Б. З. Кенжегулов


ИСО стандарттарын және шет елдердің ұлттық стандарттарының



жүктеу 0.63 Mb.
бет16/38
Дата16.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17297
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
standarttau
ИСО стандарттарын және шет елдердің ұлттық стандарттарының

қолданылу тәртібі

Ұлттық стандарттарда елдің ғылыми техникалық даму деңгейіне байланысты өз ерекшеліктері қамтылады.Сондықтан біртүрлі материалдар мен бұйымдарға қарасты әр елдің стандарт талаптары бір бірінен жиі айырмашылықта болады.Бұл жағдай халықаралық сауданы дамытуға үлкен кедергі келтіреді.Сондықтан сауда қатынасын жасайтын елдердің стандарттарын бір бірімен сәйкестендіру қажеттілігі туындайды.Осы қызметті атқару үшін стандарттау саласында әртүрлі халықаралық ұйымдар мен мекемелер құрылды.

Стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың жұмысын үилестіру мақсатында құрылған халықаралық мекемелердің атқару органдары және өз жарғылары болады.Бұл халықаралық ұйымдардың мүшелеріне осы халықаралық қызметті жүргізуге елеулі роль атқарушы айырықша дамыған елдер қабылданады.Дүние жүзінде тауар саудасы мәселесімен айналысатын 4000 ұйым бар.Олардың 400 стандарттау мәселесімен айналысады.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық 1921 ж басталған.Сол жылы 7 елдің қатысуымен болған стандарттау саласындағы конференция негізінде 1926 ж стандарттау жөніндегі халықаралық ұлттық қауымдастық федерациясы құрылды.

1946 ж БҰҰ шешімімен стандарттау жөніндегі халықаралық қауымдастық құрылып,жарғысы қабылданды.Ұйымдастыру әдістемесі мен құрылымы анықталады.ИСО-ның негізгі мақсаты халықаралық саудаға жәрдем ету.

ИСО-ның басқару органдары:Бас ассамблея,ИСО кеңесі,кеңес комитеттері,орталық хатшылық.Бас ассаммблея басқарудың жоғарғы ұйымы болып табылады.Ол жылына бір мәрте шақырылады.Бас ассамблея сессия аралығында ИСО-ның жұмысын кеңесі басқарады.Олардың құрамына қосымша комитеттер мен жұмыс топтары кіреді.Қазір олардың жалпы саны 2,500 жетті.

Техникалық комитеттер эканомикалық салалары және ғылыми-зерттеу денсаулық білім беру салалары бойынша құрылады.

Қазіргі кезде ИСО стандарттары жасалмаған қандай да бір сала жоқ деп айтуға болады.Олардың саны 7500.Соның ішінде машина жасау 30%,металл емес бұйымдар 12%,қазба байлықтар 9%, ауыл- шаруашылығы 9%,құрылыс 3%,көлік 2%,арнайы техника 4%, ИСО негізін қалаушы стандарттары 3,5 % т.б.

ИСО-ның техникалық комитетінің құрылым ыауқымды процестерді ескеру арқылы жыл сайын жақсарып отырады.Мұнда негізгі нысана және сапа жүйесіне бағытталады.1999 ж сапаны басқару және сапа жүйесінің техникалық комитеті құрылды.

Бұл комитет ИСО негізгі басқару жүйесінің бірі болып саналады.Осы комитет ИСО-ның 9000 стандарттар сериасын жасап шығарады.

Алайда әлдекім нарық бойынша тауар өндірушінің қауіпті бәсекелестігі олардың бәсекелестік қабілетін арттыру үшін ИСО-ның стандарттарын қолдануға мәжбүр етеді.Себебі ол стандарттар бизнесте озық жүрген әлемнің таңдаулы компанияларының тәжірибелеріне негізделген.

Халықаралық стандарттау саласында ИСО-дан басқа мынадай ұйымдар бар: Халықаралық электротехникалық комиссия.Оның қызметі электротехника,радиоэлектротехника және байланыс саласы бойынша халықаралық стандарттау әзірлеу.



  • заңнамалық метралогияның халықаралық ұйымы.Мұның қызмет бағыты:

  • өлшеу құралдарының метралогиялық сипаттарын,нормалаудың біріңғай әдістерін белгілеу,өлшеу құралдарын сәйкестендіру,метралогиялық қызмет саласындағы ғылыми жұмыстарды үйлестіру,метралогия саласында біріңғай принциптерді белгілеу,кадрларды дайындау,ғылыми техникалық жәрдем көрсету.

  • сынақ зертханаларын тіркеу\аккредитациялау\ жөніндегі халықаралық конференция.Негізгі қызмет бағыты сынау,сертификаттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру.1985 жылдан жасайды.

  • Стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет.Негізгі қызмет бағыты мен мақсаты:Еуропалық мүше елдердің стандарттарын өзара үйлестіру.Еуропалық стандарттарды әзірлеу.Олар ИСО стандарттарының негізі болып табылады.

Еуропаның 7 елі қатысқан «Кодекс алиментариус» комиссиясы БҰҰ азық-түлік комисиясының бөлімдерінің бірі.Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы комитетінің қызметін қосып атқарады.Оның негізгі қызметі-адам денсаулығы үшін өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөнінде үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жүргізілетін стандарттау жұмысын үйлестіру.

Халықаралық 8500 стандарттар бар:



  • Дүниежүзілік сауда ұйымы.Оның қызметтерінің бірі халықаралық стандарттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру.1946 ж тарифтер мен сауда жөніндегі басты келісім негізінде құрылған.Бас кеңесі Женевада.ТМД елдерінен бұл ұйымға қырғыстан мен Молдавия мүше.Қазақстан бұл Ұйымға 2005-2007 ж Ресеймен бірге кіруді жоспарлап отыр.

Мемлекетаралық стандарттау.Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттердің стандарттау саласында біріккен саясат жүргізу туралы келісімі 13 наурыз,1992 ж мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізін қалады.Осы келісім бойынша мемлекеттік стандарттар ГОСТ мемлекетаралық стандарттар ретінде танылады.Ал бұрынғы КСРО эталондық базасы ортақ жетістік болып саналады.Үкіметаралық денгейде стандатау,метралогия және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылды.Оның негізгі қызметі – стандарттау саласында жаңа бағыттарды қалыптастыру,мемлекетаралық стандарт жобаларын бекітуге ұсыну,стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттары мен оған жұмсалатын шығын мөлшерін қарау,қабылдау.Кеңесте қабылданған шешімдер осы кеңеске өкілдікке енген мемлекеттер үшін міндетті болып табылады.ТМД елдерінің стандарттау,метралогия және сертификаттау жөніндегі Ұлттық Ұйымдарының басшылары мемлекетаралық кеңес мүшелері болып саналады.МАК жүргізген іс-шаралар нәтижесінде КСРО- ның нормативтік құжаттар саны мен эталондық базасы сол күйінде сақталып қалды.Мұнда 25 000 мемлекеттік,40 000 салалық стандарт,35 техникалық- эканомикалық ақпарат жіктегіштері,физикалық шама бірлігінің 140 метралогиялық эталоны сақталуда.

Қазіргі уақытта ТМД елдерінің бір-бірінің ұлттық сертификаттау жүйесін өзара ұйғару үрдісі толығымен аяқталды.МАК-тың жұмыс органдары – стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттер болып табылады.Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және басқа стандарттау саласындағы жұмыстарды жүргізумен айналысады.Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі 200 астам МАТК қызметі жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі.Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілген өзгерістер жылына 2 рет болатын МАК жиналысының шешімімен қабылданады.

Мемлекетаралық стандарттау саласы бойынша жүргізілетін жұмыстардың жалпы ережесі ГОСТ 1.0-92 белгіленген.Стандарттардың қабылдануына екіден кем емес мемлекет дауыс берсе ол стандарт бекітілген болып саналады.

Келісімге қатысушы елдердің ТМД қайсібір өз мемлекетінің ұлттық стандарттарын ГОСТ-ның жобасы ретінде ұсынуына болады.Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым МАК-тың ТМД көлемінде атқарып жатқан жұмыстарын бағалай отырып оны стандарттау жөніндегі халықаралық аймақтық ұйым ретінде танылады.МАК-тың іс қызметі ТМД елдерінің ИСО және дүниежүзілік сауда Ұйымына кіруіне көптеп ықпал етеді.

ИСО сериялы стандарттар. Стандарттау туралы халықаралық ынтымақтастық XX ғасырдың бас кезінде пайда болды.Сол кезде халықаралық электротехникалық комиссия құрылған болатын.XX ғасырдың екнші жартысындағы электротехниканың қарқынды дамуы стандарттау туралы халықаралық ұйымдарды құруға шешуші әсер етті.1904 ж Сенлуе қаласында конгресте стандарттау органы құрудың қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Стандарттау туралы бірінші халықаралық ұйым ретінде 1906 ж халықаралық электротехникалық комиссия құрылды.Электротехниканың дамуына байланысты әр елдегі нормалар мен талаптардың келісімдік жағдайлар болмағандықтан,нақты бір елде басқа елдің өнімдерін қолдану өте қиынға түсті.

Халықаралық ынтымақтастық жоқтығынан теміржол копиясын өлшеуде метрлік және дәлдік өлшеу жүйелері дүниеге келді.

Халықаралық ынтымақтастық ел арасындағы сауда – эканомикалық тиімділігіне тікелей әсер жағдайының бірі болып сертификаттау және өнім сапасын басқару шаралары болып табылады.

Қазіргі заманда бірнеше жүздеген ұйымдар өнім сапасын басқару сертификаттау және стандарттау сұрақтарын шешуде қызмет атқарады.Бірақта шешуші саясатты анықтайтын орган стандарттау туралы халықаралық ұйым сапаны бақылау туралы Еуропалық ұйым.\ЕОКК\

Стандарттау туралы халықаралық ұйым /ИСО/ 1947 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 90 мемлекет оның мүшесі болып табылады, оның ішінде 75 белсенді мүшесі, 15 корреспондент мүшесі. 2700 техникалық органның жұмысында 100 мыңнан астам мамандар мен жұмыскерлер қызмет етеді.

ИСО-ның нысаны болып дүниежүзілік масштабта стандарттауды дамыту және эканомикалық ғылыми-техникалықаумақты ынтымақтастықты ұлғайту табылады.

ИСО-ның жоғары жетекшілік органы болып бас ассамблея табылады,ол үшін жылда бір рет шақырылады.оның басшы болып ИСО Президент үш жылға тағайындалады.Ұйымның Практикалықжұмысын 13 мемлекет мүшесінің мамандарынан құралған кеңес жетекшілік етеді.

ИСО құрылымының негізгі бөлімдері болып техникалық комитеттер табылады.Олардың саны 160 астам.ИСО техникалық комитеттердің барлығында қатысты сұрақтарды зерттеуде және бәжірибелік қызметке қажетті ұсыныстарды әзірлеу нысанында бірнеше комитеттер құрылған.Олар:СТАКО- стандарттауды зерттеу туралы комитет;ДЕВКО-дамытып келе жатқан елдерге көмек көрсету туралы комитет;ИНФКО-стандартты үлгі туралы комитет;РЕМКО-ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу туралы комитет;ИАСКО-өнімнің стандартқа сәйкестігін бағалау туралы комитет;КОПОЛКО- тұтынушылардың мүддесін қорғау туралы комитет;Келесі сұрақтарды шешу туралы ұсыныстарды әзірлеу.Кеңестің техникалық бюросына мына міндеттер жүктеледі:

- ИСО техникалық жұмыстарын жоспарлау келістіру,ұйымдастыру

- Жеке техникалық комитеттердің қызмет аумағын және аттарын қайта қарау

- Техникалық комитеттердің қызмет бағдарламаларына жаңа тақырыптар енгізу туралы ұсыныстарды карастыру

Стандарттау туралы зерттеу комитет келесі сұрақтармен шұғылданады:


  • халықаралық стандарттармазмұны мен түрінің,олардың ұлттық стандарттарымен байланыстылығы

  • халықаралық стандарттаудың ғылыми принциптерін әзірлеу

  • стандарттау аймағындағы қызметке қатысты терминдер мен анықтамаларды келістіру және әзірлеу

  • стандарттау туралы халықаралық семинарлар ұйымдастыру

Ғылыми – техникалық ақпараттарды зерттеу туралы комитеттердің қызметіне:

  • стандартау туралы халықаралық семинарлар ұйымдастыру

  • стандарттар мен нормалық құжаттарды автоматты өңдеу индекациялау және жіктеу туралы ұсыныстар әзірлеу;

ИСО мүшесінің жұмысының көпшілігі дамып келе жатқан елдер болғандықтан оларға стандарттау жұмыстарын дамытуға көмек көрсету үшін ИСО кеңесінде дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету туралы комитет құрылған (ДЕВКО).Олардың міндетіне дамып келе жатқан елдердің стандарттау аумағындағы қажеттілігін анықтауда іс әрекеттер әзәрлеу.

(РЕМКО) Стандартты үлгі туралы комитеттің міндетіне стандартты үлгіге арналған халықаралық стандарттарда берілген сілтемелер туралы техникалық комитетке жетекшілік қызмет әзірлеу.

(ИАСКО) өнімнің стандарт талабына сәйкестігін бағалауды міндетіне өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесін және ұлттық сертификаттау жүйесін қарастыру жұмыстары жатады.

МЭК тің жоғарғы басшылық органы – кеңес болып табылады.Бюджеті мүшелер енгізген қаржыдан және халықаралық стандарттарды сатқанда түсетін қаржыдан құралады.МЭК құрылымы-техникалық комитеттерден және жұмысшы топтардан тұрады онда 80 техникалық комитет қызмет атқарады.Қазіргі уақытта МЭК 3000 астам халықаралық стандарттар әзірлеп баспадан шығарған.Болашақта МЭК және ИСО қызметтері бір-біріне жақындасып қосылуы мүмкүн.

Өнім сапасын бақылаудың логикалық нәтижесін ИСО-9000 стандарттарының пайда болуына әкеп соқты.ИСО-9000 стандарттарының негізі ретінде сапаны бақылаудың ұлттық стандарттары қолданылады.

ИСО 9000 1987 ж сериасына 5 стандарт кіреді.ИСО-9000 стандарты. «Сапаға жалпы жетекшілік және сапаны қамтамасыздандыру стандарттары».Бұл басқа стандарттарды таңдап алуға қолдануға жетекшілік ететін және негізгі түсінік түрін беретін кіріспе стандарт.

Әр түрлі вариантты өндіріс процесіне арналған сапа жүйесінің моделі бар 3 стандарт.

1 ИСО-9001стандарты – жобалау барысында сапасын қамтамасыз етуге арналған модель

2 ИСО 9002 монтаж және өндіріс барысында сапаны қамтамасыз етуге арналған модель

3 ИСО -9003 қортындысы сынақ және бақылау барысында сапаны қамтамасыз етуге арналған модель

Осы стандарттар Практикалықтұрғыдан қолданудың нәтижесі бойынша ревизия ұйымдастыру 1994 ж стандарттау туралы халықаралық ұйым стандарттарының екінші басылымын шығарды.Сонымен қатар ИСО-8402 терминалогиялық стандартта қайта қаралды.

Ревизия нәтижесі бойынша ИСО 9000 сериясы өнім категорияларына қойылатын талаптардың таралуына байланысты келтіріледі.Және де онда сапа жүйесіне баға беруге стандарттардың қызметін жан-жақты қарастырып мазмұндалған.

Стандарттың жаңа версиясында сапаның 4 маңызды аспектісі қосылған,олар:

-өнім сұранысымен анықталып негізделген сапа

-өнім жобасымен негізделген сапа

-өнімнің жобаға сәйкестігімен негізделген сапа

-өнімнің өмірлік циклында материалды-техниалық қамтамасыздандырумен негізделген сапа;

Кейіннен шыққан сериалы ИСО 9000 1994 ж стандарттың жалпы аты «Сапаға жалпы жетекшілік және сапаны қамтамасыз етуге арналған стандарттар».Ол төрт бөліктен тұрады.

1 ИСО 9000-1 стандарты. «Таңдап алу және қолдану жөнінен жетекші нұсқаулар»

2 ИСО 9000-2 стандарты. «ИСО 9001,9002,9003 стандарттарын қолдану және жалпы жетекшілік нұсқаулар»

3 ИСО 9000-3 стандарты «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеуге қызмет көрсетуде ИСО 9001 стандартын қолдану туралы жетекші нұсқаулар»

4 ИСО 9000-4 стандарты. «Сенімділік қамтамасыздандыру бағдарламасы туралы жетекшілік»

ИСО 9004 «сапа басқару және сапа жүйесінің элементтері»стандарты 8 бөлімнен тұрады:

ИСО 9004-1 Жетекшілік нұсқаулар

ИСО 9004-2 Қызмет көрсету жөнінен жетекші нұсқаулар

ИСО 9004-3 Өңделетін материалдар жөнінен жетекші нұсқаулар

ИСО 9004-4 Сапаны жақсарту жөнінен нұсқаулар

ИСО 9004-5 Сапа бағдарламасын жөнінен нұсқаулар

ИСО 9004-6 Жобаға жетекшілік және сапаны қамтамасыздандыру жөнінен жетекшілік

ИСО 9004-7 Конфигурация бақылау жөнінен жетекшілік нұсқаулар

ИСО 9004-8 Әкімшілік басқару жүйесінде қолдануда сапаны басқару принциптері жөнінен жетекшілік нұсқаулар

2000 ж ИСО сериалы стандарттарының жаңа версиялары жарық көрді.Олар:ИСО 9000-2000 Сөздік;терминдер мен анықтамалар

ИСО 9001-2000 Сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

ИСО 9004-2000 Сапа менеджментінің жүйелері.Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Өнімді штрихтап кодтау саласындағы нормативтік құжаттар туралы айтыңыз.

2. ИСО стандарттарын және шет елдердің ұлттық стандарттарының қолданылу тәртібі жөнінде ойыңыз қандай?

3. Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық қашан басталған?

4. Мемлекетаралық стандарттау саласы бойынша жүргізілетін жұмыстың жалпы ережесі қандай ГОСТ-та белгіленген?

5. ИСО 9000 1987ж сериясына қанша стандарт кіреді?

6. Әр түрлі вариантты өндіріс процесіне арналған сапа жүйесінің моделі бар қанша стандарт бар?



жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет