
Егер  бұл  қатынастар  ұнамды  болса,  проблема  тумайды.  Ал  егер  бұл 
қатынас  керағар  сипатта  болса,  тəрбие  процесі  тежеледі,  одан  келетін 
нəтиже  болымсыз  сипат  алады.  Сондықтан  келеңсіз  қатынасты 
əрекеттер  алдымен  жойылып,  көзделген  мақсатқа  қарай  қадам  аттау 
орынды.  Бастаудан  тəрбиеші  көзқарастары  мен  талаптарын  оңды 
қабылдаған  тəрбиеленуші  оларға  икемдесіп  үйренеді  əрі  сенеді, 
орынды  талап  кейпінде  қабылдайды.  Ал  егер  тəрбиеленуші    өз 
тəрбиешісінің  талаптарын  дұрыс  деп  таппай,  одан  күмəнданса,  
процесс    бағытының    қай    арнаға    түсіп,  дамитыны    белгісіз.  
Гуманистік    тəрбие    өсиеті:  жақсы    тəрбиелегіңіз    келсе,  баланы   
бауырмалдықпен  өзіңізге жақындатасыз. 
-  мақсат    жəне    оған    жетуге      бағытталған      іс-əрекеттер  
арасындағы        сəйкестік.  Егер    іс-əрекет,  тəрбие    жұмыстарының 
ұйымдасуы    алға    тартылған    мақсатқа    орайласпаса,  тəрбие    процесі  
табысты  болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған  істер  мақсатқа тура 
келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген 
міндеттер  денгейінде  болса,  тəрбие  процесінің  тиімділігі  де  сəтті 
шығады. 
-  практика  мен  тəрбиелік  ықпалдар  сəйкестігіне.  Тəрбие 
процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін 

практикада  тексеруге  құштар.  Егер  осыдан  бала  өмір  мен  алған 
білімінің,  сөзбен  істің  өзара  сай  болмағанын  сезсе,  түңіліске  тап 
болады.  Қалыптасқан  тұрмыстық,  өмір  жағдайларын  əсте  ақырын  əрі 
бірізділікпен  бірте-бірте  ауыстырып  бару  жөн.  Жылтың,  мезеттік 
табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін шұғыл жойып 
салады
-  объектив  жəне  субъектив  жағдаяттардың  бірлікті  əрекетке 
түсуіне.   
Субъектив  жағдаяттар  құрамы:  тəрбиешілер  мен  тəрбиенушілер, 
олар  арасындағы  ықпалдастық,  қалыптасқан  қарым-қатынастар, 
психологиялық климат жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске 
асыруға  қажет  шаралар-экономикалық,  материалды-техникалық, 
əлеуметтік,  санитар-гигиеналық  жəне  т.б.,  əрқандай  нақты  тəрбиеге 
байланысты  аталған  жағдаяттардың  өзара  ұштаса  күрделі  бірігімге 
келуі  тəрбие  процесіне  қайталанбас,  өзіндік  сипат  береді.  Сөйтсе  де, 
тиімді  тəрбиені  қамтамасыз  ету  үшін  оған  қолайлы  жағдайлар  түзілуі 
қажет. 
-  тəрбие  мен  өзіндік  тəрбие  қарқындылығына.  Өзіндік  тəрбие - 
өз тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқушы іс-əрекеті. Өзіндік  тəрбие  
процесінде  бала  өз  тəрбие  процесінің      субъекті    ретінде  танылады.  
əрқандай  өзіндік  тəрбие  нақты  оқушы  өмірінің мазмұнымен,  оның  
қызығулары  жəне  жасына сай  қатынастарымен  тікелей  байланысты. 
Өзіндік    тəрбие  сырттай  тəрбиемен  сабақтас  əрі  оның  нəтижесі. 
Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай білуі, өзінің ұнамды қылықтары мен 
келеңсіздіктерін  тануы,  жеке  өмірлік  жоспарын  іске  асыруға  кедергі 
болар жəйттерді ерік күшін қосып жеңе білуі - өзіндік тəрбиенің табыс 
кепілдері.  Ал  оқушының  өзін  жетілдіре  білуінен,  яғни  өзіндік 
тəрбиеден мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі. 
-  тəрбиеге    қосарлана  жүретін  даму  мен  оқу  процестерінің 
тиімділігіне.  Белгілі  болғандай,  егер  екі  процесс  өзара  байланысты 
іске қосылса, онда олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, 
екіншісіне  өз  ықпалын  тигізеді.  Осыдан  тəрбие  даму  қарқындылығын 
асырып,  ал  даму  ұтымды  тəрбиеге  жол  ашады.  Егер  осы  байланыс 
бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар өз кезегінде тұлғаның дамуына да, 
оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар жасайды.  
-  педагогтың  тəрбиелік  əрекеттерінің  сапасына.  Біліктілігі  кем, 
көлемі тұрғысынан жетімсіз не мерзімінен кешіктірілген педагог істері 
тəрбие қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады.  
-  тəрбиеленушінің  «жан  аймағына»  жасалған  ықпалдардың 
қарқындылығына. «жан аймағы» дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер, 
қажеттер,  көңіл-күй,  сана-сезім  жүйесі.  Тəрбие  процесінде  сыртқы 
ықпалдар  оқушының  іштей  табыстарына,  яғни  сапа-қасиеттерінің 
ұнамды  дамуына,  ауысады.  Ал,  егер  осы  ықпалдар  ойға  алынғандай 

күшті  болса,  бала  қажеттеріне  орайлас  келіп,  оның  белсенділігінің 
көтерілуіне  жəрдем  беретін  болса,  тұлғаның  жеке  сеп-түрткілері  мен 
мақсаттарының  идеалды  күйден  практикалық  нəтижеге  ауысуы 
анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.                            
педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері 
арасындағы  үйлесімге.  Тəрбие  процесінде  дамудың  біркелкі  болмау 
заңы  көрініс  береді,  себебі  тəрбиеленуші  мүмкіндіктері  тəрбиеші 
талаптарына  əрқашан  сай  келе  бермейді.  Осыдан  кейбір  теориялық 
білімдерге  байланысты  мəселе,  сұрақтарды  еркін  де  жеңіл  шеше 
білетін  оқушы  практикалық  тапсырыстарды  орындауда,  қарапайым 
еңбек  операцияларымен  кезіккенде,  дене  шынықтыру  жаттығуларын 
көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.  
Сонымен,  тəрбие  заңдылықтары  тəрбие  процесінің  жағдаяттары, 
шарттары  мен  нəтижелері  арасындағы  басты  байланыстарды 
бейнелейді. 
Тəрбие 
тəжірибесінде 
нəтиженің 
қалыптасқан 
қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік 
ықпалдар,  субъектив  жəне  объектив  жағдаяттардың  байланысы,  əсері, 
тəрбие  жəне  өзіндік  тəрбие  қарқындылығы  жəне  т.б.  өз  дəлелін  өмір 
барысында тауып отыр.  
 
13. 2. Тəрбие принциптері 
 
Тəрбие  процесінің  принциптері  (тəрбие  принциптері)  бұл  тəрбие 
процесінің 
мазмұнына, 
əдістеріне, 
ұйымдастыру 
жолдарына 
қойылатын 
негізгі 
талаптарды 
айғақтайтын 
жалпы 
бастау 
тұжырымдары.  Олар  тəрбие  процесінің  анайылығын  аңдатып, 
педагогтарға  нақты  педагогикалық  міндеттерді  шешуде  бағыт-бағдар 
береді. 
Тəрбие  процесіне  арқау  болар  принциптер  өз  алдына  жүйеге 
бірігеді. 
Осы жүйедегі гуманистік педагогика принциптері келесідей: 
- тұлғалық бағыт принципі; 
-  тəрбиенің  жеке  тұлғалық  жəне  қоғамдық  бағыттарының  бірлігі 
принципі; 
- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі; 
- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі; 
- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. 
Тұлғалық  бағыт  принципі.  Тəрбие  процесінде  тұлғалық  бағыт 
принципі  тəрбиеленушілердің  жас  ерекшеліктері  мен  даралығын, 
əсіресе жалпы жəне жеке адами қасиет - сапалары мен мүмкіндіктерін 
ескеру негізінде іске асырылады. Адами қасиет сапалар мəні: тұлғаның 
өмірлік  бағыт-бағдары,  тіршілік  жоспары,  құндылықты  бағамдары, 
қалыптасқан  жандүниелік  ұстамдары,  іс-əрекеті  мен  мінезіндегі 

басымды  сеп-түрткілер.  Тұлғаның  осы  аталған  жетекші  сапаларынан 
бөлектене  қарастырылатын  жас  не  даралық  ерекшеліктер  (мінез, 
темперамент, ерік жəне.т.б.) жоғары дəрежелі кісілік қадір-қасиеттерді 
қалыптастыруға  бағышталған  тəрбиені  қамтамасыз  ете  алмайды,  жас 
деңгейін,  даралық  ерекшеліктерді  білу  маңызды,  солай  да  болса, 
жоғарыда аталған сапалардың жетекшілік ролін тану ғана баланың жас 
мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады. 
Тұлғалық бағыт принципінің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:  
1)  тəрбиеленушілердің  жеке  темпераменттік  ерекшеліктерін,  мінез 
бітістерін,  көзқарастарын,  талғамдарын,  əдеттерін  үздіксіз  зерттеп, 
жете білу; 2) тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау 
қабілеті,  сеп-түрткілер,  ұстанымдары,  өмірлік  бағыты,  өмір  мен 
еңбекке  деген  көзқарасы,  құндылықты  бағамдары,  тіршілік 
жоспарлары  секілді  тұлғалық  сапалардың  нақты  қалыптасу  деңгейін 
түбегейлі тану; 3) əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз 
етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын тəрбиелік 
істерге  ұдайы  қатыстырып  бару; 4) мақсатты  іске  асыруға  кедергі 
болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал егер бұл мүмкін 
болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие бағытына дер 
мезетінде  өзгерістер  енгізу; 5) барынша  тұлғаның  өз  белсенділігін 
арқау  ету; 6) тəрбиені  тұлғаның  өзіндік  тəрбиесімен  ұштастыру, 
оқушыға  өзіндік  тəрбие  мақсаттарын,  əдістері  мен  формаларын 
таңдауға  жəрдем  беру; 7) оқушыда  дербестік,  ынталылық,  өзіндік  іс-
əрекет  қабілеттерін  дамыту,  тек  басшылықпен  шектелмей,  табысқа 
жеткізер іс-əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру жəне бағыттай білу. 
 Осы  талаптардың  бірлікті  орындалуы  мектеп  тəжірибесінде 
бұрыннан  танымал  жас  ерекшеліктері    мен  даралық  ескеру  
принциптерінің  қарабайырлығын  жояды,  тəрбиешіні  процестің  үстірт 
белгілеріне 
шегеленбей, 
тереңде 
жатқан 
мəн-мағыналық 
байланыстарға  назар  аударуға  бағыттайды,  осы  процесте    көрінетін 
тəрбие  заңдылықтары  мен    себеп-салдарлы  қатынастарды    тануға 
жетекшілік етеді. 
Тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі 
Каталог: repository -> history
history -> Салқынбай А. Б. Көккөзова М. Б
history -> М. Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы
history -> Қанапия Ғабдуллина
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> А 82 «Жеті жарғы» мемлекет жəне құқық ескерткіші
history -> Булгакова Д. А
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ
history -> Е. Б. Бизнес этикасы. Анкара, Йепа, 1997; Профессиональная этика сотрудников правоохранительных органов. М: Щит и меч, 1998
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет