Б. З. Кенжегулов


Өндірісті және ғылыми – зерттеу жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз ету



жүктеу 0.63 Mb.
бет19/38
Дата16.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17297
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
standarttau
Өндірісті және ғылыми – зерттеу жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз ету
Метрологиялық қызмет — бұл өлшем сапасын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет субъектілерінің және жұмыс түрлерінің жиынтығы.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет (ММҚ) салааралық деңгейде елдегі өлшемнің метрологиялық түрде қамтамасыз етілуіне жауап береді және мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. ММҚ құрамына мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар және ғылыми-зерттеу институттары кіреді, олар мемлекеттік эталондарды жасауға, сақтау мен қолдануға және бекітілген өзгеріс түрінде өлшемнің біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттарды әзірлеуде заңнамаға сәйкес жауапкершілкке ие. ММҚ басшылығын Қазақстанның Мемстандарты жүзеге асырады.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар (МҒМО) Қазақстанның Мемлекеттік стандартына қарасты кәсіпорындардан және ұйымдардан немесе олардың құрылымдық бөлімшелер сандарынан құрылады. Олар шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану жұмыстарын атқарады, сонымен қатар өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттар әзірлемесін жүргізеді. Оларда жоғары білікті ғылыми кадрлар жұмыс атқарады, нақты кәсіпорындарға немесе ұйымға МҒМО мәртебесін беру меншік нысанын және ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгертпейді, ол тек олардың мемлекеттік көмектің ерекше түрін ұсынатын объектілер санатына жатқызылатынын білдіреді.

Мемлекеттік метрологиялық қызметтің негізгі міндеттері:


  • мемлекеттік эталондардың шама бірліктерін жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;

  • метрология аясында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу және Практикалыққұрылымды жұмыстарды орындау, ондағы өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету үшін бірегей тәжірибелік-экспериментті қондырғыларды, межеліктерді және бастапқы өлшемдерді жасау;

  • шама бірліктерінің өлшемдерін мемлекеттік эталондардан бастапқыға беру;

  • өлшеу құралдарын мемлекеттік сынақтардан өткізу;

  • мамандандырылуға сәйкес өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша ғылыми, нормативті, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздердің қызметтерін әзірлеу және жетілдіру;

  • мемлекеттік эталондарды өзге елдердің ұлттық эталондарымен сәйкестендіруге, халықаралық нормаларды және ережелерді әзірлеуге және т.б. қатысу.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі уақытта Еуропалық одақта қандай құжат әзірлене бастады?

2. ТШ объектісіне елер жатады?

3. ТШ белгіленуі неше әдіспен іске асады?

4. ТШ қай уақытта әзіренбейді?

5. Метрологиялық қызмет дегеніміз не


жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет