Б. З. Кенжегулов


№ 2.5 тақырып.Қызметтердің сәйкестігін растау(1 сағат)



жүктеу 0.63 Mb.
бет30/38
Дата16.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17297
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
standarttau

№ 2.5 тақырып.Қызметтердің сәйкестігін растау(1 сағат)

1Қызметтердің сәйкестігін растаудың жүргізу тәртібі

2 Инспекциялық бақылау
      Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарға:

1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге;
2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады.
      Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды.

      Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс.


      Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді.

     Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды:



    1. Органға сертификаттауға өтінім беру;

    2. өтінім бойынша шешім қабылдау;

    3. сертификаттау схемасын таңдау;

    4. Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;

    5. қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;

    6. алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

    7. берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;

    8. Сертификат беру;

    9. сертификатталған қызметіне инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).

Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді. Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы.     

      Орган оны алғаннан кейін он күннен кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.
      Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.

      Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады: 1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;


2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.
      Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.

      Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді.

      Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді.

      Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.

      Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді.

      Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс.

      Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.

      Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.

      Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:
1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;
2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;

3)тексерістер жүргізу;

4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.

      Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды.

      Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.

      Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды.

Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға, екіншісі Органға жіберіледі.

      Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган көрсетілетін қызмет нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:



    1. қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжат өзгерген;

    2. қызмет көрсетудің технологиялық процесі өзгерген;

    3. бақылау, сынақтар (тексеріс) әдістері, егер көрсетілген өзгерістер қызметтердің сәйкессіздігін тудыруы мүмкін болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесі және сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;

    4. егер кәсіпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.

      Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу әрекеттерінің жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.
      Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.

      Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу әрекеттері жүзеге асырылады.



Түзеу әрекеттерін жүргізген кезде Орган:

  1. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;

  2. қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;

  3. түзеу әрекеттерін орындау мерзімін белгілейді;

  4. түзеу әрекеттерін орындауды тексереді;

  5. тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.
          Түзеу әрекеттері орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.
          Қызметтерді орындаушы түзеу әрекеттерін орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды.



Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемалары



Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі келесі сертификаттау схемалары арқылы жүзеге асырылады:

Схеманың өмірі

Сәйкестікті растау тәсілдері

Өндірісті тексеру

Инспекциялық бақылау

Сертификаттың қолданылу мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

Типті сынау





6 ай

Таңбалау жүргізіл- мейді

2

Типті сынау

Өндірістің
жай-күйін
талдау

Сатушыдан
алынған
үлгілерді
сынау.
Өндірістің
жай-күйін
талдау.

12 ай

Осы типтің
барлық шығарылатын өнімі
таңбаланады

3

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан
алынған
үлгілерді
сынау.
Өндірістің
жай-күйін
талдау.

12 ай

Осы иптің
барлық шығарылатын өнімі
таңбаланады

4

Типті сынау

Өндірістің
жай-күйін
талдау

Сатушыдан
алынған
үлгілерді
сынау.
Дайындаушыдан
алынған
үлгілерді
сынау.
Өндірістің
жай-күйін
талдау.

18 ай

Осы
типтің
барлық
шығарыла-
тын өнімі
таңбала-
нады

5

Типті сынау

Сапа
менеджменті
жүйесін
сертификат-
тау

Сатушыдан
алынған
үлгілерді
сынау.
Дайындаушыдан
алынған
үлгілерді
сынау.
Өндірісті
бақылау (сапа
менеджменті
жүйелері)

36 ай

Осы
типтің
барлық
шығарыла-
тын өнімі
таңбала-
нады

6

Типті сынау

Сапа менед-
жменті жүйе-
сін сертифи-
каттау

Сапа
менеджменті
жүйесін бақылау

36 ай

Таңбалау жүргізіл-
мейді

7

Партияны
сынау





Белгіленеді бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Таңбалау жүргізіл-
мейді

8

Әрбір
бұйымды
сынау





Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Әрбір
өнім
таңбала-
нады

9

Қоса
берілетін
құжаттармен
бірге
өтінімді
қарау





Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Таңбалау жүргізіл-
мейді

10

Қоса
берілетін
құжаттармен
бірге
өтінімді
қарау

Өндірістің
жай-күйін
талдау



12 ай

Таңбалау жүргізіл-
мейді

Ескертпе:


      - сынақтардың қажеттілігі мен көлемін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган анықтайды
      - сапа менеджменті жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.

Сертификаттау схемаларын қолдану:

      1. 1-6 және 10 сертификаттау схемалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-схемалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.
      2. 1-схеманы өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.
      3. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.
      4. 3-схеманы өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн.
      5. 4-схеманы өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.
      6. 5 және 6-схемаларды: сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;
технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал; шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген; өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем; өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;
өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
      6-схема түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.
      6-схеманы, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.
      7. 7 және 8-схемаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.
      8. Егер ұсынылған құжаттар бойынша өнім қауіпсіздігін анықтау мүмкін болса, 9-схеманы жеке қажеттілік үшін өнімнің шағын көлемді партиясын, өндірісті немесе, өндірістік және өзге объектілерді жарақтандыруға арналған нысаналы мақсатпен сатып алынатын бірлі-жарым бұйымды (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнімдер үшін қолдану ұсынылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.10 N 2071 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      9. 10-схеманы отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
      Схеманы шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды.
      10. 9 және 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін сертификаттау кезінде пайдалануға жол берілмейді.

        Қызметтердің сәйкестігін растау тәртібі келесі сертификаттау схемалары арқылы жүзеге асырылады:




Схеманың
нөмірі

Орын-
далу
шебер-
лігін
баға-
лау

Қызмет-
тер
көрсету процесін бағалау

Кәсіп-
орынды
аттес-
таттау

Менед-
жмент
жүйесін
серти-
фикат-
тау

Қызмет-
тердің
нәтижесін
іріктеп
тексеру

Инспекциялық бақылау

1

2

3

4

5

6

7

1

+







+

Қызметтердің
нәтижелерін
тексеру

2



+



+



Қызметтер
көрсету
процесінің
тұрақтылығын
бақылау

3









+

Қызметтердің
нәтижелерін
іріктеп
тексеру

4





+



+

Қызметтердің
нәтижелерін
іріктеп
тексеру

5







+



Қызметтер
көрсету
процесінің
тұрақтылығын
бақылау

      Ескертпе

      * - Материалдық емес қызметтерді сертификаттау социологиялық бағалау әдісімен жүзеге асырылады

Қызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану:

      1. 1-схема қызметтерді орындаушының шеберлігін бағалауды көздейді, жұмыс жағдайын, технологиялық, нормативтік құжаттаманы білуін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін арттыру туралы мәліметтерді тексеруді және қызметтер көрсету нәтижесін (жөнделген, тазартылған және басқа бұйымдар) іріктеп тексеруді, сондай-ақ кезекті инспекциялық бақылауды қамтиды.
      Жеке кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындар көрсететін қызметтерді сертификаттау үшін қолдану ұсынылады.
     2.2-схема мынадай екі тәсілмен:
технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайларын тексерумен; менеджмент жүйесін бағалаумен жүзеге асырылуы мүмкін қызметтер көрсету процесін бағалауды көздейді.
      Инспекциялық бақылау қызмет көрсету процесінің тұрақтылығын бақылау жолымен жүзеге асырылады.

Технологиялық процесті тексергенде:



  1. технологиялық құжаттаманың толықтығы;

  2. жабдықтардың орындалатын техпроцесс талаптарына сәйкестігі;

  3. орындаушылар біліктілігінің орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігі;

  4. технологиялық тәртіптің сақталуы;

  5. керек-жарақтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігі бақыланады.
         

Менеджмент жүйесін бағалау кезінде:

  1. сапа саласындағы саясат;

  2. сапа жөніндегі нұсқау;

  3. менеджмент жүйесі элементтерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі;

  4. сапа салаларында белгіленген мақсаттарға жету көзқарасы тұрғысынан менеджмент жүйесінің тиімділігі тексеріледі.

Өтінім берушіде менеджмент жүйесіне сертификат болған кезде менеджмент жүйесін бағалау жүргізілмейді.

     3. 3-схема қызметтер нәтижесін жаппай тексеруді көздейді. Схема материалдық қызметтерді (жеке тапсырыстар бойынша бұйымдарды жөндеу және дайындау) сертификаттау үшін қолданылуы мүмкін.


      Инспекциялық бақылау қызметтер нәтижесін іріктеп тексеру жолымен жүзеге асырылады.

    4. 4-схема кәсіпорынды аттестаттауды көздейді, ол:


оның материалдық-техникалық базасының жай-күйін; тұтынушыларға қызмет көрсетудің санитарлық-гигиеналық жағдайларын; нысаналы қызметтермен қатар қосымша қызметтерді де қоса алғанда, қызметтердің түр-түрі мен сапасын; қызмет көрсетудің анықтығы мен уақтылығын;
қызмет көрсету сапасын (қатынас әдебі, жайлылық, келісімділік, тұтынушы сұранымының есебі және т.с.с); қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби шеберлігін тексеруді қамтиды.

      Қонақ үйлерді, мейрамханаларды, шаштараздарды, кинотеатрларды және басқаларды сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.


      Кәсіпорынды бағалаудың нәтижесінде тұтастай алғанда дәреже (санат, сынып, жұлдызша) берілуі мүмкін. Инспекциялық бақылау социологиялық әдістерді пайдаланып жүзеге асырылуы мүмкін.

     4. 5-схема менеджмент жүйесін және оның жұмыс істеуінің тұрақтылығын кейіннен инспекциялық бақылауды сертификаттауды көздейді.


      Менеджмент жүйесін сертификаттауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудиторларды тарту арқылы қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сертификаттау кезінде барлық қызмет түрлері қолданылуы мүмкін.

      Ескертпе - Материалдық емес қызметтерді сертификаттау сараптау немесе социологиялық бағалау жолымен жүзеге асырылады.


 Өздік бақылауға арналған сұрақтар:

1 Қызметтердің қандай түрлерін білесіз?

2 Қызметтерге сертификаттауды қалай жүргізеді?

3 Қызметтер мен өнімдерге сертификаттауды жүргізудің ерекшеліктері бар ма?

4 Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді?



жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет