Б. З. Кенжегулов


Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелері



жүктеу 0.63 Mb.
бет8/38
Дата16.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17297
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
standarttau
Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелері

Стандарттаудың қағидалары.

Стандарттау белгілі бір ереже-қағидаларға сүйенеді. Стандарттау сапасын, үнемділігін, қолданылуын, сәйкестігін және өзара алмасуын, қауіпсіздік талаптарын өнімдердің көптүрлілігін басқару бойынша, сондай-ақ өзара қызықтыратын басқа да сұрақтар бойынша әрбір жақтың пікірін ескере отырып келісімге келу үшін өнімдерді даярлайтын, әзірлейтін және қолданатын барлық мүдделі жақтардың өзара ұмтылыстарына негізделуі қажет.

Халықаралық стандарттауда пәтуа (консенсус) термині қоланылады, ол мүдделі жақтардың көпшілігінде мәнді мәселелер бойынша қарсылықтары жоқтығын сипаттайтын, барлық жақтардың пікірін ескеру және сәйкес келмейтін көзқарастарды жақындату болып түсіндіріледі. Консенсуста толық бірауызды шешім болмауы мүмкін.

Стандарттарды даярлаудың пайдалылығын әлеуметтік, техникалық, экономикалық қажеттілігі және қолданудағы жарамдылық тұрғысынан бағалауға болады.

Нормативтік құжаттарды даярлағанда жобалардың аяқталу кезеңінде және қабылданған халықаралық және аймақтық стандарттарды, ЕЭК БҰҰ құжаттарын және басқа халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ, қажет болса, басқа елдердің ұлттық стандарттарын есепке алу керек.

Кейбір қағидаларды бөліп айтуға болады:

- Өнімдерді даярлайтын, әзірлейтін, жеткізетін және тұтынатын жақтардың мүдделерін теңдестіру (негізгі мәселелер бойынша консенсус).

- Жүйелілік және кешенділік. Жүйелілік – бұл әрбір объектіні одан да күрделі жүйенің бөлшегі ретінде қарау, мысалы: банка ыдыс (тара) ретінде транспорттық ыдыс – жәшіктің бөлігі, жәшік контейнерге кіреді, контейнер транспорт құралына салынады. Кешенділік – күрделі жүйенің барлық элементтерінің сәйкестігі.

- Стандарттың динамикалық және озық дамуы. Ғылыми-техникалық прогрестің өсуінің өзгеруімен қатар стандарттар болып жатқан өзгерістерге бейім болуы қажет және қалып қоймауы керек.

- Тиімділік – нормативті құжаттарды қолдану экономикалық және әлеуметтік пайда беруі қажет.

- Қауіпсіздікті, сәйкестікті және өзара алмасуды қамтамасыз етуге жағдай тудыратын стандарттарды даярлаудың басымдылығы.

Стандартқа қойылатын талап – оның сертификаттаудың мақсаттары үшін жарамдылығы.

- Үйлесімділік – халықаралық саудада кедергі келтірмейтін стандарттарды даярлау.

- Тұжырымдаманың анықтығы – норманы екі түрлі мағынада түсіндіру нормативтік құжатта маңызды қателік бар екенін көрсетеді.




жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет