Б. С. Асанова Қазақстандағы кітапхана



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет1/23
Дата18.02.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.С.Асанова  
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КІТАПХАНА 
ІСІНІҢ ТАРИХЫ 
 (көне дәуірден 1990 жылдың басына дейін)  
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы,  2014  
«Қыздар университеті» баспасы 

  

 
УДК 
ББК 
А 
 
Баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 
Редакциялық баспа кеңесі ұсынып мақұлдаған 
 
Пікір жазғандар: М.Б. Мұқашева – педагогика ғылымдарының  
                               кандидаты,  доцент;  
                               А.А. Шортанова – педагогика ғылымдарының  
                               кандидаты                            
 
 
Б.С.Асанова.  Қазақстандағы  кітапхана  ісінің  тарихы: 
[Мәтін]  оқу  құралы./  Б.С.Асанова.  –  Алматы:  «Қыздар 
университеті» баспасы, 2014. – 300  б. 
 
 
ISBN  
 
  
Оқу  құралында  көне  заманнан  Қазақстан  Республикасының 
тәуелсіздік  алғанға  дейінгі  кітапхана  ісінің  тарихы  кезең-кезеңімен 
баяндалады.   
Бұрын-соңды  жарық  көрген  негізгі  тарихи  еңбектер  мен 
кітапхана  ісінің  тарихында  қалыптасып  жатқан  көзқарастарға  сүйене 
отырып жазылған оқу құралы жоғары және арнаулы орта білім беретін 
оқу  орындарының  студенттеріне,  оқытушыларына,  магистранттарына 
және кітапхана қызметкерлеріне арналған.  
 
 
 ISBN   
 
УДК 
ББК 
 
 
                           ©  Б.С.Асанова, 2014 
                                  ©  «Қыздар университеті» баспасы, 2014 

  

 
КІРІСПЕ 
 
Білім  бар  жерде  жерде  кітап  көбейеді.  Кітап  бар  жерде 
білім өркендейді. Қазірге дейін кітапханаларға болған көзқарас, 
сол  қоғам  мүшелерінің  білімге  деген  көзқарасының  өлшеуі  бо-
лып саналады.  Кітап – білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, 
ой-сананы  өсіретін  қымбат  қазына,  кітапхана  сол  қазынаның 
алтын  діңгегі.  Халқымыздың  рухани,  мәдени  ой-санасының 
қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рөлі ерекше. 
Кітапхана  экономикалық  потенциалдың  өсуіне,  еңбек 
өнімділігін  арттыруға  адамдардың,  әсіресе  жастардың,  ой-
өрісін,  ішкі  дүниесін  қалыптастыруға  пәрменді  ықпалы  бар 
фактор екенін өмір көрсетіп отыр.  
Қазақстанда  кітапхана  ісінің  дамуы  еліміздегі  мәдени 
құрылыстың  жарқын  беттерінің  бірі  болып  табылады.  Олай 
дегеніміз,  кітапхана  аз  ғана  тарихи  уақыт  ішінде  айтарлықтай 
табысқа жетті.  
Қазіргі  күнде  де  кітапханалардың  өрістеуі  шарықтамаса, 
толастаған емес. Бұның айғағы ретінде де тәуелсіздігіміздің туы 
қолымызда  желбірегеннен  бері,  Қазақстан  Республикасының 
тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  назары-
нан да тыс қалмады. Соның айғағы, халқымыздың рухани тыныс 
тіршілігіне  тың  серпін  әкелген  игілікті  іс  ретінде  зор  бағаға  ие 
болып отырған Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 
жылғы  13  қаңтардағы  Жарлығымен  бекітілген  20042006  жыл-
дарға  арналған  “Мәдени мұра”  мемлекеттік  бағдарламасы.  Бағ-
дарламадағы  м
әдени  мұраны  сақтау  мен  өркендетудiң  бағытта-
рында:
  ТМД  елдері  мен  шетелдік  мұрағаттарындағы  Қазақстан 
тарихына  қатысты  құжаттарды,  қолжазбаларды,  сирек  кезде-
сетін кітаптарды алдыру, көшірмесін жасаттыру; ұлттық әдебие-
тіміз  бен  өнеріміздің  бай  мұрасын  зерттеп,  жүйелеп,  көп  том-
дықтар түрінде басып шығару еді.  Осы  “Мәдени мұра” бағдар-
ламасы іс-шаралары бойынша қазіргі күнде біраз жұмыстар ат-
қарылып жатыр. Оған кітапханалардың қосып жатқан үлесі мол. 
Республикамыз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  егемен  мем-
лекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Халықтың білім бұ-
лағы  болып  саналатын  кітапханалар  жаңа  талапқа  сай  жұмыс 

  

 
істей бастады. Кітапханалардың қалыптасуы, кітапхана қызмет-
керлерін  дайындау,  олардың  әлеуметтік  ахуалы  XX  ғасыр 
басында  қазақ  қоғамының  өтпелі  кезеңінде  болды,  оның  таң-
даулы  үлгілерінің, ізденістері мен тәжірибесінің Қазақстандағы 
бүгінгі мәдени процестер үшін де маңызы бар.  
Қазақстандағы  кітапхана  ісінің  тарихы  курсын  оқу  ба-
рысында  болашақ  маман    −  әлемге  әйгілі  Александрия  және 
Отырар  кітапханасынан  бастау  алып,  Қазақстанның  партия-
кеңес  органдарының  кітапханаларды  құрудағы  және  дамыту-
дағы қызметін, кітапханалардың жалпы жүйесінің қалыптасуын 
және дамуын, оның жұмысының мазмұны мен түрлерін, әдіс-тә-
сілдерін, мамандар даярлаудың ерекшеліктерін оқып, үйренеді. 
Бүгінде  кітапхананың  тарихын  студенттердің  зердесіне 
құйып,  оларды  осы  тағылыммен    таныстырып,  тарихи  санасын 
қалыптастырудың  маңызы  зор.  Жастар  заманымыздың  болаша-
ғы  десек  те,  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарында 
кітапха ісі тарихы бойынша ана тілінде оқып үйренуіне мүмкін-
дік  беретін  оқулықтар  мен  көмекші  оқу  құралдары  жеткіліксіз 
болып жатыр. Осындай зәрулікке байланысты жастардың оқып-
білуіне  септігін  тигізе  ме  деген  үмітпен  осы  еңбекті  ұсынып 
отырмын.  Оқу  құралының  тақырыптары  кітапханалар  тарихы-
ның белгілі кезеңдеріне байланысты алынды. 
Оқу  құралын  құрастыруда  республикамыздың  бұқаралық 
ақпарат  құралдарында  жарияланған  материалдар  жинақталып, 
қорытылып  көрсетіледі.  Сонымен  қатар,  Қазақстан  және  Ресей 
авторларының  кітапханатану  және  библиография    саласындағы 
ғылыми  жұмыстары  мен  кітапхана  ісінің  тарихы  жайындағы 
жарияланымдарымен толықтырылды.  
 
 

  

 
АЛҒАШҚЫ КӨНЕ ЗАМАНҒЫ КІТАПХАНАЛАР 
 
Александрия кітапханасы 
 
Ескі  замандардың  өзінде  кітап  ерекше  бағаланған  екен. 
Адамзат  баласы кітапхананың  пайдасын  бірден  түсінді,  сол се-
бепті  де,  ең  алғашқы  кітапхана  осыдан  сегіз  мың  жыл  бұрын 
пайда болды.  
Ежелгі  Месопотамия  тұрғындары  жазуды  саздан  жаса-
лынған  тақтайшаларға  жазған.  Сондай  мыңдаған  тақтайшалар 
ежелгі  сарайларда  сақталып  келді  және  тақырыптары  бойынша 
сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер жазуды әуелі шиыршықталып, 
сосын түтік сияқты оралған папирус қағаздарға жазды.  
Біздің 
эрамызға 
дейінгі 
332 
жылы 
Александр 
Македонский  негізін  қалаған,  Египеттегі  атақты  Александрия 
кітапханасында  осындай  мыңдаған  қағаздар  сақталып  келген. 
Б.э. IV ғасырында Римде көпшілікке арналған 28 кітапхана  жұ-
мыс істеген.  
Ал  орта  ғасырларда  кітапханалар  монастырлар  мен  уни-
верситеттердің жанынан ашылған. Ұрлық-қарлықты болдырмас 
үшін ол уақытта кітаптарды қабырғаларға шынжырмен бұғаулап 
тастайтын болған. 
 «Мәңгілік  ел»  идеясына  негізделген  Ұлы  даланың 
руханияты  қадам заманнан тамыр тартады.  Тұжырым мен құ-
былысы  ерекше  түркілік  таным    мен  тарихи  көркем  құнды-
лықтар    адамзаттың  өркениет  кеңістігіне  өз  үлесін  қосты.  
Ежелгі  Эллада  мен  көне  Қытай  жылнамаларындағы    жазба 
мұралар соны толық растайды. Дуньхан мен Дунай арасындағы  
сақ, скиф, ғұн, түрік, оғыз, қыпшақ  дәуіріне қатысты Пазырық, 
Берел,  Ертіс,  Есік,  Талас,  Орхон-Енисей,  Селенгі,  Бұғыты, 
Отырар, Бату Сарай мен Сарай Берке, Сығанақ, Күлтөбе қорым-
дарынан  табылған қазба айғақтар мен тұңғыш әліпбилік жазу-
лар түркі өркениетінің даму деңгейінің  ежелден ақ жоғары бол-
ғандығын танытады. 
Ұлы  дала  арқылы  өткен  «Ұлы  жібек  жолы»  шығыс  пен 
батысты  ұштастырған  өркениеттің  көпірі  болды.  Тек  экономи-
калық  қана  емес  мәдени  қарым  қатынастарға  да  жол  ашып, 

  

 
жалпы  адамзаттың  рухани-мәдени  және  жағрафиялық  дүние-
танымының  кеңеюіне  арна  салды.    Еуразия  кеңістігін  мекен-
деген  түркі  қағанаттары  олардың  өзара  алаңсыз  араласуына 
кепілдік  берді,  сөйтіп,  Батыс  пен  Шығыс  өркениетінің  алтын 
арқауы  дәнекеріне  айналды,  жалпы  адамзаттық  өркениеттің  
ұштаса  дамуына  тікелей  себепкер,  әрі  жауапкер  мемлекет  бол-
ды.    Батыс  пен  Шығыстан  өздері  де  үйренді,  өзгелерге  де  үлгі 
көрсетті.  Алтын мен күміс пайзілерге, қайың тозы мен «мәңгі-
лік  тастарға»  өгіз  терісіне,  қағазға  басылған  жазулар,  теңге-
лердегі таңбалар соның айғағы. Мұны Гередот пен Страбоннан 
(б.з.д.V-IIIғ.).  Сыма-цян  мен  Бань-Гуден  (б.д.д  II-I  ғ.).  Ат-
Табариден (IX ғ. ) бастап Дулатиға   (XV-XVI ғ.) дейінгі тарих-
шылардың жазбалары толық растайды. 
Сондай  асыл  қазыналарды  күлтөбелер  мен  қорғандарға 
айналған  «Даналық үйлерінің» үйіндісін  заманалар бойы бауы-
рына  басып  сақтап  келген  Ұлы  Даланың  өзі  де  табиғи 
кітапхананың  міндетін  атқарды.  «Шығыстың  гүлдену»  дәуірі 
тұсында  христиан  уағыздаушылары    мен  тақуалары  өртеген 
«Александрия  кітапханасын»  қайта  түлету  мақсатында  араб 
халифтары    Харун    Әр-Рашид  (786-809)  пен  Мамун  (813-833) 
«Даналық  үйін»  (Байт  Әл-Хикма)  ашып,  оны  аса  бай  кітапха-
намен  обсерваториямен  қамтамасыз  етті.  Дүние  ықылымның 
барлық саласына арналған кітаптарды бір орталыққа шоғырлан-
дырып,  ғылыми-зерттеу  аударма,  кітап  шығару  жұмыстарымен 
белсене айналысты. Еуропаның гүлденуіне жол ашқан ұлы ілім 
иесі деңгейіне көтерілді. 
Ол  ықылым  замандардың  өзінде-ақ  көбінесе  территория-
сының  кеңдігі,  байлығының  қисапсыз  молдығы,  әскери  қуат-
тылығының күштілігімен ғана емес, қандай мәдениетті еншіле-
гендігімен  де  айқындалған.  Соның  бір  белгісі  білім  ғылымның 
қанат  жаюы.  Көне  замандардағы  ғылым  мен  білімнің  қайнар 
көзі – кітап болғандығына ешкім күмән келтіре қоймас. Сондық-
тан болар әлем өркениетінде жұмыр  басты пенде біткенді таң-
тамаша  қалдырған    талай-талай  оқиғалар,  тіпті  тұтас  бір  өрке-
ниеттің  өзі  адамзат  жадынан  ұмытылған  кездер  аз  болмаған.  
Әлемнің сегізінші кереметі ретінде  әлі күнге дейін кейде аңыз, 
кейде ақиқат  ретінде  бүгінгі күнге дейін жеткен мәдениет кере-

  

 
меттерінің  бірі  –  Александрия  кітапханасы    Александрия 
мусейоны  деп  аталған    антикалық  дүниедегі  ғылым  мен 
мәдениеттің    аса  үлкен  орталығының  ажырамас  бөлігі  болған. 
Оның  негізін    әйгілі  Аристотельдің  шәкірті    Деметрий 
Фалерский  біздің  дәуірімізге  дейінгі  III  ғасырда  қалапты.  
Мусейонның ел тарихындағы бет бедерінің  күштілігі соншалық 
оны басшысын  рим жаугершілігіне дейін Птоломейдің өзі,  ал 
кейіннен    Рим  императорлары  тағайындаған.    Ұлы  мәдениет 
қана ұлы тұлғаларды туғызатынын  осы Александрия мусейоны-
ның  тарихы  айқын  дәлелдеді.    Сондықтан  онда  ұлы  матема-
тиктер  Архимед, Евклит,  астроном Аристрах Самосский, фило-
софтар  Филон  мен  Плотин,  ақындар  Калимах  пен  Феокриттер 
өзінің  ғасырларды  қойып,  мыңжылдықтарды  артқа  тастап,    бү-
гінгі күнге жеткен ұлы туындыларын дүниеге әкеледі. 
Міне,  осы  мусейонның  атын  әлемге  әйгілеген  мәдениет 
қызметтерінің  бірі-  оның  атақты  кітапханасы.  Бұл  кітапханада 
сол  заманның  өзінде    100  мыңнан  700  мыңға  дейін  кітаптар 
болған.  Александрия кітапханасы біздің дәуіріміздегі 47 жылғы  
Александрия  соғысында  өртеніп  кеткеніне  қарамастан,  араға  
біраз уақыт салып  Перғам кітапханасының кітаптары  негізінде 
қайта  түледі.  Арада  тағы  үш  жарым  ғасыр  уақыт  өткенде  
император  I Феодосийдің тұсында  сол ұлы кітапхана христиан-
фанатиктерінің  қолымен  тағы    да  өртке  оранды.    Александрия 
кітапханасының  бар  ақиқаты  осы.    Ал  оның  феномендігі  өз 
заманындағы    ұлы  перғауындар  мен  императорлардың  бәрін 
артқа тастап,   күні бүгінге дейін жетуі. Ұлы жаугершілік заман-
дарда  талай  ұсақ  мемлекеттер    ірілердің  табанында  тапталып, 
тарих  сахнасынан  біржола  жойылып  кеткен  кезеңдерде  кітап-
хана  сияқты құтхананың мемлекетттер тарихынан да,  адамзат 
жадынан  да  өшпей  қалуы  Александрия  кітапханасының    ұлт, 
мемлекет сияқты ұғымдардың шеңберінде қалып қалмай,  жал-
пы  адамзаттық  құндылық    -    феномен  дәрежесіне  көтерілген-
дігінің белгісі. 
Қазір  батыстың  бірқатар  тарихшылары  гүлденген 
Александрия кітапханасын екінші халифа болған Омардың (р.а.) 
тікелей нұсқауымен мұсылмандар қиратты деген аңызды айтып 
жүр.  ХХ  ғасыр  басында  Ресейде  жарық  көрген  «Брокгауз  бен 

  

 
Ефронның  Кіші  энциклопедиялық  сөздігінде»  былай  дейді: 
«Александрия  кітапханасы  негізін  Александрия  қаласында                       
ІІ Птолемей қалаған, қорында 500 мың том кітап болған. Кітап-
хананың  бір  бөлігі  б.э.д.  48  жылы  Юлий  Цезарьдің 
Александрияны  қоршауға  алған  кезінде  өртеніп  кеткен.  Қалған 
бөлігін 391 жылы христиан табынушылары құртып жіберген».  
Ал  «Үлкен  Совет  энциклопедиясында»:  «Ежелгі  дәуірдің 
ең  әйгілі  Александрия  кітапханасы  б.э.д.  ІІІ  ғасырда  алғашқы 
Птолемейлер  кезінде  Александрия  қаласында  негізі  қаланған. 
Оны  Эратосфен,  Зенодот,  Аристарх,  Калиммах  есімді  ірі  ға-
лымдар басқарған. Сол заманғы оқымыстылар онда 100 мыңнан 
700  мың  томға  дейін  кітап  қоры  болғанын  жазады.  Кітапхана 
қорының  негізін  ежелгі  грек  әдебиеті  мен  ғылымынан  тұратын 
шығармалар құрағанымен, мұнда шығыс халықтары тілдеріндегі 
кітаптар  да  көп  болған.  Александрия  кітапханасы  жанында 
көшірмешілер  штаты  жұмыс  істеп,  олар  кітаптарды  көшіріп 
жазып,  данасын  көбейтіп  отырған.  Калиммахтың  жетекшілігі-
мен  кітапхана  каталогы  жасалынып,  сол  жүйе  негізінде  кітап 
қоры толықтырылып тұрған.  
Александрия  кітапханасының  бір  бөлігі  б.э.д.  47  жылы 
Александрия  соғысы  кезінде  жойылды,  алайда,  кейін  Пергама 
кітапханасының  қоры  есебінен  толықтырылып,  қайта  қалпына 
келтірілді. 391 жылы І Фердосияның императорлығы уақытында 
Серапис  храмында  болған  кітапхананың  үлкен  бөлігі  христиан 
табынушылары  шабуылымен  тып-типыл  етілді»,  деп  жазады. 
Қарап отырсақ, осы және басқа да көптеген көне дерек көздері 
Александрия  кітапханасын  «мұсылмандар  қиратты»  деген 
мәлімет  айтпайды.  «Осыған  орай,  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) 
жақын  серіктерінің  бірі,  кейін  мұсылман  мемлекетіне  халифа 
болған  Омардың  (р.а.)  мойнына  таңылған  әлемдік  мәдениет 
алдындағы  бұл  ауыр  күнәні  алып  тастаған  жөн»,–  дейді  көп-
теген ислам ғалымдары. Батыстың көпшілік елдерінде осы аңыз 
нақты  тарихи  дерек  ретінде  оқытылып  жүр.  Тіпті,  олар  «Омар 
(р.а.):  «Бұл  кітаптар  Құранға  қайшы  келмейтін  болса  да,  олар-
дың  керегі  шамалы,  өйткені,  Құранда  білімнің  бәрі  айтылып 
қойған.  Ал  егер  қайшы  келсе,  бәрін  сөзсіз  құрту  керек»,  деп 
айтқан  жалған  деректі  келтіреді. Алайда,  арабтардың  Египетке 

  

 
келуі жөнінде көп жазған Иоанн Никиуский де, Исламға қырын 
қарайтын  бір  де  бір  христиан  тарихшысы  да  кітапхананың 
мұсылмандар  қолымен  өртелгені  туралы  айтқан  емес.  Кейбір 
ғалымдардың пікірінше, ислам діні пайда болған кезде аталмыш 
кітапхана  болмаған  да  сияқты.  Ол  жаңа  дәуір  басталған  тұста 
христиандардың  пұтқа  табынушылар  ғылымымен  күресі 
кезінде-ақ  тарих  сахнасынан  жоғалған.  Александрия  кітапхана-
сының бар ақиқаты осы.  Ал оның феномендігі өз заманындағы  
ұлы перғауындар мен императорлардың бәрін артқа тастап,  күні 
бүгінге  дейін  жетуі.  Ұлы  жаугершілік  замандарда  талай  ұсақ 
мемлекеттер    ірілердің  табанында  тапталып,  тарих  сахнасынан 
біржола  жойылып  кеткен  кезеңдерде  кітапхана    сияқты  құтха-
наның  мемлекеттер  тарихынан  да,    адамзат  жадынан  да  өшпей 
қалуы. 
Бұл  Ислам  ықпалына  көшкен  Орта  Азиядағы    Мары, 
Хорезм, Бұқара, Самарқан, Отырар  шаһарына да тікелей әсерін 
тигізді.  Халифтердің  пәрменіен  әр  қаланың    өз  «Даналық  үйі» 
дүниеге келді. «Жібек жолы бойымен»  кіре тартқан көпестер ең 
құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне кітап сыйлауды дәстүрге 
айналдырды,  тіпті,  бұл  мемлекеттік  рәсім  ретінде  қабылданып, 
ресми сипат алды. Бұқаралық ғұлама Рузбехан: «Отырар кітап-
ханасындағы  қолжазба  кітаптарды  тек  қала  тұрғындары  ғана 
емес,  шалғайдағы  Сығанақ  қаласының  тұрғындар  да  пайда-
ланып отырды», деп жазады. 
 
Отырар кітапханасы 
 
Александрия  кітапханасынан  кейінгі    «екінші  Даналық 
үйі»  атанған  Отырар  кітапханасының  күлге  айналуы  ұлтымыз-
дың рухани өміріндегі орны толмас өкініш. Отырар шамамен V 
ғасырда  белгілі  бола  бастаған.  Екінші  жағынан  Таразға    2000 
жыл, Сайрамға 3000 деп  есептесек, Отырар сол шамалас  болар, 
яғни  кемі    екі  мың  жыл.    Себебі,  Отырар  ең  қолайлы  жерде, 
Арыстың    Сырдария  өзенінен  құяр  жерде  орналасқан.    Ол 
кітапхана  бар  болса,  ондағы  кітаптар  -  Вавилонның  қыштан 
күйдірілген  тас кітаптарынан бастап, түрік Парсы және Қытай 
тіліндегі  кітаптар болуы мүмкін. Арабтар мұсылмандықпен қа-

  
10 
 
тар,  араб  тіліндегі  кітаптарды  ала  келген.    Қытай  тіліндегі 
кітаптарды ғұндар оқи алған  және ғұндардың өздері де  ежелгі 
түрік, яғни ғұндардың тілінде кітап жазып, географиялық карта 
сызған.  Соңғы  ғылыми  жаңалықтарға    сүйенсек,  қаңлылардың 
өз  жазуы    болған  және  алғашқыда    оларды  қышқа  жазып  күй-
діріп  сақтаған.  Бұларға  сақтарды  қосыңыз,  олар  түрікше  және 
парсыша білген. 
М.  Шоқай  Отырар  кітапханасына  қатысты  былай  дейді: 
«Сонымен атақты Александрия кітапханасы 391 жылы  өртелген 
болса, ал Отырарды Шыңғысхан 1220 жылы қиратқаны белгілі. 
Отырар  кітапханасы  өртенбесе  де  тағдыры  жан  ашырлық. 
Халықтың кітапхананы жақсы көргендігіне таңданбасқа болмай-
ды.  Бастарына  қатер  төніп  тұрғанына  қарамастан,  кітаптарды 
жер  астында  орналасқан  құпия  үңгір  қалашыққа  (катакомба) 
тыққандары  -  тарих  алдында  жасаған  үлкен  ерлік,  ұрпақтың 
келешегіне деген риясыз қамқорлық. Фирдоусидің  «Шахнама» 
кітабында  батырдың  жер  астындағы  үңгірлермен    қоршалған 
қаладан  шығып  кеткені  жазылады.  Тіпті  Гередотта,  Парсылар-
дың патшасы Кир  Орта Азия қалаларын басып алғанда  халық  
сондай үңгірлер арқылы құтылып кететін, байлықтарын  тығып 
қоятын», - деп жазған. 
Тарихшы  Уахит  Шәлекеновтың  пікірінше,  қазақтардың 
басым  көпшілігі    отырықшы  болған  және  қалаларда  тұрған. 
Сонымен  ертедегі  қазақтар  кітап  жазған,    көп  жазғаны  сонша-
лық, жазуға арналған материалдарды ойлап табуға тура келген. 
Бұрын негізінен теріге жазатын. Ондай кітаптар ауырлау келеді. 
Бұған  біздің  дәуіріміздің  басында  Қазақстанның  Оңтүстігінде, 
Таразда  қағаздың  ойлап  табылғандығы  дәлел  бола  алады. 
Шамасы қағазды  әлемдегі  ең  ірі кітапхана  орналасқан    Отырар 
қаласына жақындау жерде жасаған болар. Сондай-ақ VI ғасырда 
Арал теңізінің Солтүстігіндегі  ел билеген сақтардың патшайы-
мы  Аққағаз  туралы  да  мәлімет  бар.  Ақ  қағаз  қазақ  тілінде  «ақ 
қағаз»  деген  ұғымды  білдіреді.  Олай  болса  қазақтар  қол-
данғандықтан  оларға  таныс  болып  тұр  ғой!  Ақ  қағаз  бен  қатар  
көк,  сары,  яғни  түрлі-түсті  қағазда  дайындаған  болар.  Балаға 
есімді  ата-анасы  немесе  рудың  үлкендері  қоятындығын  ескер-
сек,  қазақтар  III-V  ғасырда  қағазды  білген  болып  шығады.  

  
11 
 
Сақтар  патшайымы  Аққағаз  туралы    қытай  дереккөздерімен 
танысқан, танымал француз ғалымы  - Э. Шаван жазған. Әрине, 
кітаптар негізінен Жібек жолының көмегімен жиналған. 
Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы 
Шыңғысхан  шапқыншылығы  кезінде  жоғалып  кетті.  Бұрын 
Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние 
жүзіне  аты  мәшһүр,  әлемдік  ғылымға  сүбелі  үлес  қосқан  оқы-
мыстылар  шыққанды.  Солардың  ішіндегі  ең  атақтысы  –  біздің 
ұлы  бабамыз  Әбу  Насыр  әл-Фараби.  «Әлемнің  екінші  ұстазы» 
атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрінен су-
сындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар 
мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, 
араб  және  Қытай  ғалым-оқымыстыларының  шығармаларына 
дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры өте бай кітапхана 
пұтқа  табынушы  шапқыншылардың  аяғына  тапталады.  Бұл  – 
1218 жыл болатын. 
Алайда,  моңғол  әскерінің  Отырарды  6  ай  бойы  қоршауы 
кезінде  кітапхана  құпия  түрде  жер  астына  жасырылған  дейтін 
дерек бар. Бірақ та, оның нақты қай жерге жасырылғаны жөнін-
де бүгінгі күні ешкім білмейді. Отырар кітапханасын табу үшін 
археологиялық қазба жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. 
Орта  ғасырдан  жеткен бір  аңызда  былай  дейді: бір  аңшы 
түлкіні қуып келе жатқанда, түлкі бір апанға кіріп кетеді. Аңшы 
апанды қаза бастағанда, қолына папирус қағазы ілігеді. Сөйтсе, 
апан дегені  – үңгірге кіретін есік екен. Сырттан түскен жарық-
пен  жігіт  үңгірде  қатар-қатар  тізілген  көне  кітап  үйінділерін 
көріп  қалады.  Алайда,  сол  сәтте  түлкі  екінші  бір  жерден  атып 
шығып,  соның  артынан  қуып  кеткен  аңшы  кейін  бұл  апанды 
қайта  таба  алмай  қалған  көрінеді.  Болжам  бойынша,  аңшының 
сол  көргені  –  Отырар кітапханасының жер  астына  жасырылған 
кітаптары болуы ғажап емес. 
Сонымен қатар, дала данышпандары мен абыздары халық 
мұрасының  қадірін  біліп,  оларды  үрім  бұтағына  аманатқа 
қалдырып  кетті.  Жыл  қайыруымыздың  бұрынғы  VII-VI  ғасы-
рында өмір сүрген Алып Ер Тоңа-Афрасиал туралы әфсана мен 
«әлемдегі жеті ғұламаның» бірі атанған Анақарыс шешеннің фи-
лософиялық, шешендік билік тәмсілдері,  ұзын саны 16 мыңнан 

  
12 
 
асатын    байырғы  түркі  ескеркіштері  мен  жазбалары,  «Тариат», 
арман  харпінде  қағазға  түскен  қыпшақ  тілінің  грамматикасы, 
«Кодекс  куманикус»  сөздігі,  Әл-Фарбидің  60-тан  астам  еңбегі, 
Ж.  Баласағұнның  «Құтты  білік»,  М.  Қашқаридың  «Түркі  тілі 
сөздігі», Қ. Иассауидің «Хикметі», Қ. Жалаиридің «Түркі шежі-
ресі»,  М. Дулатидың «Тарих-и ад-Рашидиі», Бабырдың «Бабыр-
намасы»  сондай-ақ,  Есіктен,  Таластан,  Ертістен,  Сайрамнан,  
Отырардан,  Түркістаннан,    Бату  Сарай  мен  Сарай  Беркеден 
табылған  жазулар,  Шам,  Бабыл,  Александрия,  Бағдат,  Каир, 
Техран,  Рим,  Париж,  Лондон,  Санкт-Петрбург,  Брюссел, 
Копенгаген,  Гамбург, Стамбул, т.б. қалалардағы Ұлы  Дала ту-
ралы    көне  мұрағаттар  тәуелсіз  Қазақстанның      рухани-мәдени  
тарихының тікелей шежіресі екендігі де кәміл. 
Сонымен  қатар,  қазақ  хандығы  құрылғаннан  бергі  және  
бодандық  пен  кеңесті  мұраларымызда    өте  бай.  Жалаиридің, 
Оразмұхаммедтің, 
Абайдың, 
Шәкәрімнің, 
Сәдуақас 
Шорманұлының,  Мәшһұр Жүсіптің бұдан басқа  бүгінгі күндері 
мыңдап  табылып  жатқан    кітаптарды  сақтаған  медреселер  мен 
мешіттердің  бай  кітапханалары  соған  дәлел.  Алайда  тарихи 
себептерге  байланысты  оларды  толық іздестіріп,  бір  орталыққа 
шоғырландырып, жинақтаудың, сақтаудың мүмкіндігі болмады. 
Алаш  ардагерлерінің  мұрағаттары  да  талан-таражға  ұшырады. 
Тіпті,  таяу  жылдары  өмір  сүрген  дара  тұлғаларымыздың  қол-
жазбалары  мен  мемориалдық  коллекциялық  кітапханалары  
соңғы  кезде  кездейсоқ  адамдардың  колына  түсіп,  ізін  жоғалта 
бастады, барының өзі қараусыз қалып барады. 
Отырар    Александрия  кітапханасынан  да  үлкен  болды 
деген  пайымдар  да  бар.  Атақты  Александрия  кітапханасын, 
Египеттегі Александрия қаласын, Македонскийдің  бұйрығымен 
атақты  Птоломей  II  б.з.д.  III  ғасырда  салды.    Ол  да  себепсіз 
емес.  Зұлқарнайын  Орта  Азияны  жаулап  алғанында    кітапха-
наларды  көрген  шығар!?  Олай  дейтінім,  алғашқы  кітапхананы 
шумерлерді  600  жыл  билеген  біздің  даладан  шыққан  көш-
пенділер  –  Касситтер  (қассаттар)  ойлап  тапқан.  Отырар  шама-
мен  V  ғасырда  белгілі  бола  бастаған.  Ол  кітапхана  бар  болса, 
ондағы  кітаптар  –  вавилонның  қыштан  күйдірілген  тас  кітап-

  
13 
 
тарынан  бастап,  түрік  парсы  және  қытай  тіліндегі  кітаптар 
болуы мүмкін.  
Арабтар мұсылмандықпен қатар, араб тіліндегі кітаптарды 
ала  келген.  Қытай  тіліндегі  кітаптарды  ғұндар  оқи  алған  және 
ғұндардың өздері де ежелгі түрік, яғни ғұндардың тілінде кітап 
жазып,  географиялық  карта  сызған.  Сонымен,  Отырар  кітап-
ханасы  1220  жылы  көмілсе,  ал  Александрия  кітапханасы  391 
жылы өртелген болса, осы екі аралықта (830 жыл) үлкен кітап-
хана Отырарда болғаны. 
Жоғарыда  айтылғандарды    қорыта  келе,  біздің  жыл  са-
науымыздың басынан бастап  Отырар қаласы да кітапханасы да 
көтеріле  бастаған.  Жарайды,  341  жылға  дейін  кітапхана  кіш-
кентай  болған  шығар  деп  есептейік,  екінші  орында  болған 
шығар. Бірақ, әлдекімнің  сол кітаптарды салыстырды  дегеннің 
өзі күмәнді. Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса
Отырар  кітапханасы  сол  жылдан  бастап  бері  қарай,  яғни  830 
жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған.  Ал енді тым 
батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапханасының басым 
бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрттен 
аман  қалған  кітаптары  бар  болған  күннің  өзінде  Отырар 
кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар 
кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі 
ең үлкен кітапхана болған! Мың жыл деген аз уақыт емес, Рим 
империясынан да үлкен. 
Кітап – халықтық  қазына.  Сондықтан да, Қазақстан Рес-
публикасының  президенті    Н.Ә.  Назарбаевтың    Ұлттық  Тәуел-
сіздіктің 10 жылдығына орай  белгілеп берген нысаналы  бағдар-
ламасына  сәйкес,  Еуразия  кеңістігіндегі  мәдени-рухани  сабақ-
тастықты  нығайту    мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Білім 
және ғылым министрлігі  Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия Ұлт-
тық  университетті  жанынан  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми 
орталығы ұйымдастырылды. Мұндағы басты идея «Александрия 
кітапханасы» (б.д.д. IIIғ.б.д.д.IV ғ.) адамзаттың ежелгі кеңістігін 
Еуразия  кеңістігіне  тарату.  «Шығыстың  дәуірлеу»  заманында 
өмір  сүрген  «Отырар  кітапханасы»  (VIII-XIII  ғ.ғ.)  сол  идеяны 
одан әрі жалғастырып,  Еуразия кеңістігіндегі орналасқан және 
еуразиялық  саяси,  мемлекеттік,  экономикалық,  мәдениеттік,  

  
14 
 
руханияттық  ынтымақтастықты  басты  даму  бағыты  ретінде,  
ұстанып  отырған  Қазақстан  Республикасының  Астанасында 
құрылып  отырған  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығы  – 
сол үзіліп қалған дәстүрді қайта жаңғыртып, Еуразия кеңістігін-
дегі  өркениеттің    өткені  мен  бүгінін  кемел  келешекке    жалғас-
тыратын  білім  ордасы  болады,  –  деген  сындарлы  мақсатқа 
негізделген. 
2001  жылғы  27  тамызда  Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі  мен  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Білім  беру,  ғылым 
және  мәдениет  мәселелері  жөніндегі  ұйымы  (ЮНЕСКО)  ара-
сында  көне  Отырар  қалашығын  сақтау,  әрі  консервациялау 
жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Келешекте Ұлы Жібек 
жолының  батыс  пен  шығыс  әлемдері  тоғысар  тұсында  ғылым 
мен  мәдениет  орталығына  айналған  көне  шаһардың  бүгінгі 
орнын  шетелдік  қонақтар  үшін  туризм  орнына  айналдыру  көз-
деліп отыр. 
  
Көзсiз зорлық ғасырынан, 
Надандықтың тасырынан, 
Жер астына жасырылған 
Дара тұлға бабалардың  
 ұшқыр ойы, санасы. 
Ұяттыны толғандырған, 
Қанаттыны заңғар қылған, 
Күллi әлемдi таң қалдырған, 
Рухыңмен қолда бiздi 
Отырардың ұлы кiтапханасы! – деп қазақтың ақиық ақыны  
Мұхтар  Шаханов  ағамыз  жырлағандай,  әйгілі  Отырар  кітапха-
насы  ата-бабамыз  мекен  еткен  алып  аймақта  ілім  дәнін  сепкен 
киелі жер болғаны ақиқат. 
 


жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет