Б. А. Шахметов -м.ғ. д.,профессор



жүктеу 196.09 Kb.
Pdf просмотр
Дата02.03.2017
өлшемі196.09 Kb.

ҚАЗАҚСАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИАТРИЯ, ПСИХОТЕРАПИЯ ЖӘНЕ 

НАРКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ КӨМЕК 

ДӘРЕЖЕСІНДЕГІ ПСИХОПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР 

(әдістемелік ұсынымдар)

Алматы 2014



Авторлары:

м.ғ.д.,  профессор  –  С.Ә.  Алтынбеков,  м.ғ.к.  –  Н.А.Негай,  А.А.Құсайынов, 

Ғ.А.Жолдығұлов   

Рецензенттер:

Б.А. Шахметов –м.ғ.д.,профессор

Б.М. Әшірбеков – м.ғ.к. 

Әдістемелік  ұсынымдарда  АМСК  дәрежесінде  психикалық  бұзылудың 

алғашқы,  екінші  және  үшінші  профилактикасын  жүргізуге  бейімделген  іс-

шаралар баяндалған. 

Әдістемелік 

ұсынымдар 

дәрігерлерге, 

психологтарға, 

әлеуметтік 

қызметкерлерге арналған.

Әдістемелік ұсынымдар Республикалық психиатрия, психотерапия және нар-

кология ғылыми-практикалық орталығы (2014 жылғы 6 ақпандағы №20 хаттама-

сы) және Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы 

Ғылыми кеңесінің отырысында (2014 жылғы 6 ақпандағы №1 хаттама) бекітілді.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Сараптау   Кеңесінің 

2014 жылғы 10 маусымдағы №4 шешімімен бекітілген. 

 


3

Қысқартылған сөздер тізімі: 

ДДСҰ   


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Кодекс   

2014 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және  



 

 

 



денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі 

ДСМ   


Денсаулық сақтау министрлігі

АМСК   



Алғашқы медициналық-санитариялық көмек



ҚР 

 



Қазақстан Республикасы

4

Мазмұны

Кіріспе  .........................................................................................................................5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ............................................................................................................5

Психикалық денсаулық және психикалық бұзылулар туралы жалпы 

мәліметтер  ....................................................................................................................5

АМСК жағдайында алғашқы психопрофилактика жөніндегі іс-шаралар...............7

АМСК жағдайында екінші психопрофилактика жөніндегі іс-шаралар..................9

Азаматтарды қабылдау кезінде АМСК дәрежесіндегі психикалық бұзылу 

диагностикасының технологиясы ..............................................................................9

Психикалық бұзылу белгілерін анықтау кезінде АМСК маманының 

тактикасы.....................................................................................................................10

Психикалық бұзылудың қайталануын және/немесе экзацербациясын

және/немесе хронизациясын сақтандыру технологиясы .......................................12

АМСК дәрежесіндегі үшінші психопрофилактика іс-шаралары...........................14

Қорытынды.................................................................................................................14

Пайдаланылған дереккөздер тізімі ...........................................................................16

А  қосымшасы..............................................................................................................17

В қосымшасы .............................................................................................................23

С қосымшасы ..............................................................................................................26


5

Кіріспе

Психикалық  бұзылу  тек  қана  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық 

сақтау  министрлігінің  емес,  сонымен  қатар  бүкіл  дүниежүзінің  көкейкесті 

проблемаларының  бірі  болып  табылады.  Есептеулер  бойынша,  әлемдегі  әр 

төртінші  адамның  өз  өмірінің  барлық  кезеңіндегі  психикалық  денсаулығында 

қандай да болмасын бұзылулар болатын көрінеді [1]. Сонымен бірге психикалық 

бұзылу  таралуының  артуы  тек  айқын  психотикалық  аурулар  (шизофрения, 

сандырақ психоздар және т.б.) есебінен ғана емес, ол көптеген бөліктері қалпына 

келмейтін психикалық механизмдерінің шартты, шекаралас (невротикалық және 

жан күйзелістік) бұзылуларының көбеюі салдарынан болатыны анықталды[2].    

 ДДСҰ бағалауы бойынша, психикалық бұзылуы бар адамдардың 75% аста-

мы  ешқандай  ем  немесе  күтім  алмайтын  көрінеді.  Біздің  елімізде  осындай 

жағдай тек мамандар – психиатрлар, психотерапевтер, психологтар тапшылығы 

себебінен ғана емес, психикалық бұзылуларды түзету тәсілдері және көріністері 

туралы халықты ақпараттандырудың жеткіліксіз дәрежесі, және де психикалық 

бұзылу  симптомына  қатысты  АМСК  мамандарының  қырағылық  көзқарасының 

жеткіліксіздігі  болып  табылады.  Сол  шақта,  эпидемиологиялық  зерттеулер 

деректері бойынша, психикалық бұзылулар алғашқы медициналық-санитариялық 

буынның 30-60% пациенттерінде байқалатын көрінеді [3].   

Жоғарыда  айтылғандар  негізінде,  әдістемелік  ұсынымның  мақсаты  АМСК 

жағдайында психопрофилактика технологиясын түсіндіру болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Психикалық  денсаулық  және  психикалық  бұзылулар  туралы  жалпы 

мәлімет

Психикалық  денсаулық  –  ол  адамның  қарапайым  өмірлік  титықтауларды 

шамасынша  жеңіп  шығуы,  өзінің  өзіндік  потенциалын  жүзеге  асырып,  өнімді 

де жемісті еңбек етуі, сонымен қатар өз қауымдастығы өміріне үлесін қосудағы 

аман-саулық күйі [4].   

      Психикалық денсаулық өлшемі (ДДСҰ бойынша):

• 

өзінің  физикалық  және  психикалық  «Мен»  деген  үздіксіздік  сезімін, 



аңғарымын, тұрақтылығы мен сәйкестігін аңғару. 

• 

біртұрпатты жағдаяттарда күйзелістер тұрақтылығы мен сәйкестігі. 



• 

өзіне  деген  және  өзінің  өзіндік  өніміне  (қызметіне)  және  де  оның 

нәтижелеріне сыны. 

• 

әлеуметтік жағдайлар мен жағдаяттарға, орта күші мен жиілігі әсеріне 



психикалық реакцияларының (барабарлығы) сәйкестігі. 

• 

әлеуметтік  нормаларға,  ережелерге,  заңдарға  сәйкес  мінез-құлықтық 



өзін-өзі басқарудың қабілеті.

• 

өзіндік  тіршілік  әрекетін  жоспарлау  қабілеті  және  осы  жоспарларды 



6

жүзеге асыру.

• 

өмірлік жағдаяттар мен жағдайларды өзгертуге байланысты мінез-құлық 



тәсілін өзгерту қабілеті.

Психикалық  бұзылулар  –  эмоциялық  бұзылулар  мен  әртүрлі  айқындық 

дәрежесіндегі  зияттық  қызметімен,  психикалық  бұзылуларымен  сипатталатын 

патологиялық жай-күйі. 

Психикалық  ауруларды  манифестациялау  кезінде  жоғарыда  көрсетілген 

психикалық денсаулық өлшемі сын көтермейді, мұның өзі ағымдағы жағдайларға 

мінез-құлықтық  реакцияларының  барабарлық  түріндегі,  адамның  мінез-

құлығының күрт өзгерістерімен шартты. Көбінесе, әлеуметтік көнуге болмайтын 

қылықтар көріністері.



Шығуы  бойынша  белгілі  үлес  шарттылығымен  психикалық  бұзылулар 

эндогендік  (көбінесе  тұқым  қуалаушылық  механизмдерімен  шартты)  –  мыса-

лы, шизофрения, биполярлы жан күйзелісінің бұзылуы, экзогендік-органикалық 

(құрылымдық орнатумен байланысты немесе  әртүрлі себептер салдарынан бас 

миы  қызметінің  бұзылуы)  –  органикалық  психикалық  бұзылулар,  психогендік 

(сыртқы титықтау, жағдаяттық себептермен шартты) – невротикалық бұзылулар 

(психосоматикалық бұзылуларды қосқанда). 

Ауырлық  дәрежесі  бойынша  психикалық  бұзылулар  2  топқа  бөлінеді  – 

-психотикалық оның клиникалық суреті психикалық қызметінің берекесі кетуінің 

өрескел  көріністерінің  галлюцинация  (елес),  сандырақ,  қимылдық  қозу,  мінез-

құлығын  күтпегендігі  және  барабарлығы  және  т.б.;  психотикалық  емес-  оның 

суреттемесіде жоғарыда көрсетілген симптомдар болмайды. Психотикалық емес 

бұзылуларды  амбулаториялық  кезеңде  емдеуге  болатын  болса,  психотикалық 

бұзылулар стационарлық жағдайда емделуге жатады.  

Көптеген  психикалық  аурулар  өзінің  патогенездік  ерекшеліктеріне  қарай 

(оның ішінде, экзогенді- органикалық, психогендік) басталуының  практикалық 

денсаулығының өткен кезеңіне сай келетін немесе азды- көпті дәл мерзіміне ие бо-

лады. Бұдан да көбірек айтсақ, бұл бұзылулар басқарылымды деп аталатындарға 

жатады, яғни олардың ауыру және аурушаңдық көрсеткіштері денсаулық сақтау 

жүйесінің олардың алдын алу және емдеу жөніндегі құралдары мен «тырысуы-

на» тікелей тәуелді. Керісінше, эндогендік бұзылулар «басқарылмайтын» болып 

саналады, олардың себебі мен патогенезі тым көмескі, ал алғашқы профилактика 

мәселесі, оған байланысты әлі де дайындалмаған. 

Психикалық бұзылудың диагностика мен емі мәселесі Кодекспен реттелінеді 

(20-тарау)  [5].  Кодекске  сай  психикалық  аурудың  нозологиялық  диагнозын 

анықтау дәрігер-психиатрдың немесе дәрігер-психиатрлар комиссияның құзыры 

болып табылады. Бұдан басқа, дәрігер-психиатрдың ерекше құзырына мәжбүрлеу 

тәртібінде  психиатриялық  көмек  көрсету  қажеттілігі  туралы  шешім  қабылдау 

немесе  мәжбүрлеу  тәртібіндегі  психиатриялық  көмек  көрсетумен  байланысты 

мәселені сот тәртібінде қарастыру үшін қорытынды беру жатады.  


7

АМСК көрсету дәрігері мынадай құқыққа ие нозологиялыққа дейін деңгейде 



диагноз  қойып,  одан  әрі  психикалық  бұзылуы  бар  адамдарды  дәрігер-

психиатрға  жіберу,  сонымен  қатар  дәрігер-психиатрдың  қорытындысына 

сәйкес,  психикалық  бұзылуы  бар  адамдарды  емдеу  мен  оңалтуға  қатысу; 

психикалық  бұзылуы  бар  адамдарды  ауруханаға  жатқызу  мен  шұғыл  көмек 

көрсету және ұйымдастыру; халықтың психикалық денсаулығын қорғау жөнінде 

профилактикалық іс-шаралар жүргізу.  

АМСК жағдайында алғашқы психопрофилактика  жөніндегі

 іс-шаралар

Алғашқы  психопрофилактикаға  жүйке-психикалық  бұзылулардың  пайда 

болуына  кедергі  келтіретін  іс-шаралар  енгізіледі.  Алғашқы  психопрофилак-

тика  міндетіне  жоғары  қауіп-қатерлі  аурулары  бар  (ең  тұрақсыз  преморбидті 

жағдайдағы)  адамдарды  немесе  сол  жерде  жоғары  психикалық  жарақат  салда-

рынан қалған, психикалық бұзылу қауіп-қатерін әкелетін жағдаяттарды анықтау, 

және осы топтар мен жағдаяттарға қатысты психопрофилактикалық шараларды 

ұйымдастыру. Алғашқы психопрофилактиканы жүзеге асырудың нұсқаларының 

бірі – психологиялық түзетім болып табылады – ол аурудың пайда болуында 

белгілі рөл ойнайтын, психиканың белгілі бір ерекшелігінің (қасиеті, процессі, 

күйі,  ерекшелігі)  өзгерістеріне  бағытталған  психологиялық  әсерлер  жүйесі. 

Психологиялық түзетім симптоматикасын  немесе тіпті де аурудың клиникалық 

суретін  өзгертуге,  былайша  айтқанда,  емдеуге  бағытталмаған.  Мінекей  осы-

дан  оның  психотерапиядан  өзгешелік  маңызының  тұжырымы  туындайды.  Ол 

психикалық бұзылу әлі де қалыптаспаған кезде, нозологиялық деңгейге дейінгі 

кезеңде қолданылады. Оның мысалы ретінде психикалық бұзылулардың белгілі 

нысандары,  оның  ішінде  педагогикалық  және  ықшам  әлеуметтік  қараусыздық 

салдары  болып  табылатын,  органикалық  және  эндогендік  патологиямен  байла-

нысты  емес,  балалардың  мінез-құлықтық  бұзылулары  болып  табылады.  Олар 

кемістігі  (психопатикалық)  бар  тұлғалардың  қалыптасуынан  сақтандыруға 

бағытталған түзету-педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралардын (ата-анларға 

ықпал ету, отбасы жағдайын сауықтыру және басқалары) жүргізілуін талап етеді. 

Сондықтан  осы  шаралардың  психопрофилактикалық  және  психогигиеникалық 

мәні  болғандықтан,  оларды  педагогтармен  ынтымақтаса  жұмыс  істейтінАМСК 

психологтары да жүргізе алады. 

«Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін, денсаулық сақтау ұйымдарының 

қызметі туралы Ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін 

атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы №7 бұйрығына сай алғашқы психопро-

филактикамен байланысты, іс-шараларды жүзеге асыру жауаптылығы жүктелген 

АМСК ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің заң аспектілері отбасылық 



денсаулық орталықтары болып табылады.

8

Алғашқы психопрофилактика жөніндегі іс-шаралар мазмұны

Алғашқы  психопрофилактикалық  аспектіде  ең  аз  жеткіліктісі  «Денсаулық 

сақтау  облысында  арнайы  әлеуметтік  қызмет  көрсету  стандартын  бекіту  тура-

лы» ҚР ДСМ министр міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы №630 

бұйрығымен регламенттелген іс-шаралар, соның ішінде: 

Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетулер:

1)  қиын  өмірлік  жағдаятта  қалған  адамдарға  (отбасыларына)  әлеуметтік-

терапевтік жұмыс ұйымдастыру (бағалау, мәселелерді анықтау, кешенді жоспар 

құрастыру, жас шамасын есепке ала отырып көмек көрсету және  жағдаяттардың 

позитивтік өзгерістеріне мониторинг жүргізу). 

2) өзіне өз қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, көпшілік жерде және 

тұрмыстағы мінез-құлқы, коммуникациялары, өзіндік және өзара қолдауы;  

3) қиын өмірлік жағдаятта қалған адамдарды (отбасыларын) үй жағдайында 

оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-

құқықтық білім негіздеріне оқыту;

4)  белсенді  түрде  келіп-кету,    ауыр  науқастарға,  жалғыз  басты  қарттарға, 

мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген адамдарға үйде көмек көрсету және бақылау 

(үйде емдеу және әлеуметтік ере жүруі);

Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетулер: 

1) диагностика және түзетім жұмыстарын жүргізу;

2)  қиын  өмірлік  жағдаятта  қалған  адамдарға  (отбасыларына)  топтық 

әлеуметтік-психологиялық  қолдау  немесе  жеке-даралық  көмек  үшін  жағдай 

жасау;

3) интерактивтік әдістерді пайдалану, әлеуметтік-психологиялық тренингтер 



жүргізу және жеке тұлғалық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету.

 Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетулер:

 1) әлеуметтік және шығармашылық қолдауды шамалайтын ұйымдастырушылық 

қызмет көрсету, қоғамдық-бағалы қызметтер ұйымдастыруға көмек; 

2) медициналық-әлеуметтік-педагогикалық әлеуметтенуді қамтамасыз ететін 

әлеуметтік-тәрбиелік қызмет көрсетулер;

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетулер:

1)  өмірлік  жағдаяттың  әлеуметтік  диагностикасы,  өмірдің  әлеуметтік-

тұрмыстық жағдайын зерделеу;

2) қиын өмірлік жағдаятта қалған адамдарға (отбасына) тұрмысын ұйымдастыру 

мәселесі жөнінде кеңес беру және санитарлық-гигиеникалық ағарту. 

Қиын  өмірлік  жағдаятта  қалған  адамдарға  (отбасына)  еңбек  дағдыларын 

қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету.

Қиын өмірлік жағдаятта қалған адамдарға (отбасына)  әлеуметтік-мәдени 

іс-шаралар жүргізіп және оларды оған қатыстыру, бос уақытын ұйымдастыруға 

бағытталған әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетулер.


9

АМСК жағдайында екінші психопрофилактикалық жөніндегі 

іс-шаралар

Екінші психопрофилактика пайда болған аурулардың жағымсыз динамикасын, 

олардың  созылмалығын,  патологиялық  көріністерін  бәсеңдетуін  сақтандыруға 

бағытталған, ауру ағымын жеңілдетін және ақырын жақсартатын, сонымен қатар 

ерте диагностикасың анықтайтын іс-шараларда біріктіреді.

Азаматтарды қабылдау кезінде АМСК дәрежесіндегі психикалық 

бұзылулар диагностикасының технологиясы

Бақылау – психикалық бұзылу диагностикасының ажыратылмайтын бөлігі. 

Ол  адамдар  мінез-құлқын  алдын  ала  талдау  үшін  мынадай  аспектілерде 

қолданылады  (дәрігер  тарапынан  тыныштық,  зейінділік,  биязылық  және 

сыпайылық жағдайы кезінде):  



Ағымдағы жағдаяттың жалпы барабарлығы – мінез-құлықтың қарапайым 

ережелерінің жолын қууы: дәрігермен «арақашықтық сақтау», әлеуметтік қолдануға 

жарамды  сөздер  айту;  әзілді,  қалжыңды  түсіну;  қимылдарының,мимикасының, 

сөз  өнімдері  сипатына  дауысының  жоғарлығы  мен  қаттылығы  спаттамасының 

сәйкестігі,  дене  алмасуының  табиғилығы,  дәрігермен  әңгіме  барысына  зейінің 

шоғырландыруы.   



Барабарлықсыздың ықтимал белгілері – жағдайдың кезкелген өзгерістеріне 

(тіпті  болар-болмас)  зейіннің  тым  алаңдауы,  түсініксіз  сақтық,  күдікшілдік, 

дәлелсіз  тың  тыңдауы  және  жанарын  айдалаға  қадауы,  өмірде  жоқ  адам-

мен  әңгімелесу,  уәжсіз  қылықтары  (кенеттен  орнынан  атып  тұруы,  уәжсіз 

озбырлығы және/немесе өзіне-өзі шабуыл жасауы). 

Эмоционалдық  аясының  ерекшеліктері  –  пікір  алмасуының  күйзелістік 

қанықтығы, түсіндіруі қиын қорқынышы, алаңдаушылығы, көңіл-күйінің кенеттен 

көтеріліп және төмендеп алмасуы, оның психикалық жай-күйінің тұрақсыздығын 

көрсетеді. 



Психикалық  өнімділігінің  ерекшеліктері.  Төмен  өнімділігі  жағдайында, 

тіпті  де  қысқа  әңгімелесу  (5-10  минут)  нәтижесінде-  салыстырмалы  жыл-

дам  титықтаушылық-  байқалса,  ол  тітіркенгіштігінің  күрт  артуы  түріндегі 

эмоционалдық  тұрақсыздық  немесе,  керісінше,  жылауықтықтың  жеңіл  қыр 

көрсетуі, дауыс қаттылығын не арттырып/төмендетуі, түсініксіз (мәселеге байла-

ныссыз) жауаптар жиілігінің үдеуі. 



Мінез-құлық моторикасының ерекшеліктері– бүкіл әңгіме барысында біркелкі 

(көбінесе бүкірейген) кейіпте отырады, бет бейнесіндегі тұрақты уайым бейнесі 

ондағы  күйзелістік  синдромға  қатыстылығы  жайлы  сақтандырады.    Керісінше, 

шектен тыс белсенділік, орнықсыздық, өнімсіз және шектен тыс қол сермеуі, көп 

сөйлеуі – желікпелі бұзылудың барлығын көрсетеді, ал тұйықтық, күмәншілдік, 

түсінуге  болмайтын  қол  сермеуі  және  жалпы  сақтығы,  пациентте  сандырақ 



10

бағдарына қатысты уәж барлығынан сақтандырады. 



Әңгімелесу (клиникалық сұхбат) - психикалық бұзылу диагностикасының 

негізгі құрауышы. АМСК жағдайында маман психикалық бұзылулардың мақсатқа 

бағытталған диагностикасының симптомын жоспарламағанда, пациентпен әңгіме 

барысында  әңгімелесушінің  мынадай  сөз  өнімі  аспектілеріне  назар  аударған 

дұрыс:  

Сөз қорының жеткіліктігі – соның ішінде, сөйлем құрылымында бағыныңқы 

құрмалас және салалас құрмалас сөйлемдердің болуы. Пациенттің өз жай-күйін 

суреттей  алуы,  шағымдарын  нақтылай  бере  білуі;  сұрақтарды  түсінуі  (саналы 

түрде, яғни арандатушылық болуы мүмкін, дәрігер тарапынан сұрақ құрылымын 

күрделендіру)  –  сөз  қорының      жеткіліксіздігітоның  зияттық  даму  деңгейінің 

төмендігін көрсетеді.



Сұрақтың  мәніне  байланыссыз  жауаптар  –  көбінесе,  мұндай  жауаптар 

психикалық  бұзылудың  белгілері  болып  табылады  (пациент  үшін  сұрақтардың 

мазмұнының түсініктілігі жағдайында). 

Пікір  айтуының  қисындылығы  –  формальды  логика  заңдарының  бұзылу 

белгілерінің болмауы. Әрине, дәрігердің  осы заңдар туралы түсінігі болуы ке-

рек.  Мысалы  егер  пациенттен  дәрігер  оның  асқазанындағы  аурудың  ықтимал 

себептерін  сұрағанда,  ол  «Бұл  ауру  көршілерімнің  маған  электороманиттік 

сәулемен әсер етуінен пайда болды» деп жауап береді, ал дәрігер сандырақтық 

бұзылу барлығына қатысты диагностикалық сақтығын көрсету керек. 



Пациенттің пікір айту құрылымы – сөйлемнің грамматикалық құрылымы мен 

мәнінің сәйкестігіне көңіл аудару мақсатқа лайықты. Егер сөйлем мәні болмаған 

кезде  де  өз  грамматикалық  құрылымын  сақтап  қалса,  онда  ойлау  бұзылуының 

шизофреникалық табиғатын болжауға болады (мысалы –«жұмыста өмір сары ау-

рудай- сары, ал тоңазытқыш жұлдыздар мен айды тоқпақтауда»). Егер сөйлемнің 

грамматикалық құрылымы мен мәні күрт бұзылса, онда органикалық табиғаттың 

психотикалық бұзылуын жоққа шығаруға болмайды. 

Пікір айту мазмұны – бұл жерде жанама суицидтік пікір айтуы бар, сөзіндегі 

айналымдар болуына назар аудару керек. Мысалы, «өмірден шаршадым», «өмірдің 

қызығы жоқ», «мұндай өмір мезі қылды» немесе тікелей суицидтік пікір білдіруі. 

Клиникалық-  психологиялық  диагностика  –  бұған  клиникалық  сұхбатқа 

толықтыру  болып  табылатын,  психикалық  жай-күйін  алдын  ала  бақылауға 

арналған шәкілдер мен сауалдамаларды пайдалану енгізіледі. АМСК жағдайында 

қолдануға болатын шәкілдердің үлгілері А және В қосымшаларында келтірілген. 

Психикалық бұзылу белгілерін анықтау кезіндегі АМСК 

маманының тактикасы

Психикалық  бұзылу  –  ойлауының  берекесі  кетіп  және  мінез-құлық 

барабарлығының  айқындық  жай-күйі.  Көбінесе  есіту  және  көру  галлюци-

нациясы,  сандырақ  пікірлері,  айқын  қорқынышы,  алаңдаушылық,  қозғалыс 


11

мазасыздауы,тым  аз  уәжсіз  қылықтары,  жалпы  қозушылығы,  озбырлығы/

аутоозбырлығы. 

Медициналық аспектісі – бас миы қызметі терең бұзылудағы бейнеленуінің 

психотикалық  күйі  болып  табылады  және  психиатриялық  ұйымдарға 

жатқызылуының абсолюттік көрсеткіші болып табылады. 

Заңдық  аспектісі  –  пациентте  ауыр  психикалық  бұзылу  болып  табылатын, 

психотикалық жай-күйі белгілері болғанда, дәрігердің тактикасы «Азаматтардың 

келісімінсіз медициналық көмек көрсету» Кодексінің 94 бабымен анықталынады. 

АМСК дәрігерінің іс-әрекет алгоритмі  

1.  «Психотикалық  жай-  күйі»  синдромдық  диагнозы  белгіленген  дәрігерлік 

қорытындыны  ресімдеу.  Қорытындыда,  дәрігердің  пікірі  бойынша,  науқасқа 

қатысты  ұсыныстар  мен  синдромдық  диагнозын  растайтын,  мінез-құлығының 

нақты ерекшеліктерін міндетті түрде көрсету керек. 

2. Учаскелік психиатрды жедел шақыру, және/немесе жедел психиатриялық 

көмек бригадасын, және/немесе пациенттің психиатрға жеткізілуін қамтамасыз 

ету (тиісті жіберілгендігі туралы құжаттарымен). 

3.  Пациенттің  өзіне  және/немесе  өзін  қоршаған  жандарға  тікелей  қауіп 

төндірген  жағдайында,  яғни  озбырлық  мінез-құлық  және/немесе  аутоозбырлық 

мінез-құлық  белгілері  кезінде  аяушылық  шек  қою  шараларын  қолдануға 

рұқсат  етіледі  (медициналық  құжаттамаларында  бұл  шаралардың  сипаты  мен 

ұзақтығының дәл уақыты туралы жазу міндетті түрде болуы керек). 

4.  Пациентте  озбырлық  және/немесе  аутоозбырлық  іс-әрекеттер  болған 

жағдайда, шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын болу керек. 

Мынаны есте сақтау қажет:

Психотикалық  бұзылу  уланудан  және/немесе    инфекциялық  аурулардан 

уыттанудың  бейнеленуі  болуы  мүмкін.  Сондықтан,  дәрігер  психотикалық  жай-

күйінің  экзогендік  сипатына  күмәнданған  кезде,  соматикалық  тексеру  жүргізу 

туралы ұмытпауы жөн. Уыттанудың жалпы белгілерінің барлығы байқалса, ток-

сиколог және/немесе инфекционистің міндетті түрде кеңесін алу керек.



Психотикалық емес жай-күйлер 

Бұл дегеніміз мамандандырылған көмек тек жоспарлы түрде көрсетілуі мүмкін 

психикалық бұзылулар.

Психосоматикалық  бұзылулар  –  соматикалық  симптомдарына  шағымы,  си-

паты,  орнығуы,  қарқындылығы  осылардың  бәрі  соматикалық  бұзылу  клиника-

сына ұқсамайды. Көбінесе, қосарласа жүретін алаңдаушылық, торығу бұзылуы, 

ұйқысының бұзылуы, жалпы белсенділігінің  төмендеуі болады. 



Ипохондриялық  (дел-салдық)  синдром  –  аспаппен  тексеру  нәтижелері 

керісінше көрсеткеніне қарамастан, өзінде ауыр соматикалық аурудың барлығына 

пациенттің сенімі. 


12

Конверсиондық  (есіріктік)  бұзылулар  –  есіріктік  аймақтарына  сәйкес  емес, 

сезгіштігінің жиі де ең көп жоғалуының симптомдары,күші мен тиісті бұлшық 

еттерінің  тонустарының  объективтік  төмендеуі  байқалмаған  кезде,  тұра, 

отыра,түрегеле, жүре, аяқ-қолдарымен қимыл-қозғалыс жасай алмайды.  



Мазасыздану  және  үрей  бұзылулары  –қорқыныштың  айқын  вегетативтік 

құрауыштары  бар  (ауыз  қуысының  құрғақтануы,  терлегіштігі,  тахикардия) 

айқынды мазасыздануының кезеңдік эпизодтары. 

Органикалық  психикалық  бұзылулар  -    тез  шаршағыштығына,  жалпы 

қажушылығына,  зияттық  өнімділігінің  төменділігіне.  Жадының  нашарлығына, 

басының ауыратынына және басының айналатынына шағымдалады. 

АМСК дәрігері іс-әрекетінің алгоритмі 

1. «Невроз» немесе «психотикалық емес органикалық бұзылу» синдромдық 

диагнозы  белгіленген  дәрігерлік  қорытындыны  ресімдеу.    Қорытындыда, 

дәрігердің  пікірі  бойынша,  науқасқа  қатысты  ұсыныстар  мен  синдромдық  диа-

гнозын растайтын, нақты симптомдарды міндетті түрде көрсету керек

2.  Психиатр  және/немесе  психотерапевтке  қаралуына  пациентке  жолдама 

беріліп және ресімделеді. 

3. Пациенттің жазбаша келісімін, оның жай-күйі туралы ақпаратты учаскелік 

психиатрға/психотерапевтке  беруге  (Кодекстің  95-  бабының  3  тармағына  сай) 

ресімдеу.

3.1  Пациенттің  жазбаша  бас  тартуы  жағдайында  бас  тарту  мен  дәрігерлік 

қорытынды амбулаторлық науқастың медициналық картасына тігіледі.

3.2 Пациентпен жазбаша келісім жағдайы болғанда пациент арқылы учаскелік 

психиатрға/психотерапевке психикалық бұзылудың анықталған жағдайына күдігі 

туралы  телефонхат  (амбулаторлық  науқастың  медициналық  картасына  тиісті 

белгімен) жіберіледі. 



Мынаны есте сақтау қажет:

Психосоматикалық немесе ипохондриялық бұзылуы барлығына  тек болжам-

ды  соматикалық  ауруы  жөніндегі  күдік  аспаптық  тексерулердің  ең  аз  қажетті 

көлемі жүргізілуден соң,теріс нәтижелерден кейін негізді бола алады. 



Психикалық бұзылудың қайталануын және/немесе экзацербациясын 

және/немесе созылмалығынан сақтандыру технологиясы

Психикалық  бұзылуы  бар  пациенттер  емінің  тиімділігін  талдау,  басым 

көпшілік  жағдайларда  емдеу  тиімділігінің  ең  көбі  тек  психиатриялық  стацио-

нарда  табысқа  жететінін  көрсетеді.  Бұл  мынадай  себептермен  шартты-  науқас 

үнемі  бақылау  жағдайында  болады;  оның  соңғы  өзгерістер  жай-күйі  үздіксіз 

мониторленеді  және  дер  уақытында  түзетіледі;  психофармотерапиясы  үзіліссіз 

сипатта  болады (науқастың емделуден бас тартатын сирек жағдайды қоспағанда).

Амбулаторлық  кезеңде,  терапияның  тиімділігі  науқасқа  байланысты 



13

төмендейді, ең бастысы, оның отбасы мүшелері үшін,  көбінесе демеуші емнің 

актуалдығы  төмендейді.  Бұл  пациенттің  отбасыішілік  емдеу,  күтуге  (өзіндік 

және/немесе  тұрмыстық  мәселелердің  молдығына  байланысты)  мақсатты 

бағытталған уақыттын болмауымен байланысты, сонымен қатар, стационарлық 

емдеу өзіне байланысты «барлық мәселелерді жапқызды» («егер науқастың жай-

күйі жақсарса, онда ол жазылып кеткені, оны әрі қарай емдеудің қажеті не?») де-

ген жалған сенушілік туындайды. Мұның нәтижесі аурудың қайталануы, қайта 

ауруханаға жатқызу және т.б., яғни кесірлі кесепат пайда болып, оны бұзу үшін, 

демеуші емді өз бетімен тоқтау тәуекелдігін төмендететін, науқас және оның от-

басы үшін ақпараттық орта «бөлмесі» қажет болады. Бұдан басқа, қайталанудың 

араңдатушы  факторы  көбінесе,    жаны  ауырған  науқас  адамның    мінез-құлық 

ерекшеліктеріне отбасы мүшелерінің жеткіліксіз түсінігінің болмауымен байла-

нысты. титықтауға соқтыратын отбасылық  жағдайлар болып табылады. Осының 

бәрі  психотүзету  және  психикалық  білім  беру  іс-шараларын  өз  бетімен  жүзеге 

асыру дағдыларын оқып-үйретуге бағытталған іс-шараларды іске асыруды талап 

етеді.

Заңдық  аспектісі  –  Кодекске  сай,  сүйемелдеуші  емді  психофармопрепарат-

тармен қамтамасыз ететін, психикалық бұзылуы бар науқастардың динамикалық 

бақылауын психиатриялық ұйымдар жүзеге асырады. Психикалық науқастарды 

дәрі-дәрмектік  емес  бақылау  аспектісі  ҚР  Денсаулық  сақтау  министрі  міндетін 

атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы №630 «Денсаулық сақтау облысында ар-

найы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен 

регламентелінеді, яғни АМСК отбасылық денсаулық орталықтары іске асыратын 

іс-шаралар ішіне енгізіледі.  



Іс-шаралар мазмұны 

Отбасылық  денсаулық  орталықтарының  іске  асыратын  іс-шараларының 

страгетикалық мақсаты, өзара түсінік- комплаенсты, яғни науқас пен оның отбасы 

мүшелерінің демеуші емді үздікксіз қабылдау қажеттігін түсінуі, сонымен қатар 

отбасылық дистресстік (титықтау) жағдаяттардан сақтандыру. 

Ол  үшін  отбасылық  орталық  мамандары  өз  жұмыс  жоспарына  мына 

мәселелерді кіргізуі орынды: 

1.Психикалық  бұзылуы  бар  пациенттердің  отбасы  мүшелерінің  психикалық 

аурулардың  клиникалық-әлеуметтік  зардаптары  туралы,  жаны  ауыра-

тын  науқаспен  бірге  тұруына  байланысты,  туындаған  мәселелерді  барын-

ша  өтеу  мүмкіндігіне  бағытталған,  отбасы  тұрмысын  оңтайландыру  әдістері 

мен  психикалық  науқастармен  қарым-қатынасы  дағдылары    хабардарлығын, 

психофармокотерапияның жағымды және ықтимал ұнамсыз аспектілерін арттыру. 

2.  Психикалық  ауру  адамдардың  құқықтарын  іске  асыру  үшін  әлеуметтік 

қолдау қамтамасыз етілсін.

3. Жоспарлы кеңес беру үшін де,және де мамандандырылған көмек көрсетуге 

учаскелік психиатрмен үздікксіз ақпарат алмастыр қамтамасыз етілсін. 


14

АМСК дәрежесіндегі үшінші психопрофилактикалық жөніндегі 

іс-шаралар

Үшінші психопрофилактика кезінде негізгі мән науқасты оңалтуға ие болады. 

Үшінші психопрофилактика бойынша іс-шаралардың нақтырақ мақсаты науқасты 

ол үшін қолжетімді әлеуметтік-пайдалы қызметке тарту. 



Іс-шаралар мазмұны (ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 

2009 жылғы 30 қазандағы №630 «Денсаулық сақтау облысында арнайы әлеуметтік 

қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығынан).

 Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:

  1)  қоғамдық-құнды  қызмет  ұйымдастыруға  көмек,  әлеуметтік  және 

шығармашылық бастаманы қолдауды ұйғаратын ұйымдастырушылық қызметтер;  

2) медициналық-әлеуметтік-педагогикалық әлеуметтендіруді  

 Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:

1)  әлеуметтік-экономикалық  және  басқа  да  проблемаларды  анықтау 

мақсатымен әлеуметтік-экономикалық жағдаятты диагностикалау; 

2) әлеуметтік-экономикалық қызметке қажетті кіруіне мүмкіндік көмегі және 

әлеуметтік-экономикалық үй күтімі.

Әлеуметтік-құқықтық қызметтер: 

1)  денсаулық  сақтау  облысында  пациенттердің  құқығын  және  медициналық 

қызмет көрсетудің әлеуметтік-құқықтық, құқық мәселелері бойынша тегін кеңес 

беруді жүргізуге жәрдем көрсетілсін; 

2)  денсаулық  сақтау  облысында  құқық,  медициналық  қызмет  көрсету  

әлеуметтік-құқықтық мәселесі бойынша әртүрлі құжаттарды ресімдеу және олар-

ды жазуға көмек көрсету;  

3)  денсаулық  сақтау  облысында  халықты  құқықтық  ағартуға,  құқықтық 

мәдениетін  арттыру  жөніндегі  іс-шаралар  мен  бағдарламаларды  іске  асыруға 

жәрдем көрсету; 

4) әлеуметтік, құқықтық және басқа да қоғамдық мәнді проблемаларды шешу-

ге бағытталған пациенттердің азаматтық бастамасына қолдау беру. 



Қорытынды

АМСК  мамандарының  міндеттері  (Отбасылық  денсаулық  орталығы)  болып 

табылатындар:

1.  Алғашқы психопрофилактика жөніндегі – скринингтік іс-шаралар, жал-

пы психогигиена бойынша іс-шараларды жоспарлы жүргізу, түзетім іс-шараларын 

жүргізу және тәуекелдік топтарды қалыптастыру.

1.1  Екінші  психопрофилактика  жөніндегі  –  психикалық  қызметінің  бұзылу 

симптомын дер кезінде танып-білу және пациентті психиатрға және/немесе пси-

хотерапевтке жіберу. 

1.2    Психикалық  бұзылуы  бар  науқастарда  комплаенсті  қалыптастырып 



15

нығайтуға  бағытталған  іс-шаралардың  психобілім  беру  мен  психокоррекция 

жүргізу,  сонымен  бірге  олардың  отбасыішілік  мәртебесін  және  байланыстарын 

нығайту. 

3.  Үшінші  психопрофилактика  жөніндегі  –  психикалық  науқастарды 

әлеуметтік-қабылдауға  болатын  және  әлеуметтік-пайдалы  қызметке  тартуға 

бағытталған, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты шеңберінде іске асы-

рылатын іс-шаралар. 



Енгізудің тиімділік бағамы

АСМК  жағдайында  әдістемелік  ұсынымдарды  орындау,  психикалық 

аурулардың  анықталуын  арттыруын  қамтамасыз етеді, сондықтан,    көрсетілген 

мамандандырылған  көмектің  уақытылығысы  мен  тиімділігін  жақсарту,  соны-

мен қатар ауруханаға жатқызылып шыққан кезеңдегі психикалық аурулары бар 

пациенттердің өмір сапасын жақсарту. 

Енгізудің тиімділік көрсеткіштері 

• 

Психикалық бұзылуын анықтау көрсеткішін арттыру 



• 

Психиатриялық  стационарға  қайталама  ауруханаға  жатқызылу  % 

төмендету 


16

Пайдаланылған дереккөздер тізімі 

1 ДДСҰ. Психикалық денсаулық: жаңа ұғым, жаңа үміт//Әлемдегі денсаулық 

сақтау жай-күйі туралы баяндама. 2001

2 Александровский Ю.А. Шекаралас психикалық бұзылулар (3- басылым, 

2000ж, 352б.

3 Андрющенко A.B. Жалпы медицинадағы психикалық бұзылудың 

құрылымы және таралуы// Жалпы мед. психикалық бұзылу. 2011. - № 1,14-28 

беттер.


4 ДДСҰ ақпараттық бюллетень N°220 қыркүйек 2010 ж.

5 ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық 

сақтау жүйесі туралы» Кодексі 


17

А қосымшасы 

 «Жүйке-психикалық денсаулық» тесті

Көпшілік психопрофилактикалық (скринингтік) және жеке тұлғалық зертте-

улер  барысында  психикалық  жай-күйін  интегралды  экспресс-бағалауға  арнала-

ды.  В.М.Бехтерев  атындағы  Ғылыми-зерттеу  психоневрологиялық  институтта 

дайындалған  (Гурвич И. Н., 1992).

Тесті  орындау  10—15  минут  уақыт  алады.  Бланктерді  орта  медициналық 

персонал қызметкеріне немесе басқа арнайы нұсқау алған адам өңдейді. Өңдеу 

алынған зерттелінген баллдың жалпы сомасын есептеумен шығарылады және де 

1 минуттан артық уақыт кетпейді. 

Нұсқау: Берілген сауалнамада, ережеге сай, ауыр өмірлік жағдаяттардағы адам 

психикасының  құбылыстары  берілген.  Зейін  қоя  оқып  шығыңыз  және  Сіздің 

өміріңізде осы құбылыстардың әрқайсысы қаншама екенін мына шәкіл бойынша 

бағалаңыздар: 

1. Ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы.

4 (осындағы және одан арғы балл мөлшері) — бар және әрқашанда болды;

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды;

1  — бұрын болды, қазір жоқ;

0 — жоқ және болмады.

2.  Қоршаған жандардың Сізге ұнатпай қарайтыны туралы түйсінуіңіз болды ма? 

4 — бар және әрқашанда болды;

3 —  ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды;

1  — бұрын болды, қазір жоқ; 

0 — жоқ және болмады.

3.   Бас аурулары.

4 — болды және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

4.   Көрініп тұрған себепсіз көңіл-күйінің өзгеруі.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 —   ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ; 



18

5.  Жайсыздық сезімі және қараңғыдан қорқуы.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 —  ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

6.  Сізде басқа адамдардан жаманырақ болдым деген сезім болды ма?

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 —   ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды;

1  — бұрын болды, қазір жоқ;   

0 — жоқ және болмады.

7. Жылауықтық, жылауға бейімділігі.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ; 

0 — жоқ және болмады.

8.   Тамағына тас тірелген сезімі.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады. 

9.  Биіктіктен қорқуы.

4 — бар және әрқашанда болды;

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады. 

10.   Тез қажу, шаршау сезімі. 

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 —   ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.


19

11.  Өзіне,өзінің күшіне сенбеушілік.

4 — бар және әрқашанда болды;  

3 —  ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

12.  Айыптылықтың күшті сезімі.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

13.  Ауыр сырқаттың пайда болу мүмкіндігінен қауіптену.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 —  ұзақ уақыттан бері бар

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

14.   Бөлмеде немесе көшеде жалғыз қалудан қорқуы.

4 — бар және әрқашанда болды;  

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды;

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

15.  Жұрт алдында қызарып кетуден қауіптенуі.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері 

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

16.  Адамдармен қарым-қатынастың қиындығы.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды;

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.  


20

17. Өзі үшін, басқа адамдар үшін ебепсіз, негізсіз қорқыныш, қандайда болмасын 

жағдайлардан қорқуы.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 —  ұзақ уақыттан бері бар

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

18.  Аяқ-қолының, денесінің дірілдеуі.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

19. Өз сезімдер көрінісін ұстай алмауы.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;   

0 — жоқ және болмады.

20. Көңіл-күйінің төмендеуі, нашарлығы немесе жабырқаңқылығы.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

21. Жүрек соғуының жиілігі.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;   

0 — жоқ және болмады.

22.  Себепсіз,  негізсіз  мазасыздану,  ұнамсыз  бірнәрсе  болатынын  күні  бұрын 

сезінуі.


4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

 2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.


21

23.  Барлық болып жатқан жағдайларға қызығушылықтың болмауы, 

немқұрайлық? 

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

24.  Шектен тыс тітіркенгіштік, шамданғыштық.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 — ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

25.  Тым терлегіштік.

4 — бар және әрқашанда болды; 

3 —  ұзақ уақыттан бері бар;

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

26.  Жалпы әлсіздік сезімі, сылбырлық.

 4 — бар және әрқашанда болды; 

3 —  ұзақ уақыттан бері бар

2 — соңғы кезде пайда болды; 

1  — бұрын болды, қазір жоқ;  

0 — жоқ және болмады.

Тест зерттелінгендерді психикалық денсаулықтың 5 тобына (деңгейге) бөлуге 

мүмкіндік береді:

—  I топ,  дені саулар —  балл сомасы 10 нан кем емес;

— II топ, жағымды болжамды белгілері бар шын мәнінде, дені саулар —  11—

20 балл;

— III топ, жағымсыз болжамды белгілері (патология алды) бар шын мәнінде, 

дені саулар  —21—30 балл;

—IV топ, жеңіл  патология — 31—40 балл;

—V топ мәнді патологиялық белгілері бар  — более 40 баллдан астам.


22

«Жүйкелік-психикалық бейімделу» тест нәтижесінің түсіндірілуі

23 


 

«Жүйкелік-психикалық бейімделу» тест нəтижесінің түсіндірілуі 

 

Балл 



сомасы 

Диагностикалық қорытындысы 

Ұсыныстар 

До 20 


баллов 

Толық психикалық денсаулығы 

Жүйке-психикалық тұрақтылығы, 

Титықтау белгілерінің болмауы 

Психогигиенаның жалпы ережелерін 

сақтау 


 

21-30 


баллов 

 

Шектеулі психикалық денсаулық. 



Жүйке-психикалық тұрақсыздығы, 

Стрестік белгілері  

 

Клиникалық психологтың кеңесі, 



тереңдетілген психодиагностикалық 

тексерулер, психопрофилактикалық  

іс-шаралар  

31—40 


баллов 

Шекаралас психикалық 

патологияның, невротизацияның 

ықтималдығы 

Психиатр кеңесі, кешенді емдеу 

Более 


40 

баллов 


Айқын психикалық патологияның 

ықтималдығы 

Психиатр кеңесі, кешенді емдеу   

  

 

 



23

В Қосымшасы



ПСИХИКАЛЫҚ МӘРТЕБЕСІН ҚЫСҚАША ЗЕРТТЕУ ШӘКІЛІ

 (MINI-MENTAL STATE EXAMINATION — MMSE)

Когнитивтік бұзылуларға скрининг үшін әлемдегі ең көп пайдаланатын әдіс. 

ММSE  бөлімдерінен  демецияның  жеңіл  және  бастапқы  нысандары  кезінде  ең 

алдымен,  зардап  шегетіндер  мерзімі  ұзартылған  сөздерді  жаңғырту,  7  жетіден 

алып тастау қабілеті, сурет салу және сөздің әріптерін керісінше тәртіпте айтып 

беру.  Дәлдеп  белгілеу  үшін  пациентке  3  сөздің  орнына  5-7  сөзді  есінде  сақтап 

қалуын өтіну керек, қосымша сағаттың циферблатының суретін салу, заттар ара-

сында ортағын және айырмашылығын табу, есептен шығаруды орындау. Егер па-

циент қайсы бір тестіде балл жинай алмаса, қатесінің табиғатын анықтау үшін, 

оған осыған ұқсас тапсырманы орындауды өтіну керек. Мысалы, фигуралардың 

көшірмесін дұрыс жасай алмаса, оған сағат циферблаты суретін салуды ұсынған 

жөн. Қалай болса да, MMSE балл сомасы жастық шақтағы – 28, егде жаста -24тен 

кем  еместі  когнитивтік  бұзылудың  ежептәуір  ықтималдығын  көрсетеді  және 

тереңдетілген нейропсихологиялық зерттеулердің көрсеткіші қызметін атқарады.

24 

 

В Қосымшасы 



 

ПСИХИКАЛЫҚ МƏРТЕБЕСІН ҚЫСҚАША ЗЕРТТЕУ ШƏКІЛІ 

 (MINI-MENTAL STATE EXAMINATION — MMSE)

Когнитивтік бұзылуларға 

скрининг үшін əлемдегі ең көп пайдаланатын əдіс. ММSE бөлімдерінен демецияның 

жеңіл жəне бастапқы нысандары кезінде ең алдымен, зардап шегетіндер мерзімі 

ұзартылған сөздерді жаңғырту, 7 жетіден алып тастау қабілеті, сурет салу жəне сөздің 

əріптерін керісінше тəртіпте айтып беру. Дəлдеп белгілеу үшін пациентке 3 сөздің орнына 

5-7 сөзді есінде сақтап қалуын өтіну керек, қосымша сағаттың циферблатының суретін 

салу, заттар арасында ортағын жəне айырмашылығын табу, есептен шығаруды орындау. 

Егер пациент қайсы бір тестіде балл жинай алмаса, қатесінің табиғатын анықтау үшін, 

оған осыған ұқсас тапсырманы орындауды өтіну керек. Мысалы, фигуралардың 

көшірмесін дұрыс жасай алмаса, оған сағат циферблаты суретін салуды ұсынған жөн. 

Қалай болса да, MMSE балл сомасы жастық шақтағы – 28, егде жаста -24тен кем еместі 

когнитивтік бұзылудың ежептəуір ықтималдығын көрсетеді жəне тереңдетілген 

нейропсихологиялық зерттеулердің көрсеткіші қызметін атқарады. 

 

Бағдар 


1.Какое сегодня число? 

Для казахоязычных: Бүгін нешесі ?     

Дұрыс емес жау (0)    Дұрыс жау (1) 

                                            

                                            

2.Какой сейчас месяц? 

Для казахоязычных: Қазір қай ай? 

                                            

                                            

3.Какой сейчас год? 

Для казахоязычных: Қазір қай жыл?  

                                            

                                            

4.Какой сейчас день недели? 

Для казахоязычных: Бүгін аптаның қай күні?  

                                            

                                            

5.Какое сейчас время года? 

Для казахоязычных: Қазір жылдың қай мезгілі?  

                                            

                                            

6.В каком городе (селе) вы живете? 

Для казахоязычных: Сіз қай қалада( ауылда) тұрасыз ?  

                                            

                                            

7.В какой области мы сейчас находимся? 

Для казахоязычных: Сіз қай облыста тұрасыз?  

                                            

                                            

8.В каком учреждении мы сейчас находимся? 

Для казахоязычных: Біз қазір қай  мекеменің ішінде 

отырмыз? 

                                            

                                            

9.На каком этаже мы находимся? 

Для казахоязычных: Біз қазір нешінші қабатта отырмыз 

                                            

                                            

10.В какой стране мы находимся? 

Для казахоязычных:  Біз қай елде тұрамыз 

                                            

                                            

Қабылдау. Тапсырма. Для обследуемого - слушайте внимательно, я произнесу 3 слова. Вы должны 

повторить их за мной. Запомните эти слова, я попрошу повторить их через некоторое время.  



24

25 


 

Для казахоязычных. Зейін қойып тыңдаңыз. Мен сізге үш сөз айтамын, сіз ол сөздерді менен кейін 

қайталаңыз. Бұл сөздерді естеріңізде сақтаңыздар, мен оларды кейінірек  қайталап айтуларыңызды 

өтінемін. 

Слова: Мяч (доп), флаг (ту), дверь (есік). 

Зерттеуші үшін- сөзді, зерттелуші барлық сөзін (5 əрекеттен аспауы керек) қайталағанша айта 

беру керек. Балл қою үшін тек алғашқы жаңғырту бағаланады.  

11.Ответил  «мяч» (доп) 

                                            

12.Ответил «флаг» (ту) 

                                            

13.Ответил «дверь» (есік) 

                                            

Назар аудару жəне есеп. Зерттелушіден 100-ден 7-ге дейін сериялық азайту ережесін орындауды 

өтініңіз (5 əрекеттен кем емес). Əр дұрыс жауапқа 1 балл жазып отыру керек. 

Егер зерттелуші есептей алмаса, не есептегісі келмесе, «земля» сөзін керісінше тəртіппен айтуын 

өтіну керек Я Л М Е З (для казахоязычных можно «көпір» Р І П Ө К).  

14.Ответил  93 (тоқсан үш) или Р 

                                              

15.Ответил 86 (сексен алты) или І 

                                              

16.Ответил 79 (жетпіс тоғыз) или П 

                                              

17.Ответил 72 (жетпіс екі) или Ө 

                                              

18.Ответил 65 (алпыс бес)  или К 

                                              

Зерттелушіден бұдан бұрын айтылған 3 сөзді қайталауын өтіну қажет. 

19. Ответил  «мяч» (доп) 

                                                

20. Ответил «флаг» (ту) 

                                                

21. Ответил «дверь»( есік) 

                                                

Зерттелушіге қол сағатын немесе қаламсапты көрсетіп, оның не екенін сұрау.  

22.Ответил «часы» (сағат) 

                                              

23. Ответил «ручка» (қалам) 

                                              

Зерттелушінің мына сөздерді қайталауын өтіну  

Никаких если, и или но  

 Для казахоязычных - Шеше, кеше неше сынды кесе? 

                                              

                                              

3 кезеңді əрекетті орындау. Зерттелушіден өтіну:Выполнение 3-х этапных действий. Попросите 

обследуемого: 

«Возьмите правой рукой лист бумаги,  сложите его вдвое и положите на колено» 

Для казахоязычных: Қағазды оң қолыңызбен алып, ортасынан бүктеп, тiзеңізге қойыңыз. 

25. Правильно взял бумагу- Қағазды дұрыс алды 

                                             

26.Правильно сложил пополам- Қағазды дұрыс бүктеді 

                                             

27.Правильно положил на колено- Қағазды тізесіне 

дұрыс қойды 

                                             

Оқу- Чтение. Зерттелушіге айқын жазылған тапсырманы көрсету. Покажите обследуемому четко 

написанное задание. Көзін жұму- «Закройте глаза».Сосын оқып шығуын жəне оны орындауын 

өтіну -Попросите прочитать и выполнить его  

28.Көзін жұмды -Закрыл глаза 

                                              

29.Пациентке таза бет беріп, сөйлем жазуын өтіну-Дайте пациенту чистый лист и попросите 

написать предложение. Зерттелуші жазғанды оның жеке зерттеу парағына қоса тіркеу -Приложите 

написанное обследуемым  предложение к индивидуальному листу обследования  


25

26 


 

30.Зерттелушіні мына суретті қайта салуын өтініңіздер- Попросите обследуемого перерисовать 

следующий рисунок. Оны өзі сөйлем жазған параққа да жазуға болады- Можно на том же листке, 

на котором он написал предложение. 

 

Жазылғанды жəне қайта салынған суретті зерттеу жеке парағына қоса тіркеңіздер- Приложите 



написанное и перерисованное обследуемым  к индивидуальному листу обследования. 

 

Шəкіл кілті 



28-30 балл – норма, 26-27 балл – жеңіл когнитивтік бұзылулар, 24-25 балл– орташа когнитивтік 

бұзылулар, 20-23 балл– жеңіл дəрежедегі ақыл кемдігі, 11-19 балл- орташа ақыл кемдігі, 0-10 балл – 

ауыр ақыл кемдігі (деменция) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

26

С қосымшасы

Психиатриялық ұйымға оның жай-күйі туралы мәліметті беруге 

пациенттің жазбаша келісімінің нысаны

Мен__________________________________________________________

___________________________________________________________ж.т.

Өзімнің психикалық жай-күйім туралы мәліметтерді психиатриялық ұйымға 

беруге келісемін/ келіспеймін_______________________________________

Психиатрдан/  психотерапевттен  уақытылы  тексеруден  өтпеген  жағдайда  менің 

денсаулығым үшін  мүмкін зардаптар толық көлемде түсінікті және түсіндірілді.

Датасы________________

Пациенттің қолы_______________

Т.А.Ә. және дәрігердің қолы_______________

Ескерту.  Кәмелетке  жасы  толмағандар  немесе  іс-әрекет  қабілетінен  айырыл-



ғандардың келісімін немесе бас тартуын заңды өкілдері толтырады.


жүктеу 196.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет