Б. З. Кенжегулов


№1.5 тақырып. Әр түрлі салаларды стандарттау. (2 сағат)



жүктеу 0.63 Mb.
бет22/38
Дата16.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17297
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
standarttau

№1.5 тақырып. Әр түрлі салаларды стандарттау. (2 сағат)





  1. Сапа менеджменті жүйелерін стандарттау.

  2. Экологиялық стандарттау

Бұл бағыттың стандарттарын төменгі топтарға жіберуге болады:

1 өндірісті техникалық дайындау стандарттары

2 пайдалану кезіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары

3 сапа жүйелерінің стандарттары

4 өнімнің жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтаушы стандарттар

5 сертификаттау жүйесінің стандарттары

6 аккредитациялау жүйесінің стандарттары

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты және техникалық әзірлеу меңгеру үрдістерін қысқартумен қатар олардың еңбек сыйымдылығын азайта отырып жоғарғы техникалық деңгейде бұйым жасау болып табылады.

Бұлар:өнімді өндіруге,әзірлеп өндіріске жіберу жүйесі,біріккен конструкторлық құжат жүйесі (БТҚЖ) автоматтандырылған жобалау жүйесі.(АЖЖ).

Бұл кезде техникалық құжаттарды стандарттаудың орны үлкен.Басқа мекеме ұйымдарға табыстаған кезде құжатты қайта рәсімдеу шығынының болмауы мәтіндік құжаттар мен графикалық бейнелеуді оңтайлату,осыған байланысты құжаттарды дайындау және қолдану шығынының азаюы техналогиялық процесстерді жобалау әзірлеу кезінде сәйкестіктің кеңейуі тағы басқалар стандарттау жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді.Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде қолданылатын есептеуіш техника құралдарының талаптарын ескерту;техикалық құжатта қамтылған жұмыстың сапасын эканомикалық тиімділігін арттырады.

Өнімді жобалау кезінде және өндірудің алғашқы кезінде өнім сапасын қалыптастыруда өнімді өндіруге әзірлеу,өндіріске жіберу \ӨӘОЖЖ\ маңызы жоғары.Өнім сапасын қамтамасыз етуге жобалаудың рөлін сапа жөніндегі Еуропа ұйымының мәліметтерінен көруге болады.ӨӘӨЖЖ стандарттарында техникалық дайындықтың екі сатысындағы жұмыс тәртібі келтірілген:

1 өнімді өндіруге әзірлеу кезіндегі яғни өндірістік мекеме үшін қажетті үлгілерді жасау және техникалық құжаттарды әзірлеу.

2 өнімді өндіріске жіберу кезіндегі яғни өндірістік барлық ұйымдастыру іс шараларын жүргізу кезіндегі жұмыс тәртібі.

Жүйенің құрамында азық-түлік емес шаруашылық және мәдени-тұрмыстық бағыттағы тауарларға арналған стандарт ГОСТ 15.0009 бар.Бұл стандарттың міндетті талаптарына сәйкес өнімнің сынақтық үлгілеріне тұтынушылық қасиеті тұрғысынан қабылдау сынағы жүргізіліп ең әуелі қауіпсіздігі тексеріледі.Стандартқа қосымша ретінде үлгі-эталондарға қойылатын талаптар беріледі.Үлгі эталон жаппай өндірілетін өнімді ең әуелі оның көркемдік-эстетикалық көрсеткіштерін салыстыруға арналады.

Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарттары

Бұл топқа пайдалану құжаттарының стандарттары-пайдалану ережелері,паспорт этикеткалар кіреді.Қарапайым тұтынушыларға олар тауардың ілеспе құжаттары ретінде белгілі.Мұндағы негізін қалаушы стандар ГОСТ 2.601 «ҚҚБЖ пайдалану құжаттары».Бұл стандартта күрделі техника бұйымдарының пайдалану құжаттарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар анықталған.

Бұл стандарт әсіресе өнімді жасаушыларды пайдалану құжатына «қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар»деген бөлімді енгізуді міндеттейді.

Бұл бөлімді пайдалану ережесін орындау кезінде тұтынушыларды сақтандыру мақсатында «тыйым салынады», «есіңізде болсын» деген сияқты ескертулер жазылуы тиіс.

Бұл стандарт өндірістік мақсаттағы өнімге де халықтық тұтыну тауарларына да арналған.

Сапа жүйесінің стандарттары

Сапа жүйесіне қойылатын талаптар ең алғаш 1987 ж ИСО 9000-9004 стандарттары тобында белгіленген.1994 ж өзгертулер енгізілгеннен кейін стандарттың екінші нұсқасы пайда болды.2000ж үшінші нұсқа бекітілді.Бұлар:

ИСО 9000:2000 «сапа менеджментінің жүйелері».Негізгі ережелер және сөздік

ИСО 9001:2000 «сапа менеджментінің жүйелері»Талаптар

ИСО 9004:2000 «сапа менеджментінің жүйелері»Іс қимылдың жақсарту жөніндегі нұсқаулар

ИСО 9001 мен 9004 негізін қалаушы стандарттар болып табылады.Үшінші нұсқасында бұл екі стандарт құрылымы мен мазмұны жағынан өзара толықтай үйлестірілген.Бірақта бұл стандарттардың арналуы әрқилы.

ИСО 9001 сапа менеджментінің жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді және сертификаттау мақсатында пайдаланылады.ИСО 9004 мекеменің іс қимылын түгелдей жақсарту үшін сапа менеджментінің жүйесіне әдістемелік көмек көрсетеді.

ИСО 9001 жазылған талаптар шығаратын өнім немесе көрсететін қызмет түріне қарамай барлық мекемелер үшін ортақ.Егер қандай бір мекеменің өз ерекшелігіне байланысты ИСО 9001 қандай бір талабын қолдану мүмкүн емес болса,онда ол талапты қондыруға болады.Бірақ бұл жағдай мекеменің тұтынушы талабына сай өнім шығару мүмкүндігіне кері әсер етпеуі тиіс.

Басқару және ақпараттық стандарттар жүйесі.

Басқару мен ақпарат бір-бірімен тығыс байланысты.Дер кезінде толық ақпарат-дұрыс шешім қабылдаудың негізгі шарты болып табылады.Бұл бағыттағы стандартардың негізгі мақсаты басқару және ақпараттық техналогия құжаттарын сәкестендіру.

Басқару құжаттары жөніндегі стандарттар.

Үкіметке жоғары мекемелерден бастап кішігірім сауда ұйымдарына кез-келген басшылық ақпараттарына басқарма шешімін бекіту қажеттілігі туындайды.

Халық шаруашылығы мен қоғамдық өмірдің өркендеуіне байланысты ақпарат көлемінің ұлғайту басқару құжаттарының молая түсуіне ықпал етеді.сонымен қатар құжаттарды құрастырып өндіруге жұмсалатын шығын да өсе түсуде .Батыстық фирмалардың мәліметтеріне қарағанда іс-қағаздардың жасаудағы ұқыпсыздан көп,компаниялар апта сайын миллиондаған доллардан зиянын шегеді екен.

Басқару құжаттарының шығыны азайту жолдарының бірі ақпарат артықшылығын қысқарту арқылы оларды сәкестендіру,мәтінін типтендіру болып табылады.Осы бағытта 1970-1980 ж жүргізілген жұмыстар құжаттаудың сәйкестендірілген жүйесін\ҚСЖ\жасаумен аяқталады.

Мысал үшін ұйымдастру жарлықтық және сыртқы сауда құжаттарын алып қарайық:Ұйымдастыру жарлықтық құжат\ҰЖҚ\ҚСЖ ішінде өзінің әмбебаптығымен ерекшеленеді.Жарлық беру,атқару іс қызмет барлық денгейдегі басқару құрылымына тән қасиет екені белгілі.Олар:бұйрықтар жарлық рәсімдеу реттеу үшін қолданылады.Баяндама қағаздары,нұсқау,ресми хаттар,арыздар,анкеталар таныстырулар шешімдер қаулылар штаттық кестелер жарғылар тағы басқа.

Сыртқы сауда құжаттары:Отандық және халықаралық стандарттар обьектісі болып табылады.ҚР дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп,халықаралық сауданы қарқындату үшін сыртқы сауда құжаттарының отандық стандарттарын ИСО стандарттарымен үйлестірудің маңызы өте зор.

Сыртқы сауда қызметінің тиімділігін арттыруда басқару,сауда және көлік саудасындағы мәліметтерді алмасудың халықаралық жүйесінің құжаттарын сәйкестендіру ағылшынша tlektroniks data interchange for commerse and transport үлкен міндет атқарады.

Бұл жүйені енгізу қажеттілігі халықаралық сауда келісімін рәсімдеу өндіруші мен сатып алушы арасында тауар тасымалдау кезінде пайдаланылатын көптеген мәліметтерді алмасу қабылдау өңдеу тіркеу жұмыстарының аса ауқымдылығынан туындап отыр.Сыртқы сауда келісімін рәсімдеуге жұмсалатын шығын көлемі тауар айналымының 15 дейінгі бөлігін иеленеді.Сонымен қатар сыртқы сауда ақпараттар ағыны құрылымының күрделілігі мен бұл процеске қатысатын мекемелердің тым көптілігі мәлімет берудің шапшаңдығын бәсеңдетіп мәліметтің нақтылық дәрежесін төмендетеді.

Эканомикалық тұрғыда дамыған көптеген елдердің сауда қызметін білу ақпарат алмасудың қағассыз техналогисын пайдалану нәтижесінде жүзеге асырылуда.Мәселен мәліметтерді электрондық өңдеу және алмасу іс-қимылдары есептеу техникасымен байланыс құралдарын кеңінен енгізу арқылы мүмкүн болып отыр.

EDIFACT стандарттары байланыс құралдары мен электронды есептеуіш машинасымен тұратын қолданбалы жүйенің ерекшелігіне қарамай мәлімет алмасуда қызмет атқарады.

Тағы бір маңызды стандарт ГОСТ 7372 сәйкес келеді және де «БҰҰ сыртқы сауда мәліметтерінің элементтеранықтамасы»қолдану үшін енгізіледі.
Экологиялық стандарттау

Соңғы уақытта экологиялық ақуалдар, қоршаған ортаны қорғау проблемалары өте маңызды мәселеге айналып отыр. Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықтар үшін де негізгі орынды иеленуде, оның бір бөлігі Киот хаттамасын дайындауда келтірілген, яғни барлық қол қойған елдер өндірістік газдардың шығуын 8%-ға төмендетуді жоспарлауды көздеп отыр. Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға электромагниттік сәулелердің, шулардың, газдардың шығу деңгейі қатаң шектеледі.

Бұлардың барлығы стандарттау саласында байқалуда, әсіресе, олардың көп бөлігі экология мен табиғатты қорғауға арналған.

Тек Еуропа елдерінде экология саласында 90-нан аса директивтер қабылданған. Бұл директивтердің бағыттарына:

1. Еуропалық Одақтың (ЕО) басты саясаты бойынша – өнеркәсіптерде ластануды бақылау құндылығын бағалау әдістері, табиғатқа тиетін өнеркәсіптік жобалардың әсерін бағалау;

2. Су бойынша – өзендерді, теңіздерді, көлдерді және басқа су ұңғымала-рын ластанудан қорғау, ауыз су сапасы және өндіріс қалдықтарын су ұңғымаларына тастау мәселелері, су флоралары мен фауналарын қорғау бойынша іс-шаралар;

3. Ауа мен өндірістік тәуекелділіктерде – кейбір заттардың қолданылуын шектеу, ауа бассейнінің тазалығын қорғау, ауадағы зиянды заттардың нормаларын анықтау;

4. Өндіріс қалдықтары бойынша қолданылған суларды тазалау, қоқыс-тарды жою, қауіпті заттарды тасымалдау және оларды сақтау;

5. Шу бойынша тұрмыстық құралдардың, транспорт құрылғыларының, өндірістік қондырғылардың шу деңгейін қалыпқа келтіру жатады.

ЕО-да бұйымның (қызметтің) экологиялық қауіпсіздігінің белгісі енгізілген. Ол тұтынушыны бұйымның экологиялық қауіпсіздігі туралы ақпараттандырады. Белгі қолдануға қауіпсіз, бірақ рұқсат етілген дозадағы қауіпті заттар болуы мүмкін дәрілерге, сусындарға және азық–түлік тағамдарына қойылмайды. Экологиялық стандарттауда маңызды орынды ИСО алады. 1993 жылы оның құрылымында «экологиялық басқару» техникалық комитеті құрылды.

Оның жұмысының нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардан тұратын ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттар қабылданды.

Соңғы нұсқадағы негізге алынатын стандарттар ИСО 14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолданылуы бойынша талаптар және нұсқаулар» және ИСО 14004:2004 стандарты «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Пайдалануды қамтамасыз ететін қағидалар, жүйелер және құрылғылар бойынша жалпы жетекшілік нұсқаулар». Экологиялық басқару жүйесі қоршаған орта жағдайының үзіліссіз жақсаруын қарастырады.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық стандаурттау дегеніміз не?

2. Сапа жүйесін қойылатын талаптар ең алғаш қайда белгіленген?

3. Экологиялық басқару техникалық комитеті қашан құрылды?





жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет