Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



жүктеу 2.8 Kb.

бет13/20
Дата12.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

  Дипломдық жобабілім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің 
аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші 
түлек  ғылыми-теориялық,  өндірістік-экономикалық  маңызы  бар 
тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне 
қорғайды,  соның  негізінде  Мемлекеттік  біліктілік  комиссиясы 
студентке  мамандық  біліктілігі  лауазымын  беру  жөнінде  шешім 
қабылдайды. 
 Өндірістік  практика    -  жоғары  мектепте  оқу  процесін 
ұйымдастырудың көп формаларының бірі. 
Өндірістік    практиканың  дидактикалық    мақсаттары – кəсіби 
ептіліктер  мен  дағдылар  қалыптастыру,  сонымен  бірге  шынайы 
болмыста  қолдану  арқылы  игерілген  білімдерді  кеңіту,  бекіту, 
қорытындылау жəне жүйелеу. 

Өндірістік  практиканың  құрылымы  практикалық  оқу  мазмұнына 
байланысты  айқындалып,  нəтижеде  ол  маманның  кəсіби  іс-əрекетке 
болған  біртұтас  дайындығын,  яғни  нақты  маманның  өз  біліктілігінің 
сипаттамасына  сəйкес  кəсіби  қызмет  лауазымдарын  атқаруға  дайын 
болуын қамтамасыз етуі шарт. 
Үйдегі өзіндік жұмыстар  - дəрісхана оқуларынан тыс білім игеру 
процесінің  құрамдас  бөлігі.  Мұндай  оқу  қызметінің  маңызы  бүгінгі 
таңда  өте  жоғары,  себебі  қазіргі  нарықтық  кезең  əрбір  оқушыдан 
үздіксіз  өзіндік  білім  жинақтау  мен  дербес  танымдық  іс-қызмет 
дағдыларын қалыптастырып, жетілдіріп баруды талап етуде. 
Оқушының  ой-өрісі,  ерік  қабілеті  мен  ұнамды  мінез  қасиеттерінің 
дамуы  осы  үйдегі  өзіндік  оқу  жұмыстарының  дұрыс  жолға 
қойылуынан. 
Кеңес – оқу  формасы  ретінде  оқушыға  жетімсіз  игерілген  не  тіпті 
игерілмеген  оқу  материалы  бойынша  жəрдем  көрсету  мақсатында 
ұйымдастырылады.  Пəнді  тереңдей  меңгеруге  қызығу  білдірген 
оқушыларға өз алдына кеңес өткізіледі. Кеңестерде оқушылар емтихан 
жəне сынақтарда қойылатын талаптармен таныстырылады.  
Жеке-дара жəне топтық кеңес түрлері ажыралады. 
Емтихан-  оқушылар  білімін  жүйелестіру,  анықтау  жəне  бақылау 
мақсатында  ұйымдастырылатын  оқу  формасы.  Емтихандардың  білім 
игерудегі  маңызы – көп  күш-қуат  талап  ететін  қиыншылық 
жағдайларында  оқушының  ақыл-парасат,  ерік,  мінез  қабілеттерін 
жүзеге шығарып, жедел дамуына дем беру. 
Емтихан  өткізудің  əрқилы  формалары:  емтихан  билеттеріндегі 
сұрақтарға  жауап  беру,  шығармашылық  жұмыс  орындау,  жарыстарға 
қатысу,  зерттеу  нəтижелерін  қорғау,  тест  сынақтары  жəне  т.б. – 
қолданылады. 
Сынақ - міндет, мəні бойынша емтихандармен жақын оқу формасы. 
Сынақты емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да 
болады. 
Пəн  үйірмелері  жəне  осы  тектес  басқа  да  оқу  формалары 
(шеберханалар,  зертханалар,  кафедра,  студия)-  бағыт-бағдары, 
мазмұны,  жұмыс  əдістері,  оқу  уақыттары  жəне  т.б.  бойынша  көп 
түрлілігімен  ерекшеленеді.  Пəн  үйірмелеріндегі  оқу-жұмыстары 
шəкірттердің  қызығулары  мен  бейімділіктерін,  оқуға  болған  ұнамды 
қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады. 
Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар (кіші академиялар 
жəне  т.б.)  ұйымдастырылуы  мүмкін.  Олар  мектептегі  көптеген 
үйірмелер  жұмыстарының  басын  біріктіріп,  реттестіреді;  көпшілік 
шараларға 
ұйытқы 
болады, 
конкурстар 
мен 
олимпиадалар 
ұйымдастырып, өткізеді. 

Конкурс  жəне  олимпиадалар  –оқушылардың  білім  игеру 
жолындағы  белсенді  қызметтеріне  дем  беріп,  оларды  өрістете  түседі, 
шығармашылық  қабілеттерін  арттырады,  бəсеке,  жарыс  жеңісіне 
ынталандырады.  Конкурстар  мен  олимпиадалар  əрқилы  деңгейде: 
мектеп,  аймақтық,  республикалық,  халықаралық - өткізіледі.  Соңғы 
кезеңдерде мұндай оқу формаларының қашықтықтан интернет торабы 
арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда болды. 
 
9.4. Оқу түрлері 
 
Оқу  мекемелері  тəжірибесінде  бірқатар  белгілерімен  дербестенген 
оқу  түрлері  қолданылуда.  Оқу  түрі – бұл  оқыту  жəне  оқып-үйрену 
қызметтерінің  ерекшелігіне  орайластырылған  жалпылама  сипаттағы 
білім  игеру  жүйесі,  яғни  оқу  процесіндегі  мұғалім  мен  оқушы 
арасындағы  қарым-қатынас,  қолданымдағы  оқу  құрал-жабдықтары, 
əдістері жəне формаларының атқаратын міндеттері. 
Оқу  түрі  өз  негізіне  алынған  педагогикалық  технология  (кейінгі 
дəрісбаяндарда  қарастырылады)  сипатымен  анықталады.  Оқу  түрлері 
келесідей 
ажыралады: 
түсіндірме-көрнекілік, 
жалаң-жаттанды 
(догматикалық), тұлғалық бағдарлы, компьютерлі, модульді, қашықтан 
оқу (дистанционды), пəнаралық, т.б. 
Түсіндірме-көрнекілі: (дəстүрлі,  ақпарат  жеткізу)  оқу  түрі
Мұндай  оқуда  мұғалім  ауызекі  сөзбен  көрнекі  құралдарды  қолдана 
отырып,  оқушыларға  дайын  материалды  ұсынады,  шəкірттер 
ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді. 
Жалаң - жаттанды  (догматикалық) –оқуда  тыңдаушы  ұсынылған 
ақпараттың мəн-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды. 
Проблемді  оқуда  ұстаз  басшылығында  оқу,  дəріске  байланысты 
мəселелерді  шешу  үшін  оқушылардың  өз  бетінше  оқу-ізденіс 
қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: 
жаңа  білім,  ептілік,  дағды  қалыптасады,  балалардың  қабілеті, 
белсенділігі,  танымдық  қызығушылығы,  шығармашыл  ой-өрісі  жəне 
басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері дамиды. 
Дамытушы  оқу  түрі  оқушылардың  білім,  ептілік  жəне 
дағдыларының  күннен  күнге  арта  түсуіне  қажет  ішкі  психологиялық 
жағдаяттардың  (зейін,  түйсік,  қабылдау,  ес,  ойлау,  сөйлеу  жəне  т.б.) 
жетіліп  баруын  қамтамасыз  етеді.  Оқу  жедел  қарқынмен  жоғары 
деңгейде  жүреді,  білім  игеру  процесі  саналы,  мақсатты  жəне  жүйелі 
құрылып,  негізінен,  теориялық  ақпарат,  мəліметтерді  меңгеруге 
бағытталады. 
Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді жəне шығармашыл 
оқудың  басты  принциптеріне  негізделеді.  Бұл  оқуда  оқушының 
білімдік  табыстары  белгіленген  ғылыми  білімдер  кеңістігіндегі    оның 

тұлғалық шығармашыл қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей 
байланысты. Осыдан, мұғалім міндеті – баланың барша ұнамды адами 
қасиеттерінің  (нышан,  талант,  дарын,  т.с.с.)  оянуына  ат  салысып, 
оларды білім игеру процесіне қоса білу. 
Тұлғалық  бағдарлы  оқу  мəні – білімдену  бағдарламалары  мен  оқу 
процесі  əр  оқушының  жеке  өзіне  тəн  танымдық  ерекшеліктерін 
ескерумен түзіледі əрі іске қосылады. 
Компьютерлі  оқу  жəне  оқыту  қызметтері  электронды  есептеу 
машиналарының кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына 
негізделеді.  ЭЕМ  оқу  процесіндегі  білім  мазмұнының  игеріліп 
жатқандығы  жөнінде  кері  ақпараттың  дəл  əрі  молдығынан  даралықты 
оқуды күшейтеді. 
Модульді    оқуда – білімдік  ақпараттың  шағын  дидактикалық 
бөлшегінің – модульдің  көп  тарапты  қызметтер  атқаруынан  білім 
мазмұнының тұтастай игерілуін қамтамасыз етуге болады. 
Қашықтықтан  оқыту  түрі  қазіргі  заман  телебайланыс  жүйесін 
пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Пəнаралық  оқу – сыбайлас білім салаларындағы пəнаралық жəне 
пəнішілік    байланыстарды  іске  асыруға  бағытталып,  біріктірілген  оқу 
пəндерін меңгеруді көздейді 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1.  Оқудың ұйымдастырылу түрі деген не? 
2.  Оқудың сынып-сабақтық формасының ерекшелігі неде? 
3.  Сабақ құрылымының əртүрлі болуының себебі қандай? 
4.  Оқу 
процесінің 
əртүрлі 
ұйымдасу 
формаларына 
өз 
тəжірибеңізден мысал келтіріңіз. 
5.  Негізгі оқу түрлері жəне олардың ерекшеліктері қандай? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

10 – дəрісбаян. Оқу барысындағы диагностика жəне 
 бақылау – қадағалау
 
 
Жоспары 
 
1. Оқу сапасын диагностикалау 
2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері 
3. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау 
4. Бағалаудағы қателіктер 
 
10.1. Оқу сапасын диагностикалау 
 
Білімдену  процесінің  ажыралмас  бір  бөлігі  диагностика  болып 
табылады.  Диагностика  жəрдемімен  белгіленген  мақсат,  міндеттердің 
табысты  орындалуы  анықталып  барады.  Ол  болмаған  жерде 
дидактикалық  процесті  тиімді  басқару  мүмкін  емес.  Диагностика – 
бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау. 
“Диагностика”  түсінігінің  мəні  “білім,  ептілік  жəне  дағдыларды 
тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” 
нəтиженің  тек  көрсеткіштерін  ғана  аңдатады,  не  себептен  болғаны 
жөнінде  дерек  бермейді.  Ал  диагностикалауда  нəтиже  өзіне  қол 
жеткізген  əдіс – тəсілдермен  бірге  қарастырылады,  дидактикалық 
процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы  анықталады. 
Диагностика  өз  ішіне  бақылау  мен  тексеруді,  бағалау  мен  бағаны, 
жинақталған  статистикалық  деректер  талдауын,  дидактикалық 
процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды. 
Диагностикалаудың  маңызды  бөлігі – бұл  қадағалау.  Қадағалау  – 
білім,  ептілік  жəне  дағдылардың  игерілу  процесіне  бақылау  қоюды 
аңғартады.  Қадағалау  тексерулерден  тікелей  құралады.  Тексеру  –  бұл 
білім,  ептілік  жəне  дағдыларды  игеру  барысын  бақылау  үшін 
жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі. 
Мəн – мағыналық  тұрғысынан  бақылау,  қадағалау  кері  байланыс 
түзуді  қамтамасыз  етеді,  яғни  оқушылардың  оқу  əрекеттерінің 
нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз 
шəкірттерінің  қай  білімді  қандай  деңгейде  игергенін,  жаңа  ақпарат 
қабылдауға  қаншалықты  дайын  екендігін  анықтайды.  Сонымен  бірге 
оқушылардың  өзіндік  оқу  жұмыстарының  сипаты  мен    сапасын  
байқастырады.  Қадағалау  нəтижесінде  мұғалім  өз  оқу  жұмыстарының 
қаншама  дəрежеде  жемісті  болғанын,  педагогикалық  процес 
мүмкіндіктерін  оқыту – оқу  мақсатында  қай  деңгейде  пайдаланғанын 
сарапқа сала алады. 
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының 
нəтижесі  бойынша  ақпарат  алады.  Бұл  оған  білім  игеру  барысында 

қандай  жетістіктерді  қолға  түсіргенін,  сонымен  бірге  өз 
кемшіліктері  мен  олқылықтарының  пəн  бағдарламаларының  қай 
тұстарымен  байланысты  болғанына  көз  жеткізеді.  Тұрақты  да  бірізді 
қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына 
үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады. 
 
10.2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері 
 
Оқу  процесіндегі  қадағалау  əртүрлі,  көп  формалы  бола  келіп,  сан 
қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың 
бірнеше  түрін  атауға  болады:  алдын-ала,  ағымдық,  мерзімдік, 
тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен. 
Алдын-ала  қадағалау  -  əдетте,  диагностикалық  міндеттерге  орай 
жүргізіледі.  Ондағы  мақсат – оқушылардың  оқуды  бастауға  дейін 
игерген  білім,  ептілік,  дағдыларының  деңгей,  дəрежесін  анықтау.  Бұл 
жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала 
қадағалау  нəтижесінің  негізінде  мұғалім  оқу  жұмыстарының  тиімді 
түрлері мен формаларын таңдастырады. 
Ағымдағы 
(күнделікті) 
қадағалау – оқу 
барысында 
ұйымдастырылып,  білім,  ептілік    жəне  дағдылардың  қалыптасу 
дəрежесін,  сонымен  бірге  игерілген  материалдың  қаншалықты  терең 
жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.  
Бұл  қадағалаудың  тиімділігі – оқушылар  біліміндегі  кемшіліктер 
мен  олқылықтарды  дер  кезінде  байқап,  бағдарлама  ақпараттарын 
меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың 
дұрыс  жолға  қойылуы  оқушылардың  əр  сабаққа  мұқият  əрі 
тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.  
Мерзімді  қадағалау  –  белгілі  уақыт  аралығындағы  жұмыстардың 
қорытындысын  алуға  пайдаланылады.  Ол  не  тоқсан  не  жыл  жартысы 
аяғында жүргізіледі. 
Тақырыптық  қадағалау  –  тақырып,  бөлім  материалдары  өтіліп 
болған соң өткізіледі. 
Қорытынды  қадағалау  –  оқу  процесінің  соңғы  нəтижелерін 
жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер 
мен дағдылар жүйесін қамтиды.  
Өтілген  материал,  тақырып  ізімен  қадағалау  –  тақырып,  курс, 
бөлім  өтіліп,  бірқанша  уақыт  озған  соң  қалдық  білімді  анықтау  үшін 
қолданылады.  Мерзім  үш  айдан  жарты  жылға  дейін  не  одан  көп 
созылуы  мүмкін.  Мұндай  қадағалау  оқу  процесінің  тиімділігін  соңғы 
нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес келеді.  
Қадағалау əрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан 
мұндай жұмыс жеке-дара, топтық жəне сыныптық болып бөлінеді. 

Қадағалау  барысында  əрқилы  əдістер  де  қолданылуы  мүмкін. 
Қадағалау  əдістері  дегеніміз – бұл  оқушылардың  оқу  танымдық  іс - 
əрекеттері  мен  мұғалімдер  жұмыстарының  нəтижелілігін  айқындауға 
жəрдемші жол, тəсілдер. 
Педагогикалық  практикада  ауызша,  жазбаша,  тəжірибелік, 
компьютерлі  (машынды)  қадағалау  жəне  өзіндік  қадағалаулар 
қолданылуда.  
Ауызша  қадағалау – оқушыларға  ауызекі  сұрақ  қоюмен 
орындалады.  Ол  шəкірттердің  білім,  ептілік  жəне  дағдылар  деңгейін 
айқындауға,  сонымен  бірге  оқушының  материалды  баяндау 
қисынымен  танысуға,  меңгерген  білімдерін  процестер  мен  төңіректе 
болып  жатқан  оқиғаларды  түсіндіре  алу  ептіліктерін  байқауға,  өз 
пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, 
дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.  
Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, 
бақылау  жұмыстары,  шығармалар,  істелген  жұмыстар  бойынша  есеп 
беру ж. т. б.) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі 
барлық  оқушылар  білімін  бір  уақытта  тексеруге  мүмкіндік  береді, 
алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап 
етеді.  
Тəжірибелік  қадағалау – оқу,  тұрмыс  жəне  өндірістік  ептілік, 
дағдылардың  қалыптасуын  не  қозғалыс,  қимыл  дағдыларының 
орнығуын анықтауда пайдаланылады. 
Ақпараттық  технологиялардың  дамуымен  компьютерлі  қадағалау 
ен  жаюда.    Мұндай  машынды  қадағалау  оқытушының  да,  оқушының 
да  уақытын  үнемдеуге  көп  көмегін  тигізеді.  Компьютерлі  қадағалау 
арқылы  білім  деңгейін  өлшестіру  мен  бағалауға  бірыңғай  талаптар 
белгілеу  мүмкін.  Бұл  қадағалауда  оқу  нəтижелерін  статистикалық 
талдау  мен  өңдеу  өте  жеңіл.  Білім  бағалаудағы  мұғалім 
субьективизміне машын шек қояды. 
Машынды  қадағалау  қолданумен  өзіндік  қадағалауды  да  оңтайлы 
ұйымдастыруға  болады,  дегенмен  өзіндік  қадағалауды  қарапайым 
жолмен  де  өткізу  мүмкін.  Бірақ  бұл  үшін  оқушыларды  өз  бетінше 
қателіктерін байқауға, танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін 
талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне реттеуге үйрету қажет.  
Əртүрлі  қадағалау  əдістерінің  бірге  қолданылуы  аралас 
(тығыздалғанқадағалау деп аталады. Əдетте, мұндай тексеру ауызша 
жəне жазба сауалнамалар беру түрінде өтеді. 
Оқу  процесіндегі  қадағалауларға  төмендегідей  педагогикалық 
талаптар қойылады:  
– қадағалаудың даралықты сипаты. Əр оқушы жұмысы, оның жеке 
оқу  іс-əрекеттері  өз  алдына  қадағаланады.  Бір  шəкірттің  оқуындағы 

нəтижелерді  ұжымдық  жұмыстар  қорытындыларымен  не  керісінше 
алмастыруға болмайды; 
– жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, 
ретімен өтіп тұруы; 
– қадағалау формаларының əртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту-
үйрету, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі; 
–  қадағалаудың  жан-жақтылығы.  Қадағалау  баланың  теориялық 
білімдерін,  ақыл-ой  парасаттылығын,  тəжірибелік  ептіліктер  мен 
дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді; 
–  қадағалаудың  шынайылығы.  Қадағалауда  субъектив  жəне 
қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс; 
– жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық 
сапа-қасиеттері ескерілуі тиіс; 
– мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы. 
Соңғы  кездері  тестік  қадағалау  көптеп  қолданылуда.  Мұндай 
тексерудің  негізгі  құралы – тест  тапсырмалары.  Өлшестіру,  анықтау 
нысаны  тұрғысынан  педагогикалық,  психологиялық,  əлеуметтік – 
психологиялық, мəдени – эстетикалық таным тестері ажыралады. 
 
10.3. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау 
 
Оқушылардың  оқу-танымдық  жұмыстарын  қадағалау  нəтижесі  сол 
жұмыстарды  бағалаудан  көрінеді.  Бағалау – білім,  ептілік  жəне 
дағдылардың игерілу дəрежесін анықтау. 
Бағалау  қызметтерінің  сандық  көрсеткіші  –  баға,  яғни  баға 
оқушылардың  білім,  ептілік,  дағдылар  дəрежесінің  шартты  сан  не 
ұпаймен белгіленуі. 
Оқу нəтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін. 
Мысалы,  ол  ауызекі  қолдау  не  қолдамау,  алғыс  жариялау,  мақтау 
парағы не медальдармен мадақтау жəне т. б. 
Білім      бағалауда    шынайылылық,  білім    сапасын  анықтаудағы  
бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға оқушыға ықпал 
жасаудың  өте  нəзік  құралы.  Көтеріңкі  баға  шəкіртті  қуантады, 
қанаттандырады, 
сонымен 
бірге 
оның 
жұмысқа 
болған 
немқұрайлылығын  да  пайда  етеді.  Əсіресе,  болымсыз  бағаның  əсері 
күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті оқудан 
бас  тартуға  ықпал  жасауы  мүмкін.  Сондықтан  да,  кейінгі  жылдары 
бағалау,  баға  қою  мəселесі  үлкен  пікір  талас  туғызып  отыр. 
Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа оқушыны білім сапасына 
қарамастан  өткізуді  ұсынуда.  Осыған  байланысты  еліміздегі 
бағалау  проблемасының  əр  кезеңдегі  жайы  өз  алдына 
қызықты. 

1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға 
нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға 
жойылып, бес балдық жүйе қабылданды.  
Оқу  нəтижесін  балл  бойынша  бағалау  əрқилы  көзқарастар 
туындатты. 1917 жылдан  соң  тіпті  оқу  жүйесінде  бағалау,  баға  қоюға 
қарсылықтар  да  болды.  Кеңестік  еңбек  мектебінің  тұжырымдамасына 
орай  оқу  іс-əрекеттері  шəкірттің  қызығушылығына,  дербестігіне, 
ынталылығына, шығармашылық сипатына негізделуі тиіс болды.  
Дəстүрлі  келе  жатқан  оқушыларды  баға  жəрдемімен  тəртіпке 
шақыру  əдістері  тиімсіз  деп  танылды.  Осыдан 1918 жылы  Кеңестік 
өкімет  жарлығымен  оқушы  білімі  мен  тəртібін  балдық  жүйемен 
бағалау  мектеп  тəжірибесінен  мүлде  шығарылды,  сыныптан  сыныпқа 
өткізу, куəліктер беру оқушылар білімі жөніндегі педагогикалық кеңес 
шешімі негізінде орындалатын болды.  
Емтихан  түрлерінің:  қабылдау,  ауыстыру,  бітірту – қай-қайсы  да 
жүргізілмейтін  болды.  Сабақ  барысындағы  оқушыны  жеке-дара 
тексеру де орынсыз деп табылды. Өте қажетті жағдайларда жалпылама 
сынақтау  сипатындағы  ауызша  сұрақтар  мен  жазба  жұмыстарды  ғана 
өткізуге  рұқсат  берілетін  болды.  Оқушылармен  өтілген  тақырыптар 
бойынша  мерзімді  əңгіме-сұхбаттар  жүргізу,  оқыған  кітаптары  мен 
мақалалары  бойынша  баяндарын  тыңдау  ұсынылды.  Оқушылардың 
жеке  таңдауымен  өз  бетінше  орындаған  жұмыстары  дəріптелді. 
Дəстүрлі  қадағалау  жүйесі  өзіндік  бақылаумен  ауыстырылды,  жеке 
оқушы  табыстары  еленбей,  ұжымдық  жетістіктер  негізге  алынды. 
Өзіндік бағалауда тестік қадағалау формасы жаппай қолданылды.  
Бағасыз  оқу  бір  жағынан  тиімді  де  болды,  себебі  оқушылардың 
біршамасында дербес, өз бетінше оқу қабілеттерін дамытты. Дегенмен, 
мұндай  оқу  көпшілік  жағдайларда  оқушылар  білімінің,  тəртібінің 
құлдырауына  алып  келді.  Оқушылар  мектепте,  үйде  тиянақты  білім 
игеру  жұмыстарын  тоқтатты,  сабақтарға  қатыспайтын  болды. 
Сондықтан  да,  алғашқыда  қадағалаудың  əрқилы  формалары  біртіндеп 
енгізіліп,  ал 1932 жылдан  жеке  оқушының  білімі  оның  даралықты 
ерекшеліктерін  ескерумен  жүйелі  бағалау  принципі  негізінде 
орындалатын болды.  
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: 
“өте  жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өте  жаман” – 
енгізілді.  Бұл  жүйе 1943 жылға  дейін  сақталды. 1944 жылдың 
қаңтарынан  оқушы  білімі  мен  тəртібін  бағалаудың  сөздік  бағамен 
сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.  
Реттелген  тəртіпте  білім  есебін  жүйелі  жүргізу  өзін  ақтады, 
оқушылардың оқу дайындығы мен мінез құлық сапасынан көтерілуіне 
ұнамды себін тигізді.  

Оқу  іс-əрекеттерінің  нəтижесін  балл  жүйесінде  бағалау  көптеген 
кемшіліктеріне  қарамастан  өз  баламасын  таппай  отыр.  Дегенмен, 
педагог  ғалымдардың  көбі  сауаттылық  дəрежесін  бағалаудың  мұндай 
жүйесіне қарсы. Олардың дəйегі:  
–  білімділік  іс-жүзінде  үш  балдық  жүйеде  бағаланады (“1”, “2” 
бағалары білімсіздік көрсеткіштері). 
– білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (“5”, “4”, “3” бағалары 
гимназиялық сыныптарға да, дарынды оқушылар топтарында да, ақыл-
есі  кем  балалар  оқуында  да  бірдей  тең  қойылады.  Ал  аталған  оқу 
түрлеріндегі  білім  игеру  нəтижесіне  қойылған  талаптар  əрқилы 
болатындықтан бағалардың мəні біркелкілігін жояды).  
–  оқушылар  білімін  бағалауда  үш  балдық  өлшем  жеткіліксіз 
(сондықтан  да  оқытушылар  қосымша  өлшемдер  қолданып  жүр:  балл 
жанына “плюс” не “минус” белгілерін қояды).  
Ғалымдар  он  балдық,  он  екі  балдық  тіпті  жүз  балдық  та  бағалау 
жүйелерін ұсынуда.  
 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал