БАҚ үшін хабарлама «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы егістік жұмыстарын қаржыландыруды бастады



жүктеу 14.7 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.02.2017
өлшемі14.7 Kb.

БАҚ үшін хабарлама  

«ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы егістік жұмыстарын  

қаржыландыруды бастады.                                                                                                6.02.2017 

.     

 

 «ҚазАгро»  ұлттық  басқарушы  холдингі»  АҚ  2017  жылғы  егістік  науқанын 

қаржыландырудың  басталғаны  туралы  хабарлайды.  Ағымдағы  жылы  көктемгі-егіс  және 

жинау  жұмыстарына  Республикалық  бюджеттен  ҚазАгро  холдингі  құрылымы  арқылы  60 



млрд. теңге сомасындағы қысқа мерзімді қарыз берілді.  

Бюджеттік  қаражаттардан  басқа  «ҚазАгро»  ұлттық  холдингі  жылдың  аграрлық 

шараларын  басқа  да  қаржыландыру  көздері  есебінен  қолдайды.  Мысалы,  2016  жылы  егістік 

және  егін  жинау  науқанына  Холдинг  бюджеттік  несиені  есепке  алып  114,9  млрд.теңге,  2015 

жылы  -  101,3 млрд. теңге бағыттады. 

АШТӨ  мемлекеттік  қаржыландырумен  көптеп  қамтуға  қол  жеткізу  үшін  алғашқы 

кезекте  қаржыландыру  өткен  жылдағы  сияқты  ауылшаруашылық  кооперативтеріне 

берілетін болады. 

Бұдан  басқа,  мемлекеттік  қаражатты  пайдаланудың  тиімділігін  жоғарылату  және 

отандық  қайта  өңдеуші  кәсіпорындардың  жүктемесін  арттыру  мақсатында  дақылдардың 

басымдықтарын  есепке  ала  отырып,  қаржыландыру  механизмі  енгізіледі,  яғни  Ауыл 

шаруашылығы  министрлігі    айқындаған  дақылдар  қатары  бірінші  кезектегі  тәртіпте 

қаржыландырылады.    Әңгіме  майлы  (күнбағыс,  рапс,  зығыр,  соя),  арпа,  қант  қызылшасы, 

күріш, мақта, сұлы, картоп туралы болып отыр. 

Көктемгі-егіс  және  жинау  жұмыстарын  жүргізуді  несиелеу  келесі  бағыттар  бойынша 

жүзеге асырылатын болады: 

 «Аграрлық  несие  корпорациясы»  АҚ  филиалдық  желісі  арқылы  банк  кепілдігін  беру 

арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландыру; 

 

Кейіннен  ауылшаруашылық  кооперативтері  мен  ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерін 



қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру.  

 



Несие  серіктестіктері,  шағын  қаржы  ұйымдары  және  Өңірлік  инвестициялық  орталықтар 

арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру.  

Бюджеттен тыс көздер есебінен қосымша көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу 

үшін  ауылшаруашылық  техникасын  сатып  алуды  қаржыландыруға  «ҚазАгроҚаржы»  АҚ 

арқылы шамамен 35 млрд теңге бағыттау жоспарланады.   

«ҚазАгро»  ұлттық  басқарушы  холдингі»  АҚ    оның  құрамына  кіретін  компаниялардың 

инвестициялық  активтерін  тиімді  басқаруды  қамтамасыз  ету  арқылы  Қазақстанның 


агроөнеркәсіптік  кешенін  дамыту  жөніндегі  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асырады. 

Холдингтің 

құрамына: 

«Азық-түлік 

келісім 

шарт 


корпорациясы» 

ұлттық                       

компаниясы»  АҚ,  «ҚазАгроҚаржы»  АҚ,  «Аграрлық  несие  корпорациясы»  АҚ,  «Ауыл 

шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры»  АҚ,  «ҚазАгроӨнім»  АҚ,  «ҚазАгроМаркетинг»  АҚ, 

«ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді. 

 

________________________________________________________________ 



«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі   

+7 701 460 91 82,  

R.Tasbulatov@kazagro.kz

   


тел: (7172) 70-56-39, 

www.kazagro.kz



    

 

 



 


жүктеу 14.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет